Қауіпсіздік ережелері




Презентация қосу
Құрметті ата-ана! Өмір қауіпсіздігін сақтау ережелерін балаларыңыздың жас
ерекшеліктеріне сай есіне салып отырыңыздар
ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
Көшедегі қауіпсіздік
Ата-аналар балаларының қайда жүргенін әр уақытта білуге тиіс және
төмендегідей кеңестерді естеріне салыңыздар;
•Кешке дейін аулада ойнама; қараңғыда көшеде жалғыз жүрме
•Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлеспе;
•Мастардан, күдікті адамдардан аулақ бол;
•Бейтаныс үлкен адамдардың берген тартуын алма;
•Бейтаныс адамның машинасына отырма;
•Бейтаныс балалармен немесе ересектермен басқа подъезге, подвалға, бөтен үйге
кірме, үй шатырына шықпа.
•Егер сен бейтаныс адамның соңыңнан қалмай, аңдып жүргенін байқасаң, ,адамдар
көп жүретін жаққа қарай жүгір ( аялдама, дүкен, жарығы бар көше тәрізді орындар);
үлкен адамдардан, полиция қызметкерін байқасаң, көмек сұра.
•Бейтаныс жерде ата-анаңды жоғалтып алсаң, сол жерден кетпе;
•Аулада, үйіңде қымбат заттардың көп екендігін айтып мақтанба.
Баланың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету:
Балалар қашан да үлкендердің көмегіне жүгіне алатын болу керек;
•Балалардың ғаламторда бір-бірімен сөйлескенде, әдеп сақтап, сыпайы болуын
талап етіңіз;
•Рұқсатсыз ғаламтордағы жаңа таныстарымен кездесуіне жол бермеңіз;
•Балаңыздың қандай чат, әлеуметтік сайт, хабарландыру парақшаларын
пайдаланып жүргенін бақылаңыз;
•Баланың әлеуметтік сайттарда арандатушы ақпарат, сурет, видео салуына тиым
салыңыз;
•Өзі туралы ақпараттың, мәліметтің құпия болуының маңызын түсіндіріңіз.
•Жасөспірім балаңыз ғаламтор арқылы бір затты сатып алуда, сатуда сізбен
ақылдасатын болсын.
ЖАҢА ЖЫЛДЫ ҚАРСЫ АЛУ МЕРЕКЕСІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
Көптеген заттар сияқты, фейерверк та Қытайда жасалып шығарылған. Қазір фейерверктердің түрлері
өте көп, кез-келген талғамға, үлкен ашық алаңдарға және орын-жайларға арналған. Тек қана таңдай
біл!
Фейерверктердің барлық түрлері әр дәрежеде қауіпті. Өкінішке орай, фейерверкті сатып алған
жерде тексеріп алуға болмайды, сондықтан сапасын тексеру үшін орауын жақсылап қарап алу керек.
- Ең алдымен, орауы бүтін ашылмаған болу керек. Егер орамасы қағаздан жасалған болса,
дымқылданбағандығын тексеріп алыңыз. «Топан судан» кейін қағаз кедір-бұдыр, бояулары салтақ
болады. Су тиген фейерверкті сатып алудың қажеті жоқ, ол жанбай қалуы мүмкін.
- Фейерверк тасымалдау барысында зақымдалмағанын тексеріп алыңыз. Қолыңызды созып тұрып,
ораманы кішкене сілку қажет: егер оның ішінен оқ-дәрісі шашылып жатса – онда құрал тасымалдау
кезінде зақымдалған. Оқ-дәрісінің кішкене шашылуы мүмкін, бірақ шектеулі көлемде.
Маркаларына назар аударыңыз. Бірақ, фейерверктердің көбісі Қытайда жасалып шығарылған,
сапалы тауардың орамасында міндетті түрде ГОСТ нөмірі, сонымен бірге тауардың отандық
өндіруші немесе жеткізіп беруші (сатушы) көрсетіледі. Егер осындай мәліметтер көрсетілмесе, онда
өнім заңсыз шығарылып сатылады және оны сатып алуға болмайды.
- Фейерверктің міндетті түрде қолдану бойынша мемлекеттік тілде жазылған нұсқауы болуы керек.
- Маңызды ақпараты – сақталу мерзімі. Сақталу мерзімі көрсетілмеген, өтіп кеткен немесе аяқталып
қалған өнімді сатып алмаңыз.
- Барлық пиротехникалық өнім сертификатталуы қажет. Сапа сертификаты сатушыда сақталады.
- Сапасына және қауіпсіздігіне күдіктенбеу үшін, фейерверкті базардағы күдікті сатушылардан емес,
фирмалық дүкендерден сатып алу керек.
Шартылдақтар – жаңа жыл фейерверктерінің ең көп тараған түрі. Сонымен бірге, ең қауіпсіз.
Оларды қағаз немесе пластик цилиндрдан жасайды. Жібінен тартып қалған кезде ішіндегі
үйкелісінен пиротехникалық құрамы жана бастайды және шартылдақтан түрлі-түсті конфеттилерді,
серпантинді шашады.
Қауіпсіздік ережелері: оны адамның бетіне қаратып емес, жоғарыға қаратып ұстау керек (мұндай
әзіл көздің көруіне әсер тигізуі мүмкін); шартылдақты шамның және басқада от көздерінің жанында
пайдалануға болмайды .

Бенгал шамы - шартылдақтарға қарағанда көпшілікке белгілі. Оларсыз жаңа жыл мерекелері өтпейді.
Қазір көптеген сапалы өнімдерде тұтатуды жеңілдету үшін ұштар жасалған. Қолдарын күйдірмей
және ыстық шлакты еденге түсірмей, оларды бір сіріңкемен ғана тұтауға болады.
Қауіпсіздік ережелері. Түрлі-түсті бенгал оттары жану процесінде зиянды тотықты бөледі,
сондықтан оларды ашық ауада тұтатқан дұрыс немесе тез арада орын-жайды желдетіп алу керек.

Петардалар. Қатты шартыл және ашық заряд – бұл петардалардың халық арасындағы үлкен сұранысқа ие
болуының құпиясы.
Қауіпсіздік ережелері. Егер сіз орамасын пайдаланғанға дейін бұзбасаңыз, петардалар қауіпсіз болады;
олардан 5-6 метрге алыс тұрыңыз; нұсқауда айтылғандай орнатыңыз. Тұтатқаннан кейін қолда ұстап тұруға
болмайды. Бөтелкенің, шелектің, банканың ішіне, жануарларға, адамдарға қарай тастауға мүлдем болмайды.
Көшедегі қауіпсіздік
Ата-аналар балаларының қайда жүргенін әр уақытта білуге тиіс және төмендегідей кеңестерді
естеріне салыңыздар;
•Кешке дейін аулада ойнама; қараңғыда көшеде жалғыз жүрме
•Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлеспе;
•Мастардан, күдікті адамдардан аулақ бол;
•Бейтаныс үлкен адамдардың берген тартуын алма;
•Бейтаныс адамның машинасына отырма;
•Бейтаныс балалармен немесе ересектермен басқа подъезге, подвалға, бөтен үйге кірме, үй шатырына
шықпа.
•Егер сен бейтаныс адамның соңыңнан қалмай, аңдып жүргенін байқасаң, ,адамдар көп жүретін
жаққа қарай жүгір ( аялдама, дүкен, жарығы бар көше тәрізді орындар); үлкен адамдардан, полиция
қызметкерін байқасаң, көмек сұра.
•Бейтаныс жерде ата-анаңды жоғалтып алсаң, сол жерден кетпе;
•Аулада, үйіңде қымбат заттардың көп екендігін айтып мақтанба.
Баланың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету:
Балалар қашан да үлкендердің көмегіне жүгіне алатын болу керек;
• Балалардың ғаламторда бір-бірімен сөйлескенде, әдеп сақтап, сыпайы болуын
талап етіңіз;
• Рұқсатсыз ғаламтордағы жаңа таныстарымен кездесуіне жол бермеңіз;
• Балаңыздың қандай чат, әлеуметтік сайт, хабарландыру парақшаларын
пайдаланып жүргенін бақылаңыз;
• Баланың әлеуметтік сайттарда арандатушы ақпарат, сурет, видео салуына тиым
салыңыз;
• Өзі туралы ақпараттың, мәліметтің құпия болуының маңызын түсіндіріңіз.
• Жасөспірім балаңыз ғаламтор арқылы бір затты сатып алуда, сатуда сізбен
ақылдасатын болсын.
ВЕЙП
https://yandex.kz/video/preview/?filmId=13677137208157667210&text=%D0%B2%D0%B5
%D0%B8%D0%BF+%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D0%BA%D1%96%D0%BD%D1%9
6%D2%A3+%D0%B7%D0%B8%D1%8F%D0%BD%D1%8B
Назарларыңызға рақмет!

Ұқсас жұмыстар
Химия пәні
Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
Ерітіндіні жағатын және тегістейтін аспаптармен жұмыс істеу тәсілдері
Биотехнологиядағы процесстермен танысу
Қазақ ғылыми - зерттеу ветеринария институты ЖШС Жалпы сипаттама
“Технология” білім беру саласын нормативтік- құқықтық қамтамасыз ету
Қауіпсіздік ережелерін, көз жаттығуларын жаттау
Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету
Телевизиялық тарату құрылғыларын техникалық эксплуатациялау ережелері
Техника бойынша нұсқаулық
Пәндер