Медициналық сұхбат үлгілері



Тақырыбы:
Медициналық сұхбат: түсінігі, негізгі принциптері, құрылымы. Медициналық сұхбат үлгілері. Пациентке бағдарланған базалық кеңес беру. «Сәлемдесу және өзін-өзі таныстыру» дағдысы.
Орындаған:Рахметов Мұратбек
Жалпы медицина 113 топ
«Астана Медецина Университеті» КеЕҚ
«Медицина негіздері» кафедрасы

Жоспар:
1. «Медициналық сұхбат» ұғымының анықтамасы.
2. Медициналық сұхбат үлгілері.
3. Медициналық сұхбатқа кіріспе:пациенттен сұрастыруға дайындық, алғашқы өзара түсіністікке қол жеткізу, пациенттің дәрігерге жүгінуінің себептерін анықтау. Пациенттен сұрау.

1. «Медициналық сұхбат» ұғымының анықтамасы.
Медициналық сұхбат - тұлғаның психологиялық қасиеті және белгілері, дерттің ішкі бейнесі мен науқастың мәселелері туралы ақпарат жинау және науқаспен жанасу негізінде оған психологиялық әрекет жасау әдісі.
Сонымен қатар, сұхбаттың мақсатына адамның шағымдарын анықтау және оның тәртібінің, жүріс-тұрысының ішкі себептерін, ықпалдарын айқындау жатады. Медициналық қызметкердің науқасқа психологиялық жәрдем беруіне де негізделеді.
Медициналық интервьюдің мағынасы, қарапайым сұрастырудан өзгеше болады, себебі ол науқастың шағымдарын белсенді түрде анықтаумен қатар, адам қылықтарының, өзін-өзі ұстауының жасырын мотивтерін іздестіруге және науқасқа жәрдем беруге бағытталады.

2. Медициналық сұхбат үлгілері.
1972 жылы құрылған «Физикалық, психологиялық және әлеуметтік» моделі. Бұл модель дәрігердің тәжірибелік ойлауын, науқастарға деген көзқарастарын кеңейтіп қана қоймай, науқастың отбасылық, эмоционалдық, жан-ұялық, әлеуметтік және қоршаған ортасын еңгізеді.
«Берн энд Лонг» модельі 1976 жылы құрылған. Сұхбаттың логикалық құрылымын құрайтын бірнеше сатылары бар: 1. Дәрігер науқаспен қарым-қатынас құрайды. 2. Дәрігер науқастың қандай себеппен келгенін анықтайды. 3. Дәрігер вербальді және физикалық тексеру жүргізеді. 4. Дәрігер мен науқас науқастың денсаулығының актуалды жағдайын талқылайды. 5. Дәрігер науқасқа алдыңғы уақытта болатын ем шараларын және қосымша қандай тексерулерден өтуі тиіс екенін айтады. 6. Сұхбатты дәрігер аяқтайды.
1970 жылдардың ортасында психолог-гуманист Джон Ерон араласудың (вмешательство) категорияларының талдауын ұсынды (1975 ж . ) : 1. Кеңес беру. 2. Жаңа ақпарат беру. 3. Катартикалық - эмоцияларын жылау, күлкі, ыза арқылы шығару. 4. Каталитикалық - науқасқа өзінің жасырын ойлары мен сезімдерін анықтауына көмектесу. 5. Қолпаштау (поддерживать) - науқастарға барлық жағдайлар жасау.
Сессиль Хелман - медицина ғалымы «Халықтық» Helmans моделін ұсынды. Ол науқастар дәрігерге 6 сұраққа жауап іздеп келетінін айтты: 1. Не болды? 2. Неліктен болды? 3. Неліктен менімен болды? 4. Неге қазір болды? 5. Ештеңе істемесем, не болады? 6. Көмек алу үшін не істеуім қажет және кімге баруым керек?
Көптеген дәрігерлер Эрик Берннің трансакты үлгілерімен таныс. Оның теориясы бойынша адам психикасы үш түрлі күйден тұрады : «Мен күйі» Ата Ана Ересек Бала.
Кез келген сәтте, біз сын айтатын немесе қамқор болатын Ата - Ана ретінде, ересекке тәуелді немесе өзбетінше болуға тырысатын Бала ретінде ойлап, сезініп, пайымдап және әрекет ете аламыз. Көптеген, кеңес беру тәжірбиелері «Дәрігер -Ата - ана» мен «Науқас - Бала» арасында өтіледі. Мұндай трансакция үнемі ақтала бермейді, транакты талдаумен танысу дәрігер репертуарында икемділікті қалыптастырады.

3. Медициналық сұхбатқа кіріспе:пациенттен сұрастыруға дайындық, алғашқы өзара түсіністікке қол жеткізу, пациенттің дәрігерге жүгінуінің себептерін анықтау. Пациенттен сұрау.
Медициналық сұхбатқа кіріспе, науқасқа сауалнама жүргізу. Дәрігердің науқаспен жақсы әңгіме-сұхбат құруы, дұрыс диагноз қоюдың, науқастың қанағаттануынын алғы шартты болып табылады. Одан әрі науқастың қобалжуы төмендеп, ол дәрігердің барлық ұсынысын орындайды. Әңгіме барысында медициналық терминдерді қолданбау, науқастың дәрігерді толық түсінуіне көмектеседі. Дәрігер нұсқауы нақты, әрі қарапайым болуы тиіс. Науқаспен амандасу және таныстыру. Қайырлы таң А. Қ. . Кіріңіз отырыныз. Менің аты-жөнім. . .
1. Науқасқа өзінің шағымдарын айтуды ұсыну.
*Сонымен, менің сізге қандай көмегім қажет? Немесе
*Сізді қинап, мазалайтын не жағдай екенін айта беруіңізге болада.
Бұл науқасты әңгімеге тартып, оның өз қиындығын сізге қалай дұрыс жеткізсем болады деген қиналасын сейілтеді.
Мысалы:
*Дәрігер ілтипатты екен, яғни менің қиындығымды тыңдауға, маған көмек беруге дайын екен.
2. Мысалдарды пайдалану.
Дәрігердің тәжірибелік іс-әрекетіне өмірден алынған мысалдар мен өзінің басынан өткен жағдайлар көп көмегін тидіреді, науқаспен тез тіл табысып кетуге болады. Мысалдар қарапайым әрі медициналық терминдер қолданылмау баяндалуы қажет.

Пациенттің сізге келу себебін анықтау. Ол мына нәрселерден тұрады:
проблеманың табиғаты мен тарихынан;
олардың этиологиясынан (себебінен),
«пациенттің ойларынан», проблемасынан және не күтетінінен;
проблеманың ықпалынан;
Басқа проблемаларды қарастыру үшін:
Жалғасып келе жатқан проблема;
Қауіп факторы.
Әр проблемаға қолданылатын тиісті шараларды пациентпен бірлесе отырып таңдау.
Пациентпен бірге проблеманы жалпы түсінуге тырысу.
Пациентті емделуге шақыру және тиісті жауапкершілік танытуын талап ету.
Уақытты пайдалану:
Кеңес беру кезінде;
Ұзақ уақыт бойы пациентпен қарым-қатынасты үзбеу, бұл басқа да мәселелерді шешуге көмектеседі.

Назарларыңызға рахмет!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz