БАЛҚАШ ПРОБЛЕМАСЫ
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАННЫҢ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
ХХ ғасырдың соңғы он жылында дүние жүзі халықтары алдында
күрделі проблемалар көбейді. Соның бірі экологиялық проблемалар.
Адам жаны мен тәнінің саулығы өмір сүріп отырған ортаның
экологиясына тікелей байланысты екені анық. Қазіргі таңда
экологиямыздың оңып тұрғаны шамалы. Ал, қазақ халқына келетін
болсақ, қазақтың басынан өтпеген зұлмат жоқ. Соның бірі экологиялық
зұлмат. Бұл туралы сөз қозғағанда ауызға бірінші ілінетіні Семей
полигоны, Арал Балқаш, Барсакелмес трагедиясы, Азғыр полигоны,
байқоңыр және өндіріс орындары .т.б. Жалпы қоршаған ортаны қорғау
мәселесі қоғамдық сипат алмайынша бұл түйінді мәселені шешу қиын.
Қазіргі халықаралық деңгейде Қазақстан экологиясы туралы жағымды
пікір айтылмайды. Болашақта осы мәселені шешу қарастырылуда
СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫ
Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық
сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы
1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық
полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық
сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және
литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар
шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын
жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс
Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай
өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады.
КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ПРОБЛЕМАСЫ
Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты
(шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы
өте зор. Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су
айдыны ретінде де үлкен рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде
бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің
экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ
мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына
айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи
апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл
аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай
проблемалар туындауда:
экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші
Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне
байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;
мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі,
балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке
балықтарының кеміп кетуі;
осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл
қырылуы;
аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).
АРАЛДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ПРОБЛЕМАСЫ
Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам
әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі
өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге
жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта,
күріш) суландыруға пайдаланылып келді.
Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы
30 мың км² жетеді.
БАЛҚАШ
ПРОБЛЕМАСЫ
Бұл өз кезегінде Балқаш маңындағы
ландшафтылар мен экологиялық жағдайларды
түбірімен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге
айналдырады. Көл деңгейінің төмендеуі оның
суының шамадан тыс минералдануына әкеп
соғуда. Бұл, бір жағынан, егістік далалардан
көлге қайта келіп құятын су құрамында әр түрлі
тұздардың көп болуына байланысты
ҮЛКЕН ҚАЛАЛАР МЕН ӨНДІРІС
ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ҚОРШАҒАН
ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУЫ
Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр
металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және
т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдай
Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен
және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас
заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген
мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы
пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz