Кәсіби денсаулықты сақтау




Презентация қосу
Кәсіби денсаулықты сақтау
Денсаулық
Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не
уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.
Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады.
Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам
баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу
керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек .
Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің
денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау,
адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын
қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың
дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден
аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.
Денсаулық
механизмі бар екені белгілі, ал, денсаулық өзі
АЛТЫ АСПЕКТІДЕН тұрады:

а) физикалық денсаулық.
б) психикалық және интеллектуалды денсаулық.
в) жеке денсаулық.
г) рухани денсаулық.
д) эмоционалды денсаулық.
е) әлеуметтік денсаулық.
ФИЗИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ КЕЛЕСІ ТҮСІНІКТЕРДЕН ТҰРАДЫ:
БІЗДІҢ ДЕНЕМІЗ ҚАЛАЙ ҚҰРЫЛҒАН ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС
ЖАСАЙДЫ, ЕШҚАНДАЙ ДЕНЕ АУРУЛАРЫ ЖОҚ, ОЛ ЖАТТЫҚҚАН
НЕМЕСЕ ШЫНЫҚҚАН.
ЖЕКЕ ДЕНСАУЛЫҚ - БҰЛ АДАМ ӨЗІН-ӨЗІ АДАМ РЕТІНДЕ СЕЗІНУІ,
ТАЛПЫНЫСЫ, ӨЗІН КӨРСЕТУІ, ЖЕТІСТІГІ, НЕГІЗГІ
ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ. БІРЕУЛЕР ЖҰМЫСЫНАН, БІРЕУЛЕР - ӨНЕРДЕН,
ҮШІНШІЛЕРІ - ОТБАСЫНАН, ТӨРТІНШІЛЕР - ЖЕКЕ БАСЫНАН
ЖЕТІСТІК ІЗДЕЙДІ. ӨЗІН-ӨЗІ ТАНЫТУ НЕҒҰРЛЫМ ҚОҒАМҒА
ҚАРСЫ КЕЛМЕСЕ, СОҒҰРЛЫМ ОЛ АДАМНЫҢ ӨЗІЯЕ ПАЙДАЛЫ,
ОСЫДАН БАРЫП НАҚТЫ АДАМНЫҢ ЖЕКЕ ДЕНСАУЛЫҒЫ
СИПАТТАЛАДЫ.
ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ

Психикалық денсаулық – индивидтің
толыққанды психологиялық жағдайының
интегральды сипаттамасы. Психикалық
денсаулықтың табиғатын түсіну және оның
қолдау тетіктері, оның зақымдалуы мен
қайта қалпына келуі тұлға туралы ұғым,
оның даму механизмдерімен тығыз
байланысты. Психология мен медицина
саласында психикалық денсаулық
мәселесіне тең қадам қарастырылған.
РУХАНИ ДЕНСАУЛЫҚ - БҰЛ АДАМ ӨМІРІНІҢ ОРТАЛЫҒЫ, БҰЛ - МОРАЛЬ,
ТӘРТІП ЖӘНЕ БАСҚА БІРЕУДІҢ ӘРЕКЕТІН ҚАБЫЛДАУ ЭТИКАСЫ,
МЕЙІРІМДІЛІК ПЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ, ӘСЕМДІКТІ ҚАБЫЛДАУ ЭТИКАСЫ.
ЭМОЦИОНАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ - БҰЛ ӨЗ СЕЗІМДЕРІН ТҮСІНУ ЖӘНЕ
БАҚЫЛАУ, КЕРЕК КЕЗІНДЕ ӨЗ СЕЗІМІН ТҮСІНІКТІ ТҮРДЕ ШЫҒАРА БІЛУ,
ЭМОЦИЯНЫҢ ТЫЙЫМ САЛАТЫН ЖӘНЕ САЛМАЙТЫН КӨРІНІСТЕРІН БІЛУ
КЕРЕК.
ӘЛЕУМЕТТІК ДЕНСАУЛЫҚ - БҰЛ ЕҢ АЛДЫМЕН ӨЗІН ҚОҒАМНЫҢ БІР
БӨЛШЕГІ РЕТІНДЕ СЕЗІНУ, ҚОҒАМДА ЖӘНЕ ҚОҒАМ ӨМІРІНДЕ ӨЗ
ЖЕТІСТІКТЕРІН СЕЗІНУ. МҰНДА ӨНДІРІСТІК ҚАТЫНАС ПЕН
ПРОФЕССИОНАЛДЫ САПАНЫҢ ОРНЫ АЙҚЫН. МАҢЫЗДЫ ЖӘНЕ
МАТЕРИАЛДЫ ЖАҒЫ - ҚАНДАЙ АДАМ БОЛСА ДА, ҚАЖЕТТІЛІКТЕРМЕН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ (ЯҒНИ, ОНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІ, ШЕБЕРЛІГІ МЕН
ТӘРТІБІ).
АУЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДЕНСАУЛЫҚТЫ
НЫҒАЙТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ

Аурудың пайда болуы
Қоршаған ортаның
Дене салмағының химиялық заттармен
қалыптан көп жоғарылауы ластануы

Күйзеліс
Қимыл жеткіліксіздігі
(стресс)

Тиімсіз және жөнсіз Залалды әдеттерге
тамақтану әуесқойлық
Денсаулықты сақтау

Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға,
уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет.
Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге
болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дүрыс.
Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтаудың маңызы зор. Ал спортпен
айналысу — денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі —
жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай
жүгіруе болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада
серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады.
ҚОРЫТЫНДЫ

Денсаулықсақтау - азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған
медициналық, әлеуметтiк-экономикалық, саяси және өзге де шаралар
жиынтығы.
Денсаулықты сақтаудың кепілі – салауатты өмір салты екендігін
сеніммен айтуға болады. Егер адам өмірді сүймесе, толыққанды рухани
және физикалық ұзақ өмір сүруге талпынбаса, онда ешбір қазіргі заманғы
ғылым да, дәрі-дәрмектер мен рецепттер де көмектесе алмайды.
Денсаулықты сақтау үшін қандайда бір ғажайыпқа сенудің қажеті жоқ. Ең
бастысы жоғары мінез-құлық мәдениеті мен салауатты өмір салты қажет.

Ұқсас жұмыстар
Көз жаттығулары
ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ
ПСИХИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАР
Қажеттілік теориялары
Карневалидің мейірбикелік күтімді жоспарлау теориясы
ҰЙЫМДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ЖОСПАР
МЕЙІРБИКЕ ІСІ ҒЫЛЫМЫ МЕН ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ ТАРИХЫ МЕН ФИЛОСОФИЯСЫН ТАЛДАУ
Дене шынықтырудың денсаулықты нығайту қағидасы
Пациент және жақындарының қауіпсіз қоршаған ортасы
Гиппократ анты
Пәндер