Стресс және гомеостаз
Презентация қосу
Стресс және
гомеостаз
Гомеостаз
• Гомеостаз (гр. 'homoios' -
ұқсас, stasis - тепе-теңдік)
- жүйенің қызмет ететін сыртқы
ортасының өзгеруіне қатысты тұрақты
қалыпта ұстау немесе реттеу үрдісі. Бұл
термин әлеуметтік жүйелерге қатысты
қолданылады. Әлеуметтік жүйелер өзін-
өзі қолдайтындығы немесе өзін тепе-
теңдікте ұстайтындығы туралы қағида
даулы болып табылады. Тепе-теңдігін
бұзуға тырысатын ішкі және
сыртқы факторларға қарсы күрес
жолымен сақталатын, қандай да бір
жүйенің қимылды тепе-теңдікті қалпы.[
• Гомеостаз ұғымы
алғашында физиологияда ішкі ағзаның,
өзін-өзі реттеу механизмі арқылы қол
жететін оның негізгі физиологиялық
қызметтерінің түрақтылығын түсіндіру
мақсатында қолданылды. Бұл ұғымды
1929 жылы
америкалық физиолог У. Кеннон
енгізді. Ол биологиялық ағзалардағы
бірқатар гомеостатикалық процестерді,
ең алдымен өз түрақтылығын үздіксіз
сақтайтын "тән даналығы жөніндегі"
ілімдерінде ашық жүйе ретінде
қарастырды. Жүйеге қатер төндіретін
өзгерістер жайлы дабыл алған ағза Уолтер Брэдфорд Кеннон
бұрынғы қалыпты жағдайға қайтып
оралғанша тынбай жүмыс істейтін
құрылымды қосады.
• Гомеостазды қалыптастыратын ағзаның реакциялары
олардың құрылымдық тұрақтылығын сақтау, зиянды
факторлардың әсерлерін жою не шектеу процестерін
үйлестіруге, құбылмалы орта факторлары мен ағзалар
арасында оңтайлы қарым-қатынас формаларын сақтап қалуға
не жаңадан қалыптастыруға бағытталады. Осы процестердің
бәрін адаптация деп атаймыз. Медицинада адаптацыя деп
ағзалардың қолайсыз жағдайларда тіршілік етуіне
байланысты қалыптасқан бе-йімделушілігін айтады және
адаптацияның кез келген түрлері гомеостаз механизмдері
негізінде пайда болады. Ол механизмдер түрліше болып келуі
мүмкін: шағын бір мүше не ұлпалар деңгейіңде; тұтас ағза
деңгейіңде. Гомеостаздың шағын не жүйелі формалары
ағзаның физиологиялық көрсеткіштерінің сақталуыңда елеулі
рөл атқарса, тұтас ағза деңгейіндегі гомеостаз механизмдері
зиянды әрекеттерді жоюға бағытталады.
Гомеостаздың негізгі құрамдық
бөліктері
• Жасуша тіршілігін
қалыптастыратын материалдар
• Жасуша активтігіне әсер ететін
сыртқы факторлар
• Ағзаның қызметтік және
құрылымдық біртұтастығын
қалыптастыратын механизмдер
• Жасуша тіршілігін қалыптастыратын материалдар:
• Жасушаның өсуіне қажет заттар, энергия көздері — көмір-
сулар, белоктар, майлар; Су; Натрий хлориді, кальций
басқа да бейорганикалық заттар; Оттек; Ішкі секреция
гормондары.
• Жасуша активтігіне әсер ететін сыртқы факторлар:
• Осмос қысымы;
• Жылылық;
• Сутек ионының концентрациясы (РН-көрсеткіш).
• Ағзаның қызметтік және құрылымдық
біртұтастығын қалыптастыратын механизмдер:
• Тұқым қуалаушылық;
• Регенерация және репарация;
• Иммунобиологиялық қасиеті.
• Сыртқы ортаның қолайсыз
жағдайларына ағзаның нервтік
және эндокриндік реттелу
механизмдерінің өзара
әрекеттесуі салдарынан
туындайтын ағзаның жалпы
жауап реакциясына мысал
ретінде стресс-реакцияларды
жатқызуға болады. Ол қолай-сыз
тіршілік жағдайларының
қалыптасқан ағза гомеостазын
бұзу қаупі туған кездерінде
дамиды.
Стресс (ағылш. stress) -
қатты күйзелу, абыржу,
мөлшерден тыс
ширақтылық деген сияқты
бірнеше мағынаны
қамтитын жалпылама
сөзбен айтылған адамның
ерекше күйі. Ғылымға ең
алғаш осы ұғымды
енгізген канадалық
физиолог Ганс Селье.
Стресс үш кезеңнен тұрады:
•үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен
сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау
іспетті сезім пайда болады;
•төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне
беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл
кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалымен
бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда
тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке
жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы
жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене
түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті
күшейеді;
•әлсіреу – бейімделу қорының мүмкіндігі азайып,
таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация
(бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады.
Стресті тудыратын
әсерлерге қарай
физиологиялық және
психологиялық
стресс деп екіге бөледі.
Психологиялық стресті
мәліметтік және
эмоциялық стресс деп
атайды. Тосыннан
жағымсыз хабар
естігенде мәліметтік
стресс пайда болады.
Адам дұрыс жауап таба
алмай, қатты қиналады,
не істерін білмей,
абыржып қалады.
Эмоциялық стресс
• Ал эмоциялық стресс қауып туғанда немесе оқыс
қорыққанда, не біреуден қатты көңілі қалғанда
байқалады. Мұндайда жоғарғы жүйке әрекетінде
тежеулі серпілісі қанат жаяды. Соның
нәтижесінде іс-қимыл әрекеті немесе сөйлеген
сөзі бұзылады. Стрестің физиологиялық тетігі
гипоталамус-гипофиз бүйрек үсті безі жүйесінің
рефлекторлық қызметіне негізделген.
• Стресс кезінде қанда
глюкокортикоидтар мен
катехоламиндердің, серотониннің
мөлшері оқыс көбейеді. Ғылымның
жаңа деректері бойынша оған
қосымша самототропин және
самотомединдер де стрестің, әсіресе
оның үрейлену кезеңінің өрлеуіне
себеп болады. Самототропин
иммундық жүйенің қызметін
белсендіріп, организмнің стреске
қарсы тұру төзімділігін арттырады
ГОМЕОСТА
З
Қорытынды
• Сыртқы орта факторларының өзгеруіне қарамастан тірі
ағзалардың өздеріне тән ішкі ортасының тұрақтылығын,
морфологиялық, функционалдық біртұтастығын сақтап қалу
қасиетін гомеостаз деп атаймыз. К. Бернардың айтуынша
сыртқы орта факторларының әсер-лері саддарынан әр түрлі
ағзалар және тіршіліктің түрліше формалары қалыптасады. Ол
тіршілікті 3 түрге бөлген: тіршіліктің жасырын (латентті),
тәуелді және тұрақты не еркін формала-ры.
• Қазіргі кезде стресс (күйзеліс) деп ағза гомеостазының бұзылу
қаупі төнген кезде пайда болатын ағзаның спецификалық емес
жалпы нейрогуморальдық реакциясын айтады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz