Дайындық кезеңдері



№7 дәріс тақырыбы: Балалар мен жастар тәрізді спорт мектебінің оқыту және тәрбиелеу үдерісінің негізгі заңдылықтары және ұйымдастыру қағидаттары
Жоспары:
1. Дене тәрбиесі жағдайында білім беру және тәрбиелеудің заңдылықтар мен қағидаттардың тұжырымдамасы
2. Мақсаттардың бірлігі, білім беру және оқыту әдістері
3. Оқушылар іс-әрекеттің алуан түрлілігі
4. Жеке тұлғаның өз қызметін дамытудағы рөлін анықтау және балалар мен жастар спорт мектебінің тәрбиеленушілерінің қызметін ынталандыру

Спорт мектептерінде оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру тәртібі туралы регламенті Қазақстан Республикасының " Білім туралы", "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мектептен тыс ұйымдардың қызметі ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 22 маусымдағы N 849 қаулысының негізінде әзірленді

Спорт мектептері өз қызметінде мынадай міндеттерді шешуі қажет:

Осы міндеттерді шешуде спорт мектептерінің басшылары мен жаттықтырушы-оқытушылар құрамы спорт мектептерінің күнделікті қызметінде мыналарға:

Спорт мектептері спортпен шұғылдануға медициналық жағынан терістеу айғақтары және денсаулығында ауытқушылығы жоқ балалар мен жасөспірімдердің оқуға түсуі және оқуы үшін тең жағдайлар, ал жоғары жетістіктер спортында келешегі бар адамдар үшін олардың спорттық жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасайды

Спорттық жаттығу үдерісі кезінде шұғылданушылар мынадай көпжылдық дайындық кезеңдерінен өтеді:
Дайындық кезеңдері Спорт мектептері (жыл)
Спорттық-сауықтыру Барлық кезең х *
Алғашқы даярлық 1-3 жыл + х
Оқу-жаттығу 4-5 жыл + +
Спорттық жетілдіру 3-4 жыл х + +
Жоғары спорт шеберлігі 3 және одан х + +
да көп жыл
Шартты белгілер: х - құрылтайшының шешімі бойынша
+ - негізгі қызметі
* - мамандандырылмаған бөлімшелерде
Ескерту: спорттық-сауықтыру даярлау кезеңінде денсаулықты нығайту және қозғалудың табиғи қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданғысы келетін 6 жастан 15-ке дейінгі балалармен және жасөспірімдермен сабақтар өтеді


Көп жылғы спорттық даярлау кезеңіндегі спорт мектептерінің қызметін бағалаудың өлшемі:
1) Спорттық-сауықтыру
шұғылданушылар құрамының тұрақтылығы, олардың жаттығу сабақтарына қатысуы;
шұғылданушылардың дене жетілуінің жеке көрсеткіштерінің серпіні;
гигиена және өзін-өзі бақылау негіздерін игеру деңгейі
2) Алғашқы даярлық
шұғылданушылар құрамының тұрақтылығы;
шұғылданушылардың дене жетілуінің жеке көрсеткіштерінің өсу серпіні;
спорт түрлерінің техникасын, гигиена және өзін-өзі бақылау дағдыларын игеру деңгейі

3) Оқу-жаттығу
шұғылданушылардың денсаулық жағдайы, физикалық жетілу деңгейі;
шұғылданушылардың жеке ерекшеліктеріне байланысты даярлық деңгейінің серпіні;
спорт түрлері бойынша бағдарламаларда көзделген жаттығу жүктемелерінің көлемін игеру;
бағдарламаның теориялық бөлімін игеру
4) Спорттық жетілдіру
шұғылданушылардың дене жетілуі мен функциональдық жай-күйінің деңгейі;
спортшыны даярлаудың жеке жоспарында көзделген жаттығу мен жарыс жүктемелері көлемін орындауы;
спорттық-техникалық көрсеткіштердің серпіні;
республикалық жарыстардағы көрсеткіштері
5) Жоғары спорт шеберлігі
Республикалық және халықаралық жарыстардағы көрсеткіштердің тұрақтылығы;
Қазақстан Республикасы құрама командасының сапына даярланған спортшылар саны;
Әлем, Азия чемпионаттары мен Азия, Олимпиада ойындарында жоғары орындарды иеленген спортшылар саны

Осы ережеде анықталған қызметтерден
басқа, спорт түрлері бойынша республикалық
және халықаралық негізгі жарыстарға, республика құрама командаларын қалыптастыру мен даярлау, республика құрама командасына таяу арада резерв, спорттың ойын түрлері бойынша шеберлер командасын даярлау басты міндеті болып табылатын республикалық және облыстық (Алматы мен Астана қалаларында қалалық) спорт мектептері болады.
Ведомстволық бағыныстылығына, тағылымдамашыларға және республика құрама командасының мүшелігіне (негізгі, жастар, жасөспірімдер құрамы) қарамастан, республикалық және облыстық спорт мектептерінің құрылымында тұрақты әрі өзгермелі спортшы-оқушылар құрамы болады


№
Жасы (жыл)
Спорт түрлері
1
6-8
Спорттық гимнастика (қыздар), көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау
2
7-9
Акробатика, су шаңғысы, спорттық гимнастика (ұлдар), үстел теннисі, жүзу, суға секіру, керме серіппеде секіру, үйлесімді жүзу, теннис, ушу, фристайл, шахмат, дойбы
3
8-10
Бадминтон, баскетбол, қалашық спорты, спорттық бағдарлау, футбол, спорттық туризм
4
9-11
Бейсбол, биатлон, су добы, волейбол, қол добы, коньки спорты, жеңіл атлетика, шаңғы жарысы, шаңғы қоссайысы, желкен спорты, шаңғымен тақтай серіппеден секіру, регби, көгалдағы хоккей, допты хоккей, шайбалы хоккей, шорт-трек, ұлттық ат спорты түрлері, саят
5
10-12
Сомдалу, бильярд спорты, бокс, велоспорт, еркін күрес, кір тасы спорты, академиялық есу, байдарка мен каноэде есу, дзюдо, каратэ-до, кекусинкай, кикбоксинг, грек-рим күресі, самбо, шаңғы спорты, шыңға өрмелеу, қазіргі көпсайыс, нысана көздеу, таэквандо, триатлон, ауыр атлетика, семсерлесу, ат спорты
6
11-13
Садақ ату
7
12-14
Стенд ату
8
13-14
Ауыр атлетика (қыздар)
Спорт мектептерінің алғашқы даярлау топтарына қабылдауға арналған балалар мен жасөспірімдердің жасы

Спорт мектептері жұмысының негізгі нысандары мыналар:

Олимпиадалық даярлау орталықтарында және олимпиада резервін даярлау орталықтарында оқу-жаттығу сабақтары жаттықтырушы-оқытушының әзірлеген дайындықтың жеке жоспары бойынша өтеді.
Спорттық-сауықтыру топтары мен алғашқы даярлау топтарындағы сабақтар жалпы білім беретін мектептерде оқу жылы көлемінде қолда бар спорт ғимараттарын пайдалану арқылы өтіледі. Оқушылар құрамы бар болған жағдайда, белгіленген сандағы топтарға арналған сабақтар демалыс кезінде де жалғаса беретін болады.
Спорттық-сауықтыру топтарындағы және алғашқы даярлау тобындағы бір сабақтың ұзақтығы кемінде аптасына төрт рет сабақ өту кезінде екі-үш академиялық сағаттан аспауы керек; аптасына жүктемесі 20 және одан да көп сағатты құрайтын топтарда аптасына 4 академиялық сағатқа, ал күніне екі рет жаттығу сабағы кезінде үш академиялық сағатқа дейін болуы керек. Спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарында төрт академиялық сағаттан болады
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz