Ірі қара мал өлексесін сойып - зерттеу және хаттама құрастыру




Презентация қосу
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
коммерциялық емес акционерлік қоғамы

ВЕТЕРИНАРИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы

5- практикалық сабақ

Ірі қара мал өлексесін сойып- зерттеу
және хаттама құрастыру
Орындаған:Досжігітова Аяла ВМ 504
Тексерген: Жантелиева Л.
Өлексені сойып-зерттеу

Өлексені сойып-зерттеу – негізгі нысан. Сойып зерттеу барысында әр түрлі
ауруларға тән өзгерістерді, аурудың өтуін, өлім себептерін, емдеу
тиімділігін, диагностика мен емдеу қателерін анықтайды. Санитариялық
және эпизоотологиялық шаралар тұрғысынан сойып зерттеу жұмыстары
маңызды орын алады. Лажсыздан өлтірілген жануардың ұшасы мен
мүшелерін зерттеу диагностикада және ветеринариялық-санитарлық
бағалауда үлкен мәні бар.
Биопсия әдісі – патологиялық материалды малдың тірі кезінде алып зерттеу.
Мұндай материал биоптат деп аталады.
Эксперименттік әдіс – ауру үлгісін алуда, құрылымдық өзгерістердің дамуын
(морфогенезін) анықтауда, емдеу және алдын алу шараларының жаңа
әдістерін бағалауда қолданылады. Бұл әдісте зертханалық кейде ірі
жануарларды да пайдаланады.
Жоғарыда аталғаннан басқа, макроскопиялық және микроскопиялық
зерттеу әдістері болады.
Макроскопиялық әдіс –объективті және субъективті деп бөлінеді.
Объективті зерттеу әдісі арқылы мыналарды анықтайды:
1)мүшенің орналасуын;
2) мүшенің пішінін;
3)мүшенің көлемін
5)мүшенің мөлшерін (мүшені су құйылған ыдысқа салып, анықтайды);
6)мүшенің ұзындығын, енін және қалыңдығын сызғышпен өлшейді.
Субъективті зерттеу әдісі мына белгілерді сипаттауға мүмкіндік береді:
1) мүшенің түсін (пигменттерге және қанның мөлшеріне байланысты);
2) мүшенің консистенциясын немесе тығыздығын;
3) өзіндік иісін;
4) мүшенің суретін.
Өлексені сойып-зеттеудің әдістері
Өлексені сойып-зерттеудің үш әдісі бар: мүшелерді жекелеп шығарып
алу, эвисцерация, жартылай бөлшектеу.
Мүшелерді жекелеп шығарып алу әдісі (Р.Вирхов ұсынған). Алдын
ала қарап шыққаннан кейін, мүшелерді анатомиялық-физиологиялық
байланысты және патологиялық анатомиялық өзгерістерді ескере
отырып шығарып, әр–қайсысын жеке зерттейді.
Эвисцерация әдісі (лат.eviscerare – ішкі құрылыстарды шығару) –
бастың, мойынның, кеуде, құрсақ және жамбас қуыстары мүшелерін бір
тұтас етіп кешенді шығару.
Мүшелер кешенін жартылай бөлшектеу әдісі – анатомиялық-
физиологиялық және жүйелі байланысты ескере отырып жүргізеді. Бұл
әдіс мүшелер жүйелерін зерттеуге мүмкіндік береді: тіл, мойын мен
көкірек қуысының мүшелері, бауыр, он екі елі ішек, бүйректер, жыныс
мүшелері және т.б.
Толық емес (жартылай) сойып-зерттеу өлексені түгелдей ала алмағанда
жүргізіледі. Жануар өлексесін патологиялық анатомиялық сойып зерттеу жұмысы
белгілі бір тәртіп бойынша жүргізіледі:
1) тіркеу, жануардың тіршілік ету жағдайы (anamnesis vitae), ауру тарихы
(anamnesis morbi) және өлу жағдайы жөнінде мәліметтер жинау.
2) сыртқы көрініс. Сыртқы көріністі жүргізгенде мына жайларға назар аударады:
танып-білу белгілері;
өлгеннен кейінгі (өлекселік) өзгерістер;
табиғи тесіктердің және көрінетін кілегейлі қабықтардың күйі;
тері оның туындылары (жүн, мүйіз, тырнақ, тұяқ);
тері асты шелі (теріні сылып алғаннан кейін);
сүт бездері және сыртқы жыныс мүшелері;
3) ішкі көрініс:
дененің табиғи қуыстарын жарып көру – құрсақ (диафрагма күмбезінің биіктігін
анықтау) және плевралық;
көкбауыр мен шарбыны шығарып зерттеу;
Сойып зерттеу кезінде қажет болған жағдайда қосымша
зертханалық зерттеуге (гистологиялық, микробиологиялық, химиялық
және т.б.) патологиялық материал алады.

Мысалы:
Күйіс қайыратын мал паратуберкулезі кезінде алдымен ас қорыту
мүшелердегі және шажырқай лимфалық түйіндердегі өзгерістері
(созылмалы диффузды пролиферативтік энтерит, шажырқай лимфа
түйіндерінің гиперплазиясы), сонан соң жалпы улану процестеріне
және көректір заттар алмасуының бұзылуына тән өзгерістер
(бауырдың, бүйректің, жүректік, түйіршікті, дистрофиясы, құсақ,
көкірек қуыстарына транссудат жиналуы, жүдеу жалпы анемия).
Сиыр тейлериоздан өлген жағдайда патологиялық анатомиялық
диагноз былай құрастырылады: сарғаю, жалпы анемия, геморрагиялық
диатез, сепсистік талақ, жауырын алдындағы, тобық үстіндегі, желін
үстіндегі, қарын, бүйрек, бауыр лимфа түйіндерінің сарысулы-
геморрагиялық қабынуы, түйінді-эрозиялы-ойылымды абомазит және
энтерит, бауырдың, бүйректің, миокардтың түйірлі дистрофиясы,
жұмыршақ атониясы. Жүдеу.
Хаттама құрастыру
Патологиялық анатомиялық сойып-зерттеу хаттамасы қалыптасқан тәртіп бойынша
жазылады. Хаттама үш бөлімнен кіріспе, сипаттама, қортынды тұрады.
Кіріспеде малдың түлігі, оған зерттегені туралы және анамнездік деректер
келтіріледі. Бұл мәліметтер мал өлексесімен бірге жіберілетін жолдамамен танысу
барысында, малшылардан сұрау арқылы жиналады.
Хаттаманың екінші сипаттама бөлімінде жүйелі түрде ағзалар тән өлексе бөліктерінің
көріністері сипатталады.
Тұтас мүшені (бауырды, бүйректі, өкпені, көк бауырды, лимфалық түйіндерді және т.б.
зерттеп сипаттау төмендегі рет бойынша жүргізіледі).
1. Мүшенің көлемі (ұлғайғанда мүшенің жиектері доғалданады, тіліп көргенде оның
перенхимасы сыртқа тебеді. Кішірейген мүшенің жиектері сүйірленген).
2. Мүшенің пішіні.
3. Жұмсақ-қаттылығы (тығыздығы).
4. Түсі.
5. Тілік бетінің суреті (мүшенің ішкі суреті).
Мүшелердегі өзгерістерді белгілі бір көрсеткіштермен салыстыра жазу
керек. Мысалы, мүшенің түсі қызғылт, күйдірілген кірпіштің түсіндей,
қан түстес жұмсақтығы (қаттылығы) сілікпе, резеңке тәрізді, жұмсақ,
босаң, қатты серпімді сұйықтығы суға, кілегейге ұқсаған, мөлдір ж.б.
деп жазылады.
Хаттамада өлекседегі өзгерістер толық қамтылуы керек, бірақ
сөйлемдер ықшам, анық дәл болғаны жөн. Хаттаманың алғашқа данасы
сойып зерттеу барысында дәрігер-прозектордың айтуы бойынша
жазылады.
Хаттаманың қорытынды бөлімі патологиялық анатомиялық диагноздан
және малдың өлу себебі туралы қорытындыдан тұрады
Патологиялық анатомиялық диагноз дегеніміз өлекседегі өзгерістерді
(патологиялық процесстерді) арнайы терминдерді пайдалана отырып
белгілі бір ретпен тіркеу. Олар хаттаманың сипаттама бөліміндегі
деректер негізінде тұжырымдалады. Алдымен аурудың негізгі көрінісі
болып саналатын патологиялық процесстер, содан кейін негізгі аурудың
асқынуынан туындаған өзгерістер мен өлімнің тікелей себептеріне
жататын патологиялық процестер (тұншығу, асфиксия, қансырау
белгілері) ең соңында ілеспе аурулардан туындаған өзгерістер жазылады.
Малдың өлу себебі туралы қорытындыда (нозологиялық диагноз) малдың
қандай аурудан өлгені жөнінде шешім айтылады. Қорытынды
патологиялық анатомиялық диагноз негізінде, аурудың клиникалық
белгілері, шаруашылықтағы індеттін жағдай жөніндегі деректер және
қосымша лабораториялық зерттеулердің нәтижесі ескеріле отырып
тұжырымдалады.
Өлім туралы қортынды нозологиялық немесе танатологиялық принципте
жазылады.
Нозологиялық қортындыда малдың тек қандай аурудан өлгені ғана
айталыд. Мысалы, шошқа сальмонеллезбен асқынған обадан өлді.
Өлімнің себебі туралы танатологиялық қортындыда негізгі ауру мен
қатар өлімнің тікелей себебі көрсетіледі, яғни қорытынды кеңейтілген
жазылып өлу процесінің даму механизмі ашылады. Мысалы, сиыр
жонышқаны шектен тыс көп жеу салдарынан іші кеуіп тұншығып өлген.
Бұл жерде іш кебу (мес қарынның тимпаниясы) негізгі ауру, ал тұншығу
(асфиксия) өлімнің тікелей себебі болып табылады.
Сойып-зерттеу нәтижелері күмәнсіз нозологиялық қорытынды айтуға
мүмкіндік бермесе өлімнің себебі туралы болжам айтылады да, қосымша
зерттеулер (гистологиялық, бактериологиялық ж.б.) жүргізу үшін
өлекседен патологиялық материал алынады. Сойып-зерттеу барысында
керек болған кезде өлекседен қан жағындысы алынып,
бактериоскопиялық зерттеулер жүргізіледі.
Ірі қараны сойып-зеттеу.
Патологиялық анатомия.
1.Жедел түрінде негізгі өзгерістер ішекте шоғырланған, қабыну серозды
катаральдыдан геморрагиялық энтеритке дейін. Ішектің құрамы сулы, жағымсыз иісі
бар, шырыш пен қаннан тұрады.
Пейер дақтары мен жалғыз фолликулалар ісінген және шырышты қабаттың үстіне
шығып тұрады, кесілген жерінде серозды-қызыл түсті. Ұзақ уақытқа созылған
курспен бұл аймақтардағы шырышты қабық некротикалық болып табылады және
фибринозды пленка пайда болады.

Бұзау ішектерінің катаралы.
2. Ұлтабар – шырышты қабаттағы эрозиялар мен жаралар.
3. Мезентериялық лимфа түйіндері ұлғайған, ісінген, кейде қан
кетулермен.

ащы ішектің мезентериальды лимфа
түйіндерінің гиперплазиясы.
4. Көкбауыр – жедел жағдайда гиперплазия жағдайында ол ұлғайған,
пульпа қою қызыл түсті, фолликулалар көрінбейді. Әрі қарай, жедел
спленит дамуы мүмкін - ақшыл-сұр түйіндердің көп мөлшерімен
сипатталады.
5. Бауыры – ісінген, әлсіреген, көп түтіккен сары түйнектері түйреуіш басына
дейін жеткен, өрнегі тозған.

бауырындағы сұрғылт некротикалық ошақтар.
6.Өт қабы – қабырғасы қалыңдап ісінген
7. Серозды қабықшалар астында – нүктелі қан құйылулар, жедел
түрінде – эпикард астында және бүйрек капсуласы астында.

Қуықтың шырышты қабатында қан кету
Созылмалы жағдайларда: өкпе жиі зақымдалады.
1. Бастапқыда серозды-катаральды пневмония дамиды, кейін
некрозды ошақтары бар крупозды пневмония. Апикальды және
ортаңғы лобтар зардап шегеді, сирек диафрагматикалық.
Қабынған лобтар көк-қызыл, тығыз, кесілген жерінде ылғалды.
Бронхтардан іріңді-катаральды масса бөлінеді. Пневмония
фибринді плевритпен және перикардитпен бірге жүруі мүмкін.
2.Жіңішке ішек – серозды – геморрагиялық энтерит
3. Жүкті әйелдер аборт жасай алады.
Гистология.
1. Көкбауыр – пролиферация ошақтарында некробиотикалық өзгерістері бар диффузды немесе
ошақты ірі жасушалы гиперплазия.
2.Бауыр, көкбауыр, бүйрек, лимфа түйіндері, сүйек кемігі
а) бауыр жасушаларының қарапайым спецификалық емес токсикалық некрозы – бактериялардың
зат алмасу өнімдерінің бауыр жасушаларына және тамыр эндотелийлеріне уытты әсерінің
нәтижесі. Олар коагуляциялық-некротикалық ошақтар, олардың айналасында реактивті аймақ
жоқ;
б) паратиф түйіндері – капиллярлар бойында орналасқан ретикулоэндотелий элементтерінің
көбею ошақтары тәрізді гранулемалар. Жеңіл ірі ядролары бар гранулема жасушалары
фагоцитозға қабілетті.
3. Жеңіл іріңді-катаральды бронхит және катаральды және крупозды пневмонияның белгілері.
Ұзақ уақытқа созылған пневмониямен созылмалы катаральды бронхит белгіленеді, бронхтың
айналасындағы дәнекер тінінің таралуы, сондай-ақ альвеолярлы қалқалардың
қабырғаларында өкпенің ателектазына әкеледі.
Диагноз: патологиялық және гистологиялық мәліметтерге негізделген. Бауырдағы және
басқа органдардағы типтік түйіндерге ерекше назар аударылады.
Сальмонеллез (паратиф).
Барысы: аурудың жедел және созылмалы түрлері.
Жедел жас төлдерде (2 - 4 апталық) жаппай төлдеу кезеңінде байқалады;
Созылмалы - жедел аурудың нәтижесінде пайда болады.
Аурудың спорадикалық жағдайлары ересек малдарда да тіркеледі.
Назар аударғаныңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Ауру белгілері туралы
Жылқы өлексесін сойып - зерттеу
ГЛИКОЗИДТЕР КУМАРИН ТИПТІ ГЛИКОЗИДТЕР
Қазып алынған өлексені соттық сараптау
Гельминтозға қарсы шаралар. Тұяқтылар фасциолезі. Күйістілер дикроцилезі
Малды тасымалдауға арналған көлік түрлері
Өсімдік улары
Қой эстрозын балау
Зооцидтерден улану патогенезі
Уланудың патологиялық морфологиясы
Пәндер