Ихтиология ғылымының салалары балықтар физиологиясы


Slide 1

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Тақырыбы: Балықтарды зерттеудің стандартты бағдарламасын дайындау

Орындаған: Әлімқұлова З.

Рысбекова А.

Тастанбекова А.

Хабитқанова Н.

Қабылдаған: Есжанов Б

Slide 2

Жоспар:

І. Кіріспе

Ихтиология ғылымы жайлы жалпы түсінік

ІІ. Негізгі бөлім

Балықтарғп алғаш зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдар

Балықтарға жүргізілген зерттеу жұмысының стандарттары

ІІІ. Қорытынды

VI. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Ихтиология

Ихтиология (лат. ichthys - балық және логия) - балықтар мен дөңгелекауыз-дыларды, (миксиндер мен тілтістер) зерттейтін омыртқалылар зоология-сының бөлімі болып табылады.

балықтардың сыртқы белгілері мен ішкі құрылысын (морфологиясы мен анатомиясын),

Ихтиология

ғылымы

балықтардың сыртқы ортаға бейімделуін, бейорганикалық және органикалық қарым-қатынасын (экологиясын

жеке организмнің эмбриологиясын және түрлердің, туыстардың, тұқымдастардың, отрядтардың, т. б. эволюциясын немесе филогениясын,

сондай-ақ, балықтардың географиялық таралуын (зоогеографиясын) және балықтар үйірінің санын, оның ауытқу заңдылықтарын зерттейді

Slide 4

Ихтиология ғылымының салалары

балықтар физиологиясы;

балық өсіру, өндірістік балық аулау;

балықтар эмбриологиясы;

балық өндірісінің шикізат қоры;

балық тағамдарының технологиясы, балықтар аурулары;

Slide 5

Балықтарды зерттеу тарихы

Балықты өңдеу туралы ал-ғашқы деректер Ежелгі Мы-сырдың (б. з. б. 3700 - 3600 жылы) папирустары мен жар-тастарындағы суреттерде кез-деседі

Балықтарды ғылым тұрғыдан зерттеу жұмыстары 16 ғасыр-дың ортасынан, француз ға-лымдары П. Белона мен Г. Ронделе және италияндық биолог И. Сальвиани еңбекте-рінен басталады.

П. Белона

Г. Ронделе

Slide 6

18 ғасырдың басында швед ихтиологы П. Артеди балықтар жіктелімін жасады. 18 ғасырда Ресейде балықтарды зерттеу С. И. Крашенников, И. Лепе-хин, П. Паллас есімдерімен ты-ғыз байланысты.

19 ғасырда К. Бэр мен Н. Данилев-скийдің Каспий, Азов, Қара теңізде-ріндегі жүргізген зерттеулері ерекше орын алды, соның нәтижесінде ба-лықтарды қорғаудың ғылым негіздел-ген шаралары мен балық аулауды ұтымды ұйымдастыру жолдары ұсынылды.

П. Артеди

И. Лепе-хин

П. Паллас

К. Бэр

Slide 7

Қазақстан ихтиологиясы

1959 жылы Қазақстан Ғалымдар Академиясы-ның Зоология институтын-да әуелі сектор, кейіннен ихтиология және гидро-биология бөлімшесі Арал, Балқаш, Алтай бөлімшеле-рін қамтитын Қазақ балық ш. ғылым-зерт. ин-тына (КазНИИРХ) айналды.

1961 жылы ҚазМУ-де (қазіргі Қазақ ұлттық ун-ті) ихтиология және гидробиология кафедрасы ашылды.

Республикамыздағы Ихти-ологиялық зерттеулердің нәтижелері республикалық ғылым-зерттеу институтта-рының, Қазақстан Ұлттық Ғалымдар Академиясы-ның, ҚазҰУдің ғылым ең-бектерінде, ТМД және көптеген шет ел журнал-дарында басылды

Slide 8

Қазақстан ихтиофаунасын іргелі зерттеу

Қазақстан суларының балықтарын іргелі зерттеу 18 ғасырда Палластың еңбекте-рінен басталады. Ол 1768 - 73 жылы Санкт-Петербургтен Байкал бойына жасаған саяхаты кезінде Каспий теңізі мен Еділ, Жайық, Ертіс өзендерінің ихтиофаунасын зерттеді

Қазақстанның ихтиофаунасын тануда 19 ғасырдың 2-ші жартысында ғалым-сая-хатшылар Н. А. Северцов пен А. П. Федченконың, К. Ф. Кесслердің, А. И. Шренктің, Н. М. Пржевальскийдің, т. б. жинаған мәліметтері мен ғылым-зерт-теулерінің маңызы ерекше болды

Қазақстан ихтиофаунасын зерттеудің жаңа кезеңі КСРО Ғалымдар Академиясының 1932 жылы Қазақстанда ұйымдастырылған базасымен бай-ланысты. Осы кезеңде Қазақстанның ихтиофау-насын зерттеуде Г. В. Никольский (Арал су ала-бы), П. Ф. Домрачев (Балқаш су алабы) және т. б. ғалымдар елеулі үлес қосты.

Slide 9

Арал теңізінің балықтары туралы алғашқы деректерді Г. Мейендорф берді (1820) .

Slide 10

Табылған жері Балық ауланған су қоймасының - арық, тоған, өзен, көл, теңіз немесе теңіз бөлі-гінің атауын жазу керек. Белгісіз су қой-маларын осы су қоймасы қарайтын бас-сейн атымен атайды. Мысалы Мыргань өзені - Амур бассейні

Балықтарға жүргізілген зерттеу жұмысының стандарттары.

Slide 11

Балық ауланған уақыты тіркеледі. Айы, күні, жылы. Аулан-ған адамның толық аты жөні туралы мәліметтер жазыла-ды. Аулаған балық туралы ғылыми және жергілікті атауы толық жазылады. Жергілікті атаудың құндылығы атауында балықтың биологиялық және морфологиялық ерекшелік-терінің болуында. Мысалы мөңке балық жергілікті атауы табан балық. Атауынан балық морфологиясының табанға ұқсастығын аңғаруға болады. Сонымен қатар жас ерекше-лігіне байланысты да атауын тіркеу керек. Мысалы - кіші-леу аққайраң; жас-сазан, көксерке

Slide 12

Балықтың салмағы

Зерттеу объектісінде алыңған балық-тың салмағы маңызды. Гр мен немесе кг үлесімен көрсетіледі. Сонымен қа-тар балықтың салмағы оның қорек-тену көлемін көрсетеді.

Балықтың ұзындығы

Балықтардың ұзындығы негізгі зерттеу стан-дарты және салыстырмалы құрал ретінде қол-данылмайды. Зерттеу барысында жеке бөлік-терінің ұзындығы маңызды.

Slide 13

Тері жамылғысының жай-күйін анықтайды

Бекіре балықтарында тері жамылғысының зақымдану дәрежесі жарақаттар саны (терінің жарылуы, бұлшық ет тінінің жыртылуы) және ең көп жырылу көлемі (сантиметрмен) бойынша анықталуы тиіс. Жарадағы ірің және тіндердің патологиялық өзгерістері болмаған кезде жарақат жаңа (қатерсіз), ірің болған кезде - қисық (сапасыз) ретінде жіктеледі.

Ұсақ балықтарда әрбір балықтың дене терісінің зақымдануының сипаты мен көлемін анықтау талап етілмейді, ал денесінің зақымдануы бар бақылау партиясындағы балықтардың саны %- бен анықталады.

Slide 14

Көздің құрылысын анықтау керек:

Көздің жай-күйі мөлдір қабықтың дәрежесімен және көз алмасының орбитасының деңгейіне қатысты жағдайымен сипатталады.

Балықтың барлық түрлері үшін бозғылт жабындар, күңгірт қабыршақтар, жабысқақ шырыштың қалың қабатымен жабылған, іштің кебуі, лайланған және құйылған көздер мен т. б. белгілер қатерсіз көрсеткіш болып табылады.

Slide 15

Іштің және аналь тесігінің жағдайын анықтау

Ішектің ішіндегі заттардың ыдырауы нәтижесінде асқазан мен ішекті тұндыратын газдар пайда болады. Бұл ретте іштің көлемі артады және іш қабырғаларының жарылуы мүмкін.

Гелминттердің бар-жоғын анықтау

Балықтың кез келген органдары мен денесінің бөліктерінде (қабыршық, тері, асқазан-ішек жолы, бауыр, уылдырық, бұлшықет тіні, ми, жүрек және т. б. ) қандай да бір паразиттің (гельминт) мекендейтін орны бола алады.

Slide 16

Желбезек күйіне сипаттама беру

Желбезектерде қан мен шырыштың көптігі микроорганизмдердің тіршілік әрекеті үшін жақсы жағдай жасайды, сондықтан басқа органнан немесе балықтың денесінің бөлігінен бұрын оның бұзылу белгілері пайда болады. Желбезек тіндерінің және ондағы шырыштың бұзулы процесі тез өтеді. Бұл ретте желбезек жапырақтарының түсі (ашық қызылдан ашық қызғылт және лас-сұрға дейін) және олардың иісі өзгереді.

Балық желбезегі және оның құрылысы

Желбезек қатпаршалары

Желбезек саңылаулары

Желбезек кілтелері

Желбезек доғалары

Slide 17

Қабыршақты жамылғының жағдайын анықтау


Ұқсас жұмыстар
БАЛЫҚ ОМЫРТҚАСЫНЫҢ САНЫ
БАЛЫҚТАРДЫҢ ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ
Омыртқалы жануарларға сипаттама
Сергіту сәті
Қосмекенділер - алғаш құрлыққа шыққан жануарлар
Кәсіптік маңызы бар балықтар
Жасуша физиологиясы
Қалқымалық - балық денесінің тығыздығының судың тығыздығы арасындағы қатынасы
Балық консервілері жоғары құнды өнімдер
Сөз таптарына талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz