ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ САПАСЫНЫҢ МЕНЕДЖМЕНТІ
Презентация қосу
ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ
САПАСЫНЫҢ МЕНЕДЖМЕНТІ
Орындаған: Тастанбекова А.А
ЖОО-ның білім беру үдерісі механизімінің күрделігі мен сапасының
артуы аттестация және экспертизалық сараптау орталықтарының
университетішілік, институтішілік білім беру жүйесін сапалы басқаруға
қойылатын талап, міндеттерінің күшеюінен байқалады. Оның негізгі себебі
болып, ҚР ИСО 9001-2001 халықаралық стандарттарының білім жүйесіне
қарқынды енуінен екені белгілі.
2000 жылдан бері ЖОО-ның білім сапасын басқарудың тиімді механизімін
қалыптастыру аясында, әсіресе педагогика ілімі мен оның ғылыми тәжірибелік
жұмыстары барысында бірталай нәтижелерге қол жеткізгендігін көреміз. Мәселен, 2004
жылдың қыркүйек айында ректордың № 48 бұйрығымен СМПИ-да СМЖ-ны қарқынды
енгізу бойынша Үйлестіру Кеңесі құрылды. Соған сәйкес «ҚР СТ ИСО 9001:2001
халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес сапа менеджмент жүйесін енгізу»
атты бағдарламасы әзірленді. Қазіргі уақытта СМПИ-ның сапа саласындағы мақсаты
мен саясаты, стратегиялық даму жоспары, білім беру үдерісінің ландшафттық картасы
әзірленді. Сонымен қатар институтта 5 деңгейлі СМЖ құжаттарын басқарудың
иерархиясы дайындалып, сол бойынша үдеріс қызметтері жүзеге асырылуда.
Олар:
3 деңгей – Институт
1 деңгей – Сапа бөлімшелерінің
саласындағы ережелері (29),
мақсат, сапа нұсқаулықтар (11);
бойынша басқару;
4 деңгей – Сапа
2 деңгей – бойынша жазба
Құжаттандыру (сапаның еркін
тәртібі (20), формасы - 154);
институт
стандарттары (6);
5 деңгей – Нормативті-
құқықтық және
нормативті құжаттар
(заң, жарғы, қаулы, ҚР
БҒМ құжаттары).
ЖОО білім беру үдерісіндегі сапа менеджменті жүйесі
үздіксіз жетілдіру жүйесін құру және ұйымдастыру
мақсатында мынадай ұстанымдарды басшылыққа алады:
1. Педагог мамандарын дайындау бағыттары бойынша Қазақстан
Республикасының білім беру қызметтерін ұсыну саласында танымды көшбасшы
болуға талпыну.
2. Құрам жауапкершілігі мен өкілділікке шек қоюды жүзеге асырушы басқару
құрылымын жетілдіру, себепті механизмдерді енгізу және қажетті ресурстармен
қамтамасыз ету.
3. Материалды-техникалық базаны және институттың инфрақұрылымын тұрақты
түрде жетілдіру.
4. ҚР ИСО 9001:2001 талаптарына сәйкес институттағы сапа менеджментінің
барлық үрдісін жүзеге асыруға кепілдік беретін ақпараттық, әдістемелік және
материалдық базамен сапа менеджменті жүйесін қамтамасыз ету.
5. Тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз етуші: сыртқы –
мемлекет, әр түрлі меншіктегі кәсіпорын, студенттер мен қоғам тұтастығы; ішкі –
институт оқытушылары мен қызметкерлері.
6. Білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттары талаптарын орындау
негізіндегі білім беру қызметтері сапасын көтеру кепілдігімен қамтамасыз ету,
Қазіргі заманғы білім беру технологияларын енгізу, оқытушылардың ғылыми және
педагогикалық біліктілігін үздіксіз көтеру жүйесін дамыту.
7. Оқытушылар мен студенттерді ғылыми-зерттеу қызметіне тартуды қамтамасыз
етуші себепті механизмдерді құру есебінен іргелі және қолданбалы зерттеулердің
көлемін кеңейту.
8. Институт мәртебесін көтеру есебінен оқытушылар мен қызметкерлердің
материалдық тұрақты жағдайының өсуін қамтамасыз ету, сапалы білім беру
қызметтерін көрсету және еңбек төлемі жүйесін жетілдіру.
9. Білім беру қызметтері жағдайын зерттеуге бағытталған маркетинг жүйесін құру
және нарық талаптарының өзгерісіне икемділікпен қарау.
Білім беру үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған
сапа менеджмент жүйесі
Педагогика ғылымының тұрақты дамуына аймақтық, ұлттық және
әлемдік мәдени-экономикалық кеңістікте еркін бағытталатын, жиынтық
ресурстарды қолдану тиімділігін арттыра білетін және оны қолдану мен
арттырудың жаңа, тиімді әдістерін таба білетін білікті еңбек
ресурстарының қолда болуын талап етеді. Осыдан келе, бүгінгі таңда
жоғары білікті еңбек ресурстарын даярлауға жаңа мағына бере отырып
– ұйымның және қоғамның бәсекеге қабілетті дамуын қамтамасыз ету
қажет.
Жаңа технологиялық және ұйымдық революцияның әсерімен
қоғамның даму моделі түбегейлі түрде өзгерді. Жалпы сұраныстағы
өнімді сапалы өндіру мен қызмет көрсету, сапаны жалпы басқару білімі
мен технологиясына көшуде. Бүгінгі таңда сапалы өнім өндіру басқа
салаларға қалыптасушы ретінде әсер ететін тәуелсіз салаға айналды.
ЖОО-ның білім беру үдерістерін қажетті ресурстармен
қамтамасыз етуді жетілдіру үшін ЖОО-ға сапа
менеджмент жүйесін енгізу бойынша шаралар кешенін
даярлаудан тұрады. Демек, қойылған мақсатқа қол
жеткізу үшін келесі міндеттер айқындалды:
«кадрлік», «материалды-техникалық», «ақпараттық ресурстар» түсініктерінің
білім беру үдерістерінде алатын орнын анықтау;
- «қызмет сапасы», «сапа менеджмент жүйесі» түсініктерінің мәнін анықтау
арқылы қажетті ресурстарын даярлау үдерісіне тұтынушылардың талаптарын
қанағаттандыруға бағытталған сапа менеджмент жүйесін қалыптастыру
қажеттілігін негіздеу;
ЖОО-ның білім сапасын қажетті ресурстарымен қамтамасыз етуді
жетілдіру мақсатында сапа менеджмент жүйесін енгізудің теориялық және
тәжірибелік аспектілерін қалыптастыру қажет.
Жалпы ішкі аудиттік сараптау барысында келесі әдістерді қолдану
ұсынылады: интерактивті, статистикалық, сараптама, есептік-
конструктивтік, модулді, эксперт-аудиттік және т.б.
Жоғары оқу орындарына сапа менеджмент жүйесін енгізу негізінде білім
беру үдерісін қажетті ресурстармен қамтамасыз етуді жетілдіру:
- «қажетті ресурстар» түсінігінің және оның сыртқы бәсекелестік ортаға
қарсы тұру мен даму қабілеттіліктерінің мәнін айқындау;
- «білім беру үдерісіндегі сапа менеджмент жүйесі» түсінігі білім беру
мақсатындағы кез келген басқарма жүйесін сапамен қамтамасыз ету және
жақсарту, басқару, жоспарлау;
- ЖОО-да сапа менеджмент жүйесін қалыптастыруды қазіргі заманғы
көзқарастармен жүйелендіру;
- Білім беру үдерістерінің сапасын арттыруға бағытталған сапа менеджмент
жүйесі моделін құру.
Педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және
олардың бiлiктілiгiн арттыру
- жетекшi университеттер базасында жоғары оқу орындарының педагог кадрларын
даярлау, олардың бiлiктiлігін арттыру және қайта даярлау жүйесiн қалпына келтiру
және одан әрi дамыту;
- педагог мамандықтарының бiлiм беру бағдарламалары мазмұнын жаңарту, бiлiм
берудiң вариативтiк (өзгермелi) үлгілерiн жасау;
- педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың бүкiл жылдары бойы
үздiксiз педагогикалық және психологиялық-педагогикалық практиканы енгізу;
- екiншi мамандықтың қысқартылған бiлiм беру бағдарламалары бойынша, оның
iшiнде мемлекеттік тiл, шетел және ана тiлдерi, информатика, психология бойынша
пән мұғалiмдерiн қайта даярлау;
- болашақ мұғалiмдер үшiн олардың даярлық деңгейiн тәуелсiз кәсiби бағалаумен
қоса үш айдан бiр жылға дейінгі педагогикалық тағылымдаманы енгізу;
- педагогтердi және басшыларды аттестаттаудың және қайта аттестаттаудың,
мұғалiмнiң педагогикалық қызметiн сертификаттаудың жаңа жүйесiн әзiрлеу;
- педагогтердiң еңбегiн ынталандырудың және оларды жергілiктi жерлерде
тұрақтандырудың тетiктерiн жетiлдiру;
- бiлiм берудiң жаңа мазмұнын, оқыту технологиялары мен сабақ беру
әдiстемелерiнiң өзгергенiн ескере отырып, мұғалiмдер мен бiлiм беру ұйымдарының
басшыларын қайта даярлауды және олардың бiлiктiлігін арттыруды жүзеге асыру;
- білім беру ұйымдары басшыларын бiлiм берудегі менеджмент бағдарламалары
бойынша даярлауды жүзеге асыру;
- жоғары оқу орындары арасындағы, халықаралық шарттар мен бағдарламалардың
негiзiнде мемлекеттік жоғары оқу орындары оқытушыларының бiлiктiлiгін арттыру
мен қайта даярлау көзделедi.
• Мектепке дейінгі ұйымдар үшiн педагог кадрларды
даярлау кезiнде қосымша мамандандыру мүмкiндігі
көзделетiн болады: мектепке дейiнгi жастағы
балалармен жұмыс жөнiндегi педагогика-психология,
мектепке дейiнгi бiлiм беру менеджментi, мектепке
дейінгі жастағы балалар үшiн шетел тiлi, қосымша
бiлiм беру педагогикасы.
• Бiлiм беру бағдарламалары инновациялық
педагогикалық технологияларды, iзденушiлiк,
зерттеушiлiк және шығармашылық қызмет
дағдыларын, оқытудың ақпараттық және қашықтан
оқыту технологияларын меңгерген көп тiлдi мұғалiмдi
даярлауға бағдарланатын болады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz