Биофизикалық зерттеулердің даму тарихы


Slide 1

Биофизикалық зерттеулердің даму тарихы

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Биофизикалық зерттеулердің даму тарихы

Негізгі бөлім

Алғашқы биофизикалық зерттеулер

Биофизика - орта ғасырлардағы табиғаттану проблемасы ретінде

Қайта өркендеу дәуіріндегі медицина және физика

20-ғасырдағы биофизика

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Биофизика ғылым ретінде

Биофизика, биологиялық физика (био. . және физика) - тірі организмдерде жүретін физикалық және физикалық-химиялық процестерді, сондай-ақ, биологиялық жүйелердің ультрақұрылымын зерттейтін ғылым. Физика, химия, математика ғылымдарының идеясы, теориялық негіздері мен биологиялық әдістердің ұштасуы Биофизиканың дамуына зор мүмкіндік туғызды.

Slide 4

Биофизика - биологиялық құбылыстардың негізінде жататаын ең қарапайым және фундаменталді қатынастар туралы ғылым. Биофизиканың теориялық құрылымы мен үлгісі энергияның және күштің,

арақатынастар типтерінің физикалық ұғымдарына және формалды кинетиканың, физиканың, термодинамиканың ақпараттар теориясының жалпы ұғымдарына негізделген. Бұл ұғымдар материя қозғалысының жалпы заңдылықтары мен арақатынастарының табиғатына көрініс береді, ал бұл физика - фундаменталді жаратылыстану ғылымы пәнін құрайды. Биологиялық ғылым ретінде биофизиканың басты назары биологиялық үрдістер мен құбылыстарда жатыр. Қазіргі кездегі биофизиканың негізгі тенденциясы - тірі құрылымдық ұйымның молекулярлық негізін құрайтын ең терең элементарлы деңгейге жету болып табылады.

Slide 5

Биофизика қазіргі биологияның бірнеше маңызды мәселелерді шешуде рөл атқарады

биологиялық жүйелерді реттеу мен оларды басқаруды;

биополимерлердің қызметінің механизмі және молекулярлы динамикасын ;

күн энергиясының биоконверсиясын

Slide 6

Биофизикалық зерттеулердің даму тарихы

Физика мен химия заңдылықтарын биологиялық құбылыстарды талдауға қолдану жөніндегі биофизикалық жеке зерттеулер XVII ғасырдан белгілі. Француз ғалымы Р. Декарт адам денесін күрделі машина деп, ал Италия ғалымы Л. Гальвани жануарлардың организміне электр тогымен әсер еткенде, олардың бұлшық етінің жиырылуын “жануарлардың электрлік қасиеті” деп қараған. XIX - XX ғасырларда энергияның сақталу және айналу заңы (Ю. Р. Майер), қозудың иондық теориясы, жарықтың биология құрылымдарға әсері (Г. Гельмгольц, П. П. Лазарев), тірі организмдердің мүшелері мен клеткаларындағы осмостық және биоэлектрлік қасиеттер (Э. Дюбуа-Реймон, Ю. Бернштейн, Ж. Леб, В. Нернст) зерттелді.

Slide 7

Биофизика өз алдына ғылым ретінде 19 ғ. бастап қалыптаса бастады. Көптеген физиолог ғалымдар қазіргі кездегі биофизикалық зерттеу обьектілерімен сол кездің өзінде-ақ

айналыса бастады. Мысалы, белгілі физиолог

И. М. Сеченовтың осы бағыттағы зерттеудің пионері деп айтуға болады. Ол тыныс алу процесінің динамикасын зерттей отырып, биологиялық ерітінділердегі газдардың еру заңдылықтарын анықтады. Белгілі физик Гельмогольц термодиннамика проблемалардын зерттеуде тірі жүйелер энергетикасын түсінуге жол ашты. Ол көру мүшелерінің жұмысы мен нерв бойымен қозудың жылжу жылдамдығын зерттеді. ХХ ғасырда 50 жылдардың басында СССР-

ға . Биофизика институты мен М. Ломоносов атындағыМГУ-дің биология - топырақ тану Факультетінде биофизика кафедрасы ашылды.

Гельмогольц

Slide 8

Уильям Гарвей

1578-1657

Гидродинамикеа жайлы түсінік → қанайналым.

Рене Декарт

1596-1650

Көз оптикалық құрал реінде «Диоптрика» (1637)

Дж. Борелли

1608-1679

Жүру, жүгіру, жүзу, сүңгу түсініктерінің механикалық принциптері

Леонард Эйлер

1707-1783

Гемодинамика жайлы түсінік - қанның және басқа да биологиялық сұйықтықтардың қозғалуы.

Антуан Лоран Лавуазье

1743-1794

Флогистон теориясын жоққа шығарды, жануарлардың тыныс алуы = қышқылдану және жану в-в, екенін дәлелдеді.

Луиджи Гальвани

1737-1798

ē токтың организмде бар екенін дәледеді

Slide 9

Роберт Майер

1814-1878

Жылу эквивалентін теориялық тұрғыда дәлелдеді

Герман Иванович Гесс

1840

Химиялық процесстің жылусыйымдылығы бастапқы және соңғы өнімге байланысты екенін дәлелдеді.

Макс Рубнер

1854-1932

Белок, май және көмірсулардың жылу эквивалентін орнатты.

Эрвин Шредингер

Термодинамиканы тірі ағзаға эксперементальды түрде алғаш көрсетті

Slide 10

Томас Юнг

1773-1829

Жарық интерференциясын дәлелдеді. Көз аккомодациясын зерттеді

К. Маттеуччи

1837

Физиологиялық реоскоп.

Эмиль Дюбуа-Реймон

1818-1896

Идукциялық катушканы ойлап тапты. (Бақамен тәжірибесі

Slide 11

Кейінірек биофизика

кафедралары А. Жданов атындағы ЛГУ мен басқада

университеттер мен медициналық институттарда да

ашыла бастады.

Slide 12

Биофизиканың Қазақстанда іргелі жеке ғылым саласы болып қалыптасуы

1973 ж. С. М. Киров атындағы КазГу-дің биология кафедрасында да биофизика ашылды ( кафедра меңгерушісі профессор В. М. Инюшин) . Кафедра қызметкерлері қолданылмалы биофизика мен фотобиология мәселелерімен айналысты.

Slide 13

Биофизиканы біздің еліміз бен шет елдердегі дамуы 20 ғасырдың 40 жылдарының аяғынан басталады . Биофизиканың барынша дамуына Американың Жапонияға қарсы атом қаруын қолдануы себеп болды. Биофизика ғылыми зерттеу институты ашылып, МГУ, ЛГУ және басқада университеттер мен медициналық институттарда биофизика кафедрасы ашылды. 1973 жылы КазГу-де биофизика кафедрасы ашылып, бұл- Орта Азия мен Қазақстанда ұйымдастырылған алғашқы кафедра болды.

Slide 14

Биофизика биологияның теориялық негізін қалады (биотермодинамика) . Биофизика медицинамен, экология поблемаларымен, инженерлік психологиямен, ауылшаруашылығымен, тамақ өндірісімен, геофизика және сейсмологиямен тығыз байланысты. Биофизиканың табыстары терапияда, диагносикада, биотехнологияда, қоршаған ортаны зерттеуде жаңа әдістемелердің пайда болып, дамуына ықпал береді.

Slide 15

Биофизика кафедрасының жүргізген зерттеулері

• «ШУДЫҢ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ӘСЕРІН ҚОЯНДАРДЫҢ ТЕРІСІНДЕГІ АУРИКУЛЯРЛЫ БИОАКТИВТІ НҮКТЕНІҢ 1 БИОФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТІ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУДІ»

• «Қуық асты безі метастатикалық ісік клеткаларының тіршілік қабілетіне төмен температуралық атмосфералық 2 плазманың әсерін зерттеуді. »

• «БИОФИЗИЧЕСКИЕ ПРЕДВЕСТНИКИ ЗЕМЛЕТРЯСЕНИЙ,

3 ПЕРСПЕКТИВЫ АНТИСЕЙСМИЧЕСКОЙ ЗАЩИТЫ»

Slide 16

Биофизика объектілері

биополимер,

субклеткалық түзілістер,

биомембрана,

клетка,

орган,

организм,

популяция,

биоценоз,

биосфера.

Slide 17

Бөлімдер

Қарастыратын сұрақтар

Кванттық биофизика

Кванттық биофизика биологиялық жүйелер электрондық деңгейлерінің құрылымын; биомолекулалардың донорлық-акцепторлық қасиеттерін; заттардың жарықты жұту кезіндегі электрондық ауысуларды т. б. оқытады. Молекулалардың жарықты жұту қабілеттілігі заттардың сандық және сапалық құрамы мен химиялық құрылымын түсіндіруге арналған медицина мен биологияда кеңінен қолданылатын спектрофотометрияға негізделген. Биология мен медицинада ертінділердің емес биологиялық бөлшектердің лай суспензияларының жұтылу спектрін көбірек өлшейді .

Молекулалық биофизика


Ұқсас жұмыстар
«Қазақстандағы биофизикалық зерттеулердің тарихы және қазіргі жағдайы»
Биология және биотехнология факультеті
Өсімдік физиология - сының даму
Физиологиялық адаптация
Дительдің сипаттамалық психологиясы
Психолингвистика тарихы
ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕЖЕЛУІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ӘДІСТЕРІ
Фототерапия тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz