Қойдың аяқ, қабырға сүйектерінің сынуы



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Тақырыбы: Қойдың жарақаттануы және оның алдын алу.
СЕМЕЙ-2021
Тексерген: Ахметжанов. О. Н
Топ: ВМ-703
Орындаған: Жырғау. М

Kіpiспe
Негізгі бөлім
Жоспар:

1. Мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде -ұсақ мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізде қажетті азық-түлік, өндіріске керекті шикізаттар алу үшін жануарларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан да жедел ветеринарлық жәрдемнің тез көрсетілуінің, мамандардың қажетті жабдықтармен және ауру мал мен жануардың организміне әсер ететін дәрілермен қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Алғашқы жедел ветеринарлық көмек басқа да ветеринария жұмыстармен қоса мал дәрігерлік емдеу ісінің негізін қалайды. Алғашқы ветеринарлық жедел жәрдем мал тұрған жерде көрсетіледі; ветеринарлық мекемеге әкелінген мал мен жануарларға күрделі оперативтік ем қажет болған кезде емдеу мекемесінде стационар жағдайында жәрдем жасалады. Мал мен жануар ауырып, жалпы жағдайы төмендегенде оларға жедел де, сапалы да, әрі тиімді кемек, көбінесе үлкен қалаларда көрсетіледі. Мұндай қалаларда арнаулы авто-көліктерде жабдықталған ветеринарлық жәрдем керсетілетін ветстанциялар бар, ол мал дәрігерлерін, орта және кіші буындағы ветфельшерлерді (веттехниктерді) ауырған малға тез жеткізеді.
Күтімі тіршілік жағдайы бірдей жануарлардың зақымдалуын тудыратын жарақаттар қосымдылығын жарақаттанулар дейміз. Олар бірнеше түрге бөлінеді. Өнеркәсіптік-технологиялық жарақаттану малға дұрыс жағдай жасалмағаннан, зоогигиеналық талаптар орындалмағандықтан туады. Сонымен қатар малды ірі кесекті, тоңазып қалған түбір тамырлы (қызылша, картоп) азықпен қоректендіргенде кездеседі. Мұндай азық көбінесе малдың өңешінде тұрып қалады. Мал далада елеусіз қалған ауыл-шаруашылығында пайдаланатын улы химикаттар және дәрілермен уланып қалуы да мүмкін.

Көбінесе қойдың тұяғы мен аяқтары жарақаттанады. Мүйіздің сынуы жарақаттанған кезде микробтар ұлпаға түсуі мүмкін, олар ұлпаларды қабындырады. Сол кезде керекті жәрдем көрсетілмесе, қанға еніп, қан арқылы бүкіл организмге тарайды. Бұдан сақтануға болады, егер малға дер кезде ем көрсетілсе.
Белгілері. Тұяққа бөгде денелер енген жағдайда (шеге, сым, соқаның тістері, шиша), көбінесе тұяқ астына қадалуы немесе кіруі мүмкін.
Жайлауда малдарды көшіргенде, тұяқтың жарақаты өсімдіктің қатты сабақтарынан, шабылған ағаштардың жантақтары зақымдауы мүмкін, олар тұяқтың жұмсақ жеріне қадалып, зақымдауы мүмкін. Қандай болмасын жарақатта мал біріншіден ақсайды және тұяқтары зақымдалады. Малдың тұяғы 3-4 күн өткен соң ауырып ісінеді және сол аяғын мүлдем баса алмай қалады.
2. 1 Тұяқ аурулары және тұяқ жарақаттануының алдын алу

Көмек түрлері. Малдың аяқтарын фиксация жасап, тұяқты арнайы пышақтармен тазалайды. Жарақат алған жерді арнайы құрал-саймандармен басып, шұқып зақымдалған жерін табады. Микроб түспес үшін заласыздандырып, жарақаттанған жерін тазалап отыру қажет. Егер тұяқ немесе бұлшықеттері жарақат алса, сол жердің айналасын тазалайды, қайнаған сумен сүртіп, микробтарды залалсыздандырамыз. 5% иодпен және зеленка жағады да қорғаныш дәкемен байлайды.
Дәрігерлік көмек. Терең жараларды фурацилин немесе риванолмен жуамыз. Бөгде денелерді алу үшін буынды есілген жіппен байлап алады, жансыздандыратын дәрі егіп, ұлпалардағы микроорганизмдерді жойып алады, қатты зақым алған және некрозданған ұлпаларды кесіп алып тастайды. Жараны ұнтақпен сеуіп, эфир жағып байламмен байлап тастайды. Жара қабынған жағдайда ішкі артерия тамырына антибиотиктер мен новокаин салады. Мысалы 200 мың пенициллин.

Буын жарақаттары мен сырқаттары -малдың сүйектерінің түйіскен тұсы. Буындарда ұқсастық бар, әрі түрлі кінәратқа ұшыраған кезде халық емшілері оны ұқсас тәсілмен емдеген. Буынды сырғақ, ырғақ, изек, леп буын деген түрлерге бөледі. өрт түлікте жиі ұшырасатын буын шығу немесе таюға топшы, иық, толарсақ, мойын, тобық, ұршық, сырға буындар жиірек ұшырайды. Шыққан буынды сынықшылар салған. Буынның орнынан жартылай ғана жылжып кетуін буын таю, ал жымдасқан буын беті өз қонағынан толығымен көшіп кетуін - буын шығу деп ажыратқан. Буын шыққанда оны қоршаған сіңірлер, қалталар, сүйектің түйіскен жеріндегі тері зақымданып, тіпті сүйегінің сынуы да мүкін. Шыкқан буын салбырап бос қалады, мал дәл сол тусын жерге сүйрей сүріп басады. Оны арқан, жіппен орап созатарту, тіземен, етік өкшесімен тебу тәсілдерімен салады. Ал тайған буынның әлегі онша емес, оны тоқпақпен еппен ұрып немесе арқанмен созып орнына келтіреді. Ондай мал аяғын баспай әйенсектенеді, буынын жия алмай жазған күйінде қалады. Малда тек жілік буындары ғана емес омыртқа аралары, буғана таю да ұшырасады. Қойдың мойны шыққан кезде ол иірленіп, оңқы-солды қисалаңдап қалады. Жеңіл түрі болса қойдың құлағына су құйып жіберген кезде басын шайқаған қозғалысымен өздігінен орнынаа түседі деседі.
2. 2. Буын жарақаттары мен сырқаттары:

Қой бұл жарақаттану түріне түрлі жағдайда тап болуы мүмкін. Сынықтар себебіне қарай патологиялық және жарақаттық Сынық болып ажыратылады. Жарақаттық Сынық - сау сүйектің оқыстан күшті механизмі зақым алуы (соққыдан, құлап қалудан, тағы басқа), ал патологиялық Сынық көбінесе жеңіл жарақаттың асқынуы не сүйек тінінің өзінен-өзі ауырып, өзгеріске түсуі салдарынан (остеомиелит, ісік, тағы басқа) болады. Ет пен терінің зақымдануына қарай ашық және жабық Сынық болып ажыратылады. Ашық Сынық кезінде сүйектің майдаланып сынуы, тері мен бұлшық еттің үлкен көлемде мыжылып, жаншылуы; сонымен қатар жұмсақ тіндердің қанталап, ашық жараға шаң-тозаң, инфекция түсіп жара іріңдейді. Мұндай Сынықты емдеу ұзаққа созылады. Терісі бүлінбеген жабық Сынық тез жазылады.
Егер қойда сынық болса, келесі белгілерді байқай аласыз:
жануарда қатты ауырсыну соққысы;
сүйек қозғалысы;
деформацияланған сынған бөліктер;
ауыр аймақта ісіну.
2. 3. Қойдың аяқ, қабырға сүйектерінің сынуы:

Емдеу:
таңғышты немесе гипсті бекіту;
науқас жануар үшін толық тынығу;
диетада витаминдер мен минералдардың көбеюі;
массаж (ветеринардың мақсаты бойынша
Спиральда гипс шойын қолданылады. Егер зақымдалған тіндер сынған кезде табылса, жарқыраған жер сабынды сумен жуылып, антисептикалық түрде өңделеді. Кейін жапсырма алюминий штангамен немесе ағаш таяқпен бекітілген (гипп, бұл жағдайда дұрыс емес) қолданылады
Шытынап сыну
Шытынап сыну - бұл сынудың жай түрі. Мұндай сүйектің сынған жерінде шытынаған сызат пайда болады. Морт сынудағыдай сүйек бөлініп, үгіліп теріні тесіп жарақаттамайды. Шытынап сыну да ауыртады, сынған жері домбығып іседі. Себебі сүйекте жүйкелер мен қантамырлар болғандықтан, ауырған жері тез білінеді. Мұндай жағдайда қатты таңып, ауырғаны әбден басылғанша тыныштық қалыпты сақтау керек.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz