Компьютерде ақпаратты ұсыну тәсілдері мен кодтау жүйелері


Slide 1

Компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері

Slide 2

Кодтау дегеніміз не?

Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды.

Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды.

Slide 3

Ақпарат беру мына түрлерде жүргізіледі:

Сигналдар түрінде.

Адамдар қарым-қатынасында,

техникалық құрылғыларда.

Slide 4

Ақпараттарды келесі түрде сақтауға болады:

Қағазда, таңбалар түрінде, перфокартада, перфолентада, таспа, ағашта, матада, кілт бедерінде т. б.

Электромагниттік сигналдар түрінде: дискіде, дискетте, кассетада, кинопленкада т. б.

Құрылымдық комбинациялар түрінде: биологиялық объектілердің клеткалары мен гендерінде.

Slide 5

Кірістік мәліметтердің түрлері (1)

Мәтіндік

Сандық

Оқулықтағы мәтін, дәптердегі шығарма, ауа райын болжау, радио арқылы хабар

Көбейту кестесі, арифметикалық мысал, хоккей ойнындағы есеп

Slide 6

Кірістік мәліметтердің түрлері (2)

Графикалық

Суреттер, схемалар, сызбалар, фотосуреттер

Музыкалық

Дыбыстар,

музыка, сөз

Бейнелік

Түрлі түсті графика, дыбыс, фильмдер, екі және үш өлшемді жылжымалы обьектілер.

Slide 7

Ақпарат өлшемі

Барлық ақпаратты дербес компьютер сигналдар түрінде қабылдай алады.

Олар екі күйде болады

сигнал бар сигнал жоқ

Бұл сигналдарға тек екі түрлі мән: 0 немесе 1 қабылдай алатын сәйкес код разряды қойылған. Тек екі түрлі мәні немесе оған сәйкес код разряды бар, 0 немесе 1 мәндерін ғана қабылдай алатын сигналды бит деп атайды.

Slide 8

Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі

Бит - бұл ақпараттың ең кіші бірлігі.

Басқа сөзбен айтқанда, тек екі түрде ғана

болатын (сигнал бар немес сигнал жоқ)

сигнал, БИТ ақпаратын береді.

Slide 9

Ақпараттың кодталуы

Екілік алфавиті 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады.

Ақпаратты екілік код пен көрсету үшін, құрылғы екі күйді айыра білуі керек, мысалы: 1-құрылғыда ток бар, ал 0-жоғын, немесе 1-жоғары кернеу, 0- төмен кернеу.

Slide 10

Символдарды кодтау

Символдарды кодтау үшін 8 биттен тұратын яғни 8 екілік таңбалардан тұратын тіркестерді қолдану қабылданған.

8 биттен тұратын кодты байт деп атайды.

8 нөл мен бірлердің көмегімен яғни бір байттың көмегімен 256 символ кодталады.

Символдарды кодталу комбинацияларының жиынтығын кодтау кестесі деп атайды.

Slide 11

ASCII коды

Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланатын код- АSСІІ коды -американдық ақпарат алмасудың стандартты коды.

Кодтау кестесі

16 жол 16 баған

Slide 12

ASCII кодының кестесінің құрылымы

Кесте

стандартты баламалы

Бірінші 128 символдар,

0-ден 127 -ге дейінгі кодтар: цифрлар, латын алфавитінің әріптері мен компьютер жұмысын басқаратын арнайы символдар.

128-ден 255-ке дейінгі кодтар ұлттық алфавиттер (орыс, қазақ) . Ондық, екілік, оналтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесі бойынша кодтауға болады.

Slide 13

ASCII кодының кестесімен қалай жұмыс істеу керек?

Мәтіннің әр символының кодын АSСІІ кестесінен табу керек.

Оның коды-екі оналтылық сан, оның біріншісі - осы символ орналасқан көлденең жолды номерін, ал екіншісі тік баған номерін көрсетеді.

Сосын сәйкестендіру кестесінен оны екілік жүйеге ауыстыру керек.

Slide 14

Компьютердің ақпараттық құралдары:

Ішкі және сыртқы

болып бөлінетін деректерді, бағдарламаларды

сақтауға арналған компьютерлік жады

Мәліметтерді

өңдеу процесін басқаратын

процессор және

өңдеу нәтижелерін

шығаратын шығару

құрылғы-лары

Барлық құрылғылар арасында ақпарат жеткізу қызметін атқаратын ақпараттық құрылғылар


Ұқсас жұмыстар
Екілік кодтау және мәтіндік ақпаратты ұсыну (6.2 А-бөлім)
Компьютерлік технологиядағы ақпаратты кодтаудың заманауи тәсілдері: штрих-кодтар, ЖСН және екілік кодтау
Ақпаратты кодтау: графикалық, сандық және таңбалық тәсілдер
Дыбыстық ақпаратты өңдеу және компьютерде дыбыс жазу
Жүктерді автоматтандырылған бақылау жүйелері мен OKVGUM кодтау стандарттары
Ақпаратты кодтау және оның өмірдегі қолданылуы: ЖСН және штрих-код мысалдары
Мәтіндік және графикалық ақпаратты кескіндеу: ASCII кодтау, пиксельдік (растрлық) және векторлық кескіндер
Ақпаратты синхронды және асинхронды алмасу: жүйелік шина, синхрондау және кодтау әдістері
Кодтау теориясының негіздері: кодтау схемелері, Макмиллан теңсіздігі және деректерді сығу (Лемпел-Зив алгоритмі)
Фактор деңгейлерін кодтаудың теориясы мен кодтау коэффициенттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz