Дәріханада рецептерді қабылдау
Презентация қосу
АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
ТАҚЫРЫБЫ:
РЕЦЕПТУРАЛЫҚ-
ӨНДІРІС БӨЛІМІ
Дәріханалық ұйымдардың өндірістік
қызметі рецептерді қабылдау, қабылданған
рецептер бойынша дәрілерді
дайындау, дәріханашілік бақылау арқылы
дайындалған дәрілердің сапасын
тексеру, сәйкесті түрде дайындалған дәрілерді
безендіру және бекітілген
тәртіптерге сәйкес дәрілік заттарды тұрғындарға босату.
Дәріханада рецептерді қабылдау, дәрігерлердің рецептері
мен емдеу –профилактикалық мекемелердің сұрау – талап қағаздары бойынша
дәрілерді дайындау, дайындалған дәрілердің сапасын бақылап, безендіріп,
босату жұмыстарын жүзеге асыру үшін рецептуралық - өндіріс бөлімі (РӨБ)
ұйымдастырылып ашылады.
Дәріханада рецептерді қабылдау
Рецептерді қабылдау және
дайын дәрілік заттарды босату
үшін
дәріханаларда дайын дәрілік
заттар бөлімі (ДДБ) ашылады.
Керек болған жағдайларда
РӨБ мен ДДБ қызметтері бір
бөлімде біріктіріледі.
Бөлімдердің жұмыстарына
бөлім меңгерушілері және
олардың орынбасарлары
басшылық жасайды.
РӨБ штатында фармацевтер және фармацевтің
ассистентері жұмыс істейді. РӨБ фармацевтері
лауазымдарының келесі түрлері болады:
Жеке дәрілік формаларды дайындауға арналған
рецептер мен емдеу-профилактикалық мекемелердің
сұрау талап қағаздарын қабылдаушы,дайындалған
дәрілердің сапасын бақылаушы, дәрілерді босатушы
фармацевт – технолог;
Рецептерді қабылдаушы және дайын дәрілік заттарды
босатушы фармацевт – технолог;
Дәріханада жеке дайындалған және дәріханашілік
алдын ала дайындалған дәрілердің сапасын толық
тексеруші фармацевт –аналитик.
Дәріхананың рецептерді қабылдау
және дәрілерді босату жұмыс
орындары типтік жабдықтармен
қамтамасыз етіледі.
Рецептерді қабылдаушы және
дәрілерді босатушы фармацевт –
технологтың жұмыс орнын секциялық
столмен, дәрілік заттарды сақтау
шкафтарымен, дайындалған дәрілерді
сақтайтын айналмалармен,
тоңазытқышпен, күшті әсерлі және
ұлы дәрілік заттарды сақтау
шкафтары, компьютермен
жабдықталады.
Рецептерді қабылдау және дәрілерді босату жұмыс орнын
ДЗ тәуліктік және реттік дозалары таблицасы, ДЗ өзара
сиымдылығы, ҚР мемлекеттік фармакопеясы, ДЗ мемлекеттік
реестрі, ДЗ синомимдерінің анықтамасы,бағалар таблицасы т.б.
анықтама әдебиеттермен қамтамасыз етіледі. Рецептерді
қабылдаушы және дәрілерді босатушы фармацевт– технолог
ҚР «Дәрілік заттар туралы» Заңы, ҚР «Тұтынушылар құқығын
қорғау туралы» Заңы талаптарын басшылыққа алады және дәрілік
заттар айналысы саласындағы басқа да нормативтік–құқықтық актлерді, ҚР ДСМ
бұйрықтарын, нұсқауларының орындалуын қамтамасыз етеді. ҚР ДСМ
бұйрығымен анықталып бекітілген дәрігердің рецептінсізбосатылатын дәрілік
заттардың тізімінен басқа барлық дәрілік заттар дәріханалық ұйымдардан тек қана
рецептер бойынша босатылуы керек.
Провизор- технолог миндеті
1) Қабылдау-рецептілер мен талаптарды қабылдау, оларды ресімдеудің
дұрыстығын, ингредиенттердің үйлесімділігін және жазылған дозалардың
науқастың жасына сәйкестігін тексеру, дәрілік заттың құнын айқындау және
тиісті құжаттаманы ресімдеу;
2) Есепке алу-келіп түскен рецептілерді есепке алу және оларды жазылған дәрілік
заттарды дайындау үшін беру
3) Бақылау-дәрігерлер жазып берген рецептілердің дұрыстығын бақылау және
дәрігерлердің рецептілерді жазып беру ережелерін бұзуының барлық
жағдайлары туралы өзінің тікелей басшысына хабарлау;
4) Тіркеу-халыққа және алдын алу немсе емдеу ұйымдарына жоқ және бас
тартатын дәрілік заттарды тіркеу, бұл туралы бөлім немесе дәріхана
басшыларының күнделікті ақпарат берңп отыру;
5) Босату егер дәріханада оларды босату үшін бөлім бөлінбесе, дайын дәрілік
заттардың рецептілері бойынша босату.
Жеке дәрі-дәрмектерді дайындауға арналған
рецепттер
"дереу" деген белгісі бар, қызмет бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде
көрсетіледі
"шұғыл" деген белгісі бар, екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде
көрсетіледі
дәрілік заттардың ең аз ассортиментіне кіретін дәрілік заттарға
рецептілерге бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қызмет көрсетіледі
медициналық ұйымдардың дәрігерлік комиссиясының шешімі бойынша
тағайындалатын дәрілік заттарға рецептілерге он бес жұмыс күнінен
аспайтын мерзімде қызмет көрсетіледі
Келесі дәрілік заттарға рецептерді жазуға тиым
салынады:
ҚР тіркеуден өтпеген және ҚР ДСМ қолдануға рұқсат бермеген дәрілік
заттар;
тек қана емдеу–профилактикалық мекемелерде қолданылатын: наркозға
арналған эфир, хлорэтил, фентанил, сомбревин, калипсол, фторатан,
кетамин және т.б. дәрілік заттар;
медициналық көрсеткіштер жоқ болған жағдайда.
Рецепт – дәрігер маманың дәріні дайындап босатуы
туралы фармацевт маманына жазбаша түрдегі
нұсқауы.
Рецепт дәріханалардан дәрілік заттарды босатуға негіз
болатын медициналық құжат.
Рецепт заңдылық құжат, себебі рецепті жазған дәрігер,
рецепті дәріханаға қабылдаған, рецепте жазылған
дәрілік форманы дайындаған және босатқан
фармацевт заңдылық жауапкершілікте болады.
Рецепт финанстық құжат болып табылады, рецепте
жазылған, дәріханада дайындалып босатылған
дәрілердің бағасы тұтынушылармен төленеді немесе
түрлі деңгейдегі бюджеттер есебінен дәріханаға
қайтарылады.
Дәріханаға рецептерді қабылдауда және дәріханадан дәрілерді босатуда
фармацевтикалық мамандар осы бұйрығының талаптарын сақтайды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2
қазандағы № ҚР ДСМ-112/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 қазанда № 21493 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы
№ 109 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015
жылы 26 наурызда № 10524 тіркелді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20
желтоқсандағы № ҚР ДСМ-287/2020 бұйрығы. Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 желтоқсанда №
21835 болып тіркелді.
Бақылау парағында:
1) дайындалған күні;
2) рецептінің нөмірі немесе бөлімше атауы көрсетілген
медициналық ұйымның талабы;
3) алынған дәрілік заттардың атаулары, олардың саны, жалпы
көлемі немесе салмағы, доза саны;
4) дәрілік препаратты дайындаушының, өлшеп-ораушының және
тексерушінің қолдары көрсетіледі
Бақылау парағында есірткі құралдарының, улы, психотроптық
заттардың, прекурсорлар атауы қызыл қарындашпен сызылады,
балаларға арналған дәрілік препараттарға – "Б" әрпі қойылады,
көзді емдеу практикасында – "Көз".
Бақылау парағы дайындау технологиясының тәртібіне сәйкес латын
тілінде толтырылады. Гомеопатиялық дәрілік препараттарға
бақылау парағын толтыру кезінде реттілікпен алынған
гомеопатиялық ингредиенттердің атаулары көрсетіледі.
Дәріханаларда рецептерді қабылдау және рецептер бойынша дәрілерді босату кезінде рецептерге
фармацевтикалық сараптама жүргізіледі
Рецептердің фармацевтикалық сараптамасының бірінші сатысында
фармацевтикалық қызметкер дәрілік жазылым рецептуралық бланкісінің
жазылу тәртіптерімен бекітілген міндетті және қосымша реквизиттерге
сәйкестігін тексереді.
Рецептің жазылған дәрілік заттардың төлену тәртібіне және құрамдық
ингредиенттердің сипатына қатыссыз келесі негізгі реквизиттері болды:
ЕПМ атауы, мекен жайы және телефоны көрсетілген штампасы;
рецептің жазылған күні;
науқастың аты, әкесінің аты, жасы;
дәрігердің аты, әкесінің аты;
дәрілік заттың атауы, саны;
дәрілік заттың қолданылу тәсілі;
дәрігердің қолы және жеке мөрі.
Жартылай фабрикаттар мен концентраттар қолданылған жағдайда бақылау
парағында олардың құрамы, концентрациясы, алынған көлемі немесе салмағы
көрсетіледі. Ұнтақтарды, суппозиторийлердің және пилюльді дайындау кезінде
жалпы салмағы, саны және жеке дозалардың салмағы көрсетіледі. Пилюльдің
немесе суппозиторийлердің жалпы салмағы, көз тамшы дәрілеріне қосылған
изотоникалайтын және тұрақтандыратын заттардың концентрациясы мен көлемі
(немесе салмағы), инъекциялар мен инфузияларға арналған ерітінділер
рецептілерде де көрсетіледі.
Барлық есептер дәрілік препарат дайындалғанға дейін жүргізіледі және
бақылау парағының келесі бетінде жазылады
Бақылау парағында есептеу формулалары және осы ретте дәрілік өсімдік
шикізаты үшін қолданылған су сіңіру коэффициенттері, дәрілік заттарды еріту
кезінде ерітінді көлемінің ұлғаю коэффициенттері, суппозиторийлерді дайындау
кезінде орнын алмастыру коэффициенттері көрсетіледі.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz