Жыныс гормондарының әсері


Slide 1

Тақырыбы: ОРГАНИЗМНІҢ РЕПРОДУКТИВТІ ФУНКЦИЯЛАРЫНЫҢ ГОРМОНАЛЬДІ РЕТТЕЛУІ

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Slide 2

Жыныс гормондарының әсері

Денеде зат алмасуды, анаболизмдік (ассимиляция) үрдістерің күшейтеді, яғни күрделі органикалық қосылыстардың түзілуін күшейтеді, белок, соның ішінде ферменттердің де жасалуын жоғарылатады. Осыған байланысты дене салмағы артады, себебі бірқатар тіндердің жүрек, сүйек, қаңқа бұлшықеттері, бауыр, бүйрек салмағы артады

Екінші жыныс белгілерінің дамуына, пайда болуына көмектеседі. Жыныс мүшелерінің өсіп дамуы, түк пен май қабаттарының пайда болуы, қаңқа дамуы т. Б. Үрдістерді қамтамасыз етеді.

Жүйке жүйесі мен жоғары жүйке қызметіне әсер етеді, ұрпақ жаңғырту жүйесінің барлық бөліктері қызметінің белсенділігін қамтамасыз етеді.

Slide 3

Эстрогендерге: эстрадиол, эстрон және эстриол жатады. Олардың ең негізгісі - эстрадиол, эстроннан 10 есе, эстриолдан 50 есе активті (белсенді) . Алғаш эстраген синтезделеді, оның айналған (өзгерген) азығы - эстрон және эстриол болып табылады. Эстрадиол клеткада фолликуланың ішкі қабығында овуляцияға дейін синтезделеді. Ол көп мөлшерде жүктілік кезінде плацентада, аз мөлшерде бүйрек үсті қыртысында және аталық безде пайда болады.

Slide 4

Эстрогендердің негізгі арнайы әсер етуі - бұл біріншілік және екіншілік әйел жыныс белгілерінің дамуын реттеу болып табылады.

Эстрогендер жатыр мен фоллокиев түтікшесінің өсуін күшейтеді.

Жатырдың бұлшық етінің гипертрофиясы, шырышты қабатының пролиферациясы, қан тамырларының өсуі, қынап эпителиінің гипертрофиясы жүреді.

Жатырдың окситоцинге сезімталдығы жоғарылайды.

Эстрогендер сүт бездерінің, сүт жолдарының, емізіктің дамуын реттейді. Оның әсерінен екінші реттік жыныс белгілері қынапта (лобковая кость) түктердің өсуі, қолтықта өсуі, әйелге тән майдың таралуы дамиды.

Эстрогендердің секрециясы төмендесе немесе болмаса әйел ағзасындағы жыныс мүшелері инфантильді (өспей) қалады, екінші белгілері де дамимайды.

Slide 5

Әйел жыныс гормондарының басқа тобы - гестагендер. Олардың ішіндегі негізгісі - прогестерон. Прогестерон негізінен әйел ағзасында сары денеде пайда болады. Бұл уақытша ғана циклмен пайда болатын эндокринді без, егер жүктілік басталмаса менструалды циклдің екінші жартысында жарылған фолликула орнында пайда болып, қызметін атқарады.

Сары денеде бөлінетін прогестеронның ең негізгі қызметі - эстрогенмен бірге жатырды ұрықтануға дайындайды. Ол шырышты қабатта пролиферация кезеңінен секреция кезеңіне ауыстырып, ұрыққа қажетті заттардың алып келінуіне жағдай жасайды. Егер овуляциядан кейін ұрықтану болмаса сары дене атрофияланып, графов көпіршіктері дамиды.

Slide 6

Егер ұрықтану болып, ұрық жатыр қабырғасына жабысса сары дене инволюцияға ұшырамай әрі қарай прогестерон бөлінуін жалғастырады. Жүктіліктің алғашқы кезеңінде плацента (баланың жолдасы) хорионның бөлінетін гонадотропин сары дененің секреторлық қызметін күшейтелді. Оның әсері гипофиздің гонодотропты гормондарына ұқсас.

Slide 7

Прогестерон бүйрек үсті қыртысында да пайда болады. Прогестерон тек шырышты қабаттың секрециясын күшейтіп қана қоймай, оның бұлшық етіне де әсер етеді. Ол жатырдың бірден қатты жиырылуын төмендетіп, оны тыныштық жағдайда ұстайды. Жүктіліктің соңында прогестеронның секрециясы төмендеп, қанда окситоцин көбейгенде баланың туылуы басталады. Прогестерон көп бөлінсе босанудың басталуы мен баланың туылуына кедергі жасайды.

Slide 8

Плацента гормоны

Сары дене, жолдас, жатырдың кілегей қабығы (эпидометрия) релаксин гормонын бөледі. Буаздық барысында бұл гормонның бөліну мөлшері өсе түседі. Релаксин босаңсу (төлдеу) процесінің дұрыс өтуі үшін қажет, оның әсерімен шат сүйектерінің байламы (симфиз) жібіп, жатыр мойыны босаңсып, ашылады.

Бала жолдасың гормондары хорионда жасалады. Плацента қанға екі топ гормондарды шығарады:

Белоктық түріне-хорионды гонадотропин, плацентарлық лакоген, релаксин жатады.

Стероидтық түріне-прогестерон, эстроген жатады.

Slide 9

Шәуетте (семенник) еркек жыныс бездері - андрогендер қанға бөлінеді. Ең белсенді андроген - тестостерон. Ол шәуеттің аралық клеткаларында, тәулігіне 3, 5 мг-ға жуық бөлінеді (үлкен еркектерде), 0, 5 мг тестостерон бүйрек үстінде синтезделеді. Үлкен әйелдерде тәулігіне 1 мг-ға жуық тестостерон бүйрек үстінде және аналық безде синтезделеді. Қызметі:

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Аналық жыныс гормондарының препараттары
Жас ерекшеліктері
Жыныс гормондары
Жыныстық гармондар және олардың қызметі
Қалқанша безі гормондарының физиологиялық әсері
Қалқанша безі гормондары
Стероидты гормондардың канцерогендік әсері
Қан айналым иннервациясы Жыныстық гормондар және олардың қызметі
Эндокриндік жүйе
Бездің құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz