Батпақты жерде өсетін өсімдіктер



СӨЖ. Батпақты жерде өсетін өсімдіктер. Оксилофиттер

Оксилофиттер
Оксилофиттер (грекше оксис-қышқыл, фитос-өсімдік) дегенді білдіреді. Яғни, батпақты, қышқылды жерде өсетін өсімдіктер.
1. Жапырықтары майда, тығыз.
2. Жапырақтары кутикулалы.
Мирт батпақты
Мүкжидек
Жабайы гүлшетен

Оксилофитті өсімдіктердің анатомиялық құрылысы
1-эпидермис;
2-мезофилл;
3-жіңішке мезофилл;
4-устьца;
5-жапырақ қуысы;
6-түктер;
Empetrurrl nigrum

Батпақты аймақ
Батпақ - жер бетінің шамадан тыс ылғалданған бөлігі. Олардың беткі қабаттарында құраған өсімдіктердің толық ыдырамаған, кейін шымтезекке айналатын қалдықтары жиналады. Батпақ. үстінде мол ылғал мен ағыссыз жағдайға бейімделғен өсімдіктер ғана өседі. Қалындығы 0, 3 м-ден кем болмайтын, минералды таужыныстардың бетіне шөккен, ылғалға қанық органикалық материалдардан (шымтезек) тұрады. Ылғал шымтезек қабаттың калындығы 30 см болса - батпақ, ал 30 смден аз болса - батпактанған жер деп аталады.
Батпақты жер

Қоректену сипатына, жер бедеріне байланысты, орналасу жағдайына және негізгі өсімдік кұрамына карай батпақты аймақ үш экологиялык түрге бөлінеді:

Шымтезек мүгі (Sphagnum)
Шымтезек мүгі (Sphagnum) ылғалды, батпақты жерлерде, әсіресе солтүстік ендіктерде кездеседі. Шымтезек мүгін ақ мүк деп те атайды. Ақ мүк дейтін себебі - су жиналатын жапырақтары ақшыл-жасыл түске айналады. Жапырақ көлемінің 2/3 бөлігі судан құралады. Ал құрғақшылық күндері өлі жасушаларының іші ауаға толы болатындықтан, өсімдіктің түсі ақ болады. Бұл мүк сабағының түп жағынан қурап, шымтезек түзетін болғандықтан шымтезек мүгі (сфагнум - латынша атауы) деп аталады.
Шымтезек мүгі - сабағы жиі бұтақталған көпжылдық өсімдік. Негізгі сабағынан таралған жанама бұтақтарының ұштары шоғырланып тұрады. Жасыл мүктен және басқа да мүктерден айырмашылығы - оның ризоиды болмайды. Су мен онда еріген минералды тұздарды сабақ арқылы сіңіреді. Сабағында ақшылдау-жасыл түсті жапырақтары бар
Сфагнум

Шымтезек мүгі суы көп жерде тіршілік еткенімен, су мүкке әрқашанда жете бермейді. Оның әрт. рлі себептері бар. Шымтезек мүгі жылуды нашар өткізеді, сондықтанда оксилафиттер тамыры орналасқан топырақ, ауа температурасынан төмен болады. Шымтезек мүгі өсімдіктер қалдығынан қалған қышқыл топырақта тіршілк етеді. Шымтезектің қалың қабаттары ылғалды болады сондықтан да оттегі аз болады. Одан бөлек шымтезек мүгі ылғалды өзіне жақсы ұстағандықтан, өсімдіктерге ылғал жете бермейді.




Оксилофиттердің ылғалды аз қабылдайтыны тек жоғарыда атлаған жайттар ғана емес, сонымен қатар жаздың күндері өсімдіктердің жоғары бөлігі тез кеуіп кетеді. Ең маңыздысы оксилофиттерге шымтезектерде тез кездесетін минералды заттар, азотты заттар әсер етеді. Осы жағдайлар оксилофиттердің ксероморфтық және гидрофитті өсімдік түрлерін құрауға әсер етеді. Қай жерде шымтезек мүгі өссе, сол жердің топырағы ылғалды болады, топырақта ағаш жетіспгеннен ағаштар нашар өседі, ал шымтезек мүгі тез өседі.

Мүкжидек (Oxycoccus)
Мүкжидек (Oxycoccus) - қаражидектер тұқымдасына жататын мәңгі жасыл бұта. Қазақстанда батпақты жерлерде өсетін 2 түрі: кәдімгі (төрткүлте) Мүкжидек (Oxycoccus quadrіpetalus) және ұсақжемісті Мүкжидек (Oxycoccus mіcrocarpus) бар. Оның жіп тәрізді жіңішке тармақтарының ұзындығы 75 - 80 см-дей, жапырақтары майда, сопақша немесе дөңгелек, қалың шырынды болады. Қызғылт түсті гүлдері (саны 2 - 4) шатырша гүлшоғырын құрайды. Мамыр - маусым айларында гүлдеп, тамыз - қыркүйекте жеміс салады. Жемісі - шырынды, қышқыл дәмі бар жидек. Ол алғашқыда ақ болады да, кейін қызарады. Жемісінің құрамында лимон, қант, пектин заттары, минерал тұздар, С витамині бар. Жемісі жеуге жарамды және медицинада пайдаланылады.

Гүлшетен
Гүлшетен - биіктігі 3-6 метрге дейін жететін майшетен тұқымдас бұта. Қарама-қарсы орналасқан жапырақтары жоғарғы жағында ұзындау үшкір, түп жағы жүрекше тәрізді, шеті тегіс, шағақты келеді. Гүлдері лалалы, ақ, жасыл немесе басқа түсті болып келеді.

Қоға (лат. Typha)
Қоға (лат. Typha) - қоғалар тұқымдасына жататын өсімдік. Биіктігі 3 - 4 м, сабағы ұзын және жуан төселмелі, батпақты-сулы жерлерде өседі.

Жапырағы жалпақ, таспа пішінді, сабағынан ұзын болып келеді. Бір үйлі, гүлі ұсақ дара жынысты, желмен тозаңданады. Гүл шоғы - собық. Маусым-тамыз айларында жемістенеді. Жемісі жаңғақша, ұшуға бейімделген қанатшасы болады. Қоғаны арқан, жіп, ыдыстар жасау және құрылыс материалы ретінде пайдаланады. Тамырында крахмалы көп болғандықтан ондатра, құндыз, жұпар тышқан, т. б. үшін құнды азық.

Табиғатта таралуы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz