Биологиялық ырғақтардың пейсмекерлері



№3 СӨЖ
Адамдағы циркадианды ырғақтар.
Адамдағы инфрадианды және ультрадианды ырғақтар.
Биологиялық ырғақтардың пейсмекерлері.

Жоспар:
Кіріспе
Тірі организмдердегі биологиялық ырғақтылық
Негізгі бөлім
Адамдағы циркадианды ырғақтар.
Адамдағы инфрадианды және ультрадианды ырғақтар.
Биологиялық ырғақтардың пейсмекерлері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі


Тірі организмдердегі биологиялық ырғақтылық (Циркадалық ритм)
Биологиялық ырғақ - биологиялық процестер мен құбылыстардың қарқыны мен сипатындағы мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын өзгерістер реттілігі.
Биологиялық ырғақ барлық тірі организмдерге тән және ол клеткалық процестерден бастап популяциялық, биосфералық құбылыстарды қамтиды.
Мұны зерттейтін ғылым саласы - биоритмология.
Биологиялық ырғақ табиғи жағдайда қоршаған ортадағы құбылыстар өзгерістеріне сәйкес жүреді, “Биологиялық сағат” қызметін атқарады, организмнің уақыт пен кеңістікте бағдарлануына, қоршаған ортадағы өзгерістерге алдын-ала дайындалуға мүмкіндік береді.

Циркадалық ритм немесе Циркадиандық ритм (лат. circa - маңайы, қасы және лат. dies - тәулік, күн)
Циркадалық ритм немесе Циркадиандық ритм - барлық тірі организмдерде болатын ішкі сағат, яғни ағзадағы биологиялық үрдістердің циклдік ауысуын реттеп отыратын тәулік ішінде 24 сағаттық ұзақтықтағы ритм болады.
Бұл циркадалық ритмді сақтау генетикалық үрдіс, тіпті соқыр жануарлар да жарықтың өзгерісін терідегі фоторецепторлардың көмегімен біліп отырады.

Биологииялық ритмдер (биоритмдер) (гр. βίος - bios, «өмір» және ῥυθμός - rhythmos, «кез-келген қайталанатын әрекет, ритм»)
Биологииялық ритмдер- мінез-құлық және биологиялық процестер мен құбылыстардың өзгеруі мен интенсивтілігінің периодтық қайталануы.
Бұл құбылыс барлық тірі организмдерге тән - молекулалық және субклеткалық құрылымнан бастап биосфераға дейін.
Тірі табиғат жүйесінің фундаментальды процесі.
Тірі организм әртүрлі сипатқа ие көптеген ритмдердің біртұтастылығы болып табылады.
Соңғы ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша қазіргі кезде адам организмінде 400-ге жуық тәуліктік ритмдер тіркелген.
Гүлдердің биоритмі


Биоритмология және хрономедицина
Биологиялық құбылыстар мен тірі жүйелердің мінез-құлқына уақыттық фаткорталдың әсер ету маңыздылығын, биологиялық жүйелер мен табиғаттың уақыттық бірлігін, тірі организмдер үшін биоритмдердің қалыптасуы мен маңыздылығын зерттейтін ғылым саласы - биоритмология.
Биоритмология 1960 жылдары бөлініп шыққан биологияның бір саласы - хронобиологияның бір бағыты болып табылады.
Биоритмология және клиникалық медицина салаларының ұштасуынан жаңа сала - хрономедицина қалыптасты.
Хрономедицина - әртүрлі аурулар мен ауытқулар кезіндегі организмнің биоритмдерін және олардың ауытқуын қарастырады.


Ритмдердің классификациясы Ритмдедің классификациясы таңдап алынған критерийлерге байланысты негізделіп жасалады.
Ю. Ашофф (1984 ж. ) бойынша биоритмдер классификациясы:
Характеристикасына қарай (мысалы, жиілік) ;
Биологиялық жүйесіне байланысты (популяция) ;
Ритмді қалыптастырушы процесс бойынша;
Ритмнің атқару функциясына қарай.
Биоритмдер жиілігінің диапазоны өте ауқымды: миллисекундтан бірнеше жылдарға дейін.
Оларды жекелей клеткаларда, тұтас организмде немесе популяциялық деңгейде бақылауға болады.
Үлкен индивидуалды өзгергіштік тән: ОЖЖ немесе қанайналық жүйесі мен тынысалу жүйесіне.

Ең көп таралған биоритмдер классификациясы Ф. Халберг (1964 ж. ) бойынша (ауытқу жиілігіне негізделіп алынған) :
Ритмдер зонасы
Ритмдер аймағы
Жиілік ұзындығы
Жоғары жиілікті
Ультрадианды
0, 5 сағ. кем
0, 5-20 сағ.
Орташа жиілікті
Циркадалы
20-28 сағ.
Инфрадианды
28 сағ. - 3 тәул.
Төмен жиілікті
Циркасептанды
7 + 3 тәул.
Циркадисептанды
14 + 3 тәул.
Циркавигинтанды
20 + 3 тәул.
Циркатригинтанды
Цирканнуальды
30 + 7 тәул.
1 жыл + 2 ай

Инфрадианды ритмдер
Ұзақтығы тәуліктен көп болатын ритмдер.
Мысалы: жаныуарлардың қысқы ұйқыға кетуі, әйелдердегі менструалды цикл.
Басқа да көпжылдық ритмдерді зерттеудің биоритмология үшін маңызды практикалық мәні бар. Бұл ритмдер үшін уақыттық датчик қызметін мезгілдік ауысымдар, айлық цикл, т. б. атқарады.

Айлық (лунные) ритмдер
Айдың ритмдерінің теңіз-мұхит суларының тасуы мен тартылуына әсер етуі мүмкін. Айдың циклдық фазаларына (29. 53 тәулік) немесе айдың тәуліктік ырғағына (24. 8 сағат) сәйкес келеді.
Айдың өзгеру ритмдері теңіз өсімдіктері мен жануарларында анық байқалады, микроорганизмдерді культивирлеуде бақыланады.
Психологтардың айтуы бойынша кейбір адамдардың мінез-құлқының өзгеруі де айдың фазаларына байланысты болуы мүмкін. Мысалы, ай тоғанда жүрек ақаулары, өз-өзіне қол жұмсау, т. с. с. Құбылыстар көбірек болады екен.

Ультрадианды ритмдер
Ұзақтығы тәуліктен аз болатын ритмдер.
Мысалы: ауруға сезімталдылықтың өзгеруі, бөліну және секреция процестерінің ауытқуы, фазалардың циклдылығы, 6-8 сағат аралығында ауытқып отыратын адамдардағы ұйқы кезеңі.
Жануарларға тәжірибе жасау барысында олардың химиялық және сәулелік зақымдауларға сезімталдылығы тәулік ішінде айтарлықтай ауытқып отырған.
Қандағы концентрация деңгейі
Уақыт

Организмнің биологиялық сағатының функциялануымен сипатталады.
Жердің өз осімен айналуына, оның күн жүйесі орбитасы бойымен қозғалуына, т. б. геофизикалық және космостық факторларға, соның ішінде «уақыттық датчик» қызметін атқарушы құбылыстарға тікелей тәуелді.

Биологиялық ырғақтардың пейсмекерлері
Қазіргі кезде организмнің циркадианды жүйесі мультиосцилляторлы принцип бойынша жүзеге асады деп саналады.
Осыған сәйкес тәуліктік ритмдердің автономды генераторлары көптеген бір-біріне жалғасатын осцилляторлар тобы арқылы байланысады деп қарастырылады.
Бұл осцилляторлы топтар бір-біріне тәуелсіз, бірақ өте тығыз байланысқан иерархиялық тізбек құрады, фазасы және жиілігі бойынша синхронды болады.
Биологиялық сағаттардың механизмі клеткалық пейсмекерлер (ритмдік генераторлар) арқылы жүреді.
Клеткалық пейсмекерлер (ритмдік генераторлар) - тәуліктік жиіліктің автоауытқуларын қайта қалпына келтіруге қабілетті.

Ф. И. Комаровтың (1989) зерттеуінің қорытындысы бойынша организмдегі бір иерархиялық деңгейдегі осцилляторлар параллельді, ал әртүрлі деңгейдегілері - тізбекті функцияланады.
Осцилляторлардың өзәра әсерлесу принципі:
I, II - табиғи синхронизаторлар;
11-23 - организмнің ішкі осцилляторлары;
индекстің 1-ші фазасы - иерархиялық деңгей;
индекстің 2-ші фазасы- иерархиялық деңгейдегі осциллятор реттілігі.

Қорытынды
Организм өзінің физиолоиялық қызметін ырғақты түрде жүргізе отырып уақытты санайтын сияқты. Ішкі және сыртқы ырғақтар үшін келесі фазаның басталуы уақытқа байланысты. Уақыт маңызды экологиялық фактор ролін атқаратыңдықтан, тірі организмдер табиғаттың сыртқы өзгерістерін сезіне отырьш соған бейімделуі керек.
Биологиялық процестер ми құбылыстардың сипаты мен белсенділігінің мезгілді тербелісн биологиялық ырғақ деп, ол оны зерттейтін ғылымды хронобиология деп атайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz