АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ


Slide 1

ауыл шаруашылығын жұмыспен қамту

Орындаған: Қуатқан а. н.

Тексерген: бакирбаева П. а.

Slide 2

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.

Slide 3

Жұмыспен қамту 2020 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған мемлекеттік бағдарлама.

Бағдарламаның мақсаты - жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысы өзінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында еңбек нарығының тиімділігін арттыру, табысы аз адамдарды, жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен айналысушыларды жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларына тарту міндеттерін жүктеді.

Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету - халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы.

Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру барысында елде қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі мен жұмыспен қамту деңгейі тұрақты өсуде. Соңғы 10 жылда жұмыспен қамтылған халық саны 6698, 8 мыңнан 8141, 4 мың адамға артты, ал жұмыссыздық деңгейі 2001 жылғы 12, 8 %-дан 2010 жылдың соңында 5, 5 % төмендеді.

Slide 4

Бағдарламаның негізгі міндеттері

Slide 5

Бағдарламаны жүзеге асыру

Slide 6

Нысаналы индикаторлар

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасында көзделген міндеттерді іске асыру барысында 2016 жылға қарай мынадай нәтижелерге қол жеткізілетін болады:

Бағдарламамен 1, 5 млн. дейін адам қамтылатын болады;

кедейлік деңгейі 8, 2 %-дан 6 %-ға төмендейді;

жұмыссыздық деңгейі 5, 5 % аспайтын болады;

жұмыспен қамтылған халық құрамындағы өз бетінше жұмыспен айналысушылардың үлесі 33, 3 %-дан 26 %-ға төмендейді;

Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру есебінен еңбек өнімділігінің қосымша өсімі 20 % құрайтын болады

Slide 7

Бағдарламаны 2017 - 2021 жылдары іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген жалпы шығыстар

Барлығы 2 374, 2 млрд теңгені (РБ - 1 216 млрд теңге*, ЖБ - 904 млрд теңге*, басқа көздер - 306, 2 млрд теңге) құрайды, оның ішінде:

Slide 8

Тәуелсіздік кезеңінде тоғыз бағдарламалық құжат әзірленді, олардың негізінде АӨК саласындағы мемлекеттік саясат іске асырылды:

1991 - 1995 жылдарға және 2000 жылға дейінгі кезеңге арналған "Ауыл" әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы,

АӨК-ні дамытудың 1993 - 1995 және 2000 жылға дейінгі кезеңге арналған тұжырымдамалық бағдарламасы,

Ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудың 2000 - 2002 жылдарға арналған бағдарламасы, 2003 - 2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы,

Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы,

АӨК-ні тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы, ҚР АӨК-сін тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі бірінші кезектегі шаралар бағдарламасы,

АӨК-ні дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама және ҚР АӨК-сін дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған "Агробизнес-2020" бағдарламасы.

Slide 9

Жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің серпіні, млрд тенге

Slide 10

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ»

Slide 11

Ақтөбе облысының аӨ-ң даму картасы

Slide 12

2016 ЖЫЛЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ

Облыста жұмыссыздық деңгейін төмендету және шағын кәсіпкерлікті, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылық негізінде ұсақ тауарлық өндірісті дамыту арқылы ауылдық жерлерде өзін өзі өнімді еңбекпен қамтитын адамдар санын ұлғайту, өндіріс көлемін және ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеу көлемін арттыру мақсатында 2016 жылы Ақтөбе облысы «Кәсіпкерлікті дамыту» аясында пилоттық жобаға енгізілді.

Осы мақсатта «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» пилоттық жобасы әзірленіп, жүзеге асырылды.

«Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында жыл басынан бастап Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, Кәсіпкерлік, Ауыл шаруашылығы басқармаларының және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өкілдерінің қатысуымен облыстың барлық аудандарына шыға отырып, ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Slide 13

Жобаны іске асыруға 4265, 0 млн. теңге қаражат қаралды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасымен - 2465, 0 млн. теңге (6 % пайызбен 6, 0 млн. тг. дейін, 5 жылға) ;

жергілікті бюджет, «Алмэкс» ХК АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ қаражаттары есебінен 900, 0 млн. теңге (6% пайызбен 17, 0 млн. тг. дейін, 5 жылға) ;

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ есебінен - 900, 0 млн. теңге (8, 3 % пайызбен 15 млн. тг. дейін, 5 жылға) .

2017 жылдың 1 қаңтарына 1359 адам жалпы сомасы 4156, 3 млн. теңгеге немесе жоспардан 97, 4 % шағын несие алды, соның ішінде:

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасымен 1067 адам 2465, 0 млн. теңгеге;

жергілікті бюджет, «Алмэкс» ХК АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ қаражаттары есебінен 225 адам 900, 0 млн. теңгеге;

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ есебінен 67 адам 791, 3 млн. теңге шағын несие алды.

Slide 14

2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру» аясында 2465, 0 млн. теңге карастырылып, 1067 ауыл тұрғындары шағын несие алды.

Оның ішінде:

негізгі траншпен 1070, 0 млн. теңгеге 571 адам;


Ұқсас жұмыстар
Ауылшаруашылық инфрақұрылымын дамыту
ҚР Үкіметінің тұрақты экономикалық өсуді және жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге арналған дағдарысқа қарсы ден қою шаралары»
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу
Халықты еңбекпен қамту мен әлеуметтік қорғауцды мемлекеттік реттеу
Жұмыссыздық деңгейі
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 2020 БАҒДАРЛАМАСЫ
Халықты еңбекпен қамту
Халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz