Зейнетақы төлемдері




Презентация қосу
ӘЛЕУМЕТТІК
САЛЫҚ
■ Жоспары:
■ 1.Әлеуметтік салық туралы түсінік;
■ 2. Әлеуметтік салық туралы мәлімет;
■ 3. Әлеуметтік салық төлеушілер туралы;
■ 4. Салықты салу объектісі...;
■ 5. Әлеуметтік салықты есептеу және төлеу тәртібі;
■ 6. Әлеуметтік салық пайызы.
Әлеуметтік салық
■ Әлеуметтік салықтар – нысаналы мақсаттағы тікелей салық түрі.
Әлеуметтік салықтар әлеуметтік мақсаттағы бюджеттен тыс
нысаналы қорлардың, зейнетақы қорларының, әлеуметтік
сақтандыру, жұмыспен қамту қорларының негізгі көзі болып
табылады. Салық салу нысаны – еңбек міндеттерін орындағаны
үшін төлемнің алуан түрлері. Әлеуметтік салықтар азаматтарды
мемлекеттік әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуымен байланысты
дүниеге келді.
Әлеуметтік салық туралы мәлімет
■ Әлеуметтік салық 1999 жылдан бұған дейін қолданылып келген
әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру,
міндетті медициналық сақтандыру, халықты жұмыспен қамту
қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының
орнына енгізілген. Аударымдардың жиынтық мөлшерлемесі еңбекке
ақы төлеу қорының 28% мөлшерінде белгіленді, ал төленетін
жарналардың сомасы өндіріс шығындарына жатқызылды.
Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджетте 6,2%-
ды (2008 ж.) құрады.
Әлеуметтік салық төлеушілері
■ Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан
Республикасында қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент
еместер, шетелдік заңды тұлғалардың, филиалдары мен өкілдіктері, қызметтің
жекелеген түрлері үшін арнаулы салық режимінен басқа арнаулы салық режимінен
қолданатындарды қоспағанда жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар
әлеуметтік салық, төлеушілер болып табылады.
■ Әлеуметтік салық төлеушілер салық төлеуді өздерінің тұрған жері бойынша жүзеге
асырады. Заңды тұлғалар өздерінің филиалдары, өкілдіктері мен өзге де
ерекшеленген құрылымдық бөлімшелері үшін әлеуметтік салық төлеуді олардың,
орналасқан жері бойынша тиісті бюджеттерге немесе облыстық бюджеттерге
белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырады.
Салықты салу объектісі болып не
саналады?
■ Төленген дивиденттерге;
■ гранттар қаражаты есебінен төленетін төлемдерге ;
■ зейнетақы төлемдеріне;
■ міндетті зейнетақы жарналарына;
■ ерікті зейнетақы жарналарына;
■ шетелдік жеке тұлғалардың ҚР азаматтары болып табылатын, ҚР-ның шетелдердегі
дипломатиялық өкілдіктерінде қызметте жүрген жеке тұлғалардың мемлекеттік
бюджет каражаты есебінен төленетін ресми табыстарына;
■ Ұлы отан соғысына қатысушылардың табысына әлеуметтік салық салына ма?
Дивиденттер төлеу.

■ Бұл төлемдерді төлеу бойынша практикада екі жағдай кездеседі,
біріншісі — дивиденттер кәсіпорынның қызметкері
■ Әлеуметтік салық —қызметкер болып табылатын тұлғаға төленеді, екіншісі —
аталған табысты алушы тұлға дивидент төлеуші кәсіпорынның қызметкері болып
табылмайды. Бұл мәселеде дивидентті кім алады: кәсіпорынның қызметкері ме
әлде қызметкер емес тұлға ала ма деп қарау дұрыс емес. Аталған мәселе
азаматтық заңнама тұрғысынан қарастырылады. Дивиденттер төленген кезде екі
тарап қатысады, бірақ бұлар жұмыс беруші мен қызметкерлер емес. Аталған
жағдайда бұл кәсіпорынның құрылтайшылары мен жарғыға және құрылтай
шарттарына сәйкес алынған табыстан кәсіпорынның дамуына үлесін қосқан
құрылтайшыларға дивиденттер төлеуге міндетті кәсіпорынның өзі. Демек жеке
тұлғаның бұл табысына әлеуметтік салық, салынбайды.
Гранттар қаражаты есебімен
төленетін төлемдер (еңбекақы
түріндегі төлемдерден басқа)

■ Жеке тұлғалар алған гранттарды бұл тұлғалар қызметкері болып
табылмайтын ұйымдар береді. Оның үстіне қызметкерге жалақы
төлеу үшін емес, белгілі бір жобаны (ізденіс, ғылыми әзірлемелер,
қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру және т.с.с.) орындау
мақсаты үшін беріледі, демек гранттар сомасы әлеуметтік салықты
салу объектіс болып табылмайды.
Зейнетақы төлемдері
■ Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленеттін зейнетақы
төлемдері: ерікті зейнетақы жарналары есебінен жүзеге асырылатын зейнетақы
және сақтандыру төлемдері; жинактаушы зейнетақы корлары салымшыларының
жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасаскан сақтандыру сыйақыларын
(аннуитет) төлеу үшін өмірді сақтандыру жөніндегі сақтандыру ұйымдарына
жіберген зейнетақы жинағының сомалары. Бұл төлемдерді зейнетақы қорлары
төлейді. Әрине ол осы қорлардың қызметкерлеріне төленбейді. Сондықтан
бұл төлемдерге әлеуметтік салық салынбайды.
Міндетті және ерікті зейнетақы
жарналары
■ Қызметкерлер жинақтаушы зейнетақы қорларына енгізетін міндетті
зейнетақы жарналарына келсек, бұл төлемдер әлеуметтік салықты
салудан босатылады
■ Қызметкер ерікті зейнетақы жарналарын зейнетақы қорларына өз
ыкыласы бойынша енгізеді, жұмыс беруші бұл жағдайда аталған
жарнаны жинактаушы зейнтақы қорына аударуға құқылы
сенімгерлік тұлға қызметін атқарады, сондықтан бұл төлемдер
әлеуметтік салық салынатын базаға кірмейді.
Шетелдік жеке тұлғалардың (соның
ішінде дипломатиялық және
консулдық қызметкерлер)
■ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын,
Қазақстан Республикасының шетелдердегі дипломатиялық және
оларға теңестірілген өкілдіктерінде қызметте жүрген жеке
тұлғалардың мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен шетелдік
валютамен төленетін ресми табыстары. Ресми табыстар — аталған
тұлғалардың еңбекақысы түріндегі табыс, сондықтан да оларға
әлеуметтік салық салынады.
Ұлы отан соғысына
қатысушылардың табысы.
■ Егер бұл жұмыс беруші материалдық, элеуметтік игіліктер немесе
өзге де материалдық пайда түрінде берген табыстарды қоса алғанда,
қызметкерлерге (УОС-на қатысушыларға) ақшалай немесе заттай
нысандағы кез — келген табыстар түрінде төленген жұмыс
берушінің шығыстары болса, онда УОС-на қатысушылардың бұл
табысына әлеуметтік салық алынады.
Әлеуметтік салықты есептеу және
төлеу тәртібі
■ Әлеуметтік салықты мыналар төлейді:
■ 1) заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан
Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент
еместер еңбегіне ақы төлеу қорынан 13 процент ставка бойынша;
■ Жеке еңбек келісім шарттары мердігерлік, жалдау шарттары немесе өзгедей азаматтық
– құқықтық, сипаттағы шарт негізінде қызметті жүзеге асырған кезде, сондай-ақ
шетел азаматы және азаматтығы жоқ тұлғалар әлеуметтік салық төлеушілер мүддесіне
Қазақстан Республикасына жұмысқа іссапарға жіберілген жағдайларда, шетел
азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың, емес заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың жұмысшылары деп танылады. Әлеуметтік
салық Қазақстандық көзден төленетін жалақы түріндегі өзгерістерге орай есептеледі.
Әлеуметтік салық пайызы
■ 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 9,5 пайыз;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 11 пайыз
мөлшерлемесі бойынша есептеледі.
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Қызметкерге берілетін сыйақылардың анықтамалары
Зейнетақы жүйесі
Қосымша зейнетакыны сақтандыру
Зейнетақы қоры
Әлеуметтік салық
МЕМЛЕКЕТТІК ЖИНАҚТАУШЫ
Салық салуға жатпайтын табыстар
Зейнетақыны сақтандыру
Мысалы, өз мемлекетімізді алатын болсақ
Жеке табыс салағы,әлеуметтік салық
Пәндер