КӨЗ АУРУЛАРЫНЫҢ БАЛАУ ӘДІСТЕРІ


Slide 1

Көз ауруларының балау әдістері. Кератиттер мин конъюктивиттер. Балау және емдеу әдістері

Орындаған Еркінбек Батырбек

Slide 2

Көз анатомиясы.

Көз - көру мүшесі (осulus - латынша, орhtаlmyus -грекше), жарық тітіркендіргіштерді қабылдайтын көздің алмасынан, көзді қорғайтын және қосалқы аппараттан құрылады (сурет 1) .

Көзшарасы - (orbita) бас сүйектің көз алмасы мен оның қосымшылары орналасқан ұяшығы.

Көзалмасы (лат. bulbus oculi, bulbus - алма, oculus - көз) - пішіні шартәрізді, алдыңғы бетінен артқы жағына қарай сәл қысыңқы келген көру мүшесінің негізгі бөлігі. Көз алмасының қабырғасы: сыртқы - талшықты (фиброзды) қабықтан, ортаңғы - тамырлы қабықтан және ішкі -торлы қабықтан құралған. Фиброзды қабық мөлдір қасаң қабыққа және ақ қабыққа бөлінеді.

Slide 3

Сурет 1. Көздің анатомиялық құрылымының суреті мен нобайы: 1 - мейбомиев безі; 2 -кірпік, 3 -қабақ шеттері, 4 -көздің қасаң қабығы, 5 - көздің алдыңғы сұйық камерасы, 6-қарашық, 7 - нұрлы қабық, 8 - торлының нұрлы бөлімі. 9 - қабақтың конъюнктивасы, 10 -көз алмасының конъюнктивасы, 12- көздің артқы сұйық камерасы, 13 -цинн тарамыстары; 14 -көз бұршағының капсуласы, 15 - көз бұршағының паренхимасы, 16- шыны тәрізді дене орналасқан орны, 17 - көру жүйкесінің емізігі, 18 - тесілген пластинка: 19 - көру жүйкесінің қынабы, 20 - көру жүйкесі, 21 -торлы қабық, 22 - торлы қабықтың пигметтік қабаты; 23 -тамырлы қабық, 24 - шел; 25 - шелдің кірпікті бөлігі; 26 - кірпікті дене

Slide 4 Slide 5

Көзді зерттеу түрлері

Офтальмодинамометрия (тоноскопия) әдісі арқылы орталық артериядағы қан қысымының дәрежесін анықтайды. Зерттеу пружиналы офтальмодинамометр арқылы жүргізіледі.

- көздің пульсінің көлемін анықтайды. (Бунин А. Я., 1971, 1973) .

Реоофтальмография (Кацнельсон Л. А, 1966) жоғары электро толқынды токқа қарсы көз ұлпаларындағы қанның жылдамдығын қарастырады.

Офтальмосфигмография - зерттеу әдісі, Грант бойынша төрт минуттық тонографияда көз қысымының пульсін тіркеу және өлшеу әдісі. (Grant M., 1950-1955) .

Ультрадыбыстық допплерография - ұйқы және көз артериясы арқылы сызықтық жылдамдық пен қан арқылы ток бағытын анықтау үшін қолданады. Көз ауруларын диагностикалау мақсатында қолданады.

Slide 6

Кератит

Қасаң қабықтың қабынуы - (keratitis) кератит. Жануарлардың оның ішінде ауылшаруашылық малдарының жиі кездесетін көздің қасаң қабығының ауруы. Зерттеулерге қарағанда қасаң қабықтың қабынуы барлық қабынумен сипатталатын көз аурулары ішінде кездесу жиілігі бойынша 16, 7% - ды құрап, конъюнктивиттен кейінгі екінші орынды алады. Көздің кератитке шалдығу себептері механикалық, физикалық, химиялық факторлардан болуы мүмкін. Сонымен бірге іргелес көз құрылымдарының қабынулары қасаң қабыққа ауысып, кератит туғызады. Кейде кератит инфекциялық және инвазиялық аурулардың салдарынан болады. Инфекциялық аурулардың (ит обасы т. б) қоздырушылары қанмен, лимфамен көзге жетіп, екінші реттік кератиттер туғызады.

Slide 7

Инвазиялық аурулардан телязиозды (ноғала) атап айтуға болады. Телязиоз қоздырушысы ұсақ жұмыр құрттар екені белгілі. Олар конъюнктива қапшығында паразиттік тіршілік етіп, қасаң қабықты жарақаттайды, қабындырады. Сөйтіп екінші реттік кератит дамиды. Кератит жануарларды азықтандыру, бағып - күту кемістіктерінен де туындайды. Азықта А және С витаминдерінің жетіспеуі, қорада амиактың шамадан тыс жоғары болуы немесе қора ауасының аса ылғалды немесе аса құрғақ, шаң - тозаңды болуы да осы аурудың туындауына себеп болады.

Slide 8

Кератиттің түрлері

Беткейлі кератиттер жіктеледі: катаральды кератит, тамырлы кератит, іріңді кератит, фликтенулезді және пустулезді (іріңді күлдіреуікті) кератиттер. Терең кератиттер жіктеледі: асептикалық кератит, іріңді кератит.

Slide 9

Беткейлі катаральды кератит.

Бұл кератиттің ең жеңіл түрі. Пайда болу себебтері: қасаң қабықтың жеңіл жарақаттары, көзге бөгде заттардың түсуі және тағы басқалар. Конъюнктивит асқынып, кератитке ұласуы мүмкін. Ол керато - коньюнктивит деген атпен белгілі. Зерттеулерге қарағанда керато - коньюнктивит барлық қабынумен сипатталатын көз аурулары ішінде кездесу жиілігі бойынша 12, 3% құрап, конъюнктивит пен кератиттен соңғы үшінші орынды алады. Беткейлі катаральды кератит қасаң қабықтың қабынып бүлінуімен және тез қайта қалпына келуімен сипатталады.

Slide 10

Белгілері:

Бұл ауруда да көз ауруларының жалпы клиникалық белгілері байқалады. Олар: көзден жас ағу, қарашықтың кішірейуі, жарыққа қарай алмау, қабақты ашпау (блефароспазм) . Конъюнктива мен ақ қабықтың қан тамырлары қызарған. Қасаң қабықтың шет жағынан тамырлану (васкуляризация) байқалады. Көз аумағы аурушаң. Жарақаттанғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң қасаң қабықтың бір жақ шетінен қарау арқылы оның бұлдырлануы мен біршама кедір - бұдырлануын байқауға болады. Бұл өзгеріс кератоскоппен зерттегенде де анықталады. Ауыр түрінде қасаң қабықта жайдақ жара (эрозия) пайда болады.

Slide 11

Емі.

Себебтерін жою. Көзге түскен бөгде заттарды алу, ветеринариялық - санитариялық, зоогигиеналық және зоотехникалық талаптарды қалыпқа келтіру. Көз ауруларын (конъюнктивиті), инфекциялық, инвазиялық ауруларды емдеу. Қасаң қабықты 2 - 3% бор қышқылы ерітіндісімен, 0, 02% фурацилин, 0, 5% новокаинға езілген антибиотиктер ерітінділерінің бірімен шайып, антибактериялдық көз майлары жағылады. Антибиотик қосып ретробульбарлық новокаин блокадасын жасау жақсы көмектеседі. Қабақтың қозғалысын шектеу үшін «бинокулярлық» таңғыш салынады.

Slide 12

Терең кератиттер.

Бұл кератиттерде қасаң қабықтың терең, яғни негізгі қабаты (строма) зақымдалады. Оның себебі әрқилы: қасаң қабықтың механикалық жарақаттары, инфекциялық аурулар (ит обасы, мүйізді ірі қараның қатерлі қызбасы, риккетсиоз т. б. ) . Терең кератиттер асептикалық және іріңді болады.

Slide 13

Қасаң қабықтың терең асептикалық кератиті.

Кератиттің бұл түрінде қасаң қабықтың терең жатқан дәнекер ұлпалы негізгі қабаты сулы қабынуға ұшырайды. Оның ұлпасына сулы сұйықтық іркіліп, жалқаяқтанады (инфильтрат, 2 - сурет) . Оның құрамында лейкоциттер көп болуынан қасаң қабық ақшыл түске еніп бұлдырланады. Мұндай сулы қабынуға қасаң қабықтың негізгі қабаты тұтас (дифузды) немесе әр жері (шектеулі) ұшырайды.

Slide 14

2 - ші сурет.

Қасаң қабықтағы жалқыаяқ (инфильтрат) .

Slide 15

Белгілері:

Беткейлі кератитке ұқсас. Көз ауруларының жалпы белгілері байқалады. Малдың көзінен жас ағып, жарыққа қарай алмайды. Көз аумағы аурушаң. Ерекшелігі қасаң қабықтың айналасындағы қан тамырлары қызарған. Қасаң қабық терең тамырланған. Бұлдырланып, түсі ашық боздан сүттей ақ түске дейін өзгереді. Егер қасаң қабықтың қабынуы дәнекер ұлпалы негізгі қабаттан басталса, алғашында қасаң қабық мөлдірлігін, жылтырлығын сақтайды. Біраз уақыттан соң ғана біртіндеп беткейлі кератиттің белгілері білінеді. Кейде қабыну қасаң қабықтың беткейлі және терең қабаттарында бірдей дамып, олардың екеуінің клиникасы қосыла байқалады.

Slide 16

Емі.

Алдымен аурудың себептерін жоюға бағытталған емдер жасалады. Инфекциялық аурулар емделеді. Көзді дезинфекциялық дәрілердің ерітінділерімен жуып - шайып, антибактериалдық көз майларын жағып, инфекция түсіп асқынудан қорғау керек. Бициллин - 3 антибиотигін қосып ретробульбарлық новокаин блокадасын жасаудың тиімділігі жоғары. Егу мөлшері итке 5 -10 мл, қойға, бұзауға 15 - 20 мл, ірі сиырға 30 - 35 мл. Жалқаяқты (инфильтрат) тарату, сіңіру үшін көзге 3 - 5% калий иод ерітіндісі қолданылады. Көздің қабынып қанталауын азайту үшін атропин сульфат майы жағылады.

Slide 17

3- сурет. Қасаң қабықтың терең шектеулі іріңді кератиті (абсцесс) (А. Бартоло бойынша) .

Slide 18

Конъюнктивит

Конъюнктивит - (лат. Conjunctіvus - жалғастыратын), көздің дәнекер қабығының қабынуы - қабақтың ішкі үстіңгі жағын және көз алмасының алдыңғы бөлігін жауып тұратын шырышты қабықтың инфекциялық себептен қабынуы. Конъюнктивит көз қарашығының қызаруы, кілегейлі немесе кілегейлі-іріңді заттардың бөлінуі, жас ағуы, жарықтан қорқу, көздің түйіліп ауыруы сияқты белгілерден білінеді.

Конъюнктивиттің асқынған және созылмалы түрлері бар. Асқынған конъюнктивит, әдетте, ауру тудыратын микробтар пневмококктар, стрептококктар, стафилококктар, сирек ішек таяқшасымен (кейде дифтерияныңнемесе соз ауруының қоздырғыштары арқылы) және вирустардан пайда болып, тез өршиді; іріңді заттар бөлінеді, ұйықтағанда кірпікті бір-біріне жабыстырып тастайды.

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Лептоспироздың індет ошағында жүргізілетін шаралар
Індетке қарсы шараларды жоспарлау және карантин мен шектеу шараларын ұйымдастыру
Вирустардың ерекшелігі
ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУ
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ - САНИТАРЛЫҚ ШАРАЛАР
Филлохинон тапшылығы
Көз аурулары
Ірі қара мал лейкозы
Індеттанулық балау
Ауески ауруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz