Педагогика ғылымының әдіснамасы мен әдістемесі: теориялық негіздері және практикалық қолданылуы


Slide 1

ЖОО педагогика ғылымының әдіснамасы мен әдістемесі

Дайындаған:Койшигулова А. О.

Тексерген : Көкшеева З. Т.

Slide 2

Педагогика ғылымының әдіснамасы. Кез келген ғылымның даму жетістігі оның әдіснамасы мен теориясының деңгейімен анық-талады. Ғылыми-зерттеу жұмысында әдіснама, әдіс пен теория әрқа-шан бір-бірімен тығыз байланысты. Әдіснама «грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағынаны береді. Сондықтан әдіснама - зерттеу үдерісі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Теория - педаго-гикалық құбылыстардың, кез-келген әдіснаманың негізі болады және сол әдіснаманың көегімен табылған фактілер негізінде кеңейеді. Тео-рия - таным үдерісінің нәтижесі, ал әдіснама болса, осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл - теориялық және прак-тикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастыру-дың негізі мен тәсілдер жүйесі. Таным теориясы тұтас танымдық іс-әрекетті және оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.

Slide 3

Педагогика әдіснамасының мазмұнын анықтаудың қалыптасқан бағыттарына тоқталайық. М. А. Даниловтің педагогика әдіснамасы жайлы ғылыми мақалалары осы саладағы еңбектердің іргетасына жатады. М. А. Данилов педагогика әдіснамасының келесідей анық-тамасын ұсынды: «Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық шынайы болмысты бейнелейтін педагогикалық теорияның құрылымы мен не-гіздері, білімдер жасауға қажет тұғырлар мен тәсілдердің қағидалары туралы білімдер жүйесі болып табылады».

Slide 4

В. В. Краевский, М. А. Данилов ұсынған педагогика әдіснамасы-ның анықтамасын қабылдай отырып, «педагогиканың әдіснамасы педа-гогикалық шынайы болмысты бейнелейтін педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздері, білімдер жасауға қажет тұғырлар мен тәсіл-дердің қағидалары туралы білімдер жүйесі, сондай-ақ, арнайы ғылы-ми-педагогикалық зерттеулердің бағдарламаларын, логикасын және әдістерін, сапасын бағалау туралы білімдерді алу бағытындағы әрекет жүйесі», - деп тұжырымдайды

Заманауи анықтамаларға жақынырақ әдіснама мазмұнының анықтамасын В. И. Загвязинский берді: «Педагогиканың әдіснамасы - бұл педагогикалық білім туралы, оны меңгеру үдерісі, түсіндіру әдіс-тері және оқыту мен тәрбиелеу жүйесін түрлендіру немесе жетілдіру үшін практикалық қолдану шарттары туралы білім».

Slide 5

Педагогиканың әдіснамасы түрлі мағыналарда, мәндерінде және түрлі қырларында түсінілуі мүмкін. Педагогика әдіснамасы - педагог-тардың ғылыми-танымның тиімділігі мен нәтижелігіне жетуді қамта-масыз етудегі әрекетінің құрылымы, логикалық ұйымдастыруы, әдіс-тері мен тәсілдері, олардың мақсаттары мен қызметтері туралы ілім.

Сонымен, педагогика әдіснамасыкең мағынада теория, оның пәні зерттеудің жалпы ғылымилық және арнайы әдістерін біріктіретін жәнетар мағынада - жаңа ғылыми-педагогикалық ақпарат алу, оны талдау мен түсіндірудің әдістері туралы білімдер жүйесі.

Slide 6
Ұқсас жұмыстар
Педагогика ғылымының әдіснамасы: теория, деңгейлері және ғылыми-зерттеу әдістері
Педагогика әдіснамасы: оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары
Педагогика: тарихы, әдіснамасы және қазіргі қоғамдағы рөлі
Эмпирикалық зерттеу әдістері: теориялық негіздері мен практикалық қолданылуы
Изотерапия және арттерапия әдістерінің теориялық негіздері мен практикалық қолданылуы
Гуманистік педагогика: теориялық негіздері мен принциптері
Педагогика ғылымының мәні, тарихы және негізгі ұғымдары
Педагогика ғылымының салалары мен олардың басқа ғылымдармен байланысы
Басқару психологиясының теориялық-әдіснамалық негіздері және практикалық қолданылуы
Ғылым әдіснамасы және педагогикалық өлшеудің әдістемелік-теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz