Генотиптік өзгергіштік


Slide 1

§49. Генотиптік өзгергіштік .

Мутациялар, геномдық, хромосомалық, гендік

Алматы 2017

Slide 2

Жоспары

Өзгергіштік, типтері мен түрлері. Фенотиптік өзгергіштік. Реакция нормасы. Фенокопиялар.

Генотиптік өзгергіштік, анықтамасы, жіктелуі:

а) комбинативтік өзгергіштік

б) мутациялық өзгергіштік

Қорытынды:

Slide 3

Өзгергіштік - тірі ағзалардың жаңа белгілерге ие болу қасиеті.

Slide 4

Модификациялық өзгергіштіктің келесі түрлерін ажыратады:

модификациялар,

морфоздар,

фенокопиялар

Slide 5

Фенотиптiк (модификациялық) өзгергiштiк.

генотиптiң өзгеруiнсiз сыртқы орта факторларының тікелей әсерінен фенотиптің өзгеруімен байланысты

бұл белгiлер тұқым қуаламайды

ағзаның тiршiлiк ету ортасына бейiмделуiн қамтамасыз етедi.

Slide 6

Модификациялық өзгергіштіктің маңызы.

Ағзалардың тiршiлiк ету ортасына бейiмделуiн қамтамасыз етедi

Фенотиптік өзгергіштіктің заңдылықтарын білу медицина тәжірбиесі үшін өте маңызды, бұл сыртқы орта факторларының не олардың жиынтықтарының фенотиптің қалыптасуындағы ролін анықтауға мүмкіндік береді.

Фенокопияларды білу дәрігерге :

а) дұрыс диагноз қоюға;

б) аурудың жағдайына дәлірек болжам жасауға және болашақта сол жанұяда ауру бала туу мүмкіндігін анықтауға мүмкіндік береді.

Slide 7

Модификациялар - фенотиптің тұқым қуаламайтын өзгерістері, сыртқы орта факторларының әсерінен дамиды, сыртқы ортаға бейімделу болып табылады, алайда олар қайтымды, орта факторының әсері жойылғанда қайта орнына келеді. Мысалы: оттегінің мөлшері төмендегенде қанда эритроциттердің мөлшерінің азаюы.

Slide 8

Морфоздар - бұл фенотиптің ортаның экстремальды факторларының әсерінен дамитын тұқым қуаламайтын өзгерістері, олар бейімделуді қамтамасыз етпейді және қайтымсыз (мысалы: күйіктер, тыртықтар) .

Slide 9

Фенокопиялар - бұл тұқым қуалайтын аурулардың фенотипіне ұқсас фенотиптің қалыптасуы жүретін фенотиптің тұқым қуаламайтын өзгерістері.

Мысалы:

1. Пародонтоз - десмотонтоз немесе Готтлиб синдромы

2. Тіс эмалының гипоплазиясы - оның фенокопиялары

3. Фиброздық гиперплазия (эпилипсияда дифенилгидантоинды қабылдауға байланысты) - Фиброматоздың тұқым қуалайтын формалары

4. Ерін және таңдай жырығы (жүктіліктің 1 триместрінде сәулелену не гормональды әсер, токсикоздың ауыр түрі) - тұқым қуалайтын ерін және таңдай жырығы (50 -ден астам синдромдар)

Фенокопиялар тұқым қуаламайды.

Slide 10

Модификациялық өзгергіштік (реакция нормасы)

Белгінің модификациялары минимумнан максимумға қарай реакция нормасының шегінде өзгеретін вариациялық қатар түзеді. Модификациялық өзгергіштіктің генотиппен анық талатын шегі реакция нормасы деп аталады. Реакция нормасы генетикалық факторлармен бақыланып, тұқым қуалайды.

Мысалы: ағаш жапырақтарының мөлшері

Адамның сандық белгілерінің өзгеруі. Адамның сандық белгілері:

Тері түсінің интенсивтілігі

Қан қысымы, қан құрамындағы эритроциттер мөлшері

Салмағы және т. б.

Slide 11

2. Генотиптік өзгергіштік - генотиптің (генетикалық материалдың) өзгеруімен байланысты өзгергіштік сыртқы ортаға факторларына тәуелсіз және тұқым қуалайды.

Генотиптік өзгергіштік

Комбинативтік өзгергіштік

Мутатциялық өзгергіштік

Slide 12

Комбинативтік өзгергіштік -ата- аналар гендерінің қайта үйлесуіне (комбинациясы) байланысты өзгергіштік. Комбинативтік өзгергіштікте ата-аналарының гаметаларының қосылуының нәтижесінде гендердің жаңа комбинациялары пайда болады, бірақ ол гендер және хромосомалар ешқандай өзгеріске ұшырамайды.

Комбинативтік өзгергіштіктің механизмдері:

Ұрықтану кезінде гаметалардың кездейсоқ қосылуы

Биологиялық түрлердің әртүрлілігін, бір түрдің дараларының әртүрлілігін және олардың тіршілікке қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Мысалы: адамдардың алуан түрлілігі, бір жанұяда балалардың әртүрлілігі

Slide 13

Мутациялық өзгергіштік

Мутациялар(латынша mutatio -өзгеріс) - генетикалық материалдың сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен өзгерулері.

Мутация генотиптің де фенотиптің де өзгеруімен жүреді және ұрпақтан ұрпаққа беріледі.

Мутациялар кенеттен, секірмелі дамиды.

Бұл терминді ғылымға енгізген Г. Де Фриз (1901 ж) .

Slide 14

Мутациялық өзгергіштік

Мутациялардың түзілу процесін мутагенез деп атайды.

Мутацияларды тудыратын факторларды мутагенді факторлар деп атайды.

Мутагенді факторлар

Физикалық факторлар

Химиялық факторлар

Биологиялық факторлар

Slide 15

Мутагендік факторлар

Физикалық: сәулелердің әртүрлі түрлері, температура, ылғалдылық және т. б.

Химиялық: а) табиғи органикалық және органикалық емес заттар (нитраттар, алкалоидтар, гормондар, ферменттер және т. б. ) ;

б) табиғи қосылыстардың (мұнай) өндірістік өңдеу өнімдері;

в) синтетикалық заттар(дәрілер, пестицидтер, тағам консерванттары, инсектицидтер, бояулар) және т. б.

Биологиялық: а) вирустар (қызылша, қызамық; грипп) б) паразитарлық агенттер (бактериялар, рикетссиялар, қарапайымдар, гельменттер) .

Slide 16

Мутациялардың жіктелуі

1. 1. Пайда болу себептеріне

байланысты

Спонтандық немесе табиғи мутациялар - адамның қатысуынсыз табиғи мутагендік факторлардың әсерінен дамиды;

Индукциялық немесе жасанды мутациялар - белгілі мутагендік факторларды бағыталған әсерінен дамиды (адамның қатысуымен) .

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Өзгергіштік және оның түрлері. Комбинативтік өзгергіштік
Тұқым қуалайтын белгілер
Генетикалық материалдың өзгергіштігі
Модификациялық өзгергіштік
Гендік мутациялар
АҒЗАЛАРДЫҢ ӨЗГЕРГІШТІГІ
Тұқым қуалаушылықпен өзгергіштіктің маңызы
МУТАЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРГІШТІК
СРО МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ ӨЗГЕРУ ТҮРЛЕРІ
СҰРЫПТАЛУ, ӨЗГЕРГІШТІК. ДНҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz