Жедел экономикалық модернизация, әлеуметтік жаңғырту және Индустрия 4.0: Қазақстанның даму стратегиясы


Slide 1

Жеделдетілген экономикалық модернизация

Орындаған: Тұрсынбай Дастан

Slide 2

2011 жылдың 28 қаңтарында «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» деген атпен жарияланды. Елбасы жеделдетілген экономикалық жаңғырту Үдемелі индустриялық инновациялық даму мәселелеріне тоқталды. Бұдан бөлек, әлеуметтік саясатқа да баса мән беріп: «Біз өзіміздің индустрияландыру және экономиканы технологиялық тұр­ғыдан дамыту жөніндегі жоспар­ла­рымызды нақпа-нақ айқындап алдық. Біздің бағдарламаларымыздың басты мақсаты - халықтың әл-ауқатын нығайту. Сондықтан да мен биылғы Жолдауда әлеуметтік жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударып тұрмын. Мен үш аса маңызды мемлекеттік бағдарламаларды - білім беру, денсаулық сақтау және тілдерді дамыту бағдарламаларын бекіттім. Үкіметке әкімдермен бірлесе отырып биылғы 1 мамырға дейін мынадай қағидатты түрде жаңа бағдарламаларды тапсырамын», деген болатын.

Slide 3

Бұдан бөлек бұрынғы елбасы, Жолдауында білім беру, денсаулық сақтау, тілдерді дамыту, жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы мәселелеріне Елбасы жеке жеке тоқталып, атқарушы билік пен Парламенттің алдына бірқатар нақты міндеттер жүктеді. Тұрғын үй шаруашылығын дамыту, сапалы ауыз сумен қамту жайы да көтеріліп, басталған жұмысты сапалы жалғастыру жайы қозғалды. Қазақстанның алдағы сыртқы саясатындағы негізгі бағыттарға да шолу жасалды.

Slide 4

Экономиканың жедел­детіл­ген технологиялық жаңғыр­ты­луы үлгісінде отын-энергети­ка кешені жобасы бойынша бір­қатар бастамалар іске асыры­луда. Осылайша, мұнай-газ өнер­кә­сібінде кен орындарын­да мұ­най беруді арттыру және гео­логиялық барлау жұмыс­тарын жандандыру, оның ішінде теңіз жобалары бойынша жұ­мыстар жүргізілуде. Бұл мұнай өндіру көлемінің 2025 жылға қарай 107, 3 млн тоннаға дейін және газ өндіру көлемінің 77, 3 млрд текше метрге дейін өсі­мін қамтамасыз етпек.

Slide 5

Ал, Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің мә­лімдеуінше, Қазақстан өнер­­кәсібінің Индустрия-4. 0-ге көшуге әзірлігі бойынша тех­ни­калық талдау жұмыстары ал­дағы қыркүйекте аяқталады. Министр Индустрия-4. 0 үлкен деректердің талдауы, дербес роботтандырылған жүйелер, индустриялық интернет, аддитивті технологиялар (3D баспа) секілді алдыңғы қатарлы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ауқымды пайдаланудан тұратынын атап өтті. Халықаралық сарапшылардың есебі бойынша, түрлі елдерде Индустрия 4. 0-ді енгізу ІЖӨ-нің жыл сайынғы өсімін орта есеппен 1, 5 пайызға қосымша ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Slide 6

Назарларыңызға рахмет !


Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы саяси модернизация: теориясы, кезеңдері және Ұлт жоспары мен 2050 стратегиясы
Қазақстанның әлеуметтік даму үлгісі: әлемдік үлгілер мен 2030 жылға арналған әлеуметтік модернизация концепциясы
Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық шолуы және даму стратегиясы
Жаһандану және Қазақстан: әлеуметтік-экономикалық әсері, тіл саясаты мен даму стратегиясы
Экономикалық тепе-теңдік пен экономикалық өсу: теория, құралдар және Қазақстанның 2030 стратегиясы
Қазақстанның экономикалық аймақтары: ресурстар, өндірістік мамандану және әлеуметтік-экономикалық даму (1999-2009)
Қазақстанның көмір өнеркәсібі: қорлар, өндіріс, аймақтық таралу және даму стратегиясы
Қазақстан-2050 стратегиясы: жаһандық сын-қатерлер, ұлттық даму басымдықтары және әлеуметтік-экономикалық жетістіктер
Қазақстанның магистралды газ құбырлары: тарихи даму, басқару жүйесінің трансформациясы, техникалық модернизация және аймақтық газдандыру
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру және ұлттық сананы жаңғырту стратегиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz