Диференциалды рента




Презентация қосу
Диференциалды рента
Экономикалық теория
Мазмұны

Кіріспе
Негізгі бөлім:
1.Пайданың тарихы және пайда табудың көзі
2.Еңбекақы жүйесі
3.Пайыз
4.Рента
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Пайда және пайда табудың жолдары,пайда табудың
көздері жайлы көптеген пікірлер айтылады.Солардың
ішіндепайда теориясына экономикалық теория
классиктері А.Смит пен Д.Рикардо өздерінің елеулі
ұғымдарымен маңызды үлес қосты.
А.Смиттің пайданың – бұл кәсіпкерге оның
капиталының қызмет жасағандығын марапаттау
идеясы, өзінің ізбасарлары тапты: кейініректеу
«ұстамдылық», «күтушілік», «тәуекелділік» теориялары
пайда болып, бірақ ол теориялардың мәні-пайданың
нағыз қайнар көзін жасыруында болды.
Д.Рикардо өзінің пайдаға көзқарасын «Саяси экономия
және салық салуды бастау» деген еңбегінде баяндаған,
онда ол еңбекақы мөлшері мен пайда бір-біріне кері
қатынаста болатындығын дәлелдеуге тырысқан, яғни
пайданың жоғарлауы немесе төмендеуі, еңбекақының
төмен немесе жоғары болуымен байланысты екендігін
айтқан. Демек, Д. Рикардоның айтуынша, пайда –бұл
жұмысшылар өндірген қосымша құн.
К.Маркс өзінің «Капитал» деген еңбегінде пайданы
қарастырып қомақты үлес қосты. Ол былай деген:
«Пайда - қосымша құнның өзгерген түрі». К.Маркс
пайданың нағыз қайнар көзі ретінде жалдамалы
жұмысшыларға төленбеген қосымша еңбекті
есептеген.Әр экономис өз пікірлерін осылайша
қалыптастырды, алайда әр ой өзіндік мағынаға ие,себебі
қанша адам өмір сүрсе соншалықты пікір
қалыптасатынына ешкім таласпақ емес.
Американ ғалым-экономисі Пол Самуэльсон пайдаға деген
бірнеше көзқарасты атап көрсетті:

Пайда
Пайда

Пайда өндіріс факторларынан
Пайда тұрақсыздық жай -күйді
алынған «шартсыз» табыс
тудырушы ретінде және
және оны кәсіпкерлердің өзі
тәуекелділік үшін төлем;
тікелей қолданады;

Пайда кәсіпкерлік
қызметті марапаттау
Пайда монополды
ретінде және техникалық
табыс ретінде.
жетілдіруді ендіру;
Тауар өндірушінің қолға алатын түсімін талдай отырып,
табыстың үш түрін қарастыруға болады:

Табыс

жиынтық табыс (TR) –
Белгілі тауар мөлшерін орташа табыс (AR) – сатылатын
сатқанда алынатын бір тауар бірлігінен алынатын
ақшалай сомма.Жиынтық (жалпы) табыс:
табыс тауар санын (Q) оның баға-
сына (P) көбейткенге тең: AR= TR/ Q;
TR=Q x P;

шекті табыс (MR) - бұл қосымша
тауар бірлігін сатқандағы алатын
қосымша табыс.
MR= ATR/ AQ
Максималды пайдалылықтың тепе-теңдігін
талдау мен анықтау үшін жаңа экономикалық
ұғымдарды енеді:

Жиынтық (жалпы)
өнім (ТР) – бұл өнімнің
Орташа өнім (АР)- бұл жиынт
жалпы саны, осы фактордың
өнім өзгермелі факторының ос
сандық анықталуы
фактор санының (L) қолданбағ
кезінде және басқада
ғана қатынасы;
өзгермейтін өндіріс
АР= ТР/ L;
фактоында өндіріледі.

Шекті өнім (МР) -бұл қосылған
өнім, осы өндіріс факторының
бір бірлігіне ұлғайған кезде
алынады:
МР= ∆TP/ ∆L;
Қазіргі кезде барлық әлемдік қауымдастық елдерінде
еңбекақының негізінен екі түрі негізгі еңбекақы, оның
ішінде:

Мерзімді еңбекақы- жұмысшы Кесімді еңбекақы- жұмысшы
мен қызметкердің жұмыс жасаған мен қызметкерлердің еңбек
уақытынанемесе сағаттық, күндік өнімділігін өсіруге,
еңбекақы мөлшері бойынша өнім өнімді өндіруге кеткен
еңбек уақытын қысқартуды
өндіргені немесе өндірмегеніне
ынталандыру мақсатында
қарамастан, яғни оның жұмыста қолданады.
болған уақытына төленеді.

Қосымша еңбекақы – еңбекақы заңына сәйкес қарап
белгіленген жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс
істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленеді.
Еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі принциптері
тарифтік жүйеде бейнеленген. Еңбек сипатының сандық
және сапалығын есепке ала отырып, тарифтік жүйе
еңбекақыны ұйымдастырады және реттейді. Тарифтік
жүйеге тарифтік-квалификациялық анықтама, тарифтік
сетка және тарифтік өнім енеді.
Тарифтік - квалификациялық анықтамаға
Тарифтік сетка - кез келген саласындағы
шаруашылық саласының көптеген жұмыс
маман еңбегінің біліктілігі мен
түрлерінің сипатамасы мен тізімі кіреді,
біліксіздігінің арасын айқындауға қызмет
жұмыстың барлық түрі күрделілігіне
етеді.Сетка белгілі сандық разрядтардан
қарай разрядқа бөлінеді және жұмыс
тұрады және оған сай келетін
атқарушының бөлімі мен орындау
коэффициенттер болуы керек.
іскерлігіне талаптар көрсетеді.

Тарифтік ставка - жұмыскердің разрядка
байланысты уақыт өлшемінде (сағат, күн)
еңбек ақы размерін айқындауға қызмет жасайды.
Пайыз – бұл қарыз капиталын қолданғаны үшін төлем. Ол
тауар – капиталының бағасы ретінде жүзеге асады. Қарыз
пайызының қайнар көзі өндіріс саласында жасалған қосымша
құн болып табылады. Қарыз пайызы-бұл қосымша құнның
өзгерген түрі. Қарыз пайызының мөлшері пайда мөлшеріне
байланысты, ал ол болса өз кезегінде қосымша құн мөлшеріне
байланысты болмақ. Қарыз пайыз мөлшерінің максималды
шектеулігі бұл орташа пайда мөлшері болып табылады.
Пайыздың минималды шектеулігін анықтауға келмейді. Ол
нөлге жақын деңгейге дейін жетуі мүмкін. Мұның барлығы
қарыз капиталына сұраным мен ұсыным арқылы анықталады.
Бұл К.Маркс моделі болып табылады. «Қарыз пайызы»
теориясын жасаумен ағылшын экономисі Джон Кейнс
айналысқан, сөйтіп қарыз пайызына деген өзінің көзқарасын
баяндаған.
Пайыз дегеніміз- байлықтың ақшалай түрінен уақытша
айырылғанда меншіктерге төленетін компенсация. Кейнстің
ойынша, пайыз мөлшерінің көлемі екі факторға байланысты:
«өтімділікті бағалауға» - тікелей пропорционалды; айналымдағы
ақша санынан –кері пропорционалды. Джон Кейнстің
пайымдауынша, қарыз пайызының мөлшері пайда мөлшерімен
байланысты емес. Қарыз пайызының белгілі дәрежесі немесе
нормасы бар. Пайыз нормасы- карыз капиталын пайдалану
нәтижесінде алынған жылдық табыс сомасының қарызға берген
капитал сомасына қатынасы. Қарыз капиталын пайдаланганы
үшін төлем пайыз нормасы арқылы көрініс алады. Пайыз
нормасы қарыз капиталынан алынған жылдық табыстың бүкіл
қарыз капиталына қатынасымен өлшенеді.
Жер рентасы -жер учаскісін уақытша қолданғанға (пайдаланушыға)
төленетін төлем. Осы төлем қосымша құнның арендатор капиталының
орташа пайдасынан артық болуы есебінен пайда болады. ДЭкономикалық
рента жерден және оның қойнауынан алынатын табыс нысандарында.
Жерді иемдену (иелік ету) - жеке адамның немесе заңды ұйымның белгілі
бір жер төліміне (учаскесіне) құқығын мойындау жер рентасының орын
алуының шартты себебі өндірістің маңызды факторы - жер ұсынысының
шектеулі болуы. Ауыл шаруашылығы кәсіпкерлеріне жерді арендаға беру
отырып, жер иегері бұл үшін белгілі төлем – рента алады. Жер рентасы жер
иегеріне арендалық төлем түрінде төленеді. Жер рентасы-жер учаскісін
уақытша қолданғанға (пайдаланушыға) төленетін төлем.
Әлемдік қауымдастық елдерде жерге аренданың негізгі екі түрі бар:
-капиталистік, пайда табу мақсатындағы түрі. Бұл Англия, Бельгия,
Голландияда тараған;-шаруалық, бұл түріндегі жер ұсақ шаруагердің және
оның отбасының тұтыну қажеттілігін қанағаттандыру үшін арендаланады.
Бұл түрі Орта Шығыс пен Латын Америкасы елдерінде кең тараған.
Жер рентасының теориясын К.Маркс толық зерттеген.
Дифференциалды рентаның теорияасын жасауда классикалық
экономикалық теорияның өкілі Д. Рикардо өзінің дифференциалды
рента теориясын топырақ-құнарлығының төмендеу заңымен
байланыстырады. Осы заңы сай, жерге еңбек пен капиталдың әрбір
қосынды (қосымша ) жұмсалуы өндірілетін өнім санының
төмендеуімен бірге жүріп отырады.
Абсолюттік рента-пайданың орташа пайдадан артық бөлігі
және ол барлық участкіде, сондай-ақ жердің сапасы нашар
учаскісінде де туындайды, ол жақсы және орташа учаскіден тағыда
қосымша I-ші және II-ші дифференциалдыренталар алынады.
Дифференциалды және абсолютті ренталардан басқа жекелеген
кейбір жер участкісінде монополиялық рентаның болуы мүмкін.
Оның пайда болуы монополияалық бағамен түсіндіріледі, себебі
ондай баға кейбір сирек ауыл шаруашылығы өнімдерге белгіленеді.
Қорытынды

Менің пікірімше,кез-келген тауар өндірушінің мақсаты барынша көп пайда

табу болып табылады. Алайда нарыққа өз тауарымен шыға отырып, ол алды-
менен белгілі ақшалай қолға түсетін шағын түсімді (табыс) алуды
жоспарлайды.
Еңбекақы мөлшері жұмысшының тіршілігіне қажетті минималды құн
арқылы анықталады. Осыдан басқа еңбекақы тарихи және рухани
элементтерді камтиды. Осыған байланысты А. Смит еңбекақы мөлшерінің
ұлттық айырмашылығы болатынын түсінді. А. Смит еңбекақы дәрежесінің
төмен және оның тіршілік минимумына өте жақын болуы жұмысшы табының
ұйымшылдығының жоқтығымен байланысты дейді. Жалакы динамикасын
(қозғалысын) экономика жағдайымен байланыстырады. Экономикалык өрлеу
жағдайында еңбекке деген сұраныс өседі де, нарықтық еңбекақы «табиғи
еңбекақыдан» жоғары болады.
Еңбекақы жалданушының табысы болса, жалдаушының шығыны болып
есептелінеді. Еңбекақыны көбейту әдістеріне жатады:біліктілікті көтеру; еңбек
өнімділігін арттыру; қосымша жұмыс уақытын ұзарту немесе бірнеше жұмыс
орындау.Өнеркәсіпте бағалар өндірістің орташа жағдайымен реттеледі.
Ауыл шаруашылығында жер өндіріс құрал – жабдығының
басты элементі болғандықтан, онда бағалар ең нашар жер
учаскісіндегі өндіріс жағдайымен анықталады. Жақсы және
орташа сапалы жерлер саны шектеулі (көптеген жерлер шөп
және шөлейтті аймақтарда, орман, тундра, балшықты, таулы
массивтер және с.с.), сондықтан жақсы және орташа
учаскіден алынған өнім көлемі сұранымды жаба алмайды.
Мемлекет нашар (кұнарлылығы төмен)жерлерді де
айналымға қосуға мәжбүр. Сондықтан өндірістің қоғамдық
бағасы орташа жермен емес, нашар жермен анықталады.
Пайдалынған әдебиет:

«Жалпы экономикалық теория» Шеденов Ө.Қ.
Сағындыков Е.Н. Жүнісов Б.А. Байжомартов Ү.С.
Комягин Б.И. Ақтөбе – 2004 ж.
«Жалпы экономикалық теория» Шеденов Ө.Қ.
Байжомартов Ү.С. Жүнісов Б.А. Комягин Б.И.
Алматы – Ақтөбе 2002 ж.
Реферат уч. П.Самуэльсона и В.Нордхауса
«Экономика"- ж. Экономические науки №1 1991 ж
«Эканомикалық теория негіздері» Әубәкіров

Ұқсас жұмыстар
ШАРТ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ШАРТТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Жер рентасы және кәсіпкерлік табыс
Хромосомалардың жіктелуі
Еңбекке сұраныс
Абсолютті жер рентасы
Хромосоманың жіктелуі. Адам хромосомасының картасы
Өндіріс факторларынан түсетін табыстар туралы
Өндіріс факторларының нарығы
МҰҒАЛІМНІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫ
Жердің бағасы - қаржы кадастырының керекті элементі
Пәндер