ИНДУСТРИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ 2000 жыл - Мәдениетті қолдау жылы


Slide 1

2000 жыл - Мәдениетті қолдау жылы

Орындаған Қамбар Альбина ТКИУ 21-01

Қабылдаған Рая Оналбайқызы

ТУРИЗМ ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Slide 2

2000 жылы атқарылған іс шын мәнінде тәуелсіз елдің мәдениет саласындағы түбегейлі жаңа сапаға көтеруге, сол арқылы отандық мәдениеттің тың тынысын ашуға септігін тигізгені айқын. Соның арқасында елдегі мәдениет мекемелерінің жүйесі кеңейіп, мәдени шаралардың дәстүрі де артты.

Slide 3

Жаңа ғасыр табалдырығын аттағанда бұған дейінгі экономикалық дағдарыста орын алған олқылықтарды жоюға күш жұмылып, қиын-қыстау кезеңде жабылып, құрыған мұражайларды, кітапханалар мен мәдениет сарайларын қайта ашу қолға алына бастады

Атап айтқанда, республика көлемінде 468 кітапхана, 239 мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңадан 5 театр ашылды.

Астанада Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры, ҚР Президенті мәдени орталығы, ҚР Мемлекеттік мұражайы ашылып, бұл да елдің рухани-мәдени өміріне айтарлықтай сапалық өзгеріс әкелді.

Жиырма бірінші ғасырдың алғашқы жылында халықтың асыл мұрасына бетбұрыстың куәсі ретінде қазақ ауыз әдебиеті 100 томдық жинақпен, Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштерінің 10 томдығы, белгілі ғұлама, академик Әлкей Марғұланның шығармалары жинағының 14 томдығы жарық көрді

Бұдан бөлек, Қостанайда - Ахмет Байтұрсынұлының, Павлодарда - Сұлтанмахмұт Торайғырұлының, Атырауда - Бейбарыс Сұлтан мен күй атасы - Құрманғазының, Алматыда - Абылай ханның ескерткіштері ашылды. Осы жылы Астанада Қазақ ұлттық музыка академиясы өз жұмысын бастады.

Slide 4

2000 жылы ЮНЕСКО шешімімен Түркістан каласының 1500 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде аталып өтілді

Slide 5

Айтыс өнері қайта жаңғырды. Мәдениет пен ғылымда, өнер мен әдебиетте ұшан-теңіз еңбек атқарған Абай Құнанбаев, Құрманғазы Сағырбайұлы, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Жамбыл Жабаев, Мағжан Жұмабаев және басқа да тұлғалардың мерейтойларына арналған фестивальдар өтті.

Slide 6

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы - мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді.

Slide 7

Тағы бір жетістігіміз - бұл «Мәдениет» телеарнасының ашылуы. 2011 жылы 26 қыркүйекте отандық арналардың қатары «Мәдениетпен» толықты. «Мәдениет» арнасын ашудың негізгі мақсаты - көрермен қауымды отандық және әлемдік мәдениеттің нәрімен сусындату. Ол үшін жаңа телеарнада ең үздік қазақ киносы, Кеңес одағы кезінде шығарылған көркем туындылар, деректі фильмдер, әлемдік киноматографияның бірегей туындылары, атақты тұлғалардың өмірбаянына арналған бағдарламалар, опера және балет бағдарламалары, телеспектакльдер тағы да басқа мәдени жобалар көрсетіле бастады. Бүгінде бұл арнаның атауы - «Білім және Мәдениет» телеарнасы.

«Қазақстан» орталық киноконцерт залы

Slide 8

Тарихи фильмдер

Отандық фильмдер дүркін-дүркін жарық көре бастады. Оның ішінде авторлық және имидждік фильмдер де бар. Қазақстанның тарихы негізінде түсірілген, мәдениетімізді әлемге әйгілейтін фильмдер жарық көрді. 2003-2005 жылдарда қазақ- (Голливуд, Қазақфильм) «Көшпенділер» кинофильмін түсірді. Бұл алғашқы маңызды халықаралық жоба еді.

Slide 9

Елорданың он жылдығында, яғни 2008 жылы «Қазақ елі» монументі мен Тәуелсіздік сарайы салтанатты түрде ашылды. Сонымен қатар, халқымыздың көрнекті тұлғалары - Әлия Молдағұловаға, Жамбыл Жабаевқа, Бауыржан Момышұлына арналған үш ескерткішпен толықты.

Slide 10 Slide 11

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Масалимова А. Р. Феномен маргинальности в культуре. -А., 2007

2. Маргинальность в современной России / Е. С. Балабанова, М. Г. Бурлацкая, И. П. Попова и др. - М., 2030. - 220 с.

3. Попова И. П. Маргинальность: социологический анализ. - М., 2002. - 168 с.

4. Рашковский Е., Фарж А. Маргиналы // 50/50. Опыт словаря нового мышления. - М. : Прогресс, 2010. - С. 143.

5. Мәдениеттану: Оқулық, ұжымдық монография - Алматы: Лантар Трейд, 2019. ISBN 978-601-250-155-1. - 416 б.

6. Жолдубаева А. К. Культурология: практикум. - Алматы Қазақ университеті, 2014.

Slide 12

НАЗАРЛАРЫНЫЗҒА РАҚМЕТ !


Ұқсас жұмыстар
Түркістан қаласында қазақтардың нешінші
Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру
1991 ЖЫЛ ЖЕЛТОҚСАН ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ
ЖЫЛДАМДЫҚ - уақыт бірлігінде жүріп өтілген қашықтық
Бәрін білгім келеді
Туризм индустриясын дамыту
Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы
Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан ( Тәрбие сағаты )
Формаларды деректерді енгізу және редакциялауда қолдану
Германия мемлекетіндегі былғары шикізатын өңдеу технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz