Экологиялық функция




Презентация қосу
Мемлекеттің функциялары

Дайындаған: Дастан Сыздық
Қабылдаған: Гүлжан Байбосынова
Мемлекеттің функциялары
Жоспар:

1. Мемлекет функциясының ұғымы
2. Мемлекеттің функциялары
Мемлекет функциясының ұғымы

Функция деген ұғым латын тілінде (gunctio) — орындау деген мағынаны

білдіреді, математика, физиология, лингвистика салаларында кеңінен
пайдаланылады. Функция ұғымы мемлекет және құқық теориясында да
кеңінен пайдаланылады.
Мемлекет басқару, билік жүргізу үшін құрылған саяси ұйым
болғандықтан оның алдында тұрған міндеттер бар. Сол міндеттерді іс
жүзінде асыру үшін мемлекетте арнайы функциялар қажет. Функция арқылы
мемлекет статикалық (формалары, аппараттары, органдар) құрылымынан
динамикалық, қозғалыс мағынасын айқындайды. Бұл жерде функциялар
арқылы мем­лекет алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге
асырады. Мақсаттар әр түрлі болады: стратегиялық және бүгінгі күнгі.
Мысалы, Қазақстан Республикасы мемлекетінің болашақтағы мақсаты
экономикасы дамыған, халқының әл-ауқаты жоғары, кедейлік пен
жұмыссыздық жойылған демократиялық құқықтық мемлекет құру. Ал
бүгінгі күн мақсаты шағын және орта бизнесті, мемлекеттік тілді дамыту
және т.б. міндеттер.
Заң әдебиетінде мемлекеттің функциялары әр түрлі мағынада
және бірнеше түрлерге бөлініп беріледі. Кеңес дәуірі кезеңінде
басылып шыққан әдебиеттерде социалистік мемлекеттің ішкі

функцияларын негізінде төрт түрге бөліп қарады: шаруашылық
ұйымдастыру, еңбек пен тұтыну өлшемін есепке және бақылауға
алу, мәдени-тәрбиелік және құқық қорғау.
Социалистік мемлекеттің аталмыш функциялары негізінде бір
орталықтан басқарылатын тоталитарлық жүйенің мақсаттары мен
міндеттерін қамтамасыз етіп, іс жүзінде асырды, экономи­ка
саласында мемлекеттік монополия үстемдік етті. Атап айтқанда
«Кеңестік әміршілдік экономика дәуірінде мемлекет бастан-аяқ
бәрін бақылауға тырысты. Соның салдарынан ол көптеген
қайталанатын қызмет буындары көп ебедейсіз құрымға айналды.
Қалыпты дамыған елдерде кеңес мемлекеті бақылауына алуға
әрекеттенген міндеттердің 80 проценті мемлекеттердің
функциясына жатпайды».
Тоталитарлық коммунистік жүйе күйреген соң әдебиетте
мемлекеттің функциялары әр түрлі мағынада суреттелінеді.
Мысалы, 1994 жылы жарық көрген (В.В. Лазаревтің редакциялық

басқаруымен) мемлекет және құқықтың жалпы теориясында
мемлекеттің функцияларын бір мағынада қарауды ұсынып,
барлық мемлекеттердің функцияларын экономикалық, саяси,
әлеуметтік және идеологиялық деп бөліп қарауды ұсынады.
1997 жылы Н.И. Матузов пен А.В. Мальконың редакциялық
басқаруымен көрген мемлекет және құқық теориясында
мемлекеттердің функцияларын негізгі және негізгі емес деп
танып, Ресей мемлекетінің функцияларын: экономикалық,
әлеуметтік, мәдениет, ғылым және білімді дамыту, салық, салу
және салық алу, экологиялық, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын, меншіктің барлық формаларын, құқықтық
тәртіпті қорғау сияқты функцияларға бөлінеді.
Ал, соңғы жылдары басылып шыққан В.С.Нерсесянцтың қысқаша
оқулық курсында мемлекеттің негізгі функцияларына: құқық орнату,
құқықты іс жүзінде асыру, құқық қорғау, сыртқы мемлекеттік
функциялар деген жіктеулер пайдаланылады. Басқада жарық көрген

оқулықтарда осы көрсетілген функциялар әр түрлі ма­ғынада
қайталанылады. Мемлекеттің функцияларын әр уақытта тарихи
құбылыс деп танып, оның қоғамның дамуы барысында өзгеріске
ұшырап отыратынын басты назарда ұстау қажет. Мысалы, құл
иеленуші мемлекеттегі құлдардың көтерілістерін басып-жаншу
функциясы даму барысында мүлдем жойылды.
Ал 1917 жылы Қазан төңкерісінің нәтижесінде орнаған про­летариат
диктатурасы мемлекетінің қанаушы таптардың қарсылығын басып-
жаншу функциясы да тарихта таптық мүдделермен тығыз байланыста
іс жүзінде асырылған болса, қазір ондай функцияның ешқандай қажеті
жоқ. Заман, ғылыми-техникалық прогресс қоғам талабына сай
мемлекеттің функцияларын қалыптастырады.
Мемлекеттің функциялары
Мемлекеттің функциялары негізінде ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі функциялар мынандай түрлерге бөлінеді:
1.Экономикалық. Барлық мемлекеттерге тән функция. Мемлекеттің

экономикалық функциясы негізінде қоғамда өндірісті және өндірістік
қатынастың субъектілеріне нарықтық экономиканы дамытуға жан-жақты
жағдайлар туғызу болып табылады. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы
нарықтық қатынастардың қалыптасып, өсіп дамуына көптеген шаралар
қолданып, реформалардың іс жүзінде асуына жол ашты. Атап айтқанда
мемлекет жекешелендіру процесін аяқтады, орта тапты қалыптастыруда шағын
және орта бизнестің дамуына жағ­дайлар жасауда. Шетелдердің
инвестициялары Қазақстан экономикасының негізгі салаларын көтеруге және
дамытуға мол үлес қосуда. Қазақстан Республикасынын Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан—2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-
өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» деп аталатын тұжырымдары
бойынша Жолдауында: «Әділ әкімшілік бұлжытпай орындайтын, анық тиімді
және қатаң ұстанатын зандары бар ашық және бәтуәгерліқ инвестициялық
саясат шетел инвес-тицияларын тартудың барынша қуатты ынталандыру тетігі
бо-лып табылады.
Мұндай саясатты талдап жасау біздің негізгі
міндеттеріміздің бірі болуға тиіс, өйткені Қазақстанның шетел
капиталынсыз, технологиясынсыз және тәжірибесінсіз жедел

экономикалық өрлеу мен жаңартуға қалай қол жеткізетінін коз
алдымызға келтіру қиын».
Қазақстан Республикасы экономиканы дамытуда сонымен
қатар аграрлық саланы өркендетуде өз үлесін қосуда.
Мемлекет тарапынан ауылға кредит беру, шаруа
қожалықтарының өнімдерін сатып алу, техникамен көмектесу
және жеке меншіктегі малдарға салық салмау сияқты
шараларды іс жүзіне асыруда. Экономикалық функцияларын іс
жүзіне асыруда Қазақстан мемлекеті дүние жүзі өркениеті
мемлекеттерінің экономикалық жетістіктерін пайдалануда.
Белгілі философ С.Б. Бөлекбаевтың тұжырымдары бойынша
мемлекеттің экономикалық функцияларына мыналар жатады:
1. «Нарықтық жүйенін жұмыс істеуін құқықтық және саяси жағынан
қамтамасыз ету.
2. Бәсекелестік және еркін бағаның қалыптасуын қорғау:

3. Макроэкономикалық тұрақтылық саясатын жүргізу. Ол негізінде
ақша қаржы саласында іс жүзіне асырылады, мемле­кет инфляциямен
күреседі, өндірістік айналыммен жұмыссыздыққа әсер етуге әрекеттер
жасайды».
2. Әлеуметтік. Қазақстан Республикасының Конституциясы
мемлекетімізді демократиялық, зайырлы, құқықтық ретінде
орнықтырумен қатар оны әлеуметтік деп жариялады. Әлеумет­тік
функция қоғамның көптеген салаларын қамтиды және мемлекеттің,
адамның әл-ауқатын, тұрмысын жақсартуға бағытталған. Әлеуметтік
функциясының ең негізгі мақсаты қоғамдағы байлықты халық
арасында әділеттілік қағидасы негізінде бөлініп беру болып табылады.
Мемлекет өз тарапынан еңбек етуге жарамсыз болған қоғамдағы
әлеуметтік топтарға жан-жақты қамқорлық жасауға міндет алады.
Конституцияда былай деп көрсетілген:
1. Қазақстан Республикасының азаматына жалақы мен зейнетақының
ең төменгі мөлшеріне, жасына келген, науқастанған, мүгедек болған,

асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде
әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.
2. Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың
қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп
отырады (28-бап).
Бұл норма мемлекетке қарт адамдарды, мүгедектерді, көп балалы
отбасын, тастанды, жетім балаларды және тарихи отанына оралған
қазақтарға көмек көрсету міндетін жүктейді. Со­нымен қатар
мемлекеттің әлеуметтік функциясының ең бастапқы міндеттерінің бірі
— кедейлілікпен, жұмыссыздықпен күресу болып табылады.
«Қазақстан—2030» Бағдарламасында бұл мәселені шешуде мемлекет
алдына мынандай міндеттер қойып отыр: «Осы жылдардың ішінде
кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес стратегиясы:
— кіші кредиттер жүйесін енгізуге;
— шағын және орта бизнесті дамытуға;
— еңбекті көп кажет ететін салаларды басымдықпен дамы­туға

және бұларға шетел инвестициялары мен ұлттық капиталды
белсенді тартуға;
— шарттар мен контракттар және бюджеттік сатып алулар
кезінде жұмыспен қамту проблемаларына қатаң тұрғыдан келуге;
— қоғамдық жұмыстарды, ең алдымен жол құрылысы мен орман
отырғызуды дамытуға;
— жеке кәсіпкерлерді дамыту жолындағы қажетсіз әкімшілік
кедергілердің бәрін алып тастауға;
— қызмет көрсету саласын және әсіресе туризмді белсенді
дамытуға негізделеді».
Бұл міндеттер мемлекеттік әлеуметтік функциялары арқылы іс
жүзіне асырылады.
3. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Конституциясы
адам және адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын

ең қымбат қазына деп жариялады (1-бап). Осыған байланысты
оның Конституциялық құқықтары мен бостандықтарын тиімді
қорғау мемлекеттің ең негізгі міндеттері болып табылады.
Адам құқының мемлекет тарапынан тиімді қорғалуы
демократияның кең қанат жаюынық белгісі, аяққа тапталуы
—заңдылықтың дағдарысқа ұшырауы. Қазақстан
Республикасының Конституциясы адам және азаматтың кең
көлемде және демократиялық құқықтары мен бостандықтарын
жариялады. «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге
тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан
ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік
құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай
анықталады» деп атап көрсетілді Конституцияда (12-бап).
Мемлекет осы норманы тек жариялап қана қоймай, сонымен
қатар құқықтарды қорғауға өзінің кепілділігін береді.
Президент, сот билігі, прокуратура органдарының адам құқық

қорғау қызметтері Конституциялық міндеттері болып
табылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының
Конституциясы бойынша Президент «Халық пен мемлекеттік
билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам
және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі
кепілі» (40-бап). Сонымен қатар сот органдарының адам құқын
қорғауда үлкен роль атқарады. Адам құқықтарының тиімді
қорғалуының тетіктері мен қағидалары Қазақстан
Республикасының Конституциясының 77-бабында нақтылы
көрсетілген. Бұл талаптар негізінде 10 қағидадан тұрады:
1) адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол
жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
2) бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік
жауапқа тартуға болмайды;

3) өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне
болмайды;
4) сотта әркім өз сөзін тыңдалуына құқылы;
5) жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттер
жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші
болмайды. Егер құқық бұзушылық заңмен алынып тасталынса немесе
жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;
6) айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міңдетті емес;
7) ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі
жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне
сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес;
8) адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез - келген күдік айыпталушының
пайдасына қарастырылады;
9) заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңдық күші бол­майды. Ешкім өзінің
мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;
10) қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы егер адам және азамат өзінің құқықтары
мен бостандықтарын қорғауда сот органдарынан қолдау таппаса,
халықаралық сотқа шағымдануына кепілдік береді. Адам құқықтарын
қорғауда заңдылықтың сақталуын прокуратура органдары және басқа

құқықтары мемлекеттік органдармен және басқа фирма,
корпорациялармен шектелгенде, аяққа тапталғанда тез арада назарға
алып, кінәлі субъектілерді қатаң жауапқа тартады.
4. Экологиялық функция. Жаһандасу кезеңінде қоршаған ортаны
қорғау мемлекеттің ең негізгі функцияларының бірі болып отыр. Адам
баласының санының көбеюі, ғылыми-техникалық прогрестің өсуі,
табиғи ресурстарын үнемдемей пайдаланып шашып-төгу,
экологиялық апаттар планетамызға және онда мекен ететін жан-
жануарлар мен адамдардың өмір сүруіне тікелей қауіп төндіруде.
Ғалымдардың зерттеу нәтижесінің мәліметтері бойынша дүние
жүзінде табиғаттың экологиялық жүйесінің дағдарысқа ұшырап,
бұзылуының мынандай себептері бар:
1. Қоршаған табиғи ортаның, өмір сүру мекенінің бүлінуі.
Бұл көптеген биологиялық түрлердің өнуіне, жойылуына қауіп
төндіруде. Атап айтқанда ағаштарды кесу, пайдалы кен
қазбаларын шексіз алу, суларды бөгеу, жолдар салу сияқты адам­

дардың фауна мен флораға жасанды әрекеттерімен араласуы
үлкен табиғи апаттар тудыруда. Қазақстан Республикасының
қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметі бойынша 2005
жылдың 6 ай ішінде экологиялық заңдардың сақталуы бойын­ша
24 мың құқық бұзушылық анықталып, салынған айып пұлдың
мөлшері 82,9 миллион теңгеге жеткен. Табиғи ресурстарды
пайдалану барысында жасалған құқық бұзушылық үшін 1,3
миллиард теңге өндірілген.
2. Адамдардың тікелей әсерінен басқа табиғи ортаға жаңа
биологиялық түрлерді кіргізу. Мысалы, Монаконың
жағалауында пайда болған жалбыздар, (Caulerpa taxifolia) қазір
Жерорта теңізіндегі басқа теңіз организмдерін құртуға кірісті.
3. Табиғи байлықтарды шексіз, үнемдемей пайдалану.
Көпте­ген биологиялық түрлер осы себептен жойылуда.
Мысалы, бизондар, бірнеше кептердің түрлері және т.б.

4. Халықтың санының күрт өсуі. XIX ғасырдың ортасында
Жер шарында халықтың саны бір миллиардқа жетті. Қазір 6
миллиард.
5. Планетамызды жаппай жылылықтың басуы.
Ғалымдардың айтуы бойынша біздің XXI ғасырымызда Жер
шарында жалпы температура 3,5 градусқа көтерілуі мүмкін.
Бұл процесс көптеген жануарлар мен өсімдіктердің жойылуына
әкеп соқтыруы ғажап емес. Мұхиттардың деңгейі көтеріліп,
көптеген елді мекендер су астында қалу қаупі бар.
Міне, осындай жағдайларда мемлекет экологиялық
шараларды іс жүзіне асырып, арнайы тетіктерді пайдалануда.
Жыл сайын атмосфераға салмағы 100 миллиардтан астам зиянды
заттар көтеріледі. Қазақстанда Арал, Семей аймақтары экологиялық
апат деп танылды. Су тапшылығы, ауаның ластануына адамзаттың
денсаулығы мен өміріне өлшеусіз зиян келтіруде. Авто­транспорт пен

жер эрозиясы сияқты факторлар жаңа жағымсыз құбылыстарды
қалыптастыруда. Атом энергиясын пайдаланудың нәтижесінде жер
бетінде бірнеше апаттар болды. Егер, жер бетіндегі барлық атом
бомбасын бір кездегі қақтығыста жаратын болса, планетамыздағы
температура 6 градус суық болып, барлық тірі жандар қырылған болар
еді.
Аталмыш мәселелерді шешу үшін мемлекеттің экологиялық
функциялары маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасында
экологиялық мәселелер көпжылдық және ең маңызды мәселелер
ретінде қарастырылады. Себебі, қазіргі тәуелсіздікті нығайту
барысында шетел агрессорларының әрекетінен емес, керісінше
адамның табиғатқа, қоршаған ортаға жасаған қиянаттарынан,
қауіптерінен сақтау мемлекеттің ең маңызды функ­циялары болуы
керек.
Мемлекет тарапынан қазіргі кезеңде мынандай шараларды іс жүзіне асыруда:
1. Ауыл шаруашылығы мен тамақ өндірісінің экологиялық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету.
2. Энергетикалык жүйедегі қауіпсіздік.

3. Көлік жүйесінің барлық саласында қауіпсіздік шараларын іс жүзіне асыру.
4. Денсаулық сақтау саласында адам өміріне зиянды тамақ өндірістерін
болдырмау.
5. Жерді пайдалану мен рекультивациялауда нормативтік талаптарды қатаң
сақтау, жер эрозиясынан сақтау.
6. Зиянды қалдықтарды ғылыми негізде өңдеу, олардың табиғатты ластауына
жол бермеу.
7. Су тапшылығын болдырмау, жер асты суларының қайнар көздерін ашу.
Мемлекеттің аталмыш саладағы функциялары «Қазақстан—2030»
Бағдарламасында былай деп атап көрсетілген: «Экологиялық нашар ахуал
бүгінде адам өлімінің 20 процентіне себеп болып отыр, ал кейбір аймақтарда
жағдай мұнан да қиын. Отандастарымыздың үштен бірі сапасыз ауыз суды
пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да теріс демографиялық
салдарға әкеп соғады.
Сондықтан біздің әрқайсымыз тамақтану мен ауыз суға ерекше
көңіл бөлуге тиіспіз. Біздің мамандарымыз қалай дұрыс тамақтану
керек екенін, табыс дәрежесіне қарай өз рационын қалай құру керек
екенін, қазіргі заманғы жеке басының тазалығы ережелерін

орындауды, сапасы төмен ауыз судың зиянын қалай тигізбеуді
бұқаралык ақпарат құралдары арқылы түсіндіруден жалықпауы
керек. Экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық кызметтер мен
стандарттау органдары қойылған мақсаттардың басымдығына сәйкес
жұмыс жүргізуге тиіс. Кез келген сапасыз тамақ өнімдерін
өткізушілер мен жасап шығарушыларға, табиғи ортаны
ластаушылардың бәріне берік және қат-қабат тосқауыл қойылуы
қажет.
Мемлекеттік ведомстволардың басшылары осының бәріне де үлгі
көрсетуге тиіс».
Мемлекеттің экологиялық функциялары арқылы барлық
экологиялық мәселелерді шешу мүмкін емес. Мемлекет, қоғам,
отбасы, мектеп, университет барлығы жұмылып іске кіріскенде
экологиялық мәселелерді шешуде қол жеткізуге болады.
Егер әрбір адамнан өзі тұрған қаланың ауасы таза болғанын қалай
ма деп сауал қойсақ, «әрине» деп жауап берген болар еді. Бірақ, сол
үшін өзінің автомобильден бас тарту қажет десек, оған еш уақытта
келісім бермейді. Экологиялық функцияны тиімді түрде іс жүзіне

асыру үшін ең алдымен адам санасы қоршаған ортаны қорғау ұғымын
молекулярлық деңгейде санаға сіңіру кажет.
5. Конституциялық құрылымды қорғау функциясы. Тәуелсіз
мемлекеттердің бәріне тән функция. Мемлекеттің занды жолмен,
халықтың қалауымен құрылған және орнаған билікті, құқықтық
тәртіпті және заңдылықты қамтамасыз ету ең маңызды функциялары
болып табылады. Конституциялық құрылымды қорғау жалпы
мемлекеттің негізгі заңында бекітілген. Оның мақсаты саяси және
қоғамдық құрылысты, билік жүргізу істерін тиімді қамтамасыз ету.
Конституцияның іс жүзіне асырылуына кедергі болған, немесе оған
қарсы жасалған барлық әрекеттер заңсыз деп саналады.
Конституциялық құрылымды қорғау функциясы барлық құқық қорғау
және басқару органдарымен іс жүзіне асырылады
Мемлекеттің сыртқы функцияларының мақсаты -
халықтың мүдделерін халықаралық аренада қорғау болып
табылады. Сыртқы функцияларға мыналар жатады:
1. Отанды қорғау функциясы. Барлық мемлекеттерге тән

және ең маңызды функциялардың бірі болып саналады.
Тәуелсіздікті сақтап, оның аумақтық тұтастығын қамтамасыз
ету әрбір мемлекеттің ең негізгі функцияларына жатады. Осы
мақсатта мемлекетте қарулы күштер құрылады. Әскердің
дайындығы ең жоғарғы дәрежеде болып, сырттан жасалған
шабуыл мен төнген қауіп тойтарыс беруге әрқашанда әзір
болуы тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясының
2-бабының 2-тармағы отанды қорғау функциясы туралы
мынандай норманы бекітеді:
«Республиқаның егемендігі оның бүқіл аумағын қамтиды.
Мемлеқет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және
бөлінбеуін қамтамасыз етеді».
2. Басқа мемлекеттермен өзара тиімді қарым-қатынас
жасау функциясы. Жаһандасу кезінде бұл функцияның рөлі
өте зор. Барлық мемлекеттер өздерінің экономикасын,
ғылымын дамыту үшін дүние жүзі қауымдастығының озық

технологияларын тиімді пайдалануы тиіс. Сонда ғана
мемлекетте ғылым мен техника дамиды. Өзара қарым-
қатынастар мемлекеттердің саяси, мәдени және экономикалық
дамуларына өлшеусіз ықпалын тигізеді. Озық дәрежедегі
мемлекеттердің жаңа технологияларын пайдаланады. Соның
нәтижесінде мемлекет жаңа сапа деңгейіне көтеріледі,
халықтың әл-ауқаты жақсарады. Бұл функ­цияның құқықтық
негіздерін мемлекетаралық жасалған шарттар, келісімдер
құрайды.
3. Мемлекеттік мүддені халықаралық дәрежеде
қорғау. Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа да халықаралық
саяси, мәде­ни ұйымдар арқылы мемлекеттердің өз

халықтарының ұлттық экономикалық мүдделерін қорғауы.
Жаһандасу заманында бұл функцияның да рөлі арта түседі,
әр халық өзінің экономика­сын ұлттық ерекшеліктерін, дінін,
тілін сақтап, дамыту үшін барлық күш жігерлерін
жұмсайды. Күшті дамыған алпауыт мемлекеттердің сыртқы
саясаттарында көрініс беретін эконо­микалық, әскери қысым
жасау саясатына қарсылық көрсету, халық мүддесін қорғау
мемлекеттің ең басты сыртқы функцияларының бірі.

4. Жаһандық маңызы бар мәселелерді шешу ісіне қатысу.
Атап айтқанда жаһандасу кезінде бүқіл әлемді мекен ететін
халықтардың басына қатер болып төнген экология зардаптарын
болдырмау, атом жарылысы қаупінің алдын алу, ғарышты игеру
ісіне араласу, жұқпалы аурулардың алдын алу сияқты
адазаттың өмір сүруіне төнген қасіреттерді болдырмау
мақсаттарындағы жасалатын шараларға қатысу. Бұл функция
арқылы мемлекеттер адамзат өркениетіне төнген апаттар мен
зардаптардан құтылу болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 2000.
2. A.M.Барнашев. Теория разделения властей. Становление, раз­витие,
рименение. Томск, 1988.

3. Т.Н. Клепцова. Функции и аппарат Россйского государства в рыночной
экономике. Учебное пособие. М., 1992.
4. Э.Э. Дуйсенов. Государственная служба Казахстана и Кыргыз­стана
(правовое регулирование). Ош, 2001.
5. В.Н. Уваров. Государственная служба и управление. Петропав­ловск,
2004.
6. Г.С. Яковлев. Аппарат управления: принципы организации. М., 1974.
7. М.С. Бейбитов. Институт Конституционного контроля в Респуб­лике
Казахстан. Эволюция и проблемы модернизации. Алматы, 2005.
8. К.Мами, С.Узбекулы. Судебная власть в Казахстане. Астана, 2000.
9. И. Л. Петрухин. Правосудие: время реформ. М., 1991.
10. С.Н.Сәбікенов. Салыстырмалы мемлекеттік құқық. Алматы, 2000.

Ұқсас жұмыстар
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Тірі заттың биологиялық функциялары
Экологиялық деректерді жинау мен өңдеудің математикалық процедуралары
Ондық логарифм
Күрделі функцияның үзіліссіздігі
Өндіріс жоспары
Функцияның қасиеттерін үйрену
Тригонометриялық функциялардың графиктері
Шектер теориясы
Нақты сандар жиыны
Пәндер