Топтық оқыту тәсілі Ұжымдық оқыту тәсілі


Slide 1

Ұжымдық және топтық оқыту технологиясы

Slide 2

Ұжымдық оқыту технолгиясы - шығармашылық, өнерпаздықты талап ететін үрдіс. Қазіргі таңда оқыту әдістемесіндегі жаңа технологиялар білімді жеке тұлғаға қарай бағыттай беруді басшылыққа алады. . Ал бұл үрдісте ұжымдық оқыту технологиялардың орны ерекше. Себебі ол әр оқушының өзіне ғана тән ізденісі, қабылдауы, болжамы, сезімі, шешімі, тұжырымы негізінде жазылады. Ұжымдық оқыту тәсілдерінің басты белгілері: әр баланың қабілеті, дарынын дамыту, ұжымдағы әрбір мүшені оқыту және әркімге ортақ жұмыстағы бір-біріне көмегі, ынтымақтастығы болып табылады. Ұжымдық оқыту тәсілдерінде мұғалім мен оқушының іс-әрекеті алмасып келіп отырады. Мұғалімнің іс-әрекеті, қызметін ұжым атқарады, яғни жаңа білімді меңгерту, тапсырмаларды орындауда, бір-бірінің жұмыстарын бағалауда, талдауда өздері жетекшілік етеді. Мұғалім ұйымдастырушы, ақыл-кеңесші қызметін атқарады.

Slide 3

Ұжымдық өзара оқыту техналогиясы (ұйымдастырушылық, даиалог, байланыстырушы диалог, талгенизм таланттар және дарындылар, оқудың ұжымдық тәсілі, ауыстыру құралында оқушылардың жұппен жұмысмы) А. Г. Ривин және оның оқушылары мен ісін жалғастырушылары (В. К. Дяченко, М. Д. Брайтермен, А. С. Соколов т. б. ) жасап шығарған.

Мұндай техналогиялар оқу мартериалын дайындау, оқу мәтіндерін, қосымша және анықтама, сабақ тақырыбы бойынша (немесе сабақтар циклі бойынша) мазмұнын меңгеру бірлігіне бөлу (авторлық нұсқада ойлау сағаттары) мақсатты тапсырма жасау, оның ішінде үй тапсырмаларын жасау жатады.

Slide 4

Оқушылар екі кезеңді бағдарға алады;

Дайындық, қажетті жалып оқулық бірліктер мен дағдыларды қалыптастыру және өңдеу мақсатындағы; кеңістікті бағдарлау; жолдасынды тыңдап, оның не айтып отырғанын есту; шулы ортада жұмыс істеу; қажетті ақпаратты табу; жекеше есеп парақтарын қолдану; белгілі кейіпкерлерді сөзге және кейіпке айналдыру;

Бұл белігілер арнайы тренингтік сабақтар кезеңінде іске асады.

таныстырушылық, жалпы элементі «ойын ережесін» меңгеру, мақсатты ұстанымды хабарлау, өңдеу мінезімен нұсқау және оқу қорытындысын есептеу тәсілі болып табылатын әртүрлі модификациялары бар.

Қасындағы оқушымен білім алмастыру рөлдік ойын «мұғалім оқушы» ережесі бойынша. Рөлдерді ауыстыру міндетті түрде қажет. Мұғалім жаңа сабақ тақырыбының өз нұсқасын, өзінің жоспарын ұсынады, қойылған сұрақтарға жауап береді, бақылау сұрақтарын немесе тапсырмалара және т. с. с ұсынады. Бұл саты білім алмастырумен аяқталады;

-жаңа ғана қабылданған ақпаратты өңдеу және өзара оқытуға жаңа жолдас іздеу және т. с. с.

Slide 5

Ұжымдық оқыту технологиясының тілді меңгертудегі маңызы зор. Шағын топтар, жұптар құруы арқылы оқушылардың жұмыстарын ұйымдастыра отырып, меңгерілетін оқу материалын қабылдау сапасы артады. Неге десеңіз шағын топтар мен ұжымдар жұптар және ұжым құрамындағы оқушының білімді қабылдау және өз ойын жеткізуге толық мүмкіндік алып 1 сабақ көлемінде үлкен материалды ауыспалы жұп құру арқылы, яғни өзінің серіктесінен немесе өзі серіктесіне түсіндіру арқылымеңгереді. Технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып бірнеше коммуникативтік компетенциялар дамиды.

Slide 6

Жазылым

Коммуникативтік компетенциялар

Тыңдалым

Оқылым

Айтылым

Slide 7

Коммуникативтік компетенциялар 1. Тыңдалым: -ауызша сөздің мазмұнын түсіне және оны қысқартып және кеңейтіп жеткізе білу. -Меңгерілетін материалдар негізі жүйесін айқындап, оны ретімен баяндай білу. -Түрлі мәтіндердің ерекшелігі мен стилін түсініп бағалай білу. 2. Оқылым: - Оқушының түрлерін (сапалы түсініп оқу, дұрыс оқу, шапшаң оқу, мәнерлеп оқу) кітаппен және өзге де әдебиеттермен жұмыс үстінде орынды қолдану. 3. Айтылым: - Әлеуметтік мәдени, эстетикалық, адамгершілік, тұрмыстық және басқа да тақырыптар бойынша, сондай-ақ тілдік жағдайларға сай ауызша, диалогтар құрай алу. 4. Жазылым: - Әр түрлі стильдар мен шараларға жазбаша мәтіндер құрай алу. - Естіген немесе оқыған мәтін мазмұнын мақсатқа сай жаза алу.

Slide 8

Ұжымдық оқытудың негізгі идеясы:

Оқытуды әр бала жан-жақты дамитындай етіп ұйымдастыру.

Ұжымдық оқытудың басты принциптері:

Жоғары қиындықта оқыту.

Теориялық білімнің жетекші ролі.

Оқытудың тәрбиелік мәнінің болуы.

Дамыта оқытудың негізгі қағидалары.

Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас.

Іс-әрекеттік оқыту тәсілі.

Даму заңдылықтарын ескеру.

Педагогикалық ықпалдың, дамудың алдын-алу.

Баланы іс-әрекет субъектісі ету.

«Жақын даму аймағында» оқыту.

Мақсатты оқу іс-әрекеті, оқу міндеттерін шешу.

Slide 9

Нәтижесі

Білімді өз беттерімен алудың жолдарын үйренеді

Танымдық іс - әрекеті, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, тез шешім жасау әрекеті дамиды

Дербестігі өз - өзіне сенімі қалыптасады

Ынтасы, қызығушылығы артады

Өзін - өзі таниды,

Бірін - бірі таниды

Slide 10

Ұжымдық оқытудың жұптық тәсілі

1. Тұрақты жұп

2. Өзгеріп, ауысып отыратын жұп.

3. Вариациялық жұп (ерекше жұп)

1. Екі оқушы өз тілегі бойынша жұпталады. Мұғалім-оқушы; оқушы-мұғалім қызметінде іс-әрекет жасайды. Жұпқа екі жақсы оқитын, немесе бірі жақсы, бірі орташа оқитын бала жұпталады.

2. Бір тапсырманы 4 бала төрт бөлімге бөліп алып орындайды. Әр бала өз жұмысын қалған 3 баланың әрқайсысына түсіндіреді. Сонда өз жұмысын үш рет қайталап айтады. Әр баланың дербес қабылдауы, өзіндік білімін ескере отырып айтқанда, түсіндіру үш түрлі деңгейде болуы мүмкін.

3. Топтағы баланың әрқайсысында жеке-жеке жұмыс болады. Тапсырма орындалған соң, жеке-жеке мұғаліммен жұмыс істейді де бір бала қалған үшеуіне түсіндіреді, қалғандары кезектесе отырып осы бағытта әрекет жасайды.

Slide 11

Ұжымдық оқыту тәсілдерін тәжірибеге пайдалану жолдары әртүрлі болып келеді. Оқытудың бұл түрі бүгінгі технологияландыру кезінде де өз маңызын сақтап отыр. Төменде ұжымдық оқытуды әдістемесі беріліп отыр. Тұрақты жұптық жұмыс жүргізу жолдары:

І кезең. Дайындық кезеңі. Оқушылар сынып санына қарай топқа бөлінеді. Мұғалім тапсырмалармен таныстырады, көмек-нұсқау жазылған үлестірме қағаз таратады. Шешілетін проблемаға назарларын аударады. Топ спикері түсінік береді.

ІІ кезең. Жұптағы, топтағы жұмыстардың жүруі. Оқушылар тапсырманы жеке-жеке орындайды. Кезектесе отырып, бір-бірінің жұмысын тыңдайды; ортаға салады, бір-біріне сұрақ қояды, қорытындылайды. Бағалайды, коррекциялық жұмыстар жүргізеді, бір-бірін оқытады, бір-бірінен үйренеді, бір-біріне түсіндіреді.

ІІІ кезең. Жұмыстарын, қорытындыларын, жасаған жобаларын спикер хабарламасы арқылы мұғалім тыңдап, танысады. Жауаптардың дұрыс-бұрысын сараптайды, саралайды.

ІV кезең. Мұғалім ұжымды жұмыстың орындалу сапасымен таныстырады. Ұжым тыңдайды, талқылайды, пікірлеседі (дауласады, пікір таласы, келісу-келіспеушілік болады) .

Slide 12

Ұжымдық оқытудың бір түрі - топтық жұмыс. Дәстүрлі оқытудағы топтық жұмыстар тұрақты болып келеді, өздеріне берілген тапсырмаларды топ болып орындайды. Ұжымдық оқытуда тұрақты топ болмайды, олар үнемі ауысып отырады. Топтағы оқушылардың әрқайсысы басқа топқа барып, жұмыстарын ортаға сала алады, үнемі қозғалыс, ауысып отыру бұл оқытудағы топ жұмыстарының өзіндік ерекшелігін даралайды. Топқа оқушылар өз еркімен де, мұғалім нұсқауымен де кіре алады. Мұғалім оқушылардың қабілеті, іскерлігі, білім дәрежесіне қарай топтастырады. Топтық жұмыстың басты тиімділігі: берілген шектеулі уақытта пікір алмаса алады, ойларын ортаға салып үлгереді.

- пікір алмасуға, ортаға салуға, ынтымақтастықпен бірігіп, жұмыс істеуге, қорытынды жасауға қатыса алады.

- зерттеу, іздену іс-әрекетіне икемделеді.

Slide 13

Топтық түрінің негізгі ерекшеліктерін былай бөлуге болады:

1. Қарым-қатынастың топтық құрылымы;

2. Негізгі талап:бір адамды таңдау мүмкіндігі үшін жалпыға бірдей тыныштық, яғни қарым-қатынастың әрбір сәтінде тек қана бір адам сөйлей алады;

3. Негізгі жақсы жағы:топ мүшелерінің білуі және істеуі тиіс нәрсенің барлығы бір уақытта барлығына түсіндіріліп көрсетіледі;

4. Әдебиетте кәсіби педагог, яғни арнаулы білімі бар мұғалім оқытылады;

5. Әрбір оқушы мұғалімнің айтқанын үндемей қабылдауға тиіс, сондықтан қуға деген селқостығы болады;

6. Әрбір оқушы тек өзіне жеке басының жетістігіне қамқорлық жасайды және қамқорлық жасау тиіс. Яғни, ол өзіне ғана өз білімі мен тәртібіне жауап береді;

7. Оқушылардың қоғамдық пайдалы іс-әрекеттері болуы мүмкін емес, өйткені өзі үшін ғана оқиды;

8. Оқушы педагогикалық ықпал жасаудың тұрақты обьектісі, сырттай қараушы тірі жәндігі;

9. Жолдастарымен қарым-қатынас жасауға рұқсат берілмейді;

10. Оқушылар арасында жалпы ынтымақтасытқ пен жолдастық өзара көмек жоқ.

Slide 14

Ал, ЗВЕНО БРИГАДАСЫ арқылы оқытудың еркшелігіне тоқталсақ, олардың шамалы айрмашылықтары бар, бірақ мәнін өзгертпейді. Бұл мынадай ерекшеліктер:

-топ 3-8 адамдық тұрақты құрамынан тұрады;

-біреуі топты оқытып-үйретеді;

-кейбір жекелеген оқушылар ретінде бола алмады (шамалап) 20% ғана және т. б.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Саралап оқыту тәсілі Коммуникативтік тәсіл
Қазіргі заманғы сабақты талдау
Мультимедиалық оқыту технологиясы
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Мұғалімдердің рөлі
Әлеуметтік - психологиялық тренинг әдістері
Негізгі интерактивті әдістер
Оқушылар жан - жақты сызбаға топырақтың қасиеті
Жаңа форматтағы мұғалім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz