ЖАНУАРЛАР СЕЛЕКЦИЯСЫ


Slide 1

Жануарлар селекциясы

Slide 2

Селекция (латынша, selection - таңдау, іріктеу) - өсімдіктер сорттарын, жануарлардың қолтұқымдарын және микроорганизмдердің адамға қажетті белгілерімен құру әдістері туралы ғылым.

Жануарлардың асыл тұқымы немесе есімдіктердің сорттары деп тұқым қуалайтын морфологиялық, биологиялық және шаруашылық белгілері мен қасиеттері ұқсас, сұрыптаудың нәтижесінде шығарылған бір түрге жататын даралар жиынтығы.

Селекция

Slide 3

Никола́й Ива́нович Вави́лов

(1887 - 1943)

Slide 4

Алғашқы кезде жаңа сұрыптар шығаруда тек сұрыптау әдісі қолданылған. Қазіргі кезде селекцияда сұрыптаумен қатар, будандастыру, полиплодия, мутагенез, биотехнология сияқты басқада әдістер кеңінен қолданылуда.

Slide 5

Сұрыптау

Сұрыптау дегеніміз - жануарлар қолтұқымын, өсімдіктер іріктемесін және ұсақ ағзалардың таза дақылдарының жаңа туындыларын шығарудың теориялық негіздері және әдістерін жетілдірумен шұғылданатын ғылым. Осы тұрғыдан алғанда сұрыптау XIX ғасырдың ортасынан бері өмір сүре бастады, өйткені сұрыптаудың теориялық негізі генетика және эволюциялық теория болып табылады.

Slide 6 Slide 7

Өсімдіктердің сорттары, жануарлардың жаңа сорттарын шығару

Тур ішіндегі будандастыру

Әріден (алыстан) будандастыру

Ұрпақта бағалы белгілер беки түседі, сорттармақтар алу үшін қолданылады. Мал шаруашылығында бір ата-анадан туған төлдерді бір-бірімен, не ата-анасын өз төлімен шағылыстырады.

Slide 8

Алыстан будандастыру әдісі тек өсімдіктерде ғана емес, жануарлар селекциясында да қолданылады.

Жануарларда да өсімдіктердегідей түраралық будандар көбінесе ұрпақсыз болады. Мұндай жағдайда, олардың ұрпақ беру қабілетін қалпына келтіру өте күрделі. Алайда алыстан будандастыру арқылы алынған будандардың ұрпақсыз болса да шаруашылықтық маңызы бар. Мысалы, бие мен есекті будандастыру арқылы алынған қашырды адам баласы ертеден пайдаланып келеді.

Әріден будандастыру- әр түрге және туысқа жататын организмдердің будандасуы. Мақсаты- бір түрге жататын дараларды будандастыруда беріле алмайтын белгілер мен қасиеттердің тұқым қуалауын зерттеу. мыс:қара бидай мен бидай, бидайды бидайықпен.

Slide 9

1934 - 50 жылы биязы жүнді жаңакавказдық типтегі рамбулье және прекос саулықтарын жабайы арқармен қолдан ұрықтандыру нәтижесінде алынды. Дүниежүзілік қой шаруашылығында алғаш рет түраралық будандастыру тәсілімен алынған бұл қой тұқымы биік тау жайылымдарын кеңінен игеріп, өзіндік құны төмен бағалы ет, сапалы жүн өндіруге мол мүмкіндік берді. Осы тұқымды шығарғаны үшін бір топ ғалымдарға (Н. С. Бутарин, Ә. Есенжолов, А. Ы. Жандеркин, Е. В. Большакова, т. б. ) КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді (1950) .

Арқар - меринос

А. Ы. Жандеркин

Slide 10

Еділбай қойы-халықтың селекция жолымен алынған, қылшық жүнді, құйрық-ты қазақы қой тұқымының түрі. Ет-май өндіру бағытында өсіріледі.

Еділбай қойы құйрықты қазақы қой тұқымдарын жақсарту үшін пайдаланылады. Көбінесе Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында өсіріледі.

Slide 11

Етті бағыттағы қолтұқымдар.

Б. М. Мусин, Н. З. Ғалиакберов және т. б. ғалымдар шығарған сиырдың етті тұқымы- қазақтың ақбас сиыры.

Герефорд бұқасы

Қазақтың ақбас сиыры

Түгі қызыл, басы ақ, бүкіл денесінде ақ түсті дақтар бар. Бұқаларының салмағы 850-1000 кг, сиырлары 500-550 кг тартады. Күтімі жақсы болса, 1, 5 жастағы тайыншаларының салмағы 450- 470 килограмға дейін жетеді. Сиырдың бұл қолтұқымы Батыс Қазақстан өңірінде көбірек өсіріледі.

Қалмақ сиыры

Slide 12

Қырдың қызыл сиыры - Солтүстік Қазақстанда шыққан бұл тұқым қазақтың жергілікті сиырын Швицкий бұқасымен бұдандастыру арқылы алынған. Сиырлардан жылына орта есеппен 3 800-4 500 л сүт сауылады. Сүтінің майлылығы 3, 6-3, 8 пайыз. Жаздың құрғақ ауа райына бейімделген. Қырдың қызыл сиыры Қазақстаннан басқа Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстігінде, Батыс Сібірде таралған.

Швицкий бұқасы

Қырдың қызыл сиыры

Slide 13

Д. Н. Пактың басшылығымен Алатау сиыры шығарылды.

Алатау сиыры сүтті, етті бағытта өсірілетін қолтұқымға жатады. Ол ХХ ғасырдың 30-50 жылдарында жергілікті сиырларды швиц, кострома тұқымының бұқаларымен ұрықтандыру арқылы алынған. Сиырларының басы үлкен, тұмсығы сүйірлеу, кеудесі ауқымды, жалпақ, арқасы біртегіс. Денесінің артқы жағы сәл көтеріңкілеу келеді. Бұл - таулы аймақ малдарына тән қасиет. Түсі қоңырқай. Етінің сапалық қасиеті жоғары. Алатау сиыры Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан өңірінің таулы аймақтарында өсіріледі.

Slide 14

Жылқы тұқымдары:

Slide 15

В. А. Бальмонттың басшылығымен елімізде алғашқы етті-жүнді бағыттағы қой тұқымы- қазақтың биязы жүнді қойы шығарылды. Ол-жүнді көп беретін әрі өсімтал тұқым.

Қазақстан селекционерлерінің қол жеткен табыстары.

Ә. Е. Еламанов, Қ. Ү. Медеубеков және т. б. ғалымдардың қатысуымен Қазақстанның солтүстік аймақтарының қатаң табиғат жағдайына төзімді, биязы жүнді қойдың жаңа тұқымы- Солтүстік Қазақстан мериносы шығарылды. Бұлар-еліміздегі жүнді-етті бағыттағы қой тұқымдарының таңдаулыларының бірі.

Владимир Александрович Бальмонт

Медеубеков Килыбай Усенович

Slide 16

Адамдардың өсіретін жануарлардың ең ғажайып тұқымдарының түрлері:

Үй түлкісі: ит секілді мейірімді және мысық сияқты тәуелсіз.

Совет генетигі Беляев 1950 жылдары ең алғаш шағылыстыра бастады. (күміс-қара түлкілерді өзара)

Джунглилік үлкен мысық, бірақ мүлдем қауіпсіз.

“Саванна”

Еркек сервал мен сиамдық үй мысығының нәтижесінде


Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктер мен жануарларды сұрыптау әдістері
Гетерозис пайда болу заңдылықтары
Жануарлар клеткасының және ұлпаның культурасы
Ғылыми техникалық прогресстегі биотехнологияның алатын орны
Өндірісте қолдануға продуценттерді жасау үшін табиғи микрофлора микро организмдердің штамдарының көзі
Синтездеуші селекция
Микроорганизмдер селекциясы
Микроорганизмдер селекциясы. Биотехнология
Малшаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық әдістер туралы
Жасушалық селекция
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz