ИФТ жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА

АКАДЕМИЯСЫ.

Орындаған:Баратов Д

Тобы:501-МПІК

Қабылдаған:Затыбекова М. О

Шымкент-2015

Тақырыбы:Жұмыс кезінде гигиеналық зертханада еңбек және техника қауіпсіздігін ұйымдастыру.

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

а) Гигиеналық зертханада еңбек және қауіпсіздік ережелері. б) Зертханада терең микоздар қоздырғыштарымен жұмыс кезіндегі

қауіпсіздікке қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Slide 3

Кіріспе

1. Осы "Зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) орындамау адамның өміріне немесе денсаулығына, сондай-ақ аурудың пайда болу және таралу қаупін тудыратын органолептикалық, токсикологиялық, санитариялық-химиялық, микробиологиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық зертханалық зерттеулерді, шуды, дірілді, электромагниттік өрістерді және физикалық факторларды өлшеуді, радиометрия мен дозиметрияны қамтитын радиациялық зерттеулерді орындайтын зертханаларға (бұдан әрі - зертхана) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

Slide 4

51. Микробиологиялық зертхананың патогендігі I-IІ топтағы микроорганизмдерді жұқтырған немесе жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс жүргізуі үшін жұқпалы, шартты таза, таза аймақтары, патогендігі IІІ-IV топтағы микроорганизмдермен жұмыс істеу үшін жұқпалы және таза аймақтар болуы тиіс.

Slide 5

58. Инфекциялық материалды жеткізу және оны бір зертханадан ұйымның (зертхананың) аумағындағы екіншісіне тасымалдау жабық металл ыдыста (биксте, бактарда) жүзеге асырылады. Материалды ашқан кезде бикстер мен түтікшелерді дезинфекциялық ерітіндімен сүртеді және металл табаққа қояды.

Slide 6

59. Инфекциялық материалды бокстан боксқа немесе автоклавқа ауыстыру металл бикстерде немесе бактарда жүргізіледі.

61. Құрамында инфекциялық аурулардың қоздырғыштары бар сұйық орталар автоматты тамшуырдың немесе бір рет пайдаланылатын стерилді тамшуырдың көмегімен сорып алынады. Сұйық орталарды түтіктен екінші түтікке жиегінен асырып құюға жол берілмейді. Пайдалану алдында ыдыстың, тамшуырлардың, жабдықтардың, шприцтердің тұтастығы және жарамдылығы тексеріледі.

Slide 7

62. Кептірілген микроорганизмдер бар ампулаларды ашу кювет үстінде үстелдік бокстарда дезинфекциялық ерітіндімен жүргізіледі. Кесілген ампуланың ұшы дезинфекциялық ерітіндіге батырылған үш қабатты дәке салфеткамен жабылады және пинцетпен сындырып алынады. Ашылған ампула бір-екі минут бойы сол салфеткамен жабылған күйінде қалдырылады, одан әрі салфетка дезинфекциялық ерітіндіге батырылады, содан кейін ампула стерилді тампонмен жабылады.

Slide 8

63. Мынаған жол берілмейді.

1) инфекциялық материалмен зерттеу жүргізілетін үй-жайда тірі вакцинамен жұмыс істеуге;

2) зерттелетін микроорганизмдер сезімтал болатын дәрілік препараттар болмаған кезде микробиологиялық зертханада вирулентті антибиотикке төзімді микроорганизмдермен тәжірибелік жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.

Slide 9

64. Істен шыққан материалды (жұмысшы себінділерін, науқастардың биологиялық материалын, кеміргіштердің, зертханалық жануарлардың өлекселерін, індік материалды) рұқсат етілген әдістердің бірімен зарарсыздандырады. Есепке алынбаған жұғындыларды, Петри тостағанын, түтіктерді және инфекциялық материалы бар басқа да зертханалық ыдыстарды жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс үстелдерінде қалдыруға жол берілмейді.

Slide 10

66. Жұмыс күні аяқталғаннан кейін және түнгі уақытта зерттеу жүргізу ұйым басшысының рұқсатымен ауысымдық жұмыс орындалған және зертханада кемінде екі адам (дәрігер және зертханашы) қатысқан жағдайда жүргізіледі.

67. Жұмыс күнінің соңында термостаттар, тоңазытқыштар, шкафтар пломбаланады, өндірістік үй-жайлардың есіктері құлыппен жабылады.

Slide 11

5) патогендігі І-ІІ топтағы қоздырғыштармен барлық зертханалық жұмыстарды жүргізу қорғаныш костюмімен жүзеге асырылады. Қорғаныш костюмін қолдануға қойылатын талаптар осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.

Адамдардың, кеміргіштердің, эктопаразиттердің биологиялық материалын, сыртқы ортаның, жұқтырылған жануарлардың сынамаларын алуға және бастапқы өңдеуге байланысты барлық жұмыстар және оларды патогендігі І-ІІ топтың қоздырғыштарына зерттеу жұқпалы блокта 1-2 типті қорғаныш костюмдерін пайдаланып жүргізіледі.

Slide 12

Сап және мелиоидоз қоздырғыштарымен зерттеулер 4 типті қорғаныш костюмінде, резеңке қолғаппен, мақта-дәке бетпердесімен және қорғаныш көзілдірігімен жүргізіледі. Жұқпалы бөлімшелердің боксқа кіреберістерінде жұмыс аяқталған соң қорғаныш костюмдері шешіледі және залалсыздандырылады. ЖИТС орталықтарының зертханаларындағы жұмыс үшін, сондай-ақ ПТР қоюға арналған үй-жайларда 4 типті қорғаныш костюмі (мақта-дәке бетпердесі, резеңке қолғап, қалпақ немесе орамал, халат немесе пижама) пайдаланылады.

Slide 13

Зертхананың үй-жайынан қызметкердің қорғаныш киімімен шығуына және қызметкер жұқпалы материалмен немесе жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс істеп жатқан кезде оны үй-жайдан шақыруға жол берілмейді;

6) патогендігі І топтың қоздырғышын жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс істейтін адамдардың жұмыс күнінің соңында дене қызуын арнайы журналда тіркеу арқылы термометрия жүргізіледі;

Slide 14

8) күйдіргі қоздырғыштарымен жұмыс кезінде зерттеу ақталғаннан кейін зертхана үй-жайлары мен жабдықтарға осы қоздырғыштың көбеюіне тексеру жүргізіледі;

9) зерттеулер нәтижелерін жазу шимай дәптерге жүргізіледі, бокстан шығару алдында дезинфекцияланады;

Slide 15

13) жұмыс аяқталғаннан кейін зерттелетін материал температурасы 18-20оС тоңазытқыш термостатқа салынады, үстел дезинфекциялық ерітіндімен, қолдар - 70о спиртпен өңделеді. Қызметкер аз уақытқа бокстан шыққан кезде есік кілтпен жабылады, кілт зерттеу жүргізетін қызметкерде сақталады.

69. Патогендігі I-II топтың қоздырғыштарымен жұмыс жүргізетін микробиологиялық зертханада қызметкерлерде ауруға күдікті симптомдар анықталған жағдайда олар үшін және аварияға жол берген адамдар үшін изолятор көзделеді.

Slide 16

72. ПТР әдісімен зерттеулер жүргізген кездегі қауіпсіздік қағидалар сақталуы тиіс:

1) мына аймақтар үшін жеке үй-жайлар бөлінеді: сынама дайындау, реакциялық қоспаларды, детекциялар ( нәтижелерді есепке алу) дайындау;

3) әр аймақта өзіне тиесілі жиһаздар жиыны, тоңазытқыштар/мұздатқыштар, зертханалық жабдықтар, реагенттер, автоматты тамшуырлар (дозаторлар), ұштықтар, пластикалық және шыны ыдыстар, қорғаныш киімдері, аяқ киімдер, ұнтақсыз бір рет қолданылатын қолғаптар, жинау мүкәммалы және тек осы бөлмеде қолданылатын басқа да шығыс материалдары болуы тиіс;

Slide 17

4) ПТР-дің әрбір кезеңі бір рет қолданылатын шығыс материалын қолдану арқылы автоматты тамшуырдың (дозатордың) жеке жинағымен жүзеге асырылады. Бір рет қолданылатын шығыс материалы (ұштықтар және түтіктер) ДНҚ-аздан және РНҚ-аздан бос, апирогенді болуы тиіс. Ұштықтарда сүзгіштер бар (аэрозолдық кедергі) болуы тиіс;

5) ПТР бойынша барлық жұмыстар жұмыстың әрбір кезеңі қамтамасыз етілетін ұнтақсыз бір рет қолданылатын қолғаппен жүргізіледі;

Slide 18

6) жабдықтарды, шығыс материалдарын, реактивтерді, қолғаптарды, халаттарды бір үй-жайдан екінші үй-жайға тасымалдауға жол берілмейді;

9) ПТР-дің барлық кезеңдерін өткізуге арналған реагенттерді сақтау шарттары қолдану бойынша нұсқаулыққа сәйкес болуы тиіс. Клиникалық үлгілер реагенттерден бөлек сақталады;

Slide 19

73. ИФТ жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары:

5) оптикалық тығыздықты өлшеу спекрофотометрді алдын ала қыздырғаннан кейін жүргізіледі;

6) жууға арналған ерітіндінің ұсақ тамшыларын сорғытуға арналған сүзгіш қағаз бір рет қана қолданылады;

7) бір рет қолданылатын ұштықтарды және ыдыстарды қайта пайдалануға, жабдықтарды, шығыс материалдарын, реактивтерді, қолғаптарды, халаттарды ИФТ арналған үй-жайлардан басқа үй-жайларға тасымалдауға жол берілмейді;

Slide 20

8) термостаттың жоғарғы және төменгі сөрелеріндегі температура күн сайын бақылануы тиіс, ұзақ уақыт инкубация жасау кезінде ылғалды камера қолданылады немесе ұяшықтар тест-жүйелер жинағының құрамына кіретін арнайы қағазбен желімделеді;

3) бокстағы жұмыстар стерилді киіммен (халаттар, орамалдар, маскалар) және бір рет қолданылатын қолғаппен жүргізілуі тиіс. Жасушалық желілерді тарату және инфекциялық материалмен жұмыс істеу резеңке қолғаппен орындалады;

2) тірі вирустармен серологиялық зерттеулер, тін өсіріндісінің әртүрлі алғашқы және қайта себілетін желілерін дайындау, клиникалық материалдарды алғашқы өңдеу БҚБ-да жүргізіледі;

Slide 21

75. Адамдар қанындағы сарысулардың антигенін анықтауға немесе патогендігі II топтағы қоздырғыштардың антиденелерін анықтауға зерттеулер жеке бокстарда құрамында тірі микроорганизмдер жоқ диагностикумдарды қолданып жүргізеді.

77. Биологиялық материалды сақтау төменгі температураға шыдамды, төменгі температурадағы шкафтарға немесе сұйық азотты ыдыстарға орналастырылған сынбайтын, тұмшаланған контейнерлерде жүзеге асырылады.

Slide 22

79. Жұқтырылған немесе патогендігі I-II топтағы вирустарды жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс кезінде персонал обаға қарсы 2 типті костюмді қолданады, тауықтың эмбриондарын, жануарларды, эктопаразиттерді жұқтыру, биологиялық материалды центрифугалау және вакуумдық кептіру кезінде 1 типті қорғаныш костюмінде жүргізіледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін персонал гигиеналық себезгі қабылдайды.

80. Кептірілген риккетсий өсіріндісі бар ампуланы ашу, риккетсийдің биомассасын гомогендеу 2 типті қорғаныш костюмінде БҚБ-да жүзеге асырылады.

Slide 23

82. Мицелиалды өсірінділермен зерттеу жүргізу кезінде мынадай шарттар сақталуы тиіс:

1) мицелиалды фазадағы өсірінділермен жұмыс бокстан шығатын және кіретін ауаны тиімділігі жоғары сүзгіштер арқылы сүзуді қамтамасыз ететін желдету жүйесі бар тұмшаланған бокста жүргізіледі;

2) жұмыс басталу алдында 15 минут бұрын бокста бактерицидті сәулелегіштерді және сыртқа шығару желдеткіш жүйесін қосады. Боксты тиеген кезде желдеткішті ажыратады. Егер бокстағы жұмыс кезінде ауаны сору тоқтатылса, жұмысты жедел тоқтатады. Бокстың ауасына бактериологиялық зерттеу тоқсанына бір реттен кем емес, сүзгіштің жұмысына бақылау айына бір рет жүргізіледі;

Slide 24

3) мицелиалды өсірінділерді себу бокстарда өсірінділерді алдын ала түтіктерге және матрастарға физиологиялық ертіндімен немесе сорпамен енгізгеннен кейін жасалады. Өсіріндінің шайындысы жағдайында сұйықтықты матрастарға ұзын инесі бар шприцпен түтік арқылы енгізеді. Себінділерді металл сыйымдылықтарда инкубация жасайды;

Slide 25

4) грибоктардың мицелиалды фазасымен жұмыс істеу кезінде себінді бар агарлық пластинкалар термостатта 5 тәуліктен асырмай ұсталады (споралардың пайда болғанына дейін), себінді бар матрастар, түтіктер бокстың сыртында ашылмауы тиіс. Себінділерді қарау бокстарда 4 типті костюмде мақта-дәке бетпердесімен, бокстағы грибоктардың ашытқы фазасымен жұмыс 3 типті костюмде, бетпердемен, серологиялық зерттеулер 4 типті костюмде жүргізіледі;

Slide 26

83. Жұмысқа тұру кезінде және одан әрі жыл сайын зертхананың барлық қызметкерлері үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізілуі тиіс.

84. БҚБ-да биологиялық қауіпсіздік боксы жұмыс басталар алдында сыртқа шығару желдеткіші іске қосылуы тиіс. Материалды тиеу теріс қысымда жүргізілуі тиіс.

85. Сыртқа шығару шкафында жұмыс кезінде соратын тесіктің астына басын тосуға, тез буланатын сұйықтық қайнап жатқан кезде немесе құйылған ыдыстың үстінен еңкеюге жол берілмейді.

Slide 27

86. Зертхана үй-жайларындағы қауіпсіздік шаралары:

1) жағылған оттықтарды және басқа да қыздыратын аспаптарды бақылаусыз қалдыруға, шүмектері жарамсыз оттықтармен жұмыс істеуге, оларды тез тұтанатын заттардың жанында ұстауға;

2) жанып тұрған оттықтар және қосылып тұрған электрлі қыздырғыш аспаптарының жанында кездейсоқ төгілген өртке қауіпті сұйықтықтарды жинауға;

Slide 28

3) ақауы бар желдеткішпен жұмыс жүргізуге;

4) жұмыс уақытында бокстың есігін ашуға;

5) затбелгісі жоқ реактивтерді сақтауға және қолдануға;

6) улы, қатты әсер ететін, жарылыс қауіпті заттарды және ерітінділерді жұмыс орындарында және сөрелерде сақтауға;

7) жұмыс үй-жайларында темекі шегуге, тамақты сақтауға және ішуге;

8) арнайы киімсіз жұмыс істеуге;

9) жылыту құралдарында қандай да бір нәрсені кептіруге жол берілмейді.

Slide 29

87. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізілуі тиіс. Ыдыстар мен баллондар таңбалануы және арнайы журналда еркін түрде тіркелуі тиіс.

Slide 30

88. Баллондарда қысыммен тұрған газ түріндегі заттармен жұмыс істеу кезінде:

1) оларды жұмыс үй-жайларында сақтауға;

2) талап етілетін реттеусіз және баллонның қондырғымен қосылуын тексерусіз газды шығаруға;

3) баллонның вентилін тез ашуға

4) вентильді ашу кезінде вентиль штуцері білігінің бағыты бойынша редуктордың алдында тұруға;

5) таңбаланбаған баллондарды пайдалануға;

6) оттегі бар баллон үшін "Оттегі" деген жазуы жоқ редукторды қолдануға жол берілмейді.

Slide 31

89. Жұмыс уақытында сыртқа шығару шкафтарының жақтаулары жабық болуы тиіс, көтеріңкі жақтаулар - құрылғылармен мықты бекітілуі тиіс.

90. Автоклавтар мен термостаттарды пайдалану кезінде мынадай талаптар орындалуы тиіс:

1) автоклавта жұмыс істейтін адамға, егер онымен екі және одан көп жұмыскер айналысса, пломбыланған бактар мен басқа да жұқпалы материал бар ыдысты қолхат арқылы тапсыру;

2) автоклав жұмысын бақылау журналын жүргізу;

3) термостатқа тез жанатын заттарды қоймау;

4) реттейтін құрылғылардың сақтандырғыш қалпақтарын алмау.

Slide 32

91. Тез жанатын сұйықтықтарды 100оС дейін қыздыру сулы моншада, 100оС-тан астам - майлы моншада жүргізілуі тиіс. Тез жанатын сұйықтығы бар колбаны біртіндеп алдын ала қыздырмай, ыстық суға салуға жол берілмейді.

92. Спирттік шаммен немесе тез жанатын сұйықтықтармен жұмыс істеу кезінде жұмыс орнында авариялық жағдайда өртті тез сөндіру үшін тығыз мата болуы қажет.

Slide 33

93. Шыны аспаптармен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік шаралары:

1) шыны аспаптарды жинау немесе оның жекелеген бөліктерін каучук көмегімен қосу кезінде - қолды сүлгімен қорғау; шыны түтікшелер сынған кезде түтікшені кесіндінің маңынан ұстау;

2) каучук кигізгенге дейін түтікшелер мен таяқшалардың ұштарын балқыту және сумен сулау, түтікшелер мен таяқшалардың ұштары балқыған кезде ұстағыштарды қолдану;

Slide 34

3) шыны түтікшелерді резеңке тығындарға немесе резеңке түтікшелерге кигізген кезде (аспапты жинау кезінде) шыны түтікшені сыртынан алдын ала сулау және резеңке түтікшенің ішкі жақ жиектерін немесе саңылауларын сулы тығында сулау, глицеринмен немесе вазелин майымен майлау керек.

4) шыны түтікшелерді немесе термометрді тесілген сынамаға орнатқан кезде соңғысын алақанмен тіремеу, ал бүйір жақтарынан ұстау қажет;

5) қыздырылған ыдыс салқындатылғаннан кейін берік кептелген тығынмен жабу керек.

Slide 35

94. Сұйықтықтарды ауыстырып құю кезінде (құрамында инфекциялық аурулардың қоздырғыштары бар сұйықтықтардан басқа) май құйғыш қолдану қажет.

95. Жұмыс істеу барысында шыны аспаптардың қызуы немесе оның сынуы мүмкін жұмыстар сыртқа шығару шкафтарында астауларда көзілдірікпен, қолғаппен және резеңке алжапқышпен орындалуы тиіс.


Ұқсас жұмыстар
Бруцеллезге қарсы вакцина стандарты
Серологиялық реакция
Конго - Қырым қанды қызбасы
Балалардағы АИТВ - инфекциясы
Микробиологиялық зертхана бөлмелері
Дезинсекция кезіндегі жалпы қауіпсіздік шаралар
Төтенше жағдайлар кезінде халықты қорғау
Химиялық әдіс
Микробиологиялық диагноз қою
Сиыр лейкозы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz