Тілдердің типологиялық классификациясы: фонетикалық, синтаксистік және морфологиялық типтер


Slide 1

Тілдердің типологиялық классификациясы Тілдерді фонетикалық грамматикалық құрылысына қарай бірнеше типке бөлуге болады. Сондықтан тілтану типологиясы, немесе салғастырмалы лингвистика ғылымы тілдерге әртүрлі тұрғыдан келеді: 1. Фонетикалық типология, 2. Синтаксистік типология. 3. Морфологиялық типология Бұлайша топтастырудың тілдер арасындағы туыстыққа тікелей қатысы жоқ.

Slide 2

Фонетикалық типология. 1. Тілдер дыбыс құрылысты және буын құрылысты болып бөлінеді. Дыбыс құрылысты тілдерде сөздер дыбыстардан құралса, буын құрылысты тілдерде буындардан құралады. Буындар одан әрі бөлшектенбейді, ол тек инициаль (буынның басы) және финальға (буынның соңы) бөлшектенеді. Мысалы, еуропалық тілдер дыбыс құрылысты, Қытай тілі буын құрылысты. Дыбыс құрылысты тілдерде дыбыстар болады да, әріптермен жазады, буын құрылысты тілдерде дыбыстар болмайды, олар иероглифтермен жазады. 2. Монотониялық және политониялық тілдер. Монотониялы дауыс тоны сөз мағынасын ажыратпайды. Политониялы тілдерде сөздің мағынасын ажырататын дауыс тоны. Яғни сөздің айтылу әуені оның мағынасын көрсетеді. Политониялы тілдерге мысалы, Қытай, Вьетнам тілдері жатады. Онда сөздің мағынасын айтылу әуені анықтайды. Монотониялы тілдерде сөздің мағынасын оның құрамындағы дыбыстар анықтайды. Мысалы ағылшын, орыс, қазақ, араб тілдері.

Slide 3

Синтаксистік типология. Синтаксистік типология бойынша дүние жүзі тілдері үш топқа бөлінеді. 1. Номинативті тілдер - бұндай тілдерде бастауыш негізгі (атау, исходный) септігінде тұрады да баяндауышпен жақ бойынша қиысады, баяндауыш немесе көмекші етістік соған сәйкес жіктеледі. 2. Эргативті тілдерде етістіктің салт немесе сабақты болуына қарай, белгілі бір септіктерді керек етуіне қарай бастауыштың (субъектінің) тұлғасы өзгеріп отырады, ал толықтауыш осы өзгерістерге керісінше басқа тұлғаларға орайласады. Яғни олардың тұрақты тұлғасы болмайды, бұл тұлға етістіктің қажетсінуіне байланысты. 3. Посессив (пассив) тілдерде етістіктер актив және пассив болып күрт қарсы қойылады. Бастауыштың тұлғасы осыған байланысты болып келеді. Қазіргі номинативті тілдердегі етіс каегориясы осы өзгерістердің модификацияға ұшыраған бір тармағы болуы керек: етістер өзгергенде бастауыштар мен толықтауыштар (объектілер мен субъект) да өзгеріп кетеді.

Slide 4

Типологиялық классификациялардың ішінде ең жете зерттелгені морфологиялық типология. Онда әлемдегі тілдерді тұлғалық түрлену жүйесі бойынша топтастырады. 1. Түбір тілдерде сөз түрлендіруші аффикстер болмайды, сөздер орын тәртібі арқылы байланыса береді (қытай тілі) . 2. Агглютинативті тілдерде жұрнақтар мен жалғаулар кең таралған және олар түбірдің үстіне бірінен соң бірі үстемеленіп жалғана береді де сөз ұзара түседі. Әлгі қосымшалар бір мағыналы болады, ал түбір өз тәуелсіздігін сақтайды, өзгермейді (қазақ тілі) . (көше-көшелер-көшелерге-көшелерімізге) . 3. Флективті тілдерде қосымшалар түбірдің көрінісіне өзгерістер енгізеді және ол қосымшаларда көп мағына болады, сондықтан сөздің көлемі ұзармайды, түбір өз ішінен өзгереді.

Slide 5

Аналитикалық тілде неғұрлым көп сөз қажет болады, синтетикалық тілде ол аз сөздің санымен беріледі, яғни аналитикалық тіл негізінен көмекші сөздерге сүйенеді, немесе сөз түрлендірушілерді қабылдауға бейім болмайды (ағылшын тілінде көмекші сөздер өте көп және екі септік бар), синтетикалық тілде негізінен қосымшаларға сүйенеді, түбірдің түрлену жүйесі бай болады (қазақ тілінде жұрнақ-жалғаулар көп және жеті септік бар) .


Ұқсас жұмыстар
Дүние жүзі тілдерінің генеалогиялық және типологиялық жіктелуі (дәріс жоспары)
Тілдердің генеалогиялық классификациясы және негізгі тіл жанұялары
Тілдердің генеологиялық классификациясы: дүние жүзіндегі тілдік семьялар мен топтары
Қазақтар - Ұлы дала мұрагері: морфологиялық және синтаксистік тапсырмалар
Үстеу сөздер: мағыналық түрлері, морфологиялық және фонетикалық талдауы, жаттығу тапсырмалары
Қызылорда қаласы туралы сабақ жоспары: мәтінді оқу, морфологиялық және синтаксистік талдау
Зат есімнің семантикалық, морфологиялық және синтаксистік сипаттары: сабақ жоспары мен жаттығулар
Қазақ тіліндегі көптік категория мен көптік жалғаудың морфологиялық, семантикалық және синтаксистік көрсеткіштері
Гистиогенезге негізделген ісіктер классификациясы және клинико-морфологиялық ерекшеліктері
Қазақ тілі: түркі тілдері жүйесіндегі орны, тарихы және типологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz