Қазақтың дәстүрлі мәдениетінің этикалық құндылықтары
Презентация қосу
Мирас университеті
Презентация
Тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі мәдениетінің этикалық құндылықтары
Орындаған: Тухтасинова П.
Курс: 2
Тобы: Иняз-2011К-2
Жетекші: Оразымбетова З.Ш.
Мазмұны
1.Жеті аталық үрдіс
2.Жеті аталық әлеуметтік тип
3.Биліктің бөлінісі
4.Дәстүрлі отбасылық типінің төлтума
ерекшеліктері
5.Ежелгі түрік мәдениеті
Жеті аталық үрдіс
Генетикалық-тектік негізде құрылған көшпелілердің рулық қоғамның, оның
таксономикалық басты белгісін ауыл ұғымынсыз түсіндіруге болмайды. Ауыл деп
көшпелі түрік этностарының ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан тектік
әлеуметтік типке негізделген қоғамдық ұйымды айтады. Этникалық, экономикалық
және рухани бірліктің ең басты көрінісі ауыл болды. Қазақ халқында «Ауыл түбі —
бірлік, қауым түбі — тірлік» деген мәтел бар. Әдетте, ауылда 5—6 үйден 10—15
шаңыраққа дейін түтін көтерді, ауылдастар бірге көшіп, бірге қонды. Дәстүрлі
қазақ ауылы бір атадан тараған ұрпақтардан тұрады (аздаған кірме-қоңсыларды
қоспағанда). Ауыл ішінде некелік қатынастарға тыйым салынған. Жеті аталық
үрдіс дегеніміз экзогамиялық некенің ең қатты сақталатын типіне жатады.
Фольклордағы ғашықтар Еңлік пен Кебек, Қалқаман мен Мамыр (аралары үш-бес
аталық) осы дәстүрді бұзғаны үшін өлім жазасына кесілген. Әрине, қазіргі заман
тұрғысынан, не «кузендік» некелер жиі кездесетін отырықшы мәдениет
менталитеті бойынша мұны қатыгездік деп бағалауға болады. Алайда көшпелілік
өмір салтында қатал экзогамияның жанды жақтары да жеткілікті. Осындай неке
аралары мыңдаған шақырым руларды бір-біріне туысқан етті. «Құда — мың
жылдық» деген ұғым осыдан пайда болған. Осының нәтижесінде этностық
тұтастану нығайып, бүкіл ұлттың адамдары бір-біріне бір әулет сияқты өзара
қандас туысқан болып шығады «Қарға тамырлы қазақ». Экзогамиялық некенің
адамның генетикалық сұрыпталуында оңды фактор екендігі ғылымға белгілі.
Жеті аталық әлеуметтік тип
Жеті аталық әлеуметтік тип генеалогиялық дүниетанымды қалыптастыруға себебін
тигізді. Арғы негізі ілкі атадан (первопредок) басталатын туысқандық қатынастар
тармақтары бүкіл халықтың тұтастануының көрінісі болды. Бұл генеалогиялық
«ағаш» тек қазақ халқының туыстығын емес, сонымен бірге бауырлас түрік
халықтарын да қамтыды («алты алаш»), Туысқандық қатынастарды білдіретін
кестелер де көп жарияланған.
Көшпелілердің мәдениетіндегі әлеуметтік-генетикалық ұжымдар, рушылдықтың
қазіргі кездегі маңызы, трайболизм, патриархалдық үлкен отбасы және тағы
басқалары жөнінде әртүрлі көзқарастар бар.
Қазақстан егемен ел болғаннан кейін бұрын тыйым салынған мәселе — рулық
қатынастардың құндылық әлемі тарихшылар "Мен әлеуметтанушылар тұрғысынан
жан-жақты зерттеулердің басты объектісіне айналды. Бұл занды процесс. Жоғарыда
айтылып кеткендей, жеті ата үрдісі қазақ мәдениетіндегі шежірешілдік дәстүрмен
тікелей байланысты. Қазіргі кезде ертедегі түрік-моңғол халықтарынан бастап, жеке
тайпалар мен рулардың, субэтностық топтардың (төрелердің, қожалардың,
төленгіттің тағы басқа) шежірелері жарияланған. Бұл бастаманың әрине тәрбиелік
және рухани маңызы зор. «Жеті атасын білмейтін ұл жетесіз» дейді халық мәтелі.
Жеті ата үрдісін қалпына келтіру, әрине, рулық-тайпалық жікшілдік пен трайболизмге
әкелмейді. Бірақ Л. Гумилевтің сөзін қайталасақ, рулық тартыс көшпелі түрік
халықтарының тарихи қарғысы болған. Олардың тарихи дамудағы жемісті кезеңдері
рулық-тайпалық ыдыраушылықты жеңіп, елдің бірлестікке жете алғап уақыттарымен
байланысты (VI—VII ғасырларды түрік қағанаттары, Алтын Орда мемлекеті, Ақсақ Темір
империясы, осман түріктерінің мемлекеті, Қазақ хандығы және тағы басқалары).
Кейін елдік тұтастық принципінің әлсіреуі жікшілдікке әкеліп, XIX ғасырдың аяғында бір
ғана тәуелсіз түріктік мемлекеттің (оның өзінің де жағдайы төмен еді) тарихи аренада
қалуына әсер етті.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптасқан күрделі жаңа жағдай қазақтың
ауылдық әлеуметтік типін күйзеліске ұшыратқаны белгілі. Ол батыстық (Ресейлік)
экспанцияға шыдай алмады. Осының нәтижесінде ұлы Абай суреттеп берген тозу,
қақтығыс, азғындық, әдепсіздік көріністері ауылдық-тектік қоғамды жайлап кетті.
1856—1868 жылдары жүргізілген әкімшілік реформаның нәтижесінде Қазақстан жеріндегі
ауылдық-тектік ұжымдар болыстық жүйемен алмастырылды. Бұл ғасырлар бойы
қалыптасқан қоғамның өзіндік реттеу механизмдерін жойып, сырттан танылған жүйеге
көшуіне әкеп соқты.
Көшпелі ауылдық қауымға негізделген қазақтардың төлтума әлеуметтік типінің
құрылымдық элементтеріне (субъектілері) де отандық әдебиетте тек соңғы жылдары
дұрыс баға беріліп жүр. Бұрынғы маркстік қоғамтанудағы «феодал», «ауыл пролетариі»,
«қанау», «теңсіздік» және тағы басқалары ұғымдары қазіргі кезде аз қолданылады. Ал
«бай», «кедей», «хан», «би», «төре» сияқты ұғымдардың мазмұны мүлдем өзгерген.
Туыстық қатынастарға негізделген шағын ауылда тап күресі болды деген, әрине,
жаңсақтық. Тектік негізде ұйымдасқан ауылдық әлеуметтік қатынастарды
идеализациялаудан да аулақпыз. Бұл қоғам қоршаған ортаның бірқалыптылығына тым
тәуелді еді. Табиғи апаттар (даладағы қуаңшылық циклдері, жүт, әртүрлі індеттердің
өрістеуі ж.т.), әлеуметтік және саяси катаклизмдер (сыртқы жаугершілік, елдік бірліктің
әлсіреуі, ел басқарушыларының халық мүддесінен жеке бастарының қамын жоғары қоюы,
билік үшін тартыс, рухтың төмендеуі тағы басқа) адамдық топтасудың Бұл типін күрт
өзгерген ортада дәрменсіз қылды. Қатты қиысқан жүйенің мерт сынатыны белгілі. Бірнеше
мысалдар келтіре кетейік. Исламдық Ренессанс кезеңінде қалыптасқан түріктік
мемлекеттер ыдырай бастаған уақытта олар бір-бірімен ата жауларындай аяусыз
арпалысты. Осының нәтижесінде Қазақстанның оазистік және қалалық мәдени-
шаруашылық типінің құлдырап кеткені белгілі (бәрін моңғолдарға жаба беру тым үстірт
және Ресей отаршыларының қолдаған пікірі).
Көшпелілердің әлеуметтік типінің ауылдық-тектік бітімі Ресейдің әкімшілік шараларының
және нарықтың ене бастауынан отаршылық шаруашылық типінің мал өнімдерінің
шикізаттық ұжымдарына айнала бастады. Бұл бұрыннан қалыптасқан басқару жүйесін
мүлдем өзгертіп жібереді.
Биліктің бөлінісі
Қазіргі әдебиетте
төрт билік туралы жиі
айтылып жүр. атқарушы
заң шығарушы
соттық
қоғамдық пікір
Биліктің осындай бөлінісі дәстүрлі қазақ қоғамында да орын алған. Құрылтай мен би
кеңесін заң шығарушы билік; хан, сұлтандар, ру басшыларының елді басқаруын —
атқарушы билік, билер мен қазылардың сотын — соттық билік, ал ерікті тұлғалар —
ақындар, жыраулар, ғұламалардың беделін қоғамдық пікірдің билігі деп қарастыруға
болады.
Қазіргі кезде әлемдік өркениетте мұрат ретінде ұсынылып отырған «азаматтық қоғам»,
«демократия», «теңқұқықтылық» идеяларын тек Батыста ғана жүзеге асты деген
пікірлерді кесімді ақиқат деп тым әсірелеудің жөні жоқ сияқты. Қазақтың дәстүрлі
мәдениетінде тағы бір әлеуметтік құндылық — сөз бостандығына үлкен мән берілген.
«Бас кесу бар, тіл кесу жоқ» деген принцип Қасым ханның қасқа жолының басты
қағидаларының бірі болып есептелген. Халықтың ар-ұяты мен намысының аманаттары,
ақын-жыраулардың пікірі айбынды хан-сұлтандардан, діндар қожа-молдалардан,
шалқыған байлардан жоғары құндылық болып танылған.
Бір тұжырымның реті келіп тұр. Көшпелі халықтардың саяси-әлеуметтік басқару типін —
варварлық сатыға, құқықтық жүйесін — қарапайым әдетке, бай-төрелерін — феодал-
шонжарларға, би-қазыларын — үстем тап өкілдеріне жатқызудың негізі жоқ. Халық
жадында Еділ батыр (Аттила), Шыңгыс хан, Ақсақ Темір, Бабыр, Керей хан, Жәнібек хан,
Қасым хан, Тәуке хан, Абылай хандар сияқты елбасыларының, Төле би, Қаз дауысты
Қазыбек би, Әйтеке би тәрізді әділ шешендердің есімдері терең ұялаған. Қазақ
халқының саяси және құқықтық мәдениетінің көпғасырлық дәстүрлік жалғастығы бар.
Басқа этномәдениеттерде сирек кездесетін
төмендегідей төлтума ерекшеліктерін атап өтейік:
Жеті аталық үрдіс және Некенің этникалық
инцесске (қан гомогендігінің сақталуына
алмасушылыққа) назар аудару. Ұлтаралық
тыйым салу. неке сирек кездескен.
Левират (әмеңгерлік) пен
сорираттың (балдыз алу),
кросскузендік (бөлелер) Полигамия.
некенің дәстүрлі
мәдениетте орын алуы.
Отбасының тұрақтылығын
қалың мал және жасау
арқылы нығайту.
Полигамия, полигамды жануарлар (поли... және gamos — неке) — жануарлар арасында
кездесетін жыныстық қатынастың түрі. Полигамды жануарлар 2 топқа бөлінеді. Олар :
полиандрия — көбею кезінде бір аналық дарабастың бірнеше аталық дарабаспен
шағылысуы. Бұған су түбіне жақын тіршілік ететін балықтардың көпшілік түрлері, үшоймақ
шалшықшы, қалытқы балшықшы, аққұйрық құмдауық, алқалы татрең, келтеқұйрық
тауқұдірет, т.б. жатады. Бұл құстардың мекиендері 4 рет жұмыртқа салады, оларды
бірнеше қораз жеке-жеке шайқайды. Ал нанду мен тинамудың бірнеше мекиені салған
ұядағы жұмыртқаны бір ғана қораз шайқайды. Полиандриялы жануарлардың аналықтары
аталықтарына қарағанда әдемі әрі ірі болады, ұрпақтарына қамқорлықты тек аталықтары
жасайды;
полигиния — көбею кезінде бір аталық дарабастың бірнеше аналық дарабаспен
шағылысуы. Бұл құбылыс шоғыр құрып тіршілік ететін торғайтәрізділерде,
қолқанаттыларда, кеміргіштерде, төменгі сатыдағы аңдарда байқалады. Үйір құрып
тіршілік ететін жануарлардың кейбір түрлерінде аталығы күйіт кезінде маңына бірнеше
аналығын жинайды да, күйіт қайтқан соң үйір тарқап кетеді. Мысалы, тауықтәрізділер,
ескекаяқтылар, тұяқтылар (ақ бөкен, қарақұйрық, арқар, т.б.).
Кейбір топтанып тіршілік ететін жануарлардың үйірі (бір аталық, бірнеше аналық) тұрақты
болады. Оған викунья, зебр, кашалот, құлан, т.б. жатады. Полигиния тобындағы құстар мен
сүтқоректілерде жыныстық диформизм жақсы байқалады. Бұл топқа жататын
жануарлардың аталықтары ірі әрі реңді келеді, аналықтары үшін аталықтарының
арасында үлкен бәсекелестік болады.
Полигамия (поли… және грек. gamos — неке) — көп некелік. Полигамия көп әйел алуды
білдіретін атау ретінде де қолданылады.
Ежелгі түрік мәдениеті
Түрік мәдениетінің көне заманнан үзілмеген бір мұрасы — ананы, әйелді, қыз баланы қадірлеу,
Ұмайды құдай деп құрметтеу осының белгісі. Қазақ мәдениетін зерттеуші Бейбіт Сапаралы осы
мәселеге өзінің бір эссесін арнаған:
«Осы ой желісіне тағы бір айтпасқа болмайтын жай, әйгілі суретші ғалым М.В. Бает Волга
саласындағы Калиновск қорымындағы қорғанның археологиялық дерегіне сүйене отырып, б.з.б. II
—I ғасырларда өмір сүрген сарматтың билеуші-абыз әйелі суретінің реконструкциясын жасап
шығарған еді. Суретке қарап отырып бұдан екі мың жыл бұрын өмір сүрген Әйел-Ананың бет
әлпетін шамамен болса да көз алдыңызға келтіргендей боласыз. Жан тебірентеді. Бей-жай
қалдырмайды. Талдырмаш тұла бойынан тұнған еркіндігін, нәзіктігін, қадір-қасиетін көріп таң-
тамаша қаласыз. Сонымен қатар бойында бас көтермей бұғып жатқан әр мінез де, теңдессіз қаһар-
қатулығы да байқалып тұр. Томиристей тепсініп, Геродот келтірген аңызда дәріптелгендей, парсы
әскерлерін аяусыз талқандаған массагет патшасы: «Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансын!»
— деп әйгілі Кир патшасының басын торсық толтырылған қанға салдырғандай, бетпе-бет келген
жауына табанда тойтарыс берердей кейіп танытады».
Ислам әсерінің күшеюі нәтижесінде шариғат баптары қазақ әйелінің еріктілігін кемітті. Сонда да
көшпелілер арасында пәренже кию, бөлек тамақ ішу, гарем сипаттас құбылыстар болған жоқ.
Әрине, біз қазақ мәдениетіндегі ата-тектік қауымдасу типін ең озық үлгі ретінде ұсынғалы
отырғанымыз жоқ. Оның заманы өлшеулі болды. Қазіргі кезде уақыт талаптарына сәйкес
Қазақстанда принципиалды өзгеше әлеуметтік типтер қалыптасып келе жатыр.
Назарларыңызға рақмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz