БАЛЫҚ ОМЫРТҚАСЫНЫҢ САНЫ



Балықтарды зерттеудің стандартты бағдарламасын дайындау
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Биология және биотехнология факультеті

Жоспар:
І. Кіріспе
Балықтарды зерттеу туралы алғашқы деректер
ІІ. Негізгі бөлім
Балықтарға жүргізілген зерттеу жұмысының стандарттары
Балықтарды зерттеудің әдістері мен тәсілдері
ІІІ. Қорытынды
VI. Пайдаланылған әдебиеттер

Ихтиология
Ихтиология (лат. ichthys - балық және логия) - балықтар мен дөңгелекауыз-дыларды, (миксиндер мен тілтістер) зерттейтін омыртқалылар зоология-сының бөлімі

Ихтиология салалары

Балықтарды зерттеу туралы алғашқы деректер
Балықты өңдеу туралы ал-ғашқы деректер Ежелгі Мы-сырдың (б. з. б. 3700 - 3600 жылы) папирустары мен жар-тастарындағы суреттерде кез-деседі
Балықтарды ғылым тұрғыдан зерттеу жұмыстары 16 ғасыр-дың ортасынан, француз ға-лымдары П. Белона мен Г. Ронделе және италияндық биолог И. Сальвиани еңбекте-рінен басталады.
18 ғасырдың басында швед ихтиологы П. Артеди балықтар жіктелімін жасады. 18 ғасырда Ресейде балықтарды зерттеу С. И. Крашенников, И. Лепе-хин, П. Паллас есімдерімен ты-ғыз байланысты.
19 ғасырда К. Бэр мен Н. Данилев-скийдің Каспий, Азов, Қара теңізде-ріндегі жүргізген зерттеулері ерекше орын алды, соның нәтижесінде ба-лықтарды қорғаудың ғылым негіздел-ген шаралары мен балық аулауды ұтымды ұйымдастыру жолдары ұсынылды.

Қазақстан ихтиофаунасын іргелі зерттеу
Қазақстан суларының балықтарын іргелі зерттеу 18 ғасырда Палластың еңбекте-рінен басталады. Ол 1768 - 73 жылы Санкт-Петербургтен Байкал бойына жасаған саяхаты кезінде Каспий теңізі мен Еділ, Жайық, Ертіс өзендерінің ихтиофаунасын зерттеді
Арал теңізінің балықтары туралы алғашқы деректерді Г. Мейендорф берді (1820) .
Қазақстанның ихтиофаунасын тануда 19 ғасырдың 2-ші жартысында ғалым-сая-хатшылар Н. А. Северцов пен А. П. Федченконың, К. Ф. Кесслердің, А. И. Шренктің, Н. М. Пржевальскийдің, т. б. жинаған мәліметтері мен ғылым-зерт-теулерінің маңызы ерекше болды
Қазақстан ихтиофаунасын зерттеудің жаңа кезеңі КСРО Ғалымдар Академиясының 1932 жылы Қазақстанда ұйымдастырылған базасымен бай-ланысты. Осы кезеңде Қазақстанның ихтиофау-насын зерттеуде Г. В. Никольский (Арал су ала-бы), П. Ф. Домрачев (Балқаш су алабы) және т. б. ғалымдар елеулі үлес қосты.

Қазақстан ихтиологиясы

Балықтарға жүргізілген зерттеу жұмысының стандарттары.
1
Табылған жері
Балық ауланған су қоймасының - арық, тоған, өзен, көл, теңіз немесе теңіз бөлі-гінің атауын жазу керек. Белгісіз су қой-маларын осы су қоймасы қарайтын бас-сейн атымен атайды. Мысалы Мыргань өзені - Амур бассейні

Зерттеу жұмыстары кезінде:
2
Балық ауланған уақыты тіркеледі. Айы, күні, жылы. Аулан-ған адамның толық аты жөні туралы мәліметтер жазыла-ды. Аулаған балық туралы ғылыми және жергілікті атауы толық жазылады. Жергілікті атаудың құндылығы атауында балықтың биологиялық және морфологиялық ерекшелік-терінің болуында. Мысалы мөңке балық жергілікті атауы табан балық. Атауынан балық морфологиясының табанға ұқсастығын аңғаруға болады. Сонымен қатар жас ерекше-лігіне байланысты да атауын тіркеу керек. Мысалы - кіші-леу аққайраң; жас-сазан, көксерке

Зерттеу жұмыстары кезінде:
3
Барлық балықтарды зерттеу кезінде балық жынысын міндетті түрде сипаттайды. Аталық ♂, аналық- ♀ осылай белгіленеді. Егер балық жас және визуальды жынысын анықтау мүм-кін болмаса juv -қысқартылған juvenalis деп жазылады.
Ересек балықтар үшін жыныстық өнімдері балдық жүйемен сипатталады.
Мысалы ♀ IV. Аналықтың жыныс өнімдерінің пісіп жетілу көрсеткіші төрт балдық жүйемен көрсетілген.

Зерттеу жұмыстары кезінде :
4
5
Балықтың салмағы
Зерттеу объектісінде алыңған балық-тың салмағы маңызды. Гр мен немесе кг үлесімен көрсетіледі. Сонымен қа-тар балықтың салмағы оның қорек-тену көлемін көрсетеді.
Балықтың ұзындығы
Балықтардың ұзындығы негізгі зерттеу стан-дарты және салыстырмалы құрал ретінде қол-данылмайды. Зерттеу барысында жеке бөлік-терінің ұзындығы маңызды.

6
Тері жамылғысының жай-күйін анықтайды
Бекіре балықтарында тері жамылғысының зақымдану дәрежесі жарақаттар саны (терінің жарылуы, бұлшық ет тінінің жыртылуы) және ең көп жырылу көлемі (сантиметрмен) бойынша анықталуы тиіс. Жарадағы ірің және тіндердің патологиялық өзгерістері болмаған кезде жарақат жаңа (қатерсіз), ірің болған кезде - қисық (сапасыз) ретінде жіктеледі.
Ұсақ балықтарда әрбір балықтың дене терісінің зақымдануының сипаты мен көлемін анықтау талап етілмейді, ал денесінің зақымдануы бар бақылау партиясындағы балықтардың саны %- бен анықталады.

БАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰТҚЫНШАҚ ТІСТЕРІНІҢ ФОРМУЛАСЫ
1 - бірқатарлы; 2 - екіқатарлы; 3 - үшқатарлы.
Бұл тістер бесінші (соңғы) желбезек доғасында орналасқан.
Жұтқыншақ тістер бір қатарлы, екі қатарлы және үш қатарлы болады; сол үшін белгілі бір формулалар қолданылады:
Бір жақтағы тістерді горизанталь сызық арқылы келесі жақтағы тістерден бөліп аламыз. Егер тістер бір қатар болмаса, сызыққа жақын сүйектің сыртқы (төменгі) шетінде орналасқан тістердің санын, содан кейін басқа қатарлардың санын береді. Бір қатарлы үшін, мысалы, 6-5, яғни сол жағынан 6 тіс, оң жағынан-5 (тор) ; екі қатарлы үшін, мысалы, 3. 5-5. 3, яғни сол жағынан бір қатарда үш, екінші қатарда 5 тіс, оң жағынан- бір қатарда 5, екінші қатарда-3 (ақмарқа) ; үш қатарлы тістердің формулаларының мысалы: 1. 1. 3 - 3. 1. 1
Егер тіс ауыстыру кезіндегі балық зерттеліп жатқан болса, жаңа тістермен бірге ескі тістер болса, соңғыларын санауға болмайды.

БАЛЫҚ ЖЕЛБЕЗЕКТЕРІНІҢ ТАЛШЫҚТАР САНЫ
Желбезек талшықтарының саны әдетте бірінші қатар бойынша саналады.
Жас көксеркелер негізінен ұсақ шаян тәрізділермен қоректенеді және балыққа қоректенумен ауысқан кезде олардың ұзын жіңішке желбезек талшықтары қалыңдай бастайды.
Таутандар мен алабұғаларда желбезек аппаратының структурасында тамақтануға байланысты өзгеру құбылысы байқалған.

БАЛЫҚ ОМЫРТҚАСЫНЫҢ САНЫ
Балықтарды нәсілдік зерттеу жұмыстары кезінде омыртқалардың саны маңызды.
1898 жылы Гейнке нәсілдік топшаның негізі ретінде омыртқа санын қойды.
Көптеген орыс және шетелдік авторлар балықтарды зерттеу кезінде, әсіресе нәсілдік зерттеу кезінде омыртқалардың есебін пайдаланады.
Алайда, омыртқа саны омыртқа қалыптасуы кезінде судың температурасы мен тұздығына байланысты саны айтарлықтай өзгереді.
1926 жылы В. В. Петров ұсақ таксономиялық бірліктерді бөлу кезінде меристік белгілер маңызды болып табылатындығын мойындайды.

Көздің құрылысын анықтау керек
Көздің жай-күйі мөлдір қабықтың дәрежесімен және көз алмасының орбитасының деңгейіне қатысты жағдайымен сипатталады. Ол балықтың жасылығымен (свежесть) жақсы тілінеді. Балықтың балғындық дәрежесіне байланысты мөлдір, ағарған немесе лайланған, ал көз алмасы - дөңес, соғылған (Орбита деңгейінен төмен емес) немесе құлаған (Орбита деңгейінен төмен емес) болуы мүмкін.
Балықтың барлық түрлері үшін бозғылт жабындар, күңгірт қабыршақтар, жабысқақ шырыштың қалың қабатымен жабылған, іштің кебуі, лайланған және құйылған көздер мен т. б. белгілер қатерсіз көрсеткіш болып табылады.

Іштің және аналь тесігінің жағдайын анықтау
8
Ішектің ішіндегі заттардың ыдырауы нәтижесінде асқазан мен ішекті тұндыратын газдар пайда болады. Бұл ретте іштің көлемі артады және іш қабырғаларының жарылуы мүмкін.
9
Гелминттердің бар-жоғын анықтау
Балықтың кез келген органдары мен денесінің бөліктерінде (қабыршық, тері, асқазан-ішек жолы, бауыр, уылдырық, бұлшықет тіні, ми, жүрек және т. б. ) қандай да бір паразиттің (гельминт) мекендейтін орны бола алады.

10
Желбезек күйіне сипаттама беру
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz