Түзу біліктердің конструкциясы, материалдары және беріктік пен қатаңдыққа есептеу әдістері


Slide 1

Тісті білік

Slide 2

Тісті дөңгелектер мен шкивтерді отырғызуға және пайдалы айналдырушы момент беруге арналған цилиндрлі, жұмыр немесе иінді бөлшекті біліктер деп атаймыз. Машиналарда біліктердің атқаратын қызметі зор. Олардың түзу, иінді және иілгіш түрлері болады.

«Машина бөлшектері курсында» тек түзу біліктердің конструкциясымен олардың есептеу жолы қарастырылады. Ал өс деп айналып тұратын бөлшектерді ұстап тұруға және өзі арқылы пайдалы айналдырушы момент бермейтін жұмыр бөлшектерді айтамыз. Өстер түзу етіп жасалады.

Көптеген жағдайда күштер біліктің ұзындығына біркелкі әсер етпейді. Осыған орай біліктердің бірқалыпты берік болуы үшін, олардың диаметрлерін өз ұзындығына байланысты әртүрлі және отырғызылатын бөлшектердің ішкі диаметріне сәйкес жасайды. Біліктер мен өстердің тірекке тірелетін бөлігін цапфа деп, ортадағы цапфаларды мойынша деп, ал тірелетін шеткі бөлктерін шип деп атайды.

Slide 3

Біліктердің әр түрлі диаметрлі бөліктері өзара көрсетілген әдістермен жалғасады:

1. Арнаулы ойықтар арқылы. Бұл ойықтар ажарлағыш дөңгелектің шығуына арналған. Диаметрі 10 . . . 50 мм ені 3 мм, тереңдігі 0, 25 мм болып, ал диаметрі 50 . . . 100 мм біліктердің оймаларының ені 5 мм етіп жасалады.

2. Радиусы тұрақты қисық сызық арқылы. Бұл радиус өлщемдері білікке қондырылған бөлшектердің фаскасының өлшемдерінен кіші болады және олар стандартталған.

Slide 4

Біліктрдің материалдары. Түзу біліктерді көбінесе лигерленген және көміртекті болаттардын жасайды. Себебі лигерленген болаттар салмағы мен габаритін азайтады және шлицті (тісті) берілістердің тозуға төзімділігін күшейтеді. Мысалы Ст5 маркалы болат-шынықтырылмаған біліктер үшін, 40, 50 және 40Х маркалы болаттар шынықтырылған біліктер үшін, 10, 20Х, 40Х және 40ХНМА болаттары өте жоғары жылдамдықпен айналатын біліктерді жасауға қолданылады.

Біліктерді беріктікке есептеу. Біліктер өздерінің атқару қызметіне байланысты айналу моментін беруге және тісті дөңгелектерді, шкивтерді, жұлдызшалр мен муфталарды т. б. айналмалы бөлшектерді айналмалы бөлшектерді орналастыруға қолданылады. Осыған байланысты біліктерге айналдырушы момент пен отырғызылатын бөлшектердегі күшпен пайда болған ию моменті әсер етеді. Сонымен, біліктерді ию мен айналу моменттеріне есептеу қажет, бірақ жаңа машинаны жобалауда ию моментінің шамасы белгісіз болады. Сондықтан біліктерді есептеу үш кезеңмен: алдын ала есептеу, жобалап есептеу, тесеріп немесе анықтап есептеу жолдарымен анықталады.

Біліктерді қатаңдыққа есептеу. Біліктердің қатаңығы көлденең иілу қатаңдығы және бұрлау қатаңдығы болып бөлінеді. Біліктің иілу деформациясы оған отырғызылған бөлшектердің жұмыс істеу қаблеттілігіне әсер етеді, мысалы, тісті дөңгелектерге фрикциялық берілістің дөңгелектеріне т. б.

Біліктердің қатаңдығы аз болған жағдайда:

а) күштер тістердің өн бойымен біркелкі әсер етпей күш шоғырлануы пайда болады;

б) біліктердің иілуінен подшипниктердің қисайып қысылып қалу қаупі пайда болады.

Slide 5 Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10

Беріліс қорабы

Slide 11 Slide 12 Slide 13

Механикалық сағат

Slide 14 Slide 15

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Машина бөлшектері мен тораптарын жобалау: талаптар мен беріктік есептеу әдістері
Беріктік теориясы: түрлері, созылу-сығылу және бұралу шарттарын есептеу
Сүт пен сүт өнімдерін механикалық өңдеуге арналған сүзгіштер, сепараторлар және центрифугалардың конструкциясы, жіктелуі және есептеу әдістемесі
Әйелдер сырт киімінің конструкциясы мен технологиясы: есептеу және сызбалау ерекшеліктері
Теңіз бұрғылау қондырғыларының түрлері, конструкциясы және позициялау әдістері
Әйелдерге арналған тұтас пішілген және реглан жеңдер конструкциясы: өлшемдер, есептеу қағидалары және сызба құрастыру
Мұнай-газ ұңғыларын бұрғылаудың конструкциясы, әдістері және қашаулары
Ғылыми зерттеу әдістері мен материалдары
Көпірлі крандардың конструкциясы және трассаның геометриялық траекториясын анықтау әдістері
Қан түзу жүйесінің патологиясын диагностикалау: субъективті және объективті тексеру әдістері мен клиникалық синдромдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz