Қазақстандағы білім беру жүйесінің құрылымы


Slide 1

МӨЖ Білім беру мәселелері бойынша басылымдарға сыни талдау, Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің дамуы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

География және табиғатты пайдалану факультеті

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

«7M05205 География (ОРФУ) »

Орындаған:

Қабылдаған:

Slide 2

2020/2021 оқу жылының басында Қазақстанда 128 жоғары оқу орны жұмыс істейді

Соңғы жылдары, мемлекетпен, мамандарды даярлау сапасын арттыру мақсатында, жоо санын азайту және жоғары оқу орындарына лицензия берілуіне қойылатын біліктілік талаптарын күшейту бағыты қабылданды. Сонымен қатар, 2010 жылы заң жүзінде жоғары оқу орындарының филиалдарының қызметіне тыйым салынды. Нәтижесінде, жоо саны өзара бірігу, консолидация және ТжКБ ұйымына түрленуі арқылы қысқарды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтері бойынша

Slide 3

Профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны 36 607 адам құрайды. Білім беру қызметінің экспортының дамуы арқасында мемлекеттегі жоғары оқу орындардағы шетелдік студенттердің үлесі 6, 7% дейін көтерілді.

2020/2021 ж. басындағы жалпы студенттер саны 618 090 адам

www. stat. gov. kz

Slide 4

Қазақстандағы білім беру жүйесінің құрылымы

Slide 5

Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру құрылымы «Білім туралы» Заңмен (27. 07. 2007) реттеледі. 2010 жылы Болон декларациясына қол қоюмен Қазақстанда «бакалавр-магистр-доктор PHD» жоғары деңгейлі білім беру жүйесі енгізілуде. Бұл құрылым өзінің заңды растамасын «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тапты:

1) Жоғары базалық білім - бакалавриат бағдарламасы - оқу мерзімі 4 жыл;

2) Жоғары оқу орнынан кейінгі білім, оның ішінде оқытудың ғылыми-педагогикалық бағыты - магистратура - мамандандырылған магистратурада оқу ұзақтығы - 1 жыл, ғылыми-педагогикалық - 2 жыл;

3) Философия докторларын (PhD), бейіні бойынша докторларды даярлау бағдарламасы - докторантура - магистратура бағдарламаларын аяқтағаннан кейін. Оқу ұзақтығы-кем дегенде 3 жыл немесе одан көп.

Slide 6

ЖОО қабылдау

Жоғары оқу орындарына қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы бұйрығымен бекітілген Жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелер негізінде жүзеге асырылады. Орта білімі бар талапкерлерді қабылдау Ұлттық бірыңғай тест нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Өткен жылдардың түлектері, бастауыш немесе орта кәсіптік білімі бар талапкерлер, шетелде оқитын орта мектеп түлектері, сондай-ақ Қазақстандағы жоғары оқу орнына түсу үшін кейбір басқа санаттар кешенді тестілеуден өтеді.

Қазіргі таңда жоғары оқу орнында ақылы түрде оқу үшін мектеп түлектері тестілеуді қосымша үш рет: қаңтарда, наурызда және тамызда тапсыра алады. Бұл өзгерістер тестілеу түріндегі сынақты тапсыру шартын жақсарту, мектеп түлектерінің эмоциялық шиеленісін жеңілдету мақсатында енгізілген.

Slide 7 Slide 8

COVID-19 Қазақстандағы ЖОО-ның қызметіне әсері

COVID-19 пандемиясы оқу процесіне айтарлықтай түзетулер енгізді. Еліміздің барлық жоғары оқу орындары жаңа болмысқа бейімделу үшін оқытудың онлайн форматына көшуге мәжбүр болды. Пандемия жоғары білім беру саласына жаһандық ауқымда неғұрлым үлкен ықпал көрсеткенімен, ол өз процестерін қашықтан форматқа көшіруге дайындалған Қазақстандағы аздаған салалардың бірі болғанын атап өткен жөн.

Slide 9

2020 жылдың 16 наурызынан бастап еліміздің 116 ЖОО қашықтықтан оқытуға көшті. Студенттердің басым көпшілігі үйде оқыды, алайда 5 мың қазақстандық студент және 4 мың шетелдік студент оқу орны бойынша жатақханаларда қалды, өйткені жатақханаларда қашықтықтан оқыту үшін жағдайлар жасалған болатын.

Slide 10

Еліміздің жоғары оқу орындары оқу процесіне қашықтықтан оқыту технологияларын енгізуде белгілі бір тәжірибеге ие, өйткені кейбір жоғары оқу орындары оқытудың аралас нысанын, ал басқалары - қашықтықтан оқыту форматын пайдаланған болатын.

Пандемияның қиын жағдайында университеттер өз қызметкерлері мен оқытушылар құрамына оқыту курстарын ұйымдастыруға қолдау көрсетті. Барлық жоғары оқу орындары мен колледждерде студенттер мен оқытушыларға техникалық қолдау көрсететін Help Desk-жүйесі жұмыс істейді. Өзекті ақпарат алу және білім беру процесін жақсарту үшін студенттерге, оқытушылар құрамына және қызметкерлерге қанағаттану бойынша тұрақты түрде сауалнама жүргізіледі.

Slide 11

Қорытынды

Жоғары білім беру жүйесіне енгізілген жаңалықтардың барлығы тек əлемдік білім беру кеңістігіне кіру үшін ғана еместігі сөзсіз. Бұл жаһанданудың əлемдік үрдісінің салдары болып табылады. Мұнымен бірге жаһанданумен ұлттық білім беру ерекшеліктерінің ақырындап жойылатындығы белгілі. Кредиттік жүйенің басты қағидасы жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігін білім беру бағдарламалары мазмұнымен анықтау, мамандарды дайындау сапасын жетілдіру жолдарын қарастыру, жаңа білім беру технологиясын енгізуді, оқу үрдістерін ұйымдастырудың рационалды формаларын құру, оқытудың инновациялық құралдарын пайдаланулар жаңа инновациялық үрдістердің дамуына негізгі база болуымен байланысты.

Slide 12

Пайдаланылған әдебиеттер

https://iqaa. kz/kk/zhogary-bilim/kazakstandagy-zhogary-bilim-beru

https://bankreferatov. kz/menedjment/4354-kaz-resp-jalpy-bilim-bery-jyiese. html

https://studwood. ru/1669386/pedagogika/

https://strategy2050. kz/news/52406/

https://science-education. ru/ru/article/view?id=14126

https://www. pexels. com/ru-ru/photo/5088017/

Slide 13

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Ұқсас жұмыстар
Білім беру әлеуметтік институт ретінде және оның қазіргі қоғамдағы алғышарттары
Қалыптастырушы бағалау үдерісі
Университетте ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау
Білімнің қызметтері әлеуметтік
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУ
БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫ
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу жетістіктерін критериальды бағалау жүйесі
Қазақстан Республикасында білімді дамыту стратегиясы, міндеттері мен мақсаттары
Мүше мемлекеттер
Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат - ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz