Саналы адам, қазіргі адамдар




Презентация қосу
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Биология және биотехнология факультеті

№6 СӨЖ тақырыбы:
Саналы адамның (Homo Sapiens-тің) пайда болу
уақыты және орны

.

Алматы 2018-2019 оқу жылы
Саналы адам немесе "Homo Sapiens" – Сүтқоректілер класы, Приматтар отряды,
гоминидтер тұқымдасындағы Адамдар тегінің жалғыз биологиялық түрі.

• Неандертальдық баланың бет әлпетін
қалпына келтірген антрополог-ғалым:
М.М.Герасимов.
• Неандертальдықтардан кейін, б.з.б. 40–12
мың жыл бұрын қалыптасқан: «Саналы
адам», қазіргі адамдар.
• «Саналы адам» сүйегі алғаш рет табылған
үңгір: Франциядағы Кро-Маньон.
• «Саналы адамның» табылған жеріне
байланысты ғалымдардың берген атауы:
Кроманьондық.
• Алғашқы адамдардың жануарлар
дүниесінен бөлініп шығуына әсер еткен:
Еңбек құралдарын жасауды игеруі.
• Ертедегі адамдардың маймылдар мен
жануарлардан басты айырмашылығы:
Еңбек құралдарын жасай білуі.
• Пайда болған кезеңі: Кейінгі палеолит
• Кейінгі палеолит б.з.д. 40-12 мың жылға
дейінгі уақытты қамтиды. Бұл —
адамзаттың жердің барша климаттық
зоналарына тарап қоныстанған жəне
нəсілдер мен нəсілдік топтардың құрылған
кезі. Осы дəуірде дене бітімі қазіргі
адамдарға ұқсас адамдар («саналы адам»)
қалыптасты. Мұндай адамның сүйегі
бірінші рет Франциядағы Кро-Маньон
үңгірінен табылғандықтан, оны
кроманьондық деп атайды.
• Бұл кезеңде пышақ тіліктер, қырғыштар
т.б. тас құралдары пайдаланылды. Қарулар
жетілдірілді. Аң аулауда найза лақтырғыш
қолданылды. Қоғамдық қатынастар
жетіліп, адамдардың бірлескен ұйымының
түрі — рулық қауым қалыптаса бастады.
Оларда мықты аналық рулық қауым
қарым-қатынасы орнады.
• Əйелдің қоғамдық өмірде биік орынға ие болуы
қауымдық үй шаруасының ерекшелігімен,
əйелдің ұрпақты жалғастырушы ретіндегі
отбасылық рөлімен де анықталып қойылған.
Оңтүстік Қазақстаннан бірқатар кейінгі
палеолиттік ескерткіштер табылды. Олардың
ішіндегі ден қоярлығы Шолаққорған
қалашығының батыс жағынан табылған Ащысай
тұрағы. Орталық Қазақстандағы Батпақ
тұрағынан ірі қырғыш тастар мен сүңгінің
ұштары табылды. Үшінші Қарабас көмбесінен
172 порфириттен жасалған заттар табылды.
• Шығыс Қазақстанда Қанай, Свинчатка, Үңгір Палеозой эрасының
жəне Ново-Никольское тұрақтары белгілі болды. тау жыныстары
Қазақстан жерінде кейінгі палеолиттің толық
зерттеліп біткен ескерткіштері онша көп емес,
бірақ қолдағы бар материалдар көне тас дəуірі
адамдарының материалдық мəдениеті дамуының
ешбір үзілмей, ұдайы жүріп отырғанына, сол
сияқты Қазақстан аумағындағы қоныстану
процесінің де үзілмегендігіне көз жеткізеді.
«Саналы адам» өзінің арғы тегіне қарағанда
көп ірі жетістіктерге жетті. Ол тік жүруді,
анық сөйлеуді меңгерді.
Адамның жетілуінде еңбек шегуші рөл
атқарды. Адам еңбек арқылы жетіліп,
оның қолы, сөзі, миы дамыды.
«Саналы адамның» миы «епті адамның»
миынан екі есе үлкен болды.
Кроманьондық адамның тұрпатында, осы
заманғы адамдарға тән ерекшеліктер
айқын білінеді. Оларға тән нәрсе –
басының сопақтығына қарай маңдайы
кең, беті өте жалпақ, тікше және мый
қауағы кең (1500-1800 см3), бойы биік
(168-194 см), сүйектердегі бұлшық ет
бедері айқын көрінеді.
Саналы адамдардың пайдаланған еңбек құралдары
Алғашқы адамдар еңбек құралын жасау үшін қолға ұстауға ыңғайлы тастарды
таңдап алды.
Чоппер – тасты жарып, бөлшектеп, жүзу өткірлерін пайдаланды.
Чопплинг – домалақ малта тасты екі жағынан егеген, жүзі өткір, ирек ара секілді
құрал. (Қаратау үңгірі.)
Пышақ тәрізді кескіштер – үшбұрышты қалақша тәріздес, өлтірілген
жануарлардың терісін сыпыратын құрал.
Ине мен біз – үшкір сүйектен жасалған. Осылай адам бірте –бірте тастан
пышық, найзаның ұшын, бұрғы, қашау, балға, кескіш жасады.
Жұмыртас- екі жақ бүйірі қырналған құрал. Олардан адамдар қырғыш, тілгіш
сияқты еңбек құралдарын жасаған.
Саналы адамдардың кәсібі:
Саналы адамдар қарапайым еңбек
құралдарын пайдалануды үйренген
соң, табиғатқа тәуелділігі азая
бастады.
Жер бетінде, ағаш, бұта басындағы
өсіп тұрған әр түрлі жеміс-жидектерді
терді. Жерге жарамды тамырларды
қазып алды. Құстардың
жұмыртқалардың жинап қорек етті.
Мұндай кәсіп терімшілік деп аталды.
Бірлесіп тамақ табу мен жабайы
жануарлардан қорғану үшін топтанып
жүрді. Ертедегі адамдардың мұндай
ұжымы адамдар тобыры деп аталды.
Алғашқы қауымдағы адамдардың
келесі кәсібі аң аулау болды
Қорытынды
• Соңғы палеолитте Европа тұрғындарында (кроманьондық адам)
европеоидтық нәсіл, Оңтүстік Жерорта теңізі аймағында –
негроидтық, Шығыс жерлерінде – монголоидтық нәсілдік белгілер
ерекшеленеді. Алғашқы қоғам баяу дамыды. Соған қарамастан
алғашқы адамдар біртіндеп ойлау қабілеті, дене бітімі жағынан
қазіргі адамдар қалпына келді. Саналы адамның қалыптасып бітуі
кейінгі палеолит кезеңінде болды деп есептейміз. Саналы адам өкілі
ғылымда кроманьондық адам деп аталған. Оның қалдықтары
Францияның Кро-Маньон үңгірінен табылғандықтан солай аталған.
Ғалымдар осы саналы адамның пайда болуымен адамның қалыптасу
процесі аяқталды деп есептейді.
Пайдаланылған әдебиеттер
• https://twig-bilim.kz/kz/film/homo-sapiens
• https://e-history.kz/media/scorm/141/12/text/te
xt.htm
• http://kazorta.org/aza-stan-tas-asyry-d-uirinde/

Ұқсас жұмыстар
Эволюция факторлары және саналы адамның шығу тегі
Адамның пайда болу кезеңдері
Адам эволюциясы
Антропогенез кезеңдері
Қазақстан тарихына кіріспе
Экожүйенің энергетикалық типтері
Адам философиясы
Жүйелеу Адамның Жүйелеу себептері қатары жүйелеу қатары
Даму психологиясы
Мәдениет философиясы
Пәндер