ЖЫНЫССЫЗ КӨБЕЮ ЖОЛДАРЫ


Slide 1

§33 Жыныссыз көбею жолдары

ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Биология және биотехнология факультеті

Алматы, 2017-2018 оқу жылы

Slide 2

Жоспар

I. Кіріспе

1. 1. Көбеюге қысқаша шолу

II. Негізгі бөлім

2. 1. Жыныссыз көбею

2. 2. Жыныссыз көбею жіктелуі

2. 3. Жыныссыз көбею формалары

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиет тізімі

Slide 3

Көбею

Организмдердің ұрпақ беру қасиеті немесе организмдердің өздігінен көбеюге қабілеттілігі. Тірінің басты қасиеті болып табылатын көбею тіршіліктің үздіксіздігін, түрлердің жалғасын қамтамасыз етеді.

Көбею процесі ерекше күрделі және генетикалық ақпараттың ата-анадан ұрпаққа берілуімен ғана байланысты емес, сонымен қатар организмдердің анатомиялық және физиологиялық қасиеттерімен, олардың ретімен, гормональды бақылануымен байланысты.

Организмдердің көбеюі олардың жетілуі жэне дамуымен бірге жүреді.

Slide 4

Көбею - тірі ағзалардың ортақ қасиеті

Жыныссыз жолмен көбею Ең алғашқы тірі ағзалар - біржасушалы прокариоттар осылай көбейді. Жыныссыз көбейген кезде жыныс жасушалары - гаметалар түзілмейді. Бұл үдеріске бір аналық дарақ немесе жасуша қатысады (біржасушалыларда) .

Жыныстық жолмен көбею Жыныс үдерісінің негізгі айырмашылық ерекшелігі - гаметалар қалыптастыру. Бұл арнаулы бағытталған жыныс жасушалары ежелден қосылу үдерісі - ұрықтану үпгін жаралған.

Slide 5

Организмдердің көбею тәсілдері

Slide 6

Жыныссыз көбею

Өсімдіктер мен жан-жануарлар ағзаларының бір бөлімінен өзі тәрізді жаңа ағзаның өсіп шығуы; ағзалардың жыныстық қарым-қатынассыз және жыныстық жасушалардың қатысуынсыз көбеюі.

Ұрпақ таратудың өте ертеде қалыптасқан жолы болғандықтан жыныссыз көбею көбінесе біржасушалы ағзаларда кеңінен таралған бірақ кейбір көп жасушалы ағзаларға да тән: саңырауқұлақтарда, өсімдіктерде, жануарларда жатады.

Slide 7 Slide 8

Бүршіктену

Өсімдіктер мен жануарлардың жыныссыз көбеюінің бір түрі.

Бүршіктену кезінде аналық организм денесінде бүршіктеніп, томпиған өсінді пайда болады да, одан жаңа ағза өсіп жетіледі. Ондай азғалар аналықтан бөлініп кетеді немесе жабысып қалады.

Жануарларда : кейбір қарапайымдылар, губкалар, ішек қуыстылар, кейбір құрттар, т. б.

Өсімдіктерде: кейбір саңырауқұлақтар (мыс., ашытқы саңырауқұлақ) .

Кейде бүршіктену жолымен пайда болған азғалар бірінен-бірі бөлініп кетпей, біріккен тұтас шоғыр (колония) құрады (мыс., теңіз гидроидтары мен маржан полиптері) .

Slide 9 Slide 10

Жай(қарапайым) бөліну

Бірклеткалы организмдерге тән көбею формасы. Түрлі қарапайымдылар не көлденеңнен, не ұзынынан екіге бөлініп, өзара ұқсас екі жас клетка түзіледі. Бұл кезде клетканың құрылым компоненттері де теңдей екіге ажырайды немесе алдын ала олардың екі еселенуі жүреді.

Бактерияларға, қарапайымдыларға, балдырларға тән.

Slide 11

Вегетативті көбею

Slide 12

Табиғи вегативті көбею

Жер жүзіндегі өсімдіктердің көбісі табиғатта вегетативтік жолмен көбейеді. Неғұрлым өсімдік төменгі сатыдағы болса, оның регенерациялық қасиеті, яғни жетіспейтін органдарын орнына, қалпына келтіру қабілеті соғүрлым күшті болады.

Мысалы, бір клеткалы өсімдіктердің денесі бөлінудің нәтижесінде одан екі жас жасуша пайда болады да, бұлардың әрқайсысы өзінше дербес өсімдікке айналады. Немесе көп клеткалы және клеткаланбаған ірі балдырлардың, саңырауқұлақтардың денесінен кездейсоқ үзіліп қалған бөлігі де өзінше жеке өсімдікке айналып кетеді.

Slide 13

Қолдан вегетативті көбейту

Адам әр түрлі әдістерді қолданып, өсімдіктерді өсіріп, көбейтеді. Көп таралғаны - телу.

Телу түрлері:

бүршіктелу,

қиылыстыра телу,

өркен ұластыру.

Телу дегеніміз - бір өсімдіктің бүршігі бар бөлігін алып, екінші өсімдік денесіне ұластыру. Қазіргі кезде телуді трансплантация деп атайды. Яғни, өзінің тамырында өсіп тұрған өсімдікті телітуші, ал оған әкеліп ұластырылған бүршігі бар бөлікті телінуші деп атайды. Телітуші мен телінушінің әрқайсысын компонент дейді. Телу ісі нәтижелі шығу үшін, алдымен, әрбір компонентті сұрыптай білу қажет. Телінуші ретінде алынатын компонент жас, ауруға шалдықпаған, жемісі ірі және тәтті, т. б. болғаны дұрыс. Осындай қасиеттерін сұрыптап алып, орыс селекционері И. В. Мичурин телу жұмысын жүргізген.

Slide 14

Вегетативті көбею

Slide 15

Түйнектен

Slide 16

Тамырдан және тамырсабақтан

(бидайық, бақбақ, шырмауық, інжугүл)

Slide 17

Пиязшықтан

Slide 18

Қалемшеден

(Хризантема, терек, пеларгония)

Slide 19

Жапырақтан

(Бөлме өсімдіктері Бегония, қоғажай)

Slide 20

Жыныссыз көбею түрлері

Ұрпақтарының белгісі аналық дараға ғана ұқсас болады.

Хламидомонада - біржасушалы балдыр

Бөліну

Бүршіктену

Ащытқы саңырауқұлақтар

Slide 21

Бүршіктену - аналық ағзадан бүршіктеніп түзілетін өсінді.

Гидра

Slide 22

Ағза

Көбею жолы

Саңырауқұлақ

тамырсабақ

Бүлдірген

пиязшық

Гидра

үзбелену

Бактерия

түйнек

Қызғалдақ

мұртша

Шұбалшаң

бүршіктену

Картоп

Қарапайым бөліну

Кірпікшелі кебісше

спора

Қарақат (смородина)

телу

Жеміс ағаштары

амитоз

Сәйкестендіру тестісін орындау:

Slide 23

Жауабы

Ағза

Көбею жолы

Саңырауқұлақ

тамырсабақ

Бүлдірген

пиязшық

Гидра

үзбелену

Бактерия

түйнек

Қызғалдақ

мұртша

Шұбалшаң

бүршіктену

Картоп

Қарапайым бөліну

Кірпікшелі кебісше

спора

Қарақат (смородина)

телу

Жеміс ағаштары

амитоз

Slide 24

Митоз фазаларындағы оқиғаларды хронологиялық ретпен орналастыр.

Профаза . . .

Метафаза . . .

Анафаза . . .

Телофаза . . .

хромосомалардың хроматидалары бір-бірінен ажырап, полюстерге жинақталады

ядро қабықшасының еруі

3. Центриольдердің жасушаның полюсіне тартылуы

4. Ядрошықтың жойылуы

5. Қысқарған хромосомалар экваторға жылжиды

6. Хромосомалардың тарқатылуы

7. Эндоплазмалық тордан ядро қабықшасы түзіледі.

8. центромераларымен бөліну ұршығына жалғанады

9. Клеткалардың әрқайсысында хромосомалардың диплоидті жиынтығы болады.

Slide 25

профаза

метафаза

анафаза

телофаза

2

3

4

5

8

1

6

7

9


Ұқсас жұмыстар
Жасушаның бөлінуі
Жыныстық көбею
Өсімдіктердің көбею тәсілдері
Жынысты көбею
Тірі ағзалардың көбеюі
Митоз ядро бөлінуі цитоплазма бөлінуі
Ағзалардың көбею формалары
Саңырауқұлақ гифасы
Фитофтораның өмірлік циклы
Саңырауқұлақтар әлемі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz