Жыныс гормондары



Жыныс гормондары
Тастанбекова А. А
Қайрат Б. Қ

Жыныс бездері - аралас бездерге жатады, яғни ішкі және сыртқы секреция бездерінің қызметтерін қатар атқарады:
Сыртқы секрециялық белгісі
Ішкі секрециялық белгісі
ер адамдардың жыныс бездерінде жыныс жасушалары - сперматозоидтар, әйелдерде жұмыртқа жасушасы түзіледі.
жыныс бездерінде бөлінетін жыныс гормондары бірден қанға бөлінеді.

Гормондар арқылы зат алмасу, өсу, даму үрдістері реттеледі.
метаболизмдік - зат алмасу үрдістерінің әртүрлі жағдайларына, жиілігіне әсері
түзетілуші (коррекциялық) - ұлпалар мен ағзалар қызметінің қарқынын өзгертуге әсері (жоғарылату, төмендету, жылдамдату, тездету, бәсеңдету қозғалыстары) .
кинетикалық - қызмет орындаушы ағзалардың белсенділігіне және оларды қызметке қосуға немесе тежеуші факторларға әсері

Жыныс гормондарының әсері
Екінші жыныс белгілерінің дамуына, пайда болуына көмектеседі. Олар тиісті жынысты сипаттайды - жыныс мүшелерінің өсіп дамуы, түк пен май қабаттарының пайда болуы, қаңқа дамуы т. б. үрдістерді қамтамасыз етеді.
Денеде зат алмасуды, анаболизмдік үрдістерің күшейтеді, яғни күрделі органикалық қосылыстардың түзілуін күшейтеді, белок, соның ішінде ферменттердің де жасалуын жоғарылатады. Осыған байланысты дене салмағы артады.

Жыныстық жетілу кезеңдері
пубертат
жыныстық жетілген
кезең
жыныс әрекеттің
бәсеңдеуі

Пубертат - әйел мен еркек жыныс ағзаларының репродуктивті жүйе қызметінің құрылу кезеңі. Ол жыныстық жетілумен аяқталады - ұрпақ өрбітуге қабілетті болады. Ол өз кезегінде 3 фазадан тұрады:
1) Балалық фаза (препубертатты фаза) - жыныс жетілу алдындағы 2-3 жыл мерзімді жатқызады. Пубертат белгілерінің дамуында бүйрекүсті бездерінің гормондары қатысады.
2) Бейтарап фаза (меншікті пубертатты кезең) - ұлдарда шамамен 10 жастан 14 жасқа дейін, қыздарда 9-дан 12 жасқа дейін созылады. Бейтарап фаза шап аймағында түктердің өсуінен бастап, сүт бездерінің қыздарда ісінуімен жүреді.
3) Ересек (постпубертатты кезең) - ер балаларда 14-тен 18-ге дейін, бойжеткендерде орташа 13-тен 16 жасқа дейін созылады. Жыныс әрекеттің кезекпен дамуы және екіншілік жыныс белгілерінің толық түзілуі болады.

Жыныстық жетілген кезең (жеткіншек) . Бұл мерзім әр адамда жеке-дара жүреді. Әйел адамдарда ол 16-18 жасына, ал ерлерде 18-20 жасқа сай келеді. Осы кезең ер мен әйелдің бала тууға дайындығымен, қанда гормондардың максимальды дәрежеде болуымен сипатталады.

Жыныс әрекеттің бәсеңсуі ерлерде шамамен орташа 60 жастан кейін, әйелдерде 45-50 жас шамасына сай келеді.


Аналық бездер үш түрлі жыныс гормондарын бөледі:
эстрогендер
прогестиндер
релаксин және аз мөлшерде еркек жыныс гормондары (андрогендер), кортикостероидтар.

Эстрогендерге: эстрадиол, эстрон және эстриол жатады. Олардың ең негізгісі - эстрадиол, эстроннан 10 есе, эстриолдан 50 есе активті (белсенді) . Алғаш эстраген синтезделеді, оның айналған (өзгерген) азығы - эстрон және эстриол болып табылады. Эстрадиол клеткада фолликуланың ішкі қабығында овуляцияға дейін синтезделеді. Эстрогендер негізінен жойылады.
Эстрадиол

Эстрогендердің негізгі арнайы әсер етуі - бұл біріншілік және екіншілік әйел жыныс белгілерінің дамуын реттеу болып табылады.
Эстрогендердің секрециясы төмендесе немесе болмаса әйел ағзасындағы жыныс мүшелері инфантильді (өспей) қалады, екінші белгілері де дамымайды.

Эстрогендер әйел және еркек ағзасында да өте көп маңызды әртүрлі жалпы әсерлер көрсетеді. Олар анаболиттік әсермен сипатталады (клетка мен мүшелердің салмағының өсуі) . Сүйек тіндерінде негізгі әсер көрсетеді.
Эстрогендердің секрециясының күшеюі жас кезде болса өсуді тоқтады, бірақ бет әлпеті үлкенге ұқсайды, ал секрециясының азаюы түтікшелі сүйектердің шамадан тыс өсуіне алып келеді, сондықтан олардың аяқ-қолдары ұзын болады.

Қазіргі кезде эстрогендерге ұқсас немесе оның туындыларына сәйкес келетін көптеген қосылыстар синтезделген.
Әйел жыныс гормондарының басқа тобы - гестагендер. Олардың ішіндегі негізгісі - прогестерон. Прогестерон негізінен әйел ағзасында сары денеде пайда болады. Бұл уақытша ғана циклмен пайда болатын эндокринді без, егер жүктілік басталмаса менструалды циклдің екінші жартысында жарылған фолликула орнында пайда болып, қызметін атқарады.
Гестаген

Прогестерон жүктілік кезінде гипофиздің гонадотроптық гормондарының түзілуін, фолликуланың дамуын, жатырдың жиырылуын бөгеп, ұрықтың өсуіне, сүттену процесінің басталуына ықпал етеді.

Аталық гормондар
Аталық гормондар (андрогендер) аталық бездің (еннің) аралық ұлпаларындағы Лейдиг торшаларында түзіледі. Ал, бездің Сертоли торшаларында аз мөлшерде эстрогендер (аналық жыныс гормондар) түзіледі.

Еркек жыныс бездері - андрогендер қанға бөлінеді. Андрогендік активтілігі бар 100-ге жуық қосылыстар анық. Олардың бірнешеуі ғана табиғи гормондар болып табылады.
Ең белсенді андроген - тестостерон. Ол шәуеттің аралық клеткаларында, тәулігіне 3, 5 мг-ға жуық бөлінеді (үлкен еркектерде), 0, 5 мг тестостерон бүйрек үстінде синтезделеді.
Үлкен әйелдерде тәулігіне 1 мг-ға жуық тестостерон бүйрек үстінде және аналық безде синтезделеді. Егер әйел организмінде 1 мг-ден көп синтезделсе еркектерге тән қасиетке ие болады
Тестостерон

Тестостерон еркектерде бірінші жыныс белгілерінің дамуын реттейді, қуық асты безінің өсуін және секрециясын күшейтеді, жыныс мүшелерін өсіреді. Оның әсерінен екінші жыныс белгілері де дамиды: өзіне тән түктердің өсуі, дыбыс тембірі төмендеп, дене бітімі еркектердікіне ұқсайды.

Андрогендер жалпы биологиялық әсерге де ие. Олар да басқа өсу гормондары, инсулин, эстроген сияқты күшті анаболиттік зат болып табылады. Тіндер мен клеткалардың көлемінің үлкеюін, клеткада азоттың жиналуы мен белок синтезінің көбеюі, кальций, фосфар, натрий, калий, хлор, судың жиналуын күшейту нәтижесінде тудырады. Сондықтан еркектердің бұлшық еттері әйелдерге қарағанда күшті дамыған және жүрек көлемі де үлкен.
Андроген (балансты реттеуші)

Жыныс бездерінің секрециясының бұзылуын екіге бөлуге болады:
Жыныс бездерінің секрециясының бұзылуы
Секрецияның күшеюі - гипергонадизм
Секрецияның төмендеуі - гипогонадизм

Жыныс бездерінің секрециясының жоғарылауы жас балалардың организмінде ерте жыныстық жетілумен сипатталады. Гипергонадизм жағдайы үлкен әйелдерде де кездеседі. Олар әртүрлі акушер-гинекологиялық патологиямен көрінеді.
Ерте жетілудің негізгі себептері:
Бездің зақымдалуы (ұл балаларда көп кездеседі) ;
Жыныс бездерінң ісіктері;
Бүйрек үсті бездерінің ісіктері;
Гипоталамо-гипофизарлы жүйенің зақымдалуы (ісіктер, су жиналу, жарақат, энцефалит, т. б) .
ГИПЕРГОНАДИЗМ

Жыныс бездерінің дамуы мен қызметінің төмендеуі болады:
Өмір сүру барысында пайда болған
Туа біткен
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz