Президентінің 1998 жылғы


Slide 1 Slide 2

«Ақмола қаласын Астана қаласы деп қайта атау туралы» ҚР Президентінің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығы

Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді ҚР-сы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті.

Slide 3

1999жылы Астана ауысуы

1999 жылғы 6 мамырда ЮНЕСКО-ның Бас директоры Федерико Майор Астанаға «Бейбітшілік қаласы» деген жоғары атақ берілгенін мәлімдеген жеделхат келді. Марапатты тапсыру рәсімінде Федерико Майор: «Астана жаңарған егемен Қазақстанның символына айналды», - деп атап өтті.

Slide 4

2005жыл Президент сайлау

2005 жылғы 4 желтоқсанда ҚР-сының Президентін бүкілхалықтық сайлау өтті. Кезекті мерзімге Президент болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Сайлауға жалпы есеппен 6млн 147мың 571адам қатысты. 2005 жылдың 6 желтоқсанында ҚР-сы Орталық Сайлау комиссиясының Республикада Елбасын сайлаудың қорытындыларын ресми түрде жария етті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасына сайлаушылардың 91, 15%-ы дауыс берді.

Сайлау күні 1605 бақылаушылар, соның ішінде 403 шетелдік БАҚ өкілдері сайлау учаскелерін аралады. Олар өздерінің есептерінде, Қазакстандағы сайлаудың заңға еш қайшылықсыз, қалыпты, ресми жағдайда өткенін ерекше атап өтті.

Slide 5

2006 жылдың 6 қаңтарында - мемлекетіміздің жаңа Әнұраны қабылданды. Әнұран негізіне Ж. Нәжімеденовтің сөзіне жазылған композитор Ш. Қалдаяқовтың 1950 жылдары дүниеге келген «Менің Қазақстаным» әні алынды. Қолданыстағы Әнұран мәтініне Президент Н. Назарбаевтың енгізген өзгерістерін Парламент қабылдады. Сондықтан да Әнұранның заңды авторларының бірі - Н. Ә. Назарбаев.

2006 жылы ел Әнұраны өзгерді.

Slide 6

Экспо-2017 көрмесі

Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық көрмелер бюросы ұйымдастырған Халықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өткен. Ұйымдастырушылары таңдаған тақырып - Future Energy (Болашақ қуат) . ЕХРО 2017 көрмесіне 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысты. Көрмені тамашалауға 3 млн адам келді.

Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады.

Slide 7

Біз небәрі бес жылда көрме

Орталығын тұрғызып, жаңа қонақүйлер, жолдар салып, көлікті дамытып, қонақтарды қарсы алуға даярлықты қамтамасыз етіп, үлкен дайындық жұмыстарын жүргізді. Үш ай ішінде ЭКСПО - 2017 көрмесін шамамен бес миллиондай шетелдіктер келіп көретін болды. Бүкіл елдер өз павильондарын көрме тақырыбы - “Болашақтың энергиясына” сәйкес дайындады. Бұл біздің еліміз үшін жаңа энергетикалық

және “жасыл” технологиялар алуда аса зор мүмкіндік. ЭКСПО - 2017-ні өткізу құқы жолындағы күрестегі Астананың табысы - ол бүкіл Қазақстан халқының табысы.

Slide 8 Slide 9

2019ж президент ауысуы

2019 жылы 19 наурызда тура сағат 19:00-де Нұрсұлтан Назарбаев өзінің президенттік өкілеттілігін тоқтататынын мәлімдеді. Назарбаев осы қызметке 1990 жылы 49 жасында кіріскен болатын. Сөйтіп, 29 жылдан кейін президенттік өкілеттілігін өз еркімен тоқтатты. Ал 1989 жылдан бастап Қазақстан Коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарғанын ескерсек, осы саладағы еңбек өтілі 30 жылды құрайды. Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттілігін тоқтатса да, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы - Қазақстанның тұңғыш президенті болып қалды. Бұдан бөлек, ол "Nur Otan" партиясы мен Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы қызметтерін атқара береді. Заң бойынша сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев президент қызметін атқаруға кірісті. Ал оның орнына Дариға Назарбаева келді. Бір күннен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев президент ретінде ант берді. Сол жерде Астананың атауын "Нұрсұлтан" деп өзгертуді ұсынды.

Slide 10

Сол күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Астана атауын өзгертуді бірауыздан қабылдады. Ал ертесінде теледидарда "Нұр-Сұлтан" деген атау шыға бастады. Облыс орталықтары да көп бөгелмей, негізгі көшелерге Нұрсұлтан Назарбаевтың атын берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдағаннан бастап тура 20 күннен кейін мәлімдеме жасап, кезектен тыс президент сайлауының өтетінін жариялады. Тоқаев өз үндеуін 9 сәуірде жасады. Ал президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымына белгіленді. Қасым-Жомарт Тоқаев тәуелсіз Қазақстан тарихында ресми түрде екінші президент болып сайланды.

Slide 11

2021 ЖЫЛ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ

1991 жылы Қазақстан егеменді ел болды. Еліміздің Тәуелсіздігін ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары, екінші Қытай, содан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады.


Ұқсас жұмыстар
ҰЙЫМДЫҚ ҚҰЖАТТАР
Құжат ұғымы және функциясы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы
Әуе қорғаныс күштері - Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің бір түрі
ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатын орнықтырудағы мемлекеттің қызмет істеу бағыттары
ҚАЗАНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ
Комитетінің хатшысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz