Дамыту технология Рөлдік технологиясы ойындар


Slide 1 Slide 2

Кіріспе

І. Білім жүйесіндегі қазіргі оқыту әдісі

1. 1 Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақты оқыту

5

1. 2 АКТ қолдана отырып оқыту

1. 3 Модульдік оқыту

8

1. 4 Сыни тұрғысынан ойлау

1. 5 Ойын арқылы оқыту техналогиясы

ІІ. Балабақшада оқу әрекеті барысында жаңа-әдіс тәсілдерді қолданудың ерекшеліктері

17

2. 1 Ойын - бала білімін берік меңгерту құралы

2. 2 Ақпараттық коммуникациялық технологиясын балабақшада қолдану ерекшеліктері

2. 3 Мектепке дейінгі жастағы балаларды табиғат аясымен таныстыруда АКТ пайдалану

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

МАЗМҰНЫ

Slide 3

Курстық жұмыстың мақсаты: Балабақшада оқу әрекеті барысында жаңа әлдіс тәсілдерді қолданудың ерекшеліктерін қарастыру.

Міндеттері:

Балабақшада оқу әрекеті барысында қолданылатын жаңа-әдіс тәсілдерге сипаттама беру;

Ойын және ақпараттық коммуникациялық технологиясын балабақшада қолдану ерекшеліктеріне тоқталу;

Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамыту құралы ретінде танымдық ойынның тиімділігін эксперименталды түрде тексеру;

Мектепке дейінгі жастағы балаларды табиғат аясымен таныстыруда АКТ пайдалану.

Зерттеу нысаны: мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігі.

Зерттеу пәні: жаңа-әдіс тәсілдер мектеп жасына дейінгі балалардың оқу құралы ретінде.

Зерттеу болжамы: егер мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту барысында жаңа тәсілдерді мақсатты және жан-жақты қолданылса, үлкен мектеп жасына дейінгі балалардағы танымдық белсенділікті нақты және едәуір арттыруға болады деп болжанады.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық әдебиеттерді теориялық талдау және жалпылау, оқу процесін бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық экспериментті талдау әдісі, деректерді өңдеудің статистикалық әдістері.

Slide 4

Өзектілігі

Мектепке дейінгі балаларды оқыту әдістері мыналар: көрнекі, ауызша айту, тәжірибелік, АКТ пайдалану және ойын әдісі. Мектепке дейінгі ұйымның ересек және мектепке даярлық топтарында интернет материалдарды, кинофильмдер, диафильмдер, диапозитивтер және т. б. пайдаланылады. Бұл оқыту әрекетін қызықты етеді, балаларды айналадағы ортамен таныстыру мүмкіндігі кеңейеді, себебі өмірде тікелей танысуға мүмкін болмайтын құбылыстарды көрсетуге болады. Экран арқылы заттарды әр түрлі жағдайда: ірі . орташа және жалпы түрде, көрсету мүмкіндігі болады. Балалар фильмдерден алған әсерлерін бір- бірімен бөлісіп, суреттерінде, әңгімелерінде, ойындарында бейнелейді. Оқыту әдісінің тиімді болуы үшін тәрбиеші түрлі тәсілдерді қолданады: әңгімелесу әдісін пайдалана отырып, көктемде жапырағын жайған бұтақтарды көрсетеді, жұмбақ жасырып, оны шештіреді, шағын әдеби шығармалар оқып толықтырады; көлік қозғалысын немесе басқа қимыл- әрекеттерді бақылауда сұрақтар қойып, қажетті түсініктер береді, сурет салуда көрсету және түсіндіру тәсілдерін қолданады, балалардың көңілін көтеру үшін өлең оқиды.

Slide 5

Жаңа технология

Ғылыми-ізденіс

Ақпаратты

Дамыту технологиясы

Коммуникативтік

Жобалау

Рөлдік ойындар

Жан - жақты, білімді, тәрбиелі ұрпақты өсіру жаңа заманға қадам басу, балаға жолсерік болу үшін

Интерактивті

Slide 6

Балабақшада оқу әрекеті барысында пайдаланылатын әдістер

Slide 7

Ойынның мақсаты: Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту. Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.

Slide 8

Әр қашан да тәрбиешi ойынға койылатын төмендегi әдiстемелiк талаптарды бiлiп, орындап отыруы тиiс:

Ойынның мақсаты нақты қойылып, керектi көрнекiлiктер мен материалдар күн iлгерi дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек

Ойынға кiрiсер алдында оның жүргiзiлу тәртiбi балаларға әбден түсiндiрiлгенi жөн.

Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамасызетуi керек.

4. Ойынның жүру барысында тәрбиешi балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстiнде шешiм қабылдай бiлуiне, ойлана бiлуiне жетелеуi керек.

Slide 9

Балабақшадағы сыртқы безендіруі таза табиғи және құнсыз заттардан жасалынып төңірегімізді көркейтіп тұр. Тәрбиеленушілердің табиғатты танып білуге және оның тылсым тынысының өздік ерекшіліктерін түсінуге арнайы таза ауадағы экологиялық кабинет жасалды. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуға үйреніп табиғатпен етене байланыста болады.

3-4 жасар балаларға арналған экологиялық жол салынған. Ол жолда балалар құмырсқа иілеуімен, шағын тоғанымен, аралардың еңбегімен, жәндіктер әлемімен танысады.

Slide 10

5-6 жасар балаларға арналған экология жолында, балалар бақша ішінде тәрбиешілермен еңбек жасайды, көкеністердің өсіп-жетілуін бақылайды және әлемнің қызықты жерлерімен танысуға мүмкіндік беріледі. Ол үшін «мысыр елінің пирамидасы» жайғасқан, «кактустар әлемі», «орыс халық ертегілері» және «қазақтың жайлауы» сияқты бұрыштар бар. Балабақшаның ішіндегі безендіруі экологиялық бағытқа сай келеді, яғни экология бөлмесі, экологиялық бұрыштар балалармен жұмыс жасауға және балалардың жан - жақты дамуына ықпал жасайды. Тәрбиелеу мен білім беру ісіне отбасын тарту, ата-аналарды педагогикалық үрдістерге жоспарлау мен ұйымдастыруға қатыстыру, ата-аналардың балабақшамен тығыз байланыста болуы.


Ұқсас жұмыстар
Жобалап оқыту технологиясы
Оқытудың инновациялық әдістері
Тренинг ждүргізуші
Балалардың сөздік қорларын молайту, ойынға деген қызығушылығын арттыру
Әлеуметтік - психологиялық тренинг әдістері
Отбасы ұйымдар
Сюжеттік-рольдік ойындар
Бастауыш сыныптарда математика сабақтарында ойын технологиясын қолдану
Білім беру процесіндегі цифрлық технологиялар
Қазіргі заман талабына сай ойын түрлерін сабақ барысында қолдана білуді үйрету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz