Ұмыт болған салт - дәстүрлер




Презентация қосу
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛ-ДӘСТҮРІ МЕН ӘДЕТ-
ҒҰРЫПТАРЫ
Ұмыт болған
салт-
дәстүрлер
Қазақ салт-
дәстүрге сүйене
отырып, өзара
қарым-
қатынасын
реттеп отырған,
бір-бірін үнсіз
түсініп,
сыйласқан.
Қазір сол
дәстүрдің
біразы ұмыт
болды.
«Біз шаншуға" келгендер
ешкіммен сөйлеспей,
аттарының ер тоқымын бір
жерге жинап, түскі астан
соң да кетпей қояды. Үй
иесі қонаққа арнап мал
сояды. Қонған адам
ертесіне сиыр түсте үн-
түнсіз атттанып кетеді.
Әдетте мұндайда шалдар
келеді. Қонақ кеткен соң
үйдегілер бар гәпті түсіне
қойып, дереу сырмақ
қағады. Қайрағын іздейді.
Содан сырмаққа
шаншылған бізді көріп,
қайрақтың жоғалғанын
біледі.

Бұл – "Ұл ержетті, қыз
бойжетті. Қосқұлақ бала
бізде де бар. Қас сұлу сізде

Біз
бар. Жекжат болайық"
дегені. Егер қызы бар үй
қайрақты сұрамаса, әлгі
қонақ болып кеткен
шалдар келіп құда түседі.
Балдыз қалың
Балдыз қалың салты бойынша
қалыңдығы қайтыс болса
болашақ күйеу төлеген қалың
малын қайтарып алмай, сол
отбасының екінші қызын алуға
құқы бар.
Егер ол үйдің басқа қызы
болмаса, төлеген малдың
жартысы қайтарылады. Және
күйеу ұрын барып, балдызын
алатын болып, келіссе, үстіне
"балдыз қалың" төлейтін
болған. бұрынғы қалың малдың
үстіне түйе бастатқан бір тоғыз
қосылады. Егер ұрын келмеген
болса, "балдыз қалың"
төленбейді.
Қой басты дәстүрі

– АУЫЛДА КИІЗ БАСУ – АУЫР ЖҰМЫСТАРДЫҢ БІРІ
БОЛҒАН. АЛДЫМЕН ЖҮНДІ САБАЙДЫ, СОСЫН БОЯЙДЫ,
ҚАЙНАТАДЫ, ҚҰРҒАТАДЫ, ОРАЙДЫ. ОРАУДЫҢ АСТЫНАН
АРҚАН ӨТКІЗІП, ЖІПТІҢ ҰШЫНАН ҰСТАП, АЯҚПЕН
ТЕУІП ОТЫРЫП, ҮЙ-ҮЙДІҢ АРАСЫНАН ӨТКІЗЕДІ. КЕЗ
КЕЛГЕН ҮЙДІҢ ЖАНЫНА КЕЛГЕНДЕ "ҚОЙ БАСТЫ-ҚОЙ
БАСТЫ" ДЕП АЙҚАЙЛАЙДЫ. МҰНЫ ЕСТІГЕН ҮЙДЕГІ
ӘЙЕЛДЕР КИІЗ БАСУШЫЛАРҒА БАУЫРСАҚ, ҚЫМЫЗ,
ҚҰРТ БЕРЕДІ. БҰЛ – ӘЗІЛ-ҚАЛЖЫҢ РЕТІНДЕГІ ДӘСТҮР
БОЛҒАНМЕН, СЫЙЛАСТЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН. ОСЫҒАН
ҰҚСАС "ТУЛАҚ ШАШУ" ДӘСТҮРІ БАР. ЖҮН САБАУ БІТКЕН
КЕЗДЕ ҮЙ ИЕСІ КӨМЕКТЕСКЕН ӘЙЕЛДЕРГЕ СЫЙ-
ҚҰРМЕТІН КӨРСЕТУ ҮШІН ДАСТАРХАНҒА ШАҚЫРҒАН, –
ДЕЙДІ ЭТНОГРАФ.
Хан талау
– Қазақ халқы үшін билік, байлық –
басты құндылық болып саналмаған. Ар,
ұят, намыс, имандылық, әділеттілік
қасиеттерін жоғары бағалаған, – дейді
Құралай Сәрсембина. – Халық сенімін
ақтамаған, мейірімсіз ханды халқы
жазалаған. Ханға тиесілі мал-мүлкін,
билігін тартып алған. Бұл – барымта
емес, хан талапай деп аталған.
Ашынған халық ханнан көңілі қалған
кезде осындай шешім қабылдаған. Дәл
осындай шешімді атқамінер
белсенділерге, сұлтандарға, төрелерге
қолданған.
Сондықтан жағдайы бар адамдар
кедей отбасына, жесір әйелдерге үнемі
көмектесіп отырған. Соның бір көрінісі,
тұрмысы нашар адам дәулетті адамнан,
кейде жақын көршілерінен,
жақындарынан ат майын уақытша
сұрап алып пайдаланған. Бұл – ат
майын сұрау дәстүрі. Осылайша, ауыл
адамдары бір-біріне жанашырлық,
қамқорлық танытқан
Деңгене
Қазақта сайыс ретінде
ұйымдастырылатын салт-
дәстүрлерді де
кездестіруге болады.
Солардың бірі – "Қазақ
халқының салт-
дәстүрлері" кітабында
көрсетілген "деңгене"
дәстүрі.

Көрші ауылдан келген
үш-төрт жігіт алдымен
түсетін үйін сайлап алып,
сол үйдің жанына барып
"Деңгене! Деңгене жеуге
келдік" деп айғайлайды.
Ал үй иесі бұл сөзді
естіген соң, семіз бір
қойды сойып, етін түгел
қазанға салдыртады.
Деңгене дәстүрі бойынша
келген жігіттер сол
қойдың етін түгелімен
жеп, сорпасын ішулері
керек. Егер тауысып
жемесе, бір қойды екі қой
қылып қайтаруға мәжбүр
болған.
Сыралғ
ы
Қазақта аң аулау – үлкен
мереке болған. Бірақ аң
аулаудың қанша
қызығына түскенмен,
ерекше белгілері
байқалған аңдарды
атпаған. Әсіресе, мола
басына жақын жерде
жүрген жан-жануарларға
тиіспеген. Өйткені әр
аңның киесінен
қорыққан. Ал
қанжығаларын майлап,
аң аулаудан қайтқан
аңшы өзіне "Майлансын"
деп айтқан адамға
ойланбастан атып алған
аңын сыйға тартқан.
Аңшының сыйын
"сыралғы" деп атаған. Ал
қақпанға түскен аңды алу
ұрлыққа жатпаған. Бірақ
орнына бір зат қалдырып
кету керек екен.
Қазақ салт-дәстүрін зертеушілер
ұмыт болған салттардың
қолданысқа қайта енуі екіталай
дейді. Сондықтан сақталып қалған
дәстүрді жоғалтып алмай, оны
алдымен мектеп оқушыларына
оқытып, бойларына сіңіру қажет. Ал
тарих қойнауында қалған ескірген
дәстүрлердің негізін сақтай отырып,
заманауи үлгіге орай ұстанса, тез
қолдау табады дейді зерттеушілер.
Назарларыңызға размет

АМАНКЕЛДІ ГҮЛДАУРЕН
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ
103-ТОП

Ұқсас жұмыстар
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар
Салт - дәстүр, оның түрлерін қарастыру
Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырындағы кейіпкерлер
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР
Ұлттық құндылықтар - тұтас бір жүйе
Салалас құрмалас сөйлем
Жастарды жұбайлық өмірге дайындаудағы отбасылық тәрбие
Этникалық тәрбиенің ерекшеліктері және оларды анықтаушы факторлар
Партфолио
13 - ЖАС АЛҒАШҚЫ МҮШЕЛ
Пәндер