Фармацевтикалық этика және деонтология




Презентация қосу
Тақырыбы: Фармацевтикалық этика
және деонтология. Фармацевтикалық
көмек жүйесіндегі заманауи мәселелер

Тексерген: Надира Ерболсынкызы
Орындаған: Уалиева Ж.И.
Факультет: Фармация
Курс: 1
Фармацевтикалық этика
• Фармацевтикалық этика – ол
фармацевтикалық
қызметкерлердің өз қызметін
атқаруда қоғаммен, науқаспен,
әріптестерімен, өзге топ
адамдарымен (медициналық
қызметкерлер, тексеруші орган
қызметкерлері және т.б.)
қарым-қатынасында ұстанатын
өнегелі мінез-құлқының
формальды емес нормасының
жиынтығы.
2008ж. «ҚР медицина және фармацевтика
қызметкерлерінің беделі туралы кодексі» жасалды.

• Фармацевтикалық және медициналық
қызметкерлерінің беделі туралы Кодексінің
177 бабы.
• ҚР медициналық және фармацевтикалық
қызметкерлерінің беделі туралы кодексі (әрі
қарай- бедел Кодексі) қоғам және азаматтар
алдында көрсететін қызметтері үшін
медициналық және фармацевтикалық
қызметкерлердің жауапкершілігін анықтайды;
• Осы бедел кодексін сақтау медицина және
фармацевтика қызметкерлерінің кәсіби парызы
болып табылады.
• Осы бедел кодексіндегі талаптарды
орындамаған медициналық және
фармацевтикалық қызметкер денсаулық сақтау
ұйымының мүшелері мен жетекшісінің шешімі
бойынша жауап береді.
• Денсаулық сақтау ұйымының жетекшісі осы
бедел кодексінің мәтіндерін үгіт насихат
түрінде таратады.
Медицина және фармацевтика қызметкерінің науқаспен
қатынасындағы міндеттері:
• адам құқығын, беделін, ерекшелігін оның жасына,
жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу
тегіне, әлеуметтік жағдайына, шеніне қарамастан сыйлау,
құрметтеу;
• медициналық көмекті бәріне бірдей көрсету;
• адам өмірін сақтауда өзінің парызын үнемі сезіну;
• мемлекет пен денсаулық сақтау жүйесіне азаматтардың
сенімін арттыру;
• әріптестері мен өз арасында науқастарды қаржы және өзге
де жағынан тонауға жол бермеу;
• қоғам тарапынан өзінің әрекетіне сын айтуға жол бермеу,
төзімділік көрсету, өзінің кемшілігін конструктивті сынмен
қарау және түзету, өзінің кәсіби әрекетін жақсарту;
Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің
әріптестермен қатынасындағы міндеттері:
• бірыңғай қабылданған өнегелі-
этика нормасын ұстану,
мейірімді, әдепті болу;
• науқастар қажеттілігін
қанағаттандыру үшін, керек
жағдайда әріптестермен де
кеңесу;
• басқа медициналық қызметкердің
кәсіби мамандығына жария түрде
күдік келтірмеу;
• Қазақстан медицинасының
жетістігіне үлес қосу;
Деонтология
• Деонтология - өнегелік талаптарын жазылымдар
түрінде білдіретін, парыз мәселелерін қарастыратын
ғылым.
• фармацевтикалық деонтология – фармацевт парызы
және олардың кәсіби міндеттеріне қатынасы туралы
ғылым
• Фармацевтикалық деонтологияның өзіндік бағыты
бар және оны мынадай қарым-қатынаста енгізді: 1)
фармацевт қоғаммен; 2) фармацевт дәрігермен;
3)фармацевт науқаспен; 4) фармацевт фармацевтпен;
• Фармацевтикалық
деонтологияның негізгі
категорияларына
мыналар жатады:
парызы, міндеті,
жауапкершілігі, ұятының
болуы, рақымшылық
(сострадание), біреуді
уайымдау, жан ашу,
жақсылық тілеу,
қайырымдылық т.б.
Қазақстан Республикасының дәрі-дәрмектік
саясаттың мақсаты
• тұрғындарды қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік
заттармен медицина бұйымдарымен және
медициналық техникалармен үзіліссіз, уақытында,
жоғары сапалы деңгейде қамтамасыз ету болып
табылады. Қазақстан Республикасының дәрі-
дәрмектік саясаттың мақсаты – тұрғындарды
қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен
медицина бұйымдарымен және медициналық
техникалармен үзіліссіз, уақытында, жоғары
сапалы деңгейде қамтамасыз ету болып табылады.
Фармацевтика саласының даму үрдісінде
келесідей мәселелер орын алып жүр:
денсаулық сақтау жүйесі қалдықтық принцип бойынша
қаржыландырылады;
фармацевтика саласындағы субъектілерге арналған статистикалық
ақпараттардың жеткіліксіздігі;
денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің жалақысының
төмендігі;
мегаполистер мен қалаларда ғана дәріханалар желісі шоғырланған, ал
ауылдық жерлерде аз;
кадрлардың жетіспеушілігі, кадрлардың «қартаю» үрдісі;
отандық фармацевтикалық компаниялардың нарықтағы үлесінің өте аз
болуы;
отандық фармацевтикалық компанияларда маркетингтік бөлімнің жоқ
болуы;
денсаулық сақтау саласына инвестициялау мөлшері өте аз.
отандық онеркәсіптің КР аз кұрылуы.
Сөз Жұмбақ
1.Дәстүрлі биомедициналық этиканың жаңа түрі. Оның
негізінде адамның құқығы мен құндылықтарын сыйлау
қағидасы жатыр. ол қандай ілім?

2.Өнегелік талаптарын жазылымдар түрінде білдіретін,
парыз мәселелерін қарастыратын ғылым. атаныз

3.Ең алғаш Этиканың негізін қалаған ғалымдардың бірі....

4. фармацевтикалық қызметкерлердің өз қызметін атқаруда
қоғаммен, науқаспен, әріптестерімен, өзге топ
адамдарымен қарым-қатынасында ұстанатын өнегелі
мінез-құлқының формальды емес нормасының жиынтығы
зерттейтін ілім? Фармацевтикалық.........

5.Фармацевтикалық деонтологияның негізгі
категорияларың бірі?
Сөз Жұмбақ
Назарларыңызға рахмет
Пайдаланылған әдебиеттер

1.http://repository.kaznu.kz/bitstream/handle
/123456789/1344/856-1706-1-SM.pdf?seq
uence=1&isAllowed=y
2.http://ansya.ru/health/farmaciya-tarihi/pg-4
.html
3.https://kaznmu.kz/press/tag/фармация-
тарихы/

Ұқсас жұмыстар
Кәсіби этика және фармацевтикалық деонтология
Медициналық этика
Этика және Дентология ұғымы
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЭТИКА ЖӘНЕ ДЕОНТОЛОГИЯ
Медицина қызметкерлерге қойылатын талаптар
Деонтология түсінігі
Мейіргер ісінің қыр-сыры
Дәрігерлік міндет және құпия
Фармацевтикалық көмек тұжырымдамасы
Медициналық деонтология
Пәндер