Зигомицеттердің филогенезі




Презентация қосу
Тақырыбы: Хитродиомицеттер және
зигомицеттер экологиясы. Практикалық
маңызы. Таралуы
Хитродиомицеттер
• Бұл класқа 300 – дей түр жатады.
Олардың мицелиі болмайды.
Вегетативтік денесі плазмодия түрінде
(жалаңаш цитлоплазмалық масса)
немесе көлденең перделермен
бөлінбеген, гифалардың алғашқы
бастамаларын беретін клеткалардан
тұрады. Жыныссыз көбеюі бір талшығы
бар зооспоралары арқылы жүзеге
асады. Жыныстық көбеюі алуан түрлі –
изогамия, гетерогамия, оогамия және
т.б. Негізінен сулы ортада өмір сүреді.
Көптеген түрлері балдырлардың және
жоғары сатыдағы өсімдіктердің
паразиттері болып табылады.
Капустаның ольпидиумы
(Olpidium brassicae)
• Капустада өмір сүретін паразит. Ольпидиуммен зақымданған капустаның
көшетінің тамыры мен гипокотилінің (подсемядольное колено) бі бөлігінің сырты
қарапайым сола (шалбарлана) бастайды. Соған байланысты мұны қаратүбір ауруы
деп атайды. Қабықтың клеткасында олимпудиумнің талломы көп ядролы
цитоплазманің бір бөлігі ретінде көрінеді. Олардан формасы шарға ұқсас түтік
тәрізді мойыны бар зооспорангилер жетіледі. Осы зооспорангилердің мойындарф
арқылы сыртқа зооспоралар шығады. Зооспоралар зақымданбаған өсімдіктерге
жақындап олардың эпидермисіне жабысады содан соң, өзінің ішіндегі заттарын
осы өсімдіктің клеткасына құяды. Сол жерде ольпидиумның ядргосы бөліну
арқылы көбейіп алдымен жаңа плазмодилер, содан соң зооспорангилер түзеді.
Қолалы жағдайда ольпидиумның өмірлік циклы 2-3 күнге созылады. Жыныстық
процесі изогамиялы. Гаметалары қосылып жылжып отыруға қабілетті. Екі
талшықты зигота түзеді. Зиготада зооспоралар секілді ауруға шалдықпаған
өсімдікті зақымдай алады, бірақ ол қалың қабықшаға оранып циста түзеді де
қыстап шығады. Өсе келе зигота мейоз жолымен бөлініп плазмодий түзеді. Осы
плазмодий келешегінде көптеген зооспорангилерге айналады.
Капустаның ольпидиумы
(Olpidium brassicae)

• Ольпидиумның өмірлік циклы:А-жыныссыз көбею; Б-жыныстық көбеюі: М-мейоз: 1-
ольпидиуммен зақымданған капустаның көшеті; 2-тамырдың мойнының
клеткаларындағы ольпидиумның плазмодийі; 3-зооспорангияның түзілуі; 4-зооспора;
5-эпидермистік клеткаларына зооспоралардың енуі; 6-изогаметалар; 7-зигота; 8-екі
ядролы қыстап шығатын плазмодий; 9-зиготаның өсуі.
Синхитриум
(Synchytrium endobioticum)

• Картоптың паразиті. Зооспоралары түйнектің клеткаларына өтіп,
олардың шамадан тыс үлкеюіне әкеліп соғады. Ұлпаның зақымдалған
участогін қоршап түрған клеткалары бірнеше рет бөлінеді және
олардың қабықшалары сүректеніп қатаяды. Нәтижесінде түйнектерден
қоршалған ісіктер пайда болады (152-сурет). Мұны рак ацуруы деп
атайды. Зақымдалған түйнектер көп жағдайда ұсақ болады және
крахмалды аз жинайды. Жыныссыз жолмен көбейгенде
синхитриумның ольпидиумнен айырмашылығы сол оның
плазмодиінен біреу емес,керісінше зооспорангилердің тұтастай бір
тобы (сорий) пайда болады. Жыныс процесі изогамиялы. Екі талшығы
бар зигота картоптың түйнегіне еніп, қалың қабықшамен
қапталып цистаға айналады да қыстап шығады. Циста тіршілік
қабілетін 20 жылға дейін жоғалтпайды. Зигота өскен кезде мейоз
процесі жүреді және бір зооспорангия түзеді.
Синхитриум
(Synchytrium endobioticum)

Синхитриумның өмірлік циклы: А-жыныссыз көбею; Б-жыныстық көбеюі:
М-мейоз: 1-синхитриуммен зақымданған картоптың түйнегі; 2-
түйнектің клеткаларындағы синхитриумның плазмодийі; 3-
зооспорангияның сориясының түзілуі; 4-зооспора; 5-жас түйнектің
эпидермиясының клеткаларына зооспоралардың өтуі; 6-изогаметалар; 7-
зигота; 8-зиготаның түйнектің эпидермисінің клеткасына өтуі; 9-
цистаның түзілуі.
Ризофидиум (Rhizophydium pollinis)

• Хитридиомицеттердің ішінде күрделі
құрылысты дамығаны. Оның вегетативтік
денесі тармақталған ризомицелийден
тұрады. Олар әртүрлі өсімдіктерде
сапрофитті және паразитті тіршілік етеді.
Бұл саңырауқұлақтың зооспорасы
төсемікке түсісімен қабыққа оранып, одан
төсеміктің ішіне қарай жіңішке
тармақталған жіңішке жіпше –
ризомицелийлер өседі. Ал зооспора
денесі көлемі жағынан тез ұлғайып
1-Балдыр клеткасындағы ризоидты
зооспорангияға айналады. Бұны суға таллом
түскен қарағайдың тозаңдарынан 2-зооспорангий споралардын шығуы
байқауға болады. Жынысты көбеюі 3-жынысты көбею
зигогамия.
ХИТРИДИОМИЦЕТТЕР класы

• Хитридиомицеттерге ұсақ микроскопиялық
саңырауқұлақтар жатады,
• Ризомицелий талломның субстратқа бекінуіне және
одан қор заттраын алуына жағдай жасайды.
• Ризомицелилердің түрі моно- және
полицентрикалық, яғни бір немесе бірнеше
ризомицелийлер мен репродуктивті мүшелердің
қалыптасу орталықтарының болуы
• Хитридиомицеттердің клетка қабырғасының
құрамына р-глюканды хитин кіреді.
ХИТРИДИОМИКОТ
жынныссыз көбеюі

• Жыныссыз көбеюі зооспоралар арқылы
жүзеге асады
• Кейбір хитродиомицеттерде барлық
вегетативті денесі спорангийлерге
айналады
• Басқаларында тек талломның бөлігі ғана
зооспорангийге айналады және сол
себепті зооспорангийлер көбеюі
бірнешеулеп бір мезгілде және
кезектесу арқылы болады.
ХИТРИДИОМИКОТ
жынысты көбеюі

• Жынысты көбеюі оогамиялы
• Гаметалар гаметангийда пайда болады
• Зигота қалың қабатты және қоймалжың
цитоплазмалы цистаға айналады
• Циста кейде жыныссызда пайда болады.
Хитридиомицеттердің филогенезі
• Бұл класс – саңырауқұлақтардың ішіндегі ең қарапайым құрылыстысы. Біраз белгілері
жағынан басқа саңырауқұлақтардан гөрі қарапайым организмдерге жақын тұрады.
Сондықтан бұлардың филогенезі жөнінде микологтарда бір тұжырымға келген пікір жоқ.
Кейбір микологтар бұларды жеке класқа бөлмей, оомицеттермен қосып, бір қатар ретінде
қарайды. Ал, екінші біреулер бұл класқа ризомицелийлері жоқ түрлерін ғана жатқызады да,
ризомицелийлері барларын оомицеттерге қосады. Бұлардың арғы тегі түссіз талшықты
организмдерден шықты деп жорамалдайды. Олардың ішінде ең ақарапайым құрылысты –
бір талшықты зооспорасы бар, ризомицелийлері жоқ – хитридиялықтар. Бұлар екі бағытта
дамуы мүмкін. Бірінші бағытта ризомицелийлері бар хитридияларды берсе, екінші бағытта екі
талшықты зооспоралары бар ольпидиопсистердің (оомицеттер) бастамасын берген болуы
тиіс. Бұларды жақындастыратын белгі тек екі талшықты зооспорасында ғана емес, басқа
хитридиомицеттерде кездеспейтін ортақ белгі – клетка қабықшаларының құрамында
целлюлозаның болуында. Бластокладалықтар хитридиомицеттердің эволюциялық дамуының
бір сатысы. Мұнда даму талломдарының ұлғаю бағытына және изогамиялық жынысты
көбеюден гетерогамиялыққа, одан ұрпақ алмасу бағытына қарай жүрген. Тіршілік жағдайы
мен талломдарының дамуы жағынан моноблефаридалықтар бластокладалықтарға жақын
тұрады. Сөйтсе де, оогамиялық жыныс процесі, сперматозоидтың түзілуі және ұрпақ
алмасуының болмауыжағынан олардан алшақтайды. Алайда, бұл екі топтағы организмдердің
арғы тегі талшықтылардың бірі болуы тиісті.
Зигомицеттер (Zygomycetes)
• 4 қатары (Mucorales, Endogonales,
• Entomophthorales, Zoopagales), 500-ден артық
түрлері белгілі. Табиғатта кең
тараған. Топырақта, көңде, сондай-
ақ өсімдіктердің құрамында, буынаяқтылардың, о
мыртқалы
жануарлар мен адамдардың денесінде паразитті ті
ршілік етіп, қоректік заттардың құрамында ақ
ұнтақ түрінде кездеседі.
Зигомицеттердің талломы өте жақсы дамыған көп
ядролы жіпшумақтардан (мицелийлер)
құралады. Клетка құрамында хитин және хитозин,
кейде глюкан заттары болады. Зигоспора
түзіп, зигогамия жолымен жынысты көбейеді, аты
осыған байланысты
қойылған. Зигогамия жолымен жынысты
көбею кезінде әр түрлі жынысты екі жіпше
түйісіп, перделермен бөлініп, екі жыныстық
мүше гаметангийлер түзіледі. Гаметангийлерде
жыныстық жасушалар түзілмейді. Екі
гаметангийдің түйіскен жерінде қабықтары
еріп, зигота түзіледі. Зигота 2-3 қабаттан тұратын
қабықпен қапталып, ұзақ бұйығу кезеңінен өтеді.
• Зигомицеттер ерекше зигогамиялы жыныс
процесінің болуымен сипатталады. Мұнда
жыныс процесі гаметаларға бөлінбеген екі
гифтың көп ядролы гаметангия деп
аталатын клеткаларының бір-біріне
құйылуы арқылы болады. Мицелийлері
жақсы жетілген, тарамдалған клеткаға
бөлінбеген көп ядролы, тек
кейбіреулерінің мицелийлері көп
клеткалы. Талшықты қозғалыс стадиясы
болмайды. Зооспора құрмайды.
Қозғалмайын эндогенді жолмен түзілген
споралар немесе конидиялар арқылы
жыныссыз көбейеді. Клетка қабықшалары
целлюлозды болмай хитинді келеді.
Зигомицеттердің өмірлік циклы
I. Mucorales (Мукоровые) қатары . Мукоралықтардың мицелийлері жақсы
жетілген, клеткаларға бөлінбеген, көп ядролы. Бұлардың көпшілігі топырақта,
өсімдік қалдықтарында, көңде және тұрып қалған тағамдарда сапрофиттік
тіршілік етеді. Кейбіреулері адам мен жануарлардың паразиті. Мукорлар
бактериялар, басқа саңырауқұлақтармен бірге топырақ құрау процесіне
қатысады. 1 г топырақта мукорлардың бір мыңдай споралары болады. Бұл
қатарды жыныссыз спора тасушы органдарының құрылысына қарай бірнеше
тұқымдасқа, туыстасқа бөледі.
II. Мукор - нанда, көкөністе және басқа органикалық төсеміктерде ақ бас түйнекті
зең түрінде кең тараған саңырауқұлақ. Мукордың мицелийі клеткаға бөлінбеген,
көп ядролы, вакуольдері бар. Мицелийлері төсеміктің ішінде жатады, сирек
жағдайда ғана жартылай төсеміктен шығып тұрады. Спорангия сағағы
тармақталмаған, оның жоғарғы жағынан шар формалы спорангий дамиды.
Спорангий спорангия сағағынан перде арқылы бөлінеді. Жас спорангийлері
түссіз уақ келсе, ересектері ірі қара түсті болады.
Қолданылуы

• - ашытқы орнына және
шарап дайындау
кәсібінде Pilobolus туысы
пайдалынылады
(Mucor)
• - жемістер мен
көкеністердің
бұзылуында (Rhizopus)
• - адамдарда бронхы
мен өкпе ауруларының
пайда болуына әсер
етеді (Absidia)
Эндогоналықтар – Endogonales қатарына топырақта, өсімдік
қалдығында сапрофитті тіршілік ететін, мицелийлері
клеткаланбаған саңырауқұлақтар жатады. Бұлардың
мицелийлерінен жабық тұқымды өсімдіктердің (бүлдірген, алма
ағашы, бидай, т.б.) тамырларында эндотрофты микоризалар
дамиды. Бұл қатардың кейбір туыстарының ұрықтанған
зиготасының айналасына вегетативтік гифадан жемісті дене
сияқты қорғаныш қабықтар түзіледі. Бұл саңырауқұлақтың жер
асты ерекше жемісті денесін – спорокари деп атайды. Ол
мицелийдің матасуынан құралады. Мұндай сары түсті шар
пішінді жер асты жемісті денелерінің диаметрі бірнеше
миллиметрден 2-3 см-ге дейін барады. Оның ішінде бірнеше
зигота түзіледі. Одан дөңгелек көп споралы колонкасыз спорангия
дамиды. Жынысты көбеюде зигота бір не көп ядролы екі
клетканың қосылуы нәтижесінде түзіледі. Ол перде арқылы
мицелийден бөлініп тұрады. Олар гомо- және гетероталды келеді.
Жиі тараған өкілі Endogene lactifua.
Энтомофторалықтар – Entomophthorales қатары. Бұл қатарға
жататын саңырауқұлақтардың мицелийлері жетілген кезде
көлденең перделерге бөлінеді, не көп ядролы жеке клеткаларға
ыдырайды. Конидиялар арқылы жыныссыз көбейеді. Мукор
сияқты, екі клетканың бір-біріне қарай өсуі арқылы жынысты
көбейеді. Көпшілік жағдайда қосылатын клеткалар бір ядролы
болады. Одан қалың қабықпен қапталған тыныштық күйдегі
зигоспора түзеді. Бұл қатарға жататын саңырауқұлақтарды
тіршілік ету ерекшелігіне қарай 3 топқа бөлуге болады. Біреулері
өсімдіктердің факультативті паразиті болса, екінші біреулері
төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлардың ішек паразиттері, ал
үшіншілері – насекомдардың облигатты паразиттері.
Зигомицеттердің филогенезі
Жақсы дамыған, жыныс процестерінің түріне және құрылысына қарай біріктірілген
саңырауқұлақтардың табиғи тобы. Мұнда жыныссыз көбею мүшесінің эволюциясы
моноспоралы спорангийлердің конидияға ауысу бағытна қарай жүруі айқын байқалады. Бұл
кластан бірінші рет жемісті дененің нышаны байқалса, Endogone-де оның дамып 2 см-ге
жеткендігі байқалады. Зигомицеттердің шығу тегі жөнінде ғалымдарда әлі де бір тұжырымды
пікір жоқ. Ғалымдардың бірі жыныс процесінің ұқсастығына байланысты, зигомицеттердің
арғы тегі тіркеспелі балдырлар болу керек десе, екіншілері – оомицеттер болуы тиіс деседі.
Бұның екеуін де зигомицеттердің тегі деп атау қиын, өйткені тіркеспелі балдырларда бір ядролы
екі вегетативтік клетканың, ал зигомицеттерде көп ядролы гифалардың қосылуы арқылы жыныс
процесі жүреді. Сол сияқты құрылыстарында да толып жатқан айырмашылықтары бар. олай
болса бұлардың ата-тектерін хитридиомицеттердің ішінен дамыған зигогамиялы жыныс
процесі бар Polyphagus болуы мүмкін. Әрине бұларды бір-бірімен тікелей байланыстыру
қиынға соғады. Оның себебі зигомицеттер болса құрлықта тіршілік етуіне байланысты,
алғашқы сулы ортадан қол үзіп, эволюциялық жағынан алға кетуінің нәтижесінде,
құрылыстарында көптеген айырмашылықтары бар. Бұл екі топтың саңырауқұлақтарын
байланыстыратын буын ертеде жойылып кеткен болса керек. мукорлардың басым көпшілігі жер
бетінде тіршілік ететін сапрофиттер. Мұнда эволюция екі бағытта дамыған: бірінші бағытта
жоғарыда айтылғандай спорангиялардың конидиялармен алмасуы бағытында жүрсе, екінші
жағдайда жемісті денелердің алғашқы белгілерінің түзілуі бағытында жүрген.
Энтомофторалылардың рересек күйінде, жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтар сияқты,
мицелийлерінің көп клеткалылығы байқалады және спорангийлердің конидиямен алмасуы
аяқталады, сонымен қатар паразитті тіршілік етуге жақсы бейімделген. Эндогоналықтар жемісті
денелерінің нышаны бар Mortierella-мен байланысты болуы тиіс. Сонымен қатар, екеуінде де
спорангия колонкасының болмауында. Зоопагалықтар морфологиялық және биологиялық
ерекшеліктеріне қарағанда энтомофторалықтарға жақын тұрады.
Қорытынды
Хитридиомицеттер вегетатитвтік денесі нашар жетілген
ризомицелий, не клетка қабықшасы жоқ плазмодий. Бұл
саңырауқұлақ вегетативтік денесінің жетілуі жағынан
саңырауқұлақтардың ішіндегі ең қарапайымы, микроскопиялық
жалаңаш, амебоид құрылысты, оған 20-дан астам саңырауқұлақ
түрі жатады, өкілдері аз таралған.
Барлық зигомицеттер құрлықта тіршілік етеді. Бұл класқа 80-нен
(500-дей) астам түр жатады. . Мукорлар бактериялар, басқа
саңырауқұлақтармен бірге топырақ құрау процесіне қатысады.
Мукор саңырауқұлағын дымқыл нанды қақпағы бар ыдыстың ішіне
салып, жылы жерге қойып, оңай өсіріп алуға болады. Көңнен
мукордың зиготасын табу үшін оның астыңғы қабаттарын алу
керек.

Ұқсас жұмыстар
Шыбын паразиті
Орталық жүйке Шеткі жүйке жүйесі
Саңырауқұлақтар туралы
Нерв ұлпасының құрылысы мен маңызы
Нерв жүйесінің онто - және филогенезі
Жалпы гистология
Гистология жайлы түсінік
Иммунитет филогенезі
Жүйке жүйесі жұлын
Зәршығару мүшелер жүйесінің құрылысы
Пәндер