Қазақстан индустрияландыру кезеңінде




Презентация қосу
Қазақстандағы
индустрияланды
ру
Қазақстан индустрияландыру
кезеңінде
Индустрияландыру – ірі өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр
өнеркәсіпті құру және дамыту, ірі өнеркәсіптік өндіріс негізінде
бүкіл шаруашылығын қайта құру.
Қазақстан индустрияландыру кезеңінде 1925 жылы желтоқсанда
БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағын
индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстанда бірқатар
қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақ елінің бодандық
өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта
қалуымен байланысты болды.
Бұл қиындықтардың көбі республикада халық шаруашылығын,
әсіресе өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым
созылып кетуінен де күрделеніп, асқына түсті және осы жағдай
Қазақстанның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі
үшін басты кедергіге айналды.
Индустрияландыру саясатындағы
кемшіліктер:

Машина жасау, металлургия, қорғаныс
өнеркәсібі кәсіпорындары болмады.
Энергетика базасы, құрылыс
материалдары өнеркәсібі артта қалды. Тау
– кен шикізатын дайындаушы база ретінде
қала берді. Республикадан сирек
кездесетін металдар, мұнай, көмір,
фосфорит тегін әкетілді. Теміржол арқылы
жүк тасымалдау 1913 жылғы деңгейінен
213 есе асып түсті.
Индустрияландырудың
ерекшеліктері
1920-1921 жылдары жекелеген кәсіпорындар ғана қалыпқа келтіріле бастады,
ал тұтастай алғанда бұл үрдіс 1922 жылдың екінші жартысында ғана өрістеді.
Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіруде 1923 жыл бетбұрыс
кезеңіне айналды. Алдыңғы кезекте ауыл шаруашылығы шикізатын қайта
өңдеу кәсіпорындары қалпына келтірілді, оған 1922 жылы алынған егіс
өнімділігі ықпал етті. Қостанай, Орал және Семей губернияларында,
Павлодарда т.б. қалаларда ірі диірмендер іске қосылды, бұл ұн тарту
өнеркәсібін жедел қалыптастыруға жағдай жасады. Солтүстік Қазақстанда май
шайқау зауыттары жұмыс істей бастады, жаңадан 20 май зауыты салынды.
Тамақ өнеркәсібінің басқа салаларында да ілгері басушылық байқалды,
мәселен, 1923 жылғы тамызда ірі мөлшердегі күрделі қаржыны қажет етпейтін
Илецк және Коряковск тұз шығару кәсіпшіліктері қайтадан жұмыс істей
бастады.
Баяу болса да, республиканың оңтүстігінде мақта тазарту зауыттарының, жеңіл
өнеркәсіптің тері илеу, жүн жуу т.б. кәсіпорындарының жұмысы жанданып
келе жатты. Петропавлдағы қалпына келтірілген пима басу, қой терісін өңдеу,
тері илеу және шойын құю зауыттары 1923 жылы біртұтас кәсіпорынға
біріктіріліп, өнеркөсіп комбинаты құрылды. Алматыда, Шымкентте және
Талғарда тері илеу зауыттарының жұмысы жандана бастады.
Өлкедегі индустрияландыру
бағытын жүзеге асыру
жолдары:
Шаруаларға үстеме салықтар салу;
Республикадағы барлық жинақталған қорларын
мемлекеттік бюджетке қосу (тонау);
Орталық бюджеттен берілген есебінде, республика
қорынан субсидиялар мен дотациялар бөлу. 1931-1934ж-2
мрлд137млн сом;
Өндірісті өнім өткізуді және жабдықтауды мемлекет
қолына шоғырландыру;
Жазалау саясатын қолдану;
Ұжымдастыру және аштықтан бас суғалап қашқан қазақ
шаруаларының еңбегін пайдалану
Қазақстандағы
индустрияландыру
көрінісі:
• Орал–Ембі мұнайлы ауданын зерттеу.
• Орталық Қазақстан минералды шикізат
байлықтарын зерттеу.
• Түркістан–Сібір темір жол магистралын салу.
• Қарағанды шахталар кені, Балқаш Жезқазған
кенді металлургия комбинаттары.
• Ақтөбе комбинаты, Шымкент қорғасын
зауыты
Түрксіб теміржолы
1927жылы – Түркістан – Сібір темір жол
магистралының құрылысы басталды. В.С.Шатов –
құрылыс бастығы. Республика Халық Комиссарлары
Кеңесінің төрағасы Н.Нұрмақов – Түрксібке жәрдемдесу
комиссиясының басшысы. РКФСР Халық Комиссарлары
Кеңесі төрағасының орынбасары – Т. Рысқұлов 1894-
1938жж – РКФСР ҮКІМЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ Түрксіб
құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитетбасшысы.
1931 жылы қаңтарда пайдалануға
берілді.
«Кіші Қазан» курсы
1925 жыл Қазақстан халқы үшін саяси жаңалықтармен басталды.
Қазақстан құрамына Сырдария және Жетісу облыстарының енуі, Орынбор
қаласы мен губерниясының бөлініп шығуына байланысты республиканың
әкімшілік құрылымына өзгерістер енгізілді. Ендігі уақытта Қазақ АКСР-і
Адай уезі, Ақтөбе, Ақмола, Орал, Семей, Қостанай, Жетісу және Сырдария
губернияларынан, Қарақалпақ автономиялық облысынан тұратын болды.
Қазақ АКСР Орталық атқару комитетінің 1925 жылғы 9 ақпандағы
шешімімен астана Орынбордан Ақмешітке көшірілді. Жаңа астанада 15—
19 сәуір күндері өткен Қазақстан Кеңестерінің V съезі қазақ халқының
тарихи есімінің патшалык билік тұсында бұрмаланып қырғыз» аталғанын
ескеріп, халыққа өз атын қайтарды. Соған байланысты Қырғыз АКСР-і
ендігі уақытта Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы
аталатын болды. Республиканың жаңа астанасы Ақмешіт каласының аты
(бұрынғы Перовск) Қызылорда болып өзгертілді.
«Кіші Қазан» курсы
1925 жылы жазда республика басшылығына Орталық Филипп Исаевич Голощекинді жіберді.
Жергілікті жағдаймен танысып алған соң Ф.Голощекин И.Сталинге арнайы хат жолдап, онда
ендігі уақытта басымдылық жалпыұлттық міндеттерге емес, қазақ ауылын кеңестендіруге,
республика өмірінде коммунистердің үлес салмағын күрт арттыруға, басқару аппараттарын
жергіліктендіруге, яғни қазақ бұқарасына қазақша қызмет жасауға, сондай-ақ «үлкен саясатқа»
емес, қалың қазақ бұқарасаның күнделікті мұқтаждықтарын қанағаттандыруға берілмек екендігін
тәптіштеп айтты. Ф.Голощекин ұсынған «Кіші Қазан» концепциясы осындай тұжырымдардан
тұрды және ол И.Сталиннің толық қолдауын алды.
Қазақстандағы кеңестік мемлекеттік автономия қызметіне ұлттық сипат, мазмұн беруге күш
салған саяси топ (С.Қожанов, С.Сәдуақасов, Ж.Мыңбаев, Н.Нұрмақов, т.б.) Голощекин ұсынған
«Кіші Қазан» бағдарламасын қазақ ауылында «азамат соғысын» тудыру әрекеті есебінде
қабылдады. Қазақ қайраткерлері арасындағы келесі бір топ (О.Исаев, І.Құрамысов, Ғ.Тоғжанов,
т.б.) ендігі уақытта басымдылықтың жалпыұлттық емес, таптық саяси мәселелерге берілгенін жөн
санады. Республика өміріндегі саяси тартыс, негізінен, осы екі топтың арасында жүрді.
Ф.Голощекин бастаған саяси басшылық қазақ ауылын кеңестендіру жолында тұрған негізгі
кедергі байлар табы деп түсінді. Сондықтан да 1926 жылы 20 мамырда «Жерге орналаспай жер
пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін
уақытша қайта бөлу туралы» заң қабылдап, байларды мал жайылымынан айыру шарасын осы
жылдың маусым және шілде айларында бастап кетті.
Отырықшыландыру
1927 жылы ақпанда БОАК төралқасы көшпелі, жартылай көшпелі қазақтарды
жерге орналастыру туралы шешім қабылдады. Голощекин Қазақстандағы егістікке
жарамды жерлерге орыс шаруаларын қоныстандыру мақсатын бірінші кезекке
қоюға тырысты. Бұл Н.Нұрмақов, Ж.Сұлтанбеков сияқты қайраткерлердің заңды
қарсылығын тудырды. Сол 1927 жылы қарашада өткен VI Жалпы- қазақтық партия
конференциясы Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттарды жаппай жерге
орналастыру қажеттігі жөнінде қаулы қабылдады. Ол қаулыны БОАК өзінің 1927
жылы 12 желтоқсандағы қаулысында толық мақұлдады. Соның нәтижесінде
Қазақстан үкіметі 1928 жылы 4 наурызда «Қазақ АКСР-де жерге орналастыру
тәртібі және жерді пайдалануды ретке келтіру туралы» арнайы қаулы кабылдады.
Бұл қаулыны іске асыру барысында басымдылық қоныс аударушыларға берілді. Ал
көшпелі және жартылай көшпелі қазақ қожалықтарын отырықшы тұрмысқа аудару
мынадай қарқында жүргізілді: 1930 жылы — 87 136, 1931 жылы — 77 508, 1932
жылы — 77 674 және 1933 жылы — 242 208 қожалықтар арнайы белгіленген
жерлерге орналастырылды. Қазақ қожалықтарын жаппай отырықшы тұрмысқа
аудару оларды мемлекет тарапынан материалдық және қаржылай қолдаусыз, құр
науқаншылық шаралар арқылы жүргізілді.

Ұқсас жұмыстар
Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер
Түрксіб темір жолы
Қазақстанда индустрияландыруға бағыт алу
Әскери Коммунизим саясаты
ИНДУСТРИЯЛАНД ЫРУҒА БАҒЫТ АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАҒЫТТАРЫ
Солтүстік Қазақстан облысының индустрияландыру картасы
Голощекиннің Кіші Қазан төңкерісінің бағыты
Оқушыларды бағалау
ҰЖЫМДАСТЫРУДЫҢ ЗАРДАПТАРЫ
Ауыл шаруашылығын ұйымдастыру
Пәндер