Қыртыстың бөлімдері



ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Мидың эволюциясы

Жоспар
Кіріспе:
Ми қыртысы
Қыртыстың бөлімдері
Ми қыртысының функциясы
Сенсорлық аймақ
Қозғалыс аймағы
Ассоциативті аймақ

Кіріспе
Адам- эволюциялық дамудың шыңы. Жануарлардан ерекшелігі сөйлеуі, ойлауы, санасы. Осының барлығын ми қамтамасыз етеді, соның ішінде үлкен ми сыңарының қыртысы.

Үлкен ми сыңарының қыртысы
Үлкен ми сыңары- сопақша мидың аз ғана бөлігі мен мишықтан басқа мидың барлық бөлімдерін жауып тұрады. Ми сыңарларының ақ заты ішкі жағында қыртыстың астында болады. Ақ заты жүйке талшықтарынан түзіледі. Ми сыңарларының беті тегіс болмай, жүлгелі, қатпарлы болады. Әсіресе, терең жүлгелер ми сыңарларын жеке бөліктерге бөледі. Жүлгелердің арасы қатпарлы болып келеді. Әрбір ми сыңарында 4 бөлік бар: маңдай, төбе, самай, шүйде. Ми сыңарларында іші ми сұйықтығына толы 2 қуыс (ми қарыншалары) болады. Ол сұйықтық ұсақ қантамырларымен қосылып, жүйке жүйесіндегі зат алмасуды қамтамасыз етеді, жүйке жасушаларын қорғайды.
Ол қамтамасыз етеді:
Ағзаның сыртқы ортамен әрекеттесуін;
жоғары жүйке қызметін жүзеге асыру;
Ішкі ағзалар жұмысының регуляциясын;
Ағза өзгерген жағдайда адаптацияны;


Ми қыртысы 6 қабаттан тұрады
1. молекулалық қабат
2. сыртқы түйіршікті қабат
3. сыртқы пирамидалық қабат
4. ішкі түйіршікті қабат
5. ішкі пирамидалық қабат
6. көп құрылысты қабат

I - молекулалық қабат (lamina molecularis), iшкi тамырлы қабық астында жатып, бiршама саны аз ұсақ нейрондарды-ұршық тәрiздi денесiнен көлденең жазықтыққа шығатын ұзын тармақталған дендриттi көлденең жасушаларды сақтайды. Аксоны қабаттағы талшықтардың тангенс өрiмiн құруға қатысады. Бұл қабатта нейронның аралық байланысын түзетiн терең орналасқан қабаттардағы жасушалардың көптеген дендриттерi, аксондары өтедi.
II - сыртқы түйiршiктi (granularis externa) қабат көптеген ұсақ пирамида және жұлдыз тәрiздi жасушалардан құралған, дендриттерi тармақталып, молекулалық қабатқа көтерiледi, ал аксондары ақ затқа, доға құрып алып, молекулалық қабатқа бағытталады.
III - пирамида (piramidalis) қабаты енi өзгерiп тұрады, барынша ендiлiгi неокортекс байланыстырушы (ассоциативтi), сезiммоторлы аймақтарда жақсы байқалады. Пирамида тәрiздi жасушалар басым болады, ал көлемi, қабаттың түбiне ауысқан сайын ұсақтан iрiге дейiн ұлғаяды, төбелiк дендриттерi молекулалық қабатқа бағытталады, бүйiрлiк дендриттерi осы қабаттағы жасушаларда түйiспе құрады, аксондары өзiнiң сұр затында аяқталып, ақ затына бағытталады. Бұл қабат көбiнесе бiр сыңарда, әрi екi сыңарларда байланыстырушы қызмет атқарады.
IV - iшкi түйiршiктi (dranularis interna) қабат ұсақ пирамида, жұлдызша тәрiздi жасушалардан құралады, неокортекс көру, есту аймақтарында кең мөлшерде байқалып, сезiммоторлы аймағында болмайды. Бұл қабатта көру төмпешiгiнің орталығына қарай бағытталған талшықтардың негiзгi бөлiгi аяқталады. Қабаттағы ұсақ пирамида, жұлдызша тәрiздi жасушалардың аксондары неокортекстiң жоғарғы, төмен қабаттарындағы жасушалармен байланыс құрады.

V - түйiндiк (ganglionaris) қабат iрi, неокортекс моторлы аймағында-алып пирамида тәрiздi (Бец жасушасы, перикарион көлемi 100 мкм артық, пирамида жолын түзетiн iрi миелиндi аксондар бастамасын бередi) жасушалардан тұрады. Төбелiк дендриттерi молекулалық қабатқа жетiп, төбелiк «гүлшоғын» құрады, бүйiрлiк дендриттерi осы қабат шегiнде таралады. Алып және iрi пирамида тәрiздi жасушалар аксондары бас миы, жұлын ядроларында проекциеленедi, олардың iшiндегi ең ұзыны пирамида жолы құрамында жұлынның артқы жақ сегментiне жетедi.
VI - көппiшiндi жасушалар (multiformis) қабаты әртүрлi пiшiндi және көлемдi нейрондардан (ұршық, жұлдызша тәрiздi) құралған. Қабаттың сыртқы бөлiгi iрi, iшкi бөлiгi-одан ұсақ, сирек орналасқан жасушалардан тұрады. Жасушалардың аксондары шетке бағытталған жол құрамымен ақ затқа барады, дендриттерi молекулалық қабатқа өтедi.

Әрбір ми жарты шарларында 3 полюсі болады: маңдай, самай, шүйде. Макроскопиялық әрбір үлкен ми жарты шарларында маңдай, төбе, самай, шүйде және аралшық деп аталатын бөлімдері болады. Бұл 5 бөлімді латеральді, орталық, төбе-шүйделік, белдеу және терең жүлгелер бір-бірінен бөліп тұрады. Үлкен ми жарты шарларының бетінде жүлгелер болады, бұл жүлгелер ми қыртысының беткейін иірімдер мен бөліктерге бөледі. Жүлгелердің 3 түрі бар: біріншілік жүлгелер, бұлар тұрақты, терең, эмбриональды даму кезінде ерте пайда болған; екіншілік жүлгелер, тұрақты бірақ кейіннен пайда болған; үшіншілік жүлгелер тұрақсыз болады.


Ми жақсы дамыған. Адамның ми қыртысының 96%-ы осы жаңа ми қыртысынан түзіледі. Оның үлесіне: маңдай қыртысы эволюциялық дамуына байланысты: жаңа (neocortex), көне (paleocortex), ескі (archicortex) ми қыртыстары деп бөлінеді. Адамдарда жаңа ми қыртысына, төбе, самай, шүйде, аралшық және лимбиялық аймақтар кіреді. Көне ми қыртысына: иіс сезу төмпесі, диагональді және периамигдалярлы аймақтар жатады. Ескі ми қыртысына: тісті фасция, аммон мүйізі кіреді. Ескі ми қыртысы көне ми қыртысына қарағанда, қыртысасты құрылымдардан айқын шектелген. Ми қыртысының құрылысы мен ондағы нейрондардың орналасу реті оның әрбір бөлегінде әр түрлі болады. Яғни осыны ми қыртысының цитоархитектоникасы деп атайды. Ми қыртысының қалыңдығы 3-5 мм-дей. Ми қыртысы шамамен 14 миллиард нейрондардан тұрады. Олардың әрқайсысы мыңдаған басқа нейрондармен синапс арқылы байланысқан. Олардың пішіні әр түрлі: пирамида, жұлдызша, ұршық тағы басқа тәрізді болады.

Ми қыртысының қызметі

Ми қыртысы ассоциативтік алаңдарының зақымдану симптомдары
1. импрессивтік сөйлеу бұзылысы
-Сенсорлық афазия
-Семантикалық афазия
2. экспрессивтік сойлеу бұзылысы
моторлық афазия
3. амнестикалық афазия
4. алексия
5. аграфия
6. таным бұзылуы
а. Астереогнозия
в. Көру агнозиясы
с. Есту аагнозиясы
7. апраксия
8. мидың оң жақ жарты шарының зақымдануы

Үлкен бас ми жартышарының қыртысының бөлімдері.

Участки коры головного мозга
Бас миы үлесі
құрылысы
функциясы
шүйделік
Жүлге және иірімдер үнемі емес.
Көруді қабылдау
самайлық
Жоғары бүйірлік беті- жоғарғы, төменгі, ортаңғы иірім;
Төменгі бүйірлік - төменгі самай, бүйір шүйде-самайлық иірім.
Есту, сөйлеу, сөздерді есте сақтау, күрделі психикалық процесстердің ұйымдастырылуы.
төбелік
Артқы орталық, жоғары төбелік, төменгі төбелік иірімдер.
Қозғалыстарды басқару және сенсорлық стимулдау реакциясы.
Маңдайлық
Прецентральды, жоғары, ортаңғы, иірімдер.
Ерікті қозғалыстардың ұйымдастырылуы;
Күрделі мінез-құлық формаларының регуляциясы;
Қыртыстың басқа аймақтарының координациялық функциясы.

Белгілері :
1. Маңдайалды қыртыс зонасы.
2. Тактильды анализ.
3. Есту зонасының қыртысы (сол жақ құлақ) .
4. Көру кеңістігінің анализі.
5. көру зонасының қыртысы (сол жақ көру алаңы) .
6. Көру зонасының қыртысы (оң жақ көру алаңы) .
7. Жалпы иртерпретация орталығы (Математикалық операцияларды және сойлеудің) .
8. Есту зонасының қыртысы(оң жақ құлақ) .
9. жазу (олаңқайлар үшін) .
10. Сойлеу орталығы.
Үлкен бас ми жартышарының қыртысының функциональды зонасы

Үлкен ми сыңарының ассиметриялық функциясы

Бас миы қыртысының дифференциациясы

Сенсорлық зонаның негізгі функциясы:
1. Тірек-қимыл аппаратының интерорецептивті сезімталдығын қамтамасыз етеді(төбелік қыртыс) .
2. Көру ағзасы (шүйделік қыртыс), есту ағзалары (есту қыртысы) рецепторларынан ақпаратты қабылдау.
3. Дәм (дәм сезу центрінің анализаторы), иіс (иіс сезу центрінің анализаторы) танып білуі және сақтаудың проекционды функциясын қамтамасыз етеді.
4. Өзінің денесін тану қабілетін қамттамасыз етеді.
5. Мелодия, музыкалык дыбыстарды танып білуді қамтамасыз етеді.
6. Жазуды сақтау және танып білуді қамтамасыз етеді.

Қозғалыс зонасының функциясы
Жартышарлардың медиалды бөлігінің беткейінде прецентральды, парацентральды иірімдерінде қозғалыс зонасы орналасқан.

Біріншілікті моторлық қыртыс:
Аяқ - қол, дене, бет
Бұлшық- еттерінің жиырылуын шақырады.

Екіншілікті моторлы қыртыстың функциясы:
Күрделі координациялық қимылдарды қамтамасыз етеді;
Сөйлеу және айту қабілетін қамтамасыз етеді;
Ритмді шайнау қозғалыстарын қамтамасыз етеді.

Басқа қыртысты орталықтар қамтамасыз етеді:
Көзін және басын қарама-қарсы жаққа бұрады;
Түзу жүруге байланысты координациялық қозғалыстарды;
Тепе-теңдік сақтау;
Сөйлеудің үндестілігі және модуляциясы.


Адам миы туралы деректер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz