Психодиагностикалық зерттеудің кезеңдері


Slide 1

Психодиагностика ғылым және практикалық іс-әрекет ретінде Психодиагностикалық зерттеудің кезеңдері

Slide 2

ЖОСПАР:

«Психологиялық диагностика» терминінің мәні

Психодиагностика пәні және оның психологиялық білім және психологиялық практика жүйесіндегі орны

Психодиагностикалық жағдаяттар

Психодиагностикалық үрдіс ұғымы және оның кезеңдері

Психодиагностика объектісі, оның құрылымы және күйі

Психодиагностикалық құралдар

Психодиагностикалық диагноз және оны қою әдістері

Slide 3

“Психологиялық диагностика” терминінің мәні

Диагностика (“диа” және “гнозис”) - “айырмашылықты тану”.

Диагностика:

белгілі бір объектінің немесе жүйенің күйін маңызды параметрлерді тіркеу және оларды кейбір диагностикалық категориялармен салыстыру жолымен тану;

диагностика жүргізілетін жүйенің маңызды көрсеткіштерін анықтау жолдары мен тәсілдерін зерттейтін және қолданатын арнайы іс-әрекет.

Slide 4

Психодиагностика ұғымы 19 ғ. соңында пайда болған. Ол Ф. Гальтон, Дж. Кеттел, Г. Эббингауз, Э. Крепелин, Г. Россолимо, Г. Роршах т. б. есімдерімен байланысты.

“Психодиагностика” ұғымы “жан айырмашылықтарын тану” дегенді білдіреді.

“Психодиагностика” термині ең алғаш А. Бине және Т. Симонның 1905 жылы Францияда жарыққа шыққан “Аномалдылардың зияткерлік деңгейін диагностикалауға арналған жаңа әдістер” еңбегінде қолданылған.

Бұл ұғым Г. Роршахтың 1921 жылы жарыққа шыққан “Психодиагностика” кітабында анағұрлым кең қолданылған.

Slide 5

“Психодиагностика” сөзі психологиялық диагноз қоюды немесе адамның (топтың) психологиялық күйіне қатысты қандай да бір психологиялық белгі, қасиеттеріне қарай білікті қорытынды жасауды, адамның жекелеген ерекшеліктерін әртүрлі әдістерді қолдану арқылы тануды білдіреді.

Психодиагностика - адамның (топтың) жеке-дара ерекшеліктерін танудың әртүрлі әдістерін жасаумен және қолданумен байланысты психологиялық ғылым саласы және психологиялық практика формасы.

Психодиагностика мақсаты - адамдар немесе топтардың қандай да бір ортақ белгілерінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

Slide 6

Қазіргі психодиагностика құрылымы:

Психологиялық өлшеудің жалпы теориясы.

Жеке теориялар және тұлға қасиеттері мен мінез-құлқын өлшеу әдістемелері.

Бағалау теориясы және әдістемелері (тестілік диагностика) .

Психометрия.

Slide 7

Психодиагностика пәні және оның психологиялық білім және психологиялық практика жүйесіндегі орны

Психодиагностика пәні диагностика жүргізу және қорытынды жасау принциптерін, психодиагностика әдістері мен әдістемелерін, дифференциалды психометриканы, әдістемелер жасауға қойылатын нормативті талаптарды, оларды бейімдеуді және қолдануды құрайды.

Психодиагностика :

ғылым ретінде;

практикалық қызмет ретінде.

Slide 8

ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕГІ ПСИХОДИАГНОСТИКА:

психологиялық құбылыстар табиғатын, психодиагностикада қолданылатын құралдардың жалпы ғылыми және методологиялық талаптарға сәйкестігін зерттейтін;

психодиагностиканың әртүрлі құралдарына және оларды қолдану процедурларына қойылатын әдістемелік талаптарды жасайтын;

практикалық психодиагностика нәтижелерінің дұрыстығы негіздемесін зерттейтін;

психодиагностика әдістерін құрастырудың негізгі процедураларын жасайтын және олардың ғылымилығын тексеретін ғылыми білім саласы.

Slide 9

Ғылым ретіндегі психодиагностиканың негізгі

әдісі - диагностикалық зерттеу.

Диагностикалық зерттеу:

өлшенетін қасиеттер концепциясын тұжырымдауға, белгіленген қасиет туралы ақпарат алуға болатын диагностикалық белгілерді анықтауға бағытталған жұмыстар кешені;

анықталған белгілерді тіркеу әдістемесін жасау және сынау. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі - практикаға психодиагностикалық әдістемелерді жасап, енгізу.

Slide 10

Психодиагностика практикалық қызмет ретінде:

тұлғаның және топтың психологиялық ерекшеліктерін тікелей анықтау және бағалаудан тұратын әдістер мен процедуралар жүйесінен;

психодиагност ретіндегі психологқа қойылатын кәсіби талаптарды;

психодиагностикалық жұмыстарды жүргізу шарттарына қойылатын талаптарды анықтаудан тұрады.

Психодиагностикалық практика барысында дайын әдістемелермен сыналушыларға тексеру жүргізіледі, оның нәтижесі нақты адамдардың психикалық қасиеттері мен ерекшеліктері туралы ақпарат алу.

Slide 11

Психодиагностика ғылым саласы ретінде әртүрлі психодиагностикалық әдістемелердің ғылымилығын тексеру принциптерінен, процедураларынан және тәсілдерінен тұрады.

Психодиагностика практика саласы ретінде әдістердің (психодиагностикалық) практикалық қолданысына қатысты кәсіби білімдер мен ептіліктерге бағдарланады.

Slide 12

3. ПСИХОДИАГНОСТИКАЛЫҚ ЖАҒДАЯТТАР

Кеңес беру - сыналушы тексеру инициаторы және психодиагностикалық ақпарат алудың басты адресаты болып табылатын жағдаят. Сыналушы өз еркімен психологтан кеңес алуға келеді, кеңес алу үстінде клиент өз мәселелерін ашық айтып, өз мәселесін шешуге белсенді қатысуы керек, кеңес беруші көмек көрсетуге жауапты болады.

Іріктеу - тексерілуші оқу орнына тусу, жұмысқа орналасу туралы шешім қабылдайды, ал оның алдағы тағдырының шешімі психодиагностикалық тапсырмаларды орындағаннан кейін өзге тұлғаларға (қабылдау комиссиясының мүшелері, кәсіби іріктеу мүшелері, кадр бөлімі қызметкері) байланысты болып келетін психодиагностиканы қолдану жағдаяты.

Slide 13

3. Еріксіз (күштеу) тексеру - сыналушылардың тексеруге қатысуы әкімшілік немесе қоғамдық ұйымдардың шешімі бойынша анықталатын психодиагностиканы қолдану жағдаяты (бұқаралық социологиялық және демографиялық сұрақтамалар, студенттердің тестілік тапсырмалардан өтуі т. б. ) .

4. Аттестация - сыналушы мінез-құлқын қатаң бақылауға алумен, оны тексеру жұмысына қатысуын мәжбүрлеумен т. б. ерекшеленетін психодиагностикалық жағдаят.

Психодиагностикалық міндеттер - практикалық психологтың сыналушының психикалық күйін, қасиеттерін бағалауда оның белгілі бір ерекшеліктерінің психологиялық себебін анықтауы.

Slide 14

Психодиагностикалық үрдіс ұғымы және оның кезеңдері

Психодиагностикалық үрдіс - психодиагностың тексерілушімен өзара әрекеттесуі, психологиялық диагноз қоюға бағытталған психодиагностикалық әдістемелер мен процедураларды қолдануы.

Slide 15

Психодиагностикалық үрдістің негізгі құрылымдық элементтері:

психодиагностикалық қызмет субъектісі (психолог) ;

психодиагностика объектісі (тексерілуші, сыналушы) ;

психодиагностикалық құралдар;

психологиялық диагноз;

Психодиагностикалық құралдарды қолдану ережелері, алынған мәліметтерді интерпретациялау және оны сыналушыларға жеткізу.

Slide 16

Психодиагностикалық үрдіс кезеңдері

Slide 17

Психодиагностика объектісі, оның құрылымы және күйі

Диагностикалық тану объектісі - адам психикасы.

Диагностикалық белгілер - тікелей бақыланатын психикалық көріністер. Бұл психикалық көріністер белгілі бір категорияға жатқызылады.

Диагностикалық категория - бұл объектілер (адамдар тобы) класы, оларға ортақ диагноз - диагностикалық қорытынды (мысалы, ақыл-ойдың даму деңгейі туралы, тұлғалық дамуы, психологиялық бейімделуі туралы т. б. ) жасалады.

Slide 18

6. Психодиагностикалық құралдар


Ұқсас жұмыстар
Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай қиял түрлерін зерттеудің психодиагностикалық әдістер жинағы
Тұлғаны зерттеу әдістері
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ТИПТЕРІ
Педагогикалық психология
Проективтік әдістер
ЭКСПЕРИМЕНТ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Психодиагностикалық әдістемелерге қойылатын талаптар жіктемесі
Психодиагностиканың ғылыми-теориялық негізі
Психодиагностикалық инструменттердің классификациясы
Психологиялық зерттеу әдістерінің Пирьов, Ананьев, Дружинин бойынша классификациялау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz