Ауытқымалы (девиантты) мінез-құлықтың әлеуметтанулық талдауы мен классификациясы


Slide 1

Ауытқымалы мінез-құлық классификациясы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы

Slide 2

Жоспар

Девиантты мінез-құлық ұғымы. Оның негізгі белгілері.

Ауытқымалы мінез-құлықтың табиғаты мен типтері, формалары.

Slide 3

Девиация сөзі латын тілінен аударғанда deviate деген сөзден шыққан. Deviate ауытқу дегенді білдіреді. Девиантты мінез құлық бұл адамның қоғамдық, топтық нормалардан ауытқыған мінез құлқы. Адамның іс әрекеті, мінез құлқы қоғамдағы нормаларға, ережелерге және одан күтілетін әрекееттерге, құндылықтарға сәйкес келмеуі.

Девиантты (ауытқымалы) мінез-құлық деп біз ресми қабылданған немесе белгіленген қоғамдық нормаларға сай келмейтін, қоғам тарапынан мақұлданбайтын мінез-құлықты айтамыз.

Девиантты мінез құлықтың мәнін ашу “норма” түсінігімен байланысты. Өйткені норманы бұзған, яғни нормадан ауытқыған адамның мінез құлқы девиантты мінез құлық болып табылады.

Әлеуметтік норма бұл нақты қоғамда тарихи түрде пайда болған тұлғаның, әлеуметтік топтың немесе ұйымның шектелген іс әрекеті. Норма мінез құлықтың реттелуін қамтамасыз етеді және мінез құлыққа әлеуметтік қадағалау жасайды.

Девиантты мінез-құлық

Slide 4

ХІХ ғасырдың соңында ХХ ғасырдың басында девиатты мінез құлықтың биологиялық және психологиялық себептерін түсіндіретін трактаттар шыға бастады. Итальяндық дәрігер Ч. Ломброзо қылмыстық әрекет пен адамның биологиялық ерекшеліктері тікелей байланысты деп түсіндіреді. Американдық психолог В. Шелдон да адамның дене бітімінің маңыздылығын атап көрсетеді.

Девиантты мінез құлықты әлеуметтанулық тұрғыдан ең алғаш болып Э. Дюркгейм түсіндірді. Ол әлеумееттік және мәдени факторлардың мәнін ашатын “аномия” түсінігін ұсынды. Аномия бұл реттіліктің, заңдылықтың болмауы.

Сонымен қатар, девиантты мінез құлықты зерттеген Р. Мертон болып табылады. Р. Мертон девиацияның себебі қоғамның мәдени мақсаттары мен оған қол жеткізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдары арасындағы алшақтықта деп санайды. Р. Мертонның пікірі бойынша адамдар алдына мақсат қояды, сол мақсатқа жету үшін түрлі жолдарды таңдайды. Мәселен, жақсы немесе жаман жолдар. Жақсы жолмен мақсатына жете алмаған адам жаман жолмен жетуі мүмкін, бұны да девиацияның бір түріне жатқызуға болады.

Slide 5

Ауытқымалы (девиантты) мінез-құлықтың негізгі белгілері:

1) Девиантты мінез-құлық пен оны көрсететін тұлға өзге тұлғалар тарапынан айыпталады (әлеуметтік санкциялар) .

2) Ол тұлғаның өзіне немесе оны қоршаған тұлғаларға нақты залал келтіреді. Осылайша, девиантты мінез-құлық деструктивті әрекет жасайды.

3) Оны тұрақты түрде қайталанатын және ұзақ мерзімді мінез-құлық ретінде анықтаймыз.

4) Ол айқын даралықты және жас ерекшелікті-жыныстық сипатқа ие болады.

5) Ол әлеуметтік дезадаптация құбылыстарымен қатарласа жүреді.

Девиантты мінез-құлық 5 жастан бастап жүруі мүмкін.

1) Мәдени және психикалық ауытқулар. Яғни, әлеуметтік қауымдастықтарға тән мәдени нормаларға сай келмейтін мінез-құлық

2) Жекеленген және топтық ауытқулар.

3) Бастапқы және екінші ауытқулар. Бастапқы ауытқу нормаларды көп бұза бермейді, ол болмашы сипатта болады.

4) Мақұлданатын ауытқулар. Мысалы:

*Жоғары интеллектуалдылық;

*Ерекше қабілеттер

*Ерекше мінез-құлық

5) Айыпталатын ауытқулар:

*Өзгеше кері мінез-құлық

*Заң бұзушылық.

Әлеуметтік ауытқудың негізгі түрлері:

Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9

А. И. Икенов «Әлеуметтану негіздері»

«Әлеуметтану» К. У. Биекенов 2012.

Тәжин М., Аяғанов Б “Әлеуметтану негіздері” А., 1993

3. Әбсаттаров Р. Б., Дакенов Н. «Әлеуметтану» Алматы: Ғылым, 2004.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


Ұқсас жұмыстар
Девиантты мінез-құлықтың әлеуметтанулық талдауы: ұғымдар, теориялар және типология
Отбасы әлеуметтануы: девиантты мінез-құлықтың типологиясы мен классификация критерийлері
Девиантты мінез-құлықтың әлеуметтенуі: ұғымы, түрлері және себептері
Әлеуметтік девиация: девиантты мінез-құлықтың анықтамасы, себептері және коррекциясы
Девиантты мінез-құлық пен қылмыстың әлеуметтанулық құрылымдары: нормалар, теориялар және әлеуметтік себептері
Жасөспірімдерде девиантты мінез-құлықтың алдын алу және педагогикалық түзету
Отбасы тәрбиесінің әсері және жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлықтың алдын алу
Жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлықтың алдын алу: себептері, түрлері және педагогикалық-әлеуметтік шаралар
Абьюзивті қарым-қатынастар: девиантты мінез-құлықтың түрлері, себептері және салдары
Девиантты мінез-құлық, қылмыс және қоғамдық бақылаудың медико-әлеуметтік аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz