Стандарттаудың мақсаттары




Презентация қосу
Стандарттау

SТА 1210 3 кредит
L/O/G/O
Әдебиет

• “Техникалық реттеу туралы” ҚР заңы.
2004ж. 16 қараша.
• Мутанов Г., Умырзаг Р. Основы стандартизации,
метрологии, сертификации. Менеджмент качества.
Учебное пособие для студентов и специалистов. –
Астана, 2003. – 169 с.
• Основы стандартизации, метрологии, сертификации
и менеджмента качества. Учебное пособие. Под ред.
Мырзабая М.М. - Алматы: Казахстанская ассоциация
маркетинга, 2003. – 564 с.
Әдебиет (ҚазҰУ кітапханасы)

• Өзара ауыстырымдылық, стандарттау,
сертификаттау негіздері жəне техникалық өлшеу.
Сапа менеджменті : оқулық / М. Самсаев [жəне т. б.].-
Алматы: Бастау, 2008.- 262 б.
• Əубəкіров Г.О. Метрология, стандарттау жəне өнім
сапасын басқару / Əубəкіров; ҚР білім м-гі.- Алматы:
Респ. бас. каб., 1996.- 139 б.
• Метрология, стандарттау жəне сертификаттау
негіздері : оқу құралы / Əл-Фараби атын. ҚазҰУ.-
Алматы: Қазақ ун-ті, 2002.- 242 б.
Стандарт
(ағылшын тіліннен standart – норма, үлгі)
• Стандарт: мүдделі жақтардың бір – бірімен
бірлесіп, келісімді немесе мақұлданған түрде
жасаған, ғылым мен техниканың және
практикалық тәжірибелердің нәтижелеріне
негізделген, қоғамның пайдасына
бағытталған, стандарттау органдарымен
қабылданған техникалық құжаттар
• Стандарттаудың халықаралық ұйымы (ИСО)
Техникалық реттеу туралы
2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 ҚР заңы

• стандарт - уәкілетті орган
көздеген тәртіппен бекітілген, көп
мәрте және ерікті пайдалану
мақсатында техникалық реттеу
объектілеріне ережелерді, жалпы
принциптер мен сипаттамаларды
белгілейтін құжат
Техникалық реттеу туралы
2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 ҚР заңы

• стандарттау - нақты қойылып
отырған және ықтимал міндеттерге
қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте
және ерікті пайдалану үшін ережелер
белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін
қызметке және процестерге қойылатын
талаптарды ретке келтірудің оңтайлы
деңгейіне қол жеткізуге бағытталған
қызмет
ИСО
• «стандарттау» - ғылым, техника
және экономика салаларында көп
рет қайталанылатын және осы
салалардың мақсаттарын тиімді
дәрежеде ретке келтіретін
мәселелерді шешу жолындағы
әрекет
Стандарттаудың мақсаттары

• Өнімге, процестерге (жұмыстарға),
қызмет көрсетулерге нормалар,
ережелер мен сипаттамалар белгілеу;
• Өнім, процестер, көрсетілген
қызметтердегі адамдар өмірі,
денсаулығы, мүліктер үшін қауіпсіздігін,
қоршаған ортаның қорғалуын
қамтамасыз ету;
Стандарттаудың мақсаттары

• Өнімнің техникалық және ақпараттық
сыйымдылығын, сондай-ақ өзара
ауыстырымдылығын қамтамасыз ету;
• Өнімнің, процестердің, көрсетілген
қызметтердің сапасын ғылыми-
техникалық даму деңгейімен
сәйкестендіру және сапа мәселелерінде
тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
Стандарттаудың мақсаттары
• Өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету;
• Ресурстардың барлық түрін сақтау және
ұтымды пайдалану;
• Елдің қорғаныс қабілеті мен
жұмылдырушылық әзірлігін қамтамасыз ету;
• Табиғи және техногенді апаттар мен басқа да
төтенше жағдайлардың туындау қаупін
ескере отырып, шаруашылық объектілердің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Стандарттаудың негізгі мақсаты
• іс-әрекеттегі, жоспарланған және
болашақ міндеттерді шешу үшін
орнатылған ережелерді, талаптарды
кең және көпмәрте қолдану арқылы бір
немесе бірнеше салада тәртіптілікті
қолайлы деңгейіге қол жеткізу
Стандарттау объектілері

Өнім (тұтыну тауарлары, Қызметтер Үрдістер Бақылау
өңдіріс құралдары) әдістері
(тұрмыстық, өңдірістік)

шикізат Материал- дайын материалды материалды
және дар және өнімдер емес
табиғи өнімдер (әлеуметтік
отын және
мәдени)
Өнім (тұтыну тауарлары, өңдіріс құралдары)

шикізат және материалдар және дайын өнімдер
табиғи отын өнімдер

және өнімнің біртекті топтарының жеке аспектілері:
- терминдер, белгіленуі;
- параметрлер және өлшемдер;
-техникалық талаптар
Қызметтер
(тұрмыстық, өңдірістік)
материалды материалды емес
(әлеуметтік және мәдени)
және қызметтің біртекті топтарының жеке аспектілері:
- терминдер;
- техникалық талаптар;
- бағалау әдістері;
- кәсіпорынды жіктеу;
- қызметшілерге қойылатын талаптар
Үрдістер Бақылау әдістері
- өнімнің өмірлік циклының жеке - үлгі алу;
кезеңдерінде болатын үрдістер;
- қабылдау, сынауды жүргізу
- бақылау әдістері;
әдістері, өлшеу, өнімді жасау кезінде
- таңбалау, салу, транспорттау және талдау, сапаны бағалау,
сақтау ережелері; сертификаттау, қолдану
- материалды емес өңдіріспен
байланысты үрдістер (статистикалық,
банкі, баспа іс-әрекеті);
- басқару үрдістері;
- өлшеу үрдістері;
- ақпаратты тіркеу және өңдеу
үрдістері;
- қорғау әрекетінің үрдістері (адамдар,
табиғат)
Стандарттаудың негізгі принциптері:

• келісушілік;
• ашықтық;
• еркінділік;
• стандарттау саласындағы отандық және
шетелдік өндірушілер үшін тең
талаптар;
• экономикалық мақсатқа сәйкестілік.
Техникалық регламент
Техникалық регламент нормативті-құқықтық құжат
болып саналады. Мұнда адам өмірі мен денсаулығы үшін
өнімнің, процесстің және қызметтің қауіпсіздігіне
мемлекеттің міндетті талаптары көрсетілген.
Техникалық регламент (ТР) – бұл орындалуға
міндетті ережеден тұратын құжат.
Регламентті стандарттау органдары емес, билік
органдары қабылдайды, мысалы Үкімет немесе
парламент (Қазақстанда Мәжіліс қарастырады, Сенат
келісім береді және Презижент бекітеді).
Техникалық регламент – бұл техникалық заң.
Регламентте мемлекеттің ауқымындағы шаруашылықпен
айналысатын барлық субьектілерге орындауға міндетті
талаптар, шарттар беріледі.
Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар

Ұқсас жұмыстар
Стандарттау деңгейлері
Стандарттаудың негізгі түсінігі
Тараны унификаттау және стандарттау
Мемлекетаралық стандарттар
МЫҢЖЫЛДЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Стандарттау категориясы. Стандарттау түрлері
Стандарттау категориясы
Стандарттау. Стандарттаудың негізгі түсінігі
Стандарттау әдісі
Стандартталған коэффициенттер
Пәндер