Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері




Презентация қосу
Бағалау (Критериалды бағалау) және
оның түрлері
Орындаған:
Кіріспе
Қазіргі уақытта еліміздегі білім беру жүйесінің ең
басты міндеттерінің бірі – білім берудің ұлттық
модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін
халықаралық дәрежеге жеткізу, сол арқылы әлемдік
сұранысқа жауап беретін мамандарды даярлау және
бәсекеге қабілетті білім беру. Яғни, білім берудегі
қазіргі мақсат: өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-
өзі белсенді етуге дайын, әрдайым өзгермелі даму
ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті,
шығармашыл, білімді тұлғаны қалыптастыру.
Критериалды бағалау
Критериалды бағалау – бұл оқушылардың білім
мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу-танымдық
құзіреттілігін қалыптастыруда нақты анықталған,
ұжыммен қалыптастырылған, алдын-ала
оқушылардың барлығына белгілі білім жетістіктерін
бағалауға негізделген үдеріс.
Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады:

Қалыптастырушы бағалау Жиынтық бағалау
Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау
қабілетін дамытып, ғылыммен айналасуға ынтасын оятады.
Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу
үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып,
оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты
қамтамасыз етеді және балл немесе баға қоймастан оқу
үрдісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін, оқу
кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған
оқушының үлгерім туралы ақпарат алу мақсатында балл
және баға қою арқылы өткізіледі.
Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:
1) Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері
аясын кеңейту;
2) Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың
өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау;
3) Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын,
механизмдерін қалыптастыруға көмектесу;

Критерий арқылы бағалаудың оқыту үшін маңызы
неде?
• Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: алдын ала
ұсынылған бағалау шкаласы; анық, айқындылығы;
бағаның әділдігі; өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.
Критериалды бағалау артықшылықтары:

Оқушының тек қана жұмысы бағаланады.
Жұмысын бағалау алдын –ала ұсынылған критерийлерге
негізделеді.
Бағалау алгоритмі оқушыларға алдын-ала беріледі және
оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі.
Оқушыға өзінің білімділік деңгейі анық көрініп тұрады.
Критерий арқылы бағалау мұғалімнің оқушы деңгейін анық
біліп отыруына мүмкіндік береді, білім берудің сапасы
артады.
Қорытынды
Критериалды бағалау бүгінгі білім беру
жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені
қазір оқушылардың білімділігі ғана
басты рөлде емес, басты рөлде
оқушының құзіреттілігін, оның жеке
тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған
ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі
дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты
мақсаттар қойылған. Критериалды
бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің
барлық талаптарына сай
орайластырылған.

Ұқсас жұмыстар
Қалыптастырушы бағалау үдерісі
Критериалды бағалау артықшылықтары
Критериалды бағалаудың мақсаты
Критериалды бағалау технологиясы
Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері
Критериалды бағалау өлшемі сапалы білім өлшемі
Жиынтық бағалау үдерісі
Бағалау критерийі
Бағалау үдерісі
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ
Пәндер