Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері, жіктелуі және алу әдістері


Slide 1

Металдардың жалпы қасиеттері

Дайындаған: Аманкелді Гүлдаурен

Амангелді Ақбалым

Тексерген: Әлия Мұратқалийқызы

Slide 2

Металдардың қасиеттері

Металдар- электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты.

Slide 3

Металдардың (сынаптан басқа) кристалдық тор көздерінде металл атомдары орналасқан. Олар бір-бірімен металдық байланыспен байланысады. Металдардың иондану энергиясы аз болғандықтан олардың валенттік электрондары оңай бөлініп, бүкіл кристалдың бойында еркін қозғала алады. Сондықтан олардың жиынтығын электрон газы деп те атайды. Су ерітінділеріндегі реакциялар үшін металдың активтілігі оның активті қатардағы орнына байланысты.

Slide 4

Металдардың қаттылығы, температураға төзімділігі күнделікті тәжірибеде шешуші рөл атқарады. Егер шыны хроммен кесілсе, ал цезийді адам тырнағымен-ақ кесе алады. Кейбір металдар жұмсақ (күміс, алтын, т. б. ) болғандықтан таза металдардың орнына олардың бір-бірімен құймалары қолданылады. Ең алғаш алынған құймалардың бірі - қола.

Темір мен оның құймалары (шойын, болат) қара металдар, ал қалғандары түсті металдар; алтын, күміс, платина химиялық реактивтерге төзімділігіне байланысты асыл металдар; сумен әрекеттесіп сілті түзетін металдарды сілтілік (Lі, Na, K, Rb, Cs), ал жер қыртысының негізін құрайтындарын сілтілік жер металдар; массалық үлесі 0, 01%-дан аспайтындарын сирек металдар деп атайды. Өнеркәсіпте металдарды негізінен пирометаллургия, гидрометаллургия және электрметаллургия әдістерімен алады. Металдар электр сымдарын, тұрмысқа қажет бұйымдар (қазан, балға, т. б. ) жасауда, т. б. кеңінен қолданылады.

Slide 5

Металдар

Рутений, Родий, Палладий, Осмий, Иридий, Платина

Slide 6

Металдардың химиялық қасиеттері

Металдардың көпшілігі химиялық активті элементтер болғандықтан жай және күрделі заттармен әрекеттеседі:

Жай заттармен :

2Mg + 02 = 2MgO + Q жану реакциясы

Fe + S = FeS темір (II) сульфиді

Са + Сl2 = СаСl2 кальций хлориді

Металл гидридтері тұз сияқты қатты заттар. Металл гидридтерінде ғана сутегінің тотығу дәрежесі - 1 болады, себебі металдар электрондарын сутектің атомдык радиусы кіші болғандықтан оңай береді.

Slide 7

Металдардың химиялық қасиеттері

Күрделі заттармен :

Сілтілік және сілтілік жер металдар сумен куатты әрекеттесіп, судағы сутекті ығыстырып шығарады.

2Na + 2Н2O = 2NaOH + Н2↑

Slide 8

Металдарды алу әдістері

Құрамында металл қосылыстары бар минералдар мен тау жыныстарынан металды өнеркөсіптік жолмен беліп алу экономикалық тиімді болса, олар кен деп аталады.

Металдар табиғи кендерден алынады. Кендегі металды бос жынысынан айыру арқылы байыту жүргізіледі - олардың бірі флотацияәдісі. Алу әдістері металдардың химиялық белсенділіктеріне негізделген.

Slide 9

Назарларыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері
Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері, түрлері мен қолданылуы
9-сыныпқа арналған ашық сабақ: Металдардың химиялық қасиеттері
Металдардың құрылымы, физикалық және механикалық қасиеттері: болат пен шойынға шолу
Ферменттердің қасиеттері, жіктелуі және бөліп алу әдістері
Политетрафторэтилен (тефлон): физикалық және химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы
ІІІА топша элементтерінің қосылыстары мен физикалық және химиялық қасиеттері
Моносахаридтер: жіктелуі, стереоизомерлері және химиялық қасиеттері
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы және химиялық қасиеттері
Альдегидтер мен кетондардың химиялық қасиеттері, негізгі реакциялары және алу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz