ЕЖЕЛГІ ИРАН СӘУЛЕТ ӨНЕРІ
Презентация қосу
ЕЖЕЛГІ ИРАН
СӘУЛЕТ ӨНЕРІ
Тексерген: Жакупова
Д.Б
Группа: 2АРХ-2к-18-9
Студент: Аманова А.А
Ежелгі иран сәулет өнері
Ежелгі парсылардың дәстүрлі құрылыс тәсілдері (тас
платформалардағы сарайлар құрылысы). Сарай сәулетінде
композициялық тәсілдердің сабақтастығы, Мысыр мен Месопотамия
сәулетін түсіндіру (тасты мазарлар, жасанды платформалардағы
сарайлар, қорғаныс имараттары). Көп бағаналы салтанатты зал –
кең діңмаңдайшалы ападана жасау. Персеполя кешені,
орналастыру, құрылыс конструкцияларын (әсембаған, бедерлі
қаптамалар) көркемдік түсіндіру ерекшеліктері. Парфян
патшалығының сәулеті, Фирузабад пен Ктесифондағы сарай
кешендерінің композициясы. Кірпішті тоғыспалы және күмбезді
конструкциялардың дамуы. Сарай сәулетшілігіндегі жаңа элемент –
айван. Қорғаныс имараттарының, қала құрылысының жалпы
сипаттамасы. Қалаларды көркейтудегі жетістіктер.
Иран сәулетінің
стилдері:
Исфаһан стилі
Рази стилі
Хорасан стилі
Әзери стилі
Исфаһан стилі
Исфахан стилі — Иран сәулет өнерінің бір
бағыты. Ирандағы сәулет өнерін зерттеуші
марқұм Мұхаммад Карим Пирниа Иран сәулет
өнерін алты стильге бөліп қарастырған және
"Исфахан" стилін ең соңғы стиль деп есептеген.
Бұл стиль х.қ.ж.с. 10 ғасырынан 13 ғасырына
дейін қолданыста болған және "Исфахан" деген
атына керісінше Әзірбайжаннан бастау алған.
Бірақ осы стильдегі ең көрнекті туындылар
Исфахан қаласында дүниеге келген.
Исфаһан стилінің
тарихы
Х.қ.ж.с.б.
908-1149 жылдар (1502-1736 жылдар) аралығында билік құрған Сефевидтер
әулеті әзірбайжандықтардан шыққан және олардың ата-тегі Иранның батысындағы
Әзірбайжан аймағында өмір сүрген Шейх Сафи ад-Дин Ардебили болған. Ол дана адам
болған және оның шәкірттері көп еді. Сефевидтер әулетінің негізін қалаған Шах Исмаил
Шейх Сафи ад-Дин Ардебилидің немересі болған. Ол өз билігін әртүрлі аймақтарға
әскери жорық жасау арқылы бастады. Шах Исмаил кезінде Иран жерінде таралған
Исламның маңызды тармақтарының бірі шиизм ресми дін ретінде жарияланды.
Сефевидтер әулетінің билік құрған кезеңі ұлттық үкіметтің құрылуына, шииттік
тармақтың таралуына, ішкі өнеркәсіпке қолдау көрсетілуіне, сауда-саттық жолдарын
қамтамасыз етуге және дамытуға, көптеген құрылыстарды салуға және әртүрлі
өнерлердің таралуына жол ашты. Бұл дәуірде Иранда өте маңызды өзгеріс басталды
және ол айшықты түрде Исфаханда көрініс тапты. Сефевидтер Исфаханды жаңа астана
ретінде таңдап алды. Жаңадан салынған үлкен ғимараттар, алаңдар, көпірлер, үлкен
шатырлар мен көшелер бұл қаланы тек Иранда ғана емес, Шығыстағы үлгілі қалалардың
біріне айналдырды.
Ресейдің
шығыстанушысы Владимир Минорский Сефевидтерді нәсілдік және әлеуметтік
құрылысы жағынан ирандықтарға жақын түркмендердің екінші толқынының өкілдері
деп есептейді. Сефевидтер, шындығында, барлық салалар бойынша ирандық рухтың
ықпалында болған түрік мәдениетінің бір тармағы болып табылады.
Исфаһан стиліндегі ғимараттар
Рази стилі
Рази стилі ( – )ش یوه م عماری رازیИран сәулет өнерінің төртінші стилі болып табылады.
Ол өзіне дейінгі стильдердің жақсы ерекшеліктерін жоғары дәрежеде бойына
жинаған. Рази сәулет стилінде Парсы стилінің сыртқы салтанатының көріністері,
Парты стилінің ұлылығы және Хорасан стилінің нәзіктігі тоғысқан. Бұл стильдің
бастамасы Иранның солтүстігінен басталса да, Рей қаласында дамыды. Сол себептен
оны "Рази" стилі деп атайды.
Рази сәулет стилі "Әл Зийар" әулетінің билігі кезінде басталды және
Хорезмшахтардың кезінде өзінің шарықтау шегіне жетті. Сөйтіп, шамамен 300 жыл
бойы Иранда сәулет өнерінің өркендеуіне себеп болды.
Х.қ.ж.с. 2-3 ғасырларында Иранда жартылай тәуелді мемлекеттер құрылғаннан
кейін Ислам дәуіріндегі Иранның ғылыми-әдеби өмірінің қайта жандануы деген
атпен әйгілі қозғалыс басталды. Бұл қозғалыстың пайда болу себептері мыналар:
Исламдық дүниетанымның таралуы, бұрынғы әлеуметтік құрылымның құлдырауы,
яғни Иран қоғамындағы барлық топтардың ғылым үйренуге мүмкіндігі пайда болды;
Қытайда қағаздың ойлап табылуы және оның х.қ.ж.с 1 ғасырында Самарқандқа
жетуі, оның Ирандағы кітап шығару мен ғылымның дамуына әсері;
Әртүрлі ойлардың бір-бірімен тоғысуына мүмкіндік жасалуы және оның жағымды
әсерлері.
Рази стилінің тарихи жағынан
Тарихи-әдеби деректер Ғазнавилер мен олардан кейінгі билеушілердің сәулет өнеріне қатты көңіл
бөлгендігін көрсетеді. Ол заманда ғимараттардың саны ғана емес, олардың көлемі де көңіл аударуға
тұрады. Кейбір тарихшылар Газни қаласындағы бір мешіт көлемінің әдемі де үлкен болуына
байланысты "Аспанның қалыңдығы" деп аталғандығын айтады. Сондай-ақ, осы дәуірде шахтар өз
билігінің күш-қуатын сарай салу арқылы көрсеткен. Тарихи деректер бойынша, бір сарайды салу 4
жылға созылып отырған және оның құрылыс материалдарының құны шамамен 7 млн дерхамды
құраған. Рази стилі ерекшеліктерінің бірі болып табылатын әртүрлі жапсырмалар мен кафель салу –
әкімшілік орындарын салуда көптеп пайдаланылған. Мысалы, әйгілі тарихшы Аттаба осы сарайлардың
сыртқы келбетін көктем кезіндегі бақ деп сипаттаған. Ол: "Олар кейде кірпіш қабырғаларды
нақышталған алебастрмен көмкеретіні сонша, ол түрлі түсті матаға ұқсап кетеді",-деп жазған.
Қосқабатты мұнаралардың кең таралуы осы замандағы сәулет өнерінің негізгі ерекшеліктерінің бірі
болып табылады. Кейбір еуропалық зерттеушілер, соның ішінде Мунира Дувилар қосқабатты
мұнаралардың бастамасын Орта Азиядан іздеген, бірақ мына мәселені ұмытпау керек: ортаазиялық
сәулет өнерінде тастан құрылыс салуға көңіл бөлінген, ал Иранда піскен кірпіш көбірек қолданылған.
Рази стилінде қосқабатты мұнаралар салуға өте көп көңіл бөлінген. Мұнараның "қосқабатты" деп
аталуының себебі – мұнараның ішкі және сыртқы кеңістігінің бір-бірінен айырмашылығы бар.
Мұнараның іші жартылай шар пішіндес, ал сырты үшкір басты сопақ пішіндес. Мұндай мұнараның
көрнекті үлгісі - "Исфахан мешітінің" мұнарасы. Батыс зерттеушісі және жазушысы Шредер бұл
мұнараны шабыт беру тұрғысынан күшті, математикалық есептер тұрғысынан нақты есептелген,
механика тұрғысынан толық және ақаусыз деп сипаттаған.
Рази стилі
Хорасан стилі
Хорасан стилі Иранның сәулеөнеріндет Х.қ.ж.с. алғашқы ғасырларында пайда болды.
Бұл стиль х.қ.ж.с. 4 ғасырға дейін жалғасын тапты. Сол заманның мәдениеті жайлы
мына мәселені айта кеткен жөн: мәдени-әдеби өзгерістер сол замандағы Хорасан
аймағында орын алды. Хорасан ол кезде өте үлкен аймақты алып жатты. Ислам сәулет
өнерінің алғашқы үлгілері сол аймақта пайда болды және сол жерден Иранның басқа
аймақтарына таралды. Егер сол замандағы сәулет құрылыстарын нақтылап қарайтын
болсақ, барлығына ортақ ерекшеліктерді көруге болады. Ислам келгеннен кейін
исламдық құндылықтар ел арасына таралып, ғимараттар халықтың күнделікті
тұрмысына жақындай түсті.
Парттардың сәулет стилінде де белгілі бір дәрежеде халықтың күнделікті тіршілігі
көрініс тапса да, Ислам келгеннен кейін бұл құндылықтар көбірек көріне бастады.
Хорасан стилінде өте үлкен де салтанатты ғимараттарды салу тоқтатылды деп айтса
болады. Олардың орнына қарапайымдау ғимараттар салынды.
Тарихи дәуір тұрғысынан Хорасан сәулет өнерінің стилі Сасанидтер дәуірінің соңына
дейін, яғни х.қ.ж.с. 389 жылына (999 жылы) дейін Иранның түкпір-түкпірінде, әсіресе
Хорасан мен Иранның орталық бөлігінде қолданыста болды, соның алғашқы үлгісі
негізінде көптеген туындылар салынды. Бізге жеткен ескерткіштердің көбі – мешіт.
Уақыт өте келе олардың іші әртүрлі өрнектермен безендірілді. Исфаханның орталық
мешіті, Ардастан мешіті, Нами мешіті, Нейриз мешіті – осы заманның ең маңызды
ғимарттарының бірі болып табылады
Хорасан стилінде салынған
ғимараттар:
Фахрадж мешіті —Хорасан стилінде салынған негізгі ғимараттардың бірі,
Йезд қаласындағы мешіт. Бұл мешіт Иранда салынған ең ежелгі мешіт болып
саналады. Атақты сәулетші және Иран сәулет өнерінің маманы марқұм
Мұхаммед Кәрім Пирниа осы мешіттің ерекшеліктері жайлы үлкен кітап жазып
қалдырды. Ол өзінің 50 жыл бұрын осы мешітті бірінші рет көргендегі әсері
жайлы былай дейді: "Бұрындары Бафақтан қайтып келе жатқан жолда шөл
даланың ортасындағы Фахрадж мешітінің мұнарасы менің назарымды өзіне
аударды. Бағытымды бұрып, мешітті көру үшін абадтандырылған кішкене
елді-мекенге келдім. Ол мешіттің мұнарасының астына Фахрадж
тұрғындарының бір тобы жиналған екен. Олар менің сәулет өнері жайлы
оқығандығымды және ежелгі ескерткіштерге қызығатынымды білгеннен кейін
менен осы мешіттің тарихын зерттеуге көмектесуді сұрады. Алғаш келгенімде
үлкен кірпіштермен салынған қарапайым да әсем ғимаратты көрдім. Онда
гүлдер көрінісі салынған еді. Бір-бірімен әдемі үйлестірілген жапсырмалар мені
мынадай ойға қалдырды: мүмкін бұл ғимарат Сасанидтер заманына жататын
шығар? Бірақ мехрабтың болуы, ішкі қарапайымдылық пен құбыланың
сақталуы мені бұл жерде бұрыннан-ақ мешіт болғандығына сендірді. Бұл
мешіт Ислам Иранға келгеннен кейінгі алғашқы жылдарда салынған".
Тарихана мешіті Вставка рисунка
"Тарихана" мешіті – Хорасан стилімен салынған
ежелгі құрылыстардың бірі. Дамғандағы бұл әдемі де
қарапайым мешіт – Тегераннан 340 шақырым жерде
орналасқан. Оның жобасы қарапайым – төрт
бұрышты тұғыр үстіне салынған. Бұл мешіттің төбесі
Фахрадж мешітінің төбесінен төменірек, бірақ мұнда
Сасанидтер сәулет өнерінің ерекшелігі Фахрадж
мешітіне қарағанда көбірек көрініс тапқан. Төбені
жабу, қабырғаның бұрыш-бұрышындағы кішкене
ойықтар, Персеполистың кейбір суреттері сынды
ерекшеліктер бұл мешіттің Сасанидтер сәулет
өнерінен әсер алғандығын көрсетеді. Кейбір тарихи
құжаттарда келтіргендей, мешіттің астында
жасырынатын орын болған. Бұл жерлерге адамдар
соғыс және тұрақсыздық кездерінде өздерінің
мүліктерін жасыратын болған. Бүгінде жер асты
жолдарының қалдықтарын әлсін-әлсін көруге
болады.
Әзери стилі
Әзери стиль - Ирандағы орта ғасырлардағы сәулет өнерінің бір стилі. "Әзери" сәулет стилі екі кезеңге
бөлінеді. Бірінші кезең Әзірбайжанда Хулагу мен оның орынбасары билік құрып, Марағе қаласы астана
болған кезінде қалыптасты. Екінші кезең Әмір Темір заманында Самарқандтың астана болып таңдалынып
алынған кезінде қалыптасты.
Бұл тарихи кезеңнің сәулет өнеріне әсер еткен ерекшеліктері бар. Мысалы, құрылыс салудағы
жылдамдық, жұмыс күшінің көп болуы және оның артылып жатуы кейбір ғимараттардың көзге ұрып
тұрған қателіктермен салынуына себеп болды. Бұл кезеңде кейбір билеушілер жолдың бағытын
ауыстырып отырған, осы себептен кейбір қалалар құлдырап, ал кейбіреулері абадтандырылды. Бұл
жағдай "Әзери" сәулет стилінде өте тартымды әралуандықты тудырды.
Әзірбайжан аймағының сәулет өнері маңыздылығы жағынан Иран сәулет стилінің алдыңғы қатарында тұр.
Өйткені Парсы, Әзери және Исфахан сәулет стильдері сол аймақтан бастау алып, Иранның түкпір-түкпіріне
таралды.
Арий тайпасының бір бөлігі Аран тауларын басып өтіп, Иранға қарай бағыт алып, Әзірбайжан жерін басып
өткен кезде онда ағаштан жасалған бағаналары бар верандалар, үлкен жертөлелер мен әдемі
сарайларды көрді. Олар жаңа жерде орналасқаннан кейін құрылыс салуда Әзери стилін қолданған. Бұл
стиль Ахеменидтер дәуірінің сарайлары мен үйлерін салуда көптеп пайдаланылды.
Сәулет өнері тарихына шолу жасай келіп, Әзірбайжан сәулет өнерінің Исфахан сәулет өнеріне әсер
еткендігін көруге болады. Өйткені Сефевидтер кезінде Сефевид шахтары өз құрылыстарында
Әзірбайжанның Марағе және Бұнаб қалаларында кең таралған бағанды ағаш үйлерді салу стилінен үлгі
алып, Исфаханды осы стиль түрінің көрмесіне айналдырды. Әрине, Исфахан стилі жайлы келесі
бағдарламаларымызда көбірек тоқталатын боламыз.
"Әзери" стилінде Әзірбайжан сәулетшілерінің барлық ерекшеліктері толықтай көрініс тапқан. Осы
ерекшеліктердің бірі осы дәуірде айрықша байқалатын қосқабырғалы күмбез салу болып табылады
Әзери стилінде салынған ғимараттар
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz