Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы



ҚР-ның тұңғыш Президентінің өмірбаянының негізгі кезеңдері

Елбасы - Н. Ә. Назарбаев
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) - Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. 1990 жылғы 24 сәуірден бастап, 2019 жылдың 20 наурызы аралығында Қазақстан президенті болды. 2019 жылдың 19 наурызынан бастап Қазақстанның Конституциялық Кеңесінің мүшесі. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымынан кете отырып, Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі басшысы лауазымын және "Нұр Отан" жетекші партиясының төрағасы лауазымдарын, сондай-ақ Қазақстанның Конституциялық кеңесі мүшесі ретінде өз орнын сақтап қалды.

Өмірбаяны
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.

Ата-анасы
Әкесі - Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбайдың шаңырағында өмірге келді. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болған. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келген. Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.

Қызмет жолы
1960-69 жж. - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969-73 жж. - Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973-77 жж. - Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977-79 жж. - Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.
1979-84 жж. - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984-89 жж. - Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989-91 жж. - Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
1990 ж. ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
1990 ж. сәуірінен - Қазақ КСР президенті.

Қызмет жолы
1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98, 78 %) жеңіске жетті.
1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79, 78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91, 5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
2011 ж. сәуірдің 3-інде сайлаушылардың 95, 5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
2015 ж. сәуірдің 26-ында сайлаушылардың 97, 7 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Отбасы
Назарбаев Сара Алпысқызы Назарбаевамен үйленген.
Жұбайы - Сара Алпысқызы - Бөбек қорын басқарады.
Президенттің үш қызы бар:
Дариға - саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Динара - Н. Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша 2011 ж. наурыз айына қарасты 1. 3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. Тимур Құлыбаевтың жұбайы.
Әлия - бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.
Н. А. Назарбаевтың он немересі және бес шөбересі бар.

Кітаптары
Н. Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:
«Важнейшее условие интенсификации» «Стальной профиль Казахстана» «Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» «Без правых и левых» «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» «Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» «Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» «Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» «Ғасырлар тоғысында» «Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» «Тарих толқынында» «О времени, о судьбах, о себе. . . » «Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» «Бейбітшілік кіндігі» «Сындарлы он жыл» «Еуразия жүрегінде» «Қазақстан жолы» «Тәуелсіздік белестері» «Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі»

Реформалары
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz